Менеджмент жуйесіндегі бакылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 15:28, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік соцализм өз дамуында аса ірі жетістіктеріне жеткеніне қарамастан, негізгі әлеуметтік мәселе – еңбек пен капитал арасындағы қайшылықты түбегейлі шеше алмады. Қайта оны жаңа негізде, мемлекетті капитал мен мемлекеттендірілген жалдама еңбек арасындағы қайшылықтарға айналдырды.

Содержание

КІРІСПЕ
І. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
1.1 Жекешелендірудің мақсаты
1.2 Жекешелендірудің негізгі бағыттары
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
2.1 Ауыл шаруашылықтарды жекешелендірудің мәні
2.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің жетістіктері мен кемшіліктері
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ
3.1 Қазақстандағы ауыл шаруашылықты жекешелендірудің ерекшеліктері
3.2 Жекешелендірудің шетелдік тәжірибесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

privotizaciya.doc

— 149.50 Кб (Скачать документ)


 

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

І. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

1.1 Жекешелендірудің мақсаты

1.2 Жекешелендірудің негізгі бағыттары

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

2.1 Ауыл шаруашылықтарды жекешелендірудің мәні

2.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің жетістіктері мен кемшіліктері

ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ

3.1  Қазақстандағы ауыл шаруашылықты жекешелендірудің ерекшеліктері

3.2  Жекешелендірудің шетелдік тәжірибесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында дамуымыздың он жылдан астам тарихымыз бар экономикасы саласында қарама-қайшылықты құбылыс екені даусыз. Прогрессивті мәні бар формалар және жекешелендіру процесі әр түрлі себептерге байланысты халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын күрт төмендетуге алып келді. Аса негізгі әлеуметтік мәселе – халықтың әл-ауқатының деңгейін көтеру толық жүзеге аспады. Негізгі себептердің бірі – жекешелендіру үрдісі арқылы аса өзекті мәселелердің бірі - өндіргіш күштердің жаңа жағдайларға бейімдей отырып, түбірінен  қайта жаңғырту мәселесі. Бұл өз кезегінде мемлекеттік социализм дағдарысы, бұрынғы ҚСРО біртұтас экономикалық аймағаның ыдырауы және де Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастарға тартылуы сауалдарымен сабақтас болып келді.

Тарихи дамудың сабақтастығы және өзектілігі және өркениеттің қандай да болмасын кезеңдерінде трансформациялау құбылыстарының уақыт және кеңістік, жүзеге асыру құралдары мен қозғаушы күштері арасында күрделі диалектикалық байланысын көрсетеді. Қоғамдық даму факторлары түбегейлі реформаларды жүзеге асырудың әр түрлі модельдердің құрылымдық элементтерінің себеп-салдары, тәуелді байланыстарын жүйелейді. Саяси құқықтық немесе әлеуметтік, экономикалық, тіптен технико-технологиялық жағдайларының жетекші роль атқаруы тарихи пісіп жетілген қатынастарға тікелей байланысты. Әр кезеңдегі реформалардың жетекші буыны болып, өндіргіш күштер немесе өндірстік қатынастар, немесе қондырма қатынастары элементтері қызмет атқару мүмкін. Осы тұрғыдан посткеңестік дәуірде өтпелі кезең ЖТН елдерінде әр қилы болып қалыптасатыны түсінікті мәселе.

Қоғам дамуында құбылыстардың себеп-салдарлы байланысы негізгі қатынастары мен туынды қатынастардың өзара қайшылықты түр өзгерту, жаңғырту құбылысын теріске шығармайды. Мысалы, мемлекеттік меншікке негізделген өндіріс тиімділігі үздіксіз төмендеп, еңбек мүдделеріне қайшы құбылысқа айналды. Жеке адам мүддесі мен қоғамдық мүдде арасындағы қайшылық мемлекеттік меншіктің аса маңызды кемшілігіне айналады. Енді, қоғамның барлық дертінің кілті мемелекеттік меншік сияқты көрінеді. Ал, негізгі қатынас – меншік пен еңбек арасындағы тәуелді байланыс – дамудың қайнар көзі көлеңкеленіп қалды.

Мемлекеттік соцализм өз дамуында аса ірі жетістіктеріне жеткеніне қарамастан, негізгі әлеуметтік мәселе – еңбек пен капитал арасындағы қайшылықты түбегейлі шеше алмады. Қайта оны жаңа негізде, мемлекетті капитал мен мемлекеттендірілген жалдама еңбек арасындағы қайшылықтарға айналдырды.

Мәселен, жекешелендіру құбылысы әлеуметтік жағдайларды түбірінен қайта құруға есептелгенімен, Қазақстан өндіргіш күштерінің даму тарихын, заңдылықтары мен бағыт-бағдарларын толық ескерді деп мойындау ақиқатқа сәйкес келмейді. Техникалық жағынан мешеу ауыл шаруашылығын, жалпы агроөнеркәсіптік кешеннің және т.б. салаларда жекешелендіру құбылысының әлеуметтік сипатта жеке дара үрдіс жүргізуі, объективті себептермен қатар субъективті көзқарастардың реформа дәуірінде белең алуына да байланысты. Аса елеулі мәселе - өндіргіш күштер даму деңгейі терістелді. Яғни, Қазақстан халық шаруашылық салаларының технико-технологиялық деңгейі мен техникалық-экономикалық дәрежесін зерделенудің жетпей жатқандығын көруге болады[1]. Жекешелендірудің әдіс-тәсілдері мен түрлері көп жағдайда қалыптасқан технологиялық және экономикалық байланыстарды ыдыратты. Әрине, Одақтық кеңістіктің тарауы оның бастама пункті (көзі) болғанын теріске