Менеджмент жүйесіндамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2010 в 00:40, курсовая работа

Описание

Индустриалды дамыған елдерде бұрыннан қарқынды бәсеке және өндірістің технологиялық күрделенуі қазіргі заманғы менеджмент жүйелеріін енгізуді және қолдауды жасады.

Тұжырымдаманы әзірлеудің бастапқы алғы шарт мыналар болып табылады:

1) қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігі;

2) Қазақстан экономикасын әлемдік экономикаға біріктіру үшін жағдай жасау;

3) мемлекеттік органдар, өндірушілер, қоғамдық ұйымдар және ұтқыр нарық жағдайындағы тұтынушылар мүдделерінің балансын қамтамасыз ету.

Содержание

Кіріспе 3
1. Миссия 3
2. Стратегиялық міндеттер 3
3. Менеджмент Жүйелерін енгізудің әлемдік тәжірибесі 4
3.1 ИСО 9000 сериялы стандарттарға сәйкес сапа менеджменті жүйелері 5
3.2 Экологиялық менеджмент жүйелері 5
3.3 Өзге менеджмент жүйелері 6
4. Қазақстан Республикасындағы сапа менеджмент жүйелерін енгізу жөніндегі жұмыстардың жағдайын бағалау 8
4.1 Ағымдағы жағдайды талдау 8
4.2 SWOT – ТАЛДАУ 12
5. Іс-әрекет стратегиясы 13
5.1 Қазақстан Республикасында сапа менеджменті жүйелерін дамыту 13
5.2 Жекелеген менеджмент жүйелерін енгізу 13
5.3 Біріккен менеджмент жүйелері 14
5.3.1 Біріккен менеджмент жүйелері 14
5.3.2 Біріккен менеджмент жүйелерінің мәні 16
5.3.3 Біріккен менеджмент жүйелерін енгізу 16
5.3.4 Кәсіпорынның (ұйымның) біріккен менеджмент жүйесі тұжырымдамасының негізгі ережелері 17
6. Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі бағыттары 19
Қорытынды 20

Работа состоит из  1 файл

МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ .doc

— 180.50 Кб (Скачать документ)

     3. Менеджмент жүйесін сертификаттау  жөніндегі органның, сарапшы-аудитордың  болуы.

     4. Менеджмент жүйесі саласындағы  ғылыми жұмыстар.

     5. Құзыретті қызметкер.

     6. Менеджмент жүйесін әзірлеу және  енгізудің жасалған және үнемі  жаңартылатын нормативтік және әдістемелік базасы.

     7. Менеджмент мәселелері бойынша  оқытудың бекітілген типтік бағдарламасының  болуы; дайындалған оқытушылар.

     8. Сапа мәселесін насихаттау (семинарлар, «Мемстандарт жаңалықтары» журналы).

     Әлсіз жақтары (W)

     1. Халықаралық тізілімде тіркелген,  сәйкестікті растау жөніндегі  органдардың сарапшы-аудиторлары  мүлдем жоқ.

     2. ISO 14001; OHSAS 18001 және SA 8000 халықаралық  стандартының сәйкес менеджмент  жүйесі мен сындарлы нүктені талдау және бақылау (НАССР) принциптері негізінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесін енгізу бойынша жұмыстар баяу жүріп жатыр.

     3. Менеджмент жүйесін сертификаттаудың  қажеттілігін сенімсіздендіретін  менеджмент жүйесін енгізу кезіндегі  формализм.

     4. Менеджмент жүйесі бойынша оқыған мамандардың жеткіліксіз саны, білікті мамандардың төмен пайызы.

     5. Қазақстан Республикасында Сапа  институтының болмауы.

     6. Менеджмент жүйесі саласында  саясаттың әлсіз насихаты.

     7. СМЖ және консалтингтік ұйымдардың  сәйкестікті растау жөніндегі  органдардың жеткіліксіз үйлесуі. 

     Мүмкіндіктер (O)

     1. Халықаралық стандарттарға сай  келетін қазіргі заманғы менеджмент  жүйесін енгізген кәсіпорындар  санының біршама артуы.

     2. Қазақстанда менеджмент жүйесін  әзірлеу және енгізу жөніндегі  консалтингтік компаниялар желісінің дамуы, олардың қызметінің жоғарылауы.

     3. Мамандарды сертификаттау жөніндегі  органдар жүйесін жасау және  дамыту.

     4. Отандық сәйкестік сертификатын  шетелдерде таныту және сәйкесінше  қазақстандық өнім экспорты үлесінің  жоғарылауы.

     Қауіп (T)

     1. Қазақстанда бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтер шығаратын кәсіпорындар мен ұйымдар саны өсімінің жоқтығы және соның салдарынан шетелдермен сауда қатынасын жүзеге асыру мүмкіндігінің төмендеуі.

     2. Халықаралық нарықта Қазақстанда  сертификатталған менеджмент жүйесінің мойындалмауы және соның салдарынан қазақстандық өнімді әлемдік нарыққа шығару үшін кедергінің болуы.

     5. Әрекет ету стратегиясы 

     5.1. Менеджмент жүйесін  дамыту

     Қазақстанда менеджмент жүйесінің одан әрі дамуы  екі бағытта жүргізілуге тиіс:

     1. Белгілі бір қызмет саласы кәсіпорындары мен ұйымдарында ISO 9001; ISO 14001; ISO 22000; OHSAS 18001; SA 8000; ISO/IEC 16949; ISO 13485; ISO/IEC 27001 және т. б. сәйкес келетін жекелеген менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу.

     2. Біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу. 

     5.2 Жекелеген менеджмент  жүйелерін енгізу 

     Салалар қимасындағы менеджмент жүйесінің  дамуын мынадай тәсілмен жүзеге асыру  ұсынылып отыр:

     2010 жылға дейін:

     1) Барлық сала кәсіпорындары мен  ұйымдарында, оның ішінде:

     - шағын және орта бизнесте;

     - білім беру ұйымдарында (жоғарғы және орта);

     - мемлекеттік басқару органдарында;

     - денсаулық сақтау ұйымдарында;

     - көлік және телекоммуникация  ұйымдарында;

     - құрылыс ұйымдарында менеджмент  жүйесін (ISO 9001) енгізуді одан әрі  ұлғайту.

     2) Тамақ саласы кәсіпорындарының 30 %-ына НАССР (ISO 22000) енгізу;

     3) Металлургия, химия және көмір  өнеркәсібінің мұнай және газ  шығаратын және қайта өңдейтін  кәсіпорындардың 50 %-ына экологиялық  менеджмент жүйесін енгізу;

     4) Металлургия, химия және көмір  өнеркәсібі және құрылыс кешенінің  мұнай және газ шығару және  қайта өңдеу бойынша зиянды және қауіпті еңбек жағдайы бар кәсіпорындардың кемінде 30 %-ына Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесін (OHSAS 18001) енгізу;

     5) OHSAS 18001 енгізген немесе енгізетін,  зиянды және қауіпті еңбек  жағдайы бар кәсіпорындардың 20 %-ына «Әлеуметтік жауапкершілік» жүйесін енгізу. 

     2010-2015 жылдар 

     1) Кемінде 50 % кәсіпорынды қамти  отыра, халық шаруашылығының барлық  салаларында сапа менеджменті  жүйесін (ISO 9001) енгізу;

     2. Тамақ саласы кәсіпорындарының 50 %-ына НАССР (ISO 22000) енгізу;

     3. Өндіру және қайта өңдеу саласы  кәсіпорындарының 50 %-ына, мұнай және  газ шығару және қайта өңдеу  кәсіпорындарының 100%-ына экологиялық  менеджмент жүйесін (ISO 14001) енгізу;

     4. Түсті және қара металлургия,  көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының 30 %-ына кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесін (OHSAS 18001) енгізу;

     5. Мұнай және газ шығару және  қайта өңдеу және құрылыс кешені  кәсіпорындарының 100%-ына, OHSAS 18001 енгізген  барлық кәсіпорындарға «Әлеуметтік  жауапкершілік» (SA 8000) жүйесін енгізу. 

     5.3. Біріккен менеджмент жүйелері

     5.3.1. Біріккен менеджмент жүйесі – екі немесе одан көп халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін және біртұтас ретінде қызмет атқаратын жалпы ұйымдастыру менеджменті жүйесінің бір бөлігі.

     Менеджмент жүйесін біріктіру – объективті қажеттілік. Біріккен менеджмент жүйесін жасау – жалпы ұйымдастыру менеджментінің тиімділігін арттыруға бағытталған күрделі инновациялық жоба.

     Менеджменттің біріккен жүйесін жасаудың күтілетін нәтижелілігіне тек сауатты басқару жағдайында ғана қол жеткізуге болады.

     Менеджменттің біріккен жүйесін жасаған кезде басты роль ұйымдастыру менеджерінде, ал ең бастысы – жоғары звено басшысында болуға тиіс.

     Менеджменттің біріккен жүйесін әзірлегенде формальды, үстірт енгізуге алып келуі мүмкін болатын менеджмент жөніндегі халықаралық стандарт талаптарының механикалық бірігуінен (осы стандарттар негізделетін тұжырымдамалар мен принциптерді және менеджментті ұйымдастыруда пайда болған ерекшелікті ескермей) аулақ болу керек.

     Халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін менеджмент жүйесін біріктіруді (сапа, экология, қауіпсіздік және әлеуметтік жауапкершілік) ұйымның тұрақты дамуына арналған алғышарт деп қараған жөн.

     Аталған жүйе экология, еңбекті қорғау, өнім қауіпсіздігі саласында және онымен байланысты басқа да аспектілердің қолданыстағы заңнамалық құқықтық және нормативтік талаптардың орындалуын болжайтындықтан, әлеуметтік және этикалық жауапкершілік саласындағы менеджмент жүйесі біріккен сапа жүйесіне негіз болуға тиіс.

     Ішіне:

     - сапа менеджменті жүйесі, экологиялық  менеджменті жүйесі және денсаулық  сақтау және мамандардың қауіпсіздігі (еңбекті қорғау) менеджменті жүйесі;

     - экологиялық менеджменті жүйесі  және денсаулық сақтау және  мамандардың қауіпсіздігі менеджменті  жүйесі;

     - сапа менеджменті жүйесі және экологиялық менеджменті жүйесі;

     - сапа менеджменті жүйесі және  қызметкерлердің денсаулығын және  қауіпсіздігін қорғау менеджменті  жүйесі кіретін, оның жүйесіне  кіретін құрамына қарай мынадай  конфигурациялары болуы мүмкін.

     Менеджменттің біріккен жүйесінің артықшылығы мынада:

     - менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу  және жұмыс істеуінің технологиялылығының  артуы;

     - менеджменттің біркелкі үйлесімді  құрылымын әзірлеу;

     - әзірлеу, жұмыс істеу және сертификаттауға  шығынның азаюы;

     -менеджменттің біріккен жүйесі аясында бірқатар процестерді (жоспарлау, басшылық тарапынан талдау, құжаттаманы басқару, кадрлар даярлау, оқыту, ішкі аудит және т.б.) біріктіру мүмкіндігі;

     - өзгеретін жағдайларға бейімделу  мүмкіндігі мен ұтқырлықты арттыру;

     - тұтынушылар, мүдделі тараптар, инвесторларға арналған үлкен тартымдылық.

     Біріккен жүйелерді енгізудің мақсатқа лайықтылығы:

     - ұйым ішінде іс-әрекеттің үлкен  келісімін қамтамасыз етуден;

     - менеджменттің автономды жүйесін  әзірлеген кезде туындайтын ұйымдағы  атқарымдық бөлектенуді азайтудан;

     - бірнеше параллель жүйелермен  салыстырғанда аз еңбекті қажет  етуден;

     - бірнеше жүйеде осы байланыстардың  жиынтық санымен салыстырғанда  ішкі және сыртқы байланыстардың  аз санынан;

     - құжаттардың бірнеше параллель  жүйелердегі жиынтық санымен салыстырғанда құжаттардың біршама аз болуынан;

     - ұйым қызметін жақсартуда қызметкерлердің  тартылуының жоғары деңгейіне  қол жеткізуден;

     - ұйымның сыртқы тараптарының  параллель жүйелер болған кездегіден  жоғары мүддесі балансын ескеру  қабілеттілігінен;

     - бірнеше менеджмент жүйесі кезіндегі  жиынтық шығынмен салыстырғанда  әзірлеу, жұмыс істеу және сертификаттау  үшін аз шығынданудан тұрады.

     5.3.2. Менеджменттің интеграцяланған  жүйесінің мәні

     Менеджменттің интеграцяланған жүйесінің үлгісі – бұл жаңғыртылған 9 критерий арқылы стандарттарды іске асыратын біркелкі менеджмент жүйесі TQM (Total Quality Managementт – сапаны жалпылама басқару, бұдан әрі - TQM): жұмысты ұйымдастыруда басшының ролі; қоршаған ортаны қорғау және сапаны басқару саласындағы жоспарлау; қызметкерлер әлеуетін пайдалану; ресурсты тиімді пайдалану; жұмысты орындаудың технологиялық процестері мен операцияларын басқару; тұтынушылардың қанағаттануы; қызметкерлердің ұйымдағы жұмысқа қанағаттануы; ұйымның қоршаған табиғи ортаға және қоғамға ықпалы; ұйым жұмысының нәтижесі.

     ISO 9001; ISO 14001; OHSAS 18001 және SA 8000 менеджмент  стандарттары талаптарының TQM критерийлері  мен кіші критерийлерімен элементтік  бірігуі:

     ▪ тұрақты дамудың маңызды үш –  экономикалық, экологиялық және әлеуметтік факторы негізінде фирма менеджментіне қойылатын негізгі талаптарды жүйелі және толық баяндауға;

     ▪ аталған стандарттарға тән жеткілікті толық және нақты толтырумен және бизнесті жүргізудің ең жақсы тәжірибесімен TQM критерийін ашуға;

     ▪ сапа бойынша ұлттық және өңірлік бағалау сыйлығымен үйлесімді біркелкі әдіснамалық негізде менеджмент сапасының қол жеткізілген деңгейін сандық бағалауға;

     ▪ менеджмент сапасының деңгейін өзін-өзі  бағалау және сапа бойынша бағалау  конкурсы (қазіргі уақытта көптеген елдерде жүргізілетіндей) барысында, сондай-ақ сертификаттық аудит (менеджмент жүйесіне қатысты жаңа ыңғай) жүргізу кезінде де саралап бағалауға мүмкіндік береді.

     Менеджменттің біріккен жүйесінің ұсынылып отырған үлгісі және менеджмент жүйесін саралап бағалау сұлбасымен ерікті сертификаттау жүйесі сапа бойынша жүйенің кеңінен қолданылатын үлгілерінің және сапа бойынша жүргізілетін сыйлықтың табиғи дамуы болып табылады.

Информация о работе Менеджмент жүйесіндамыту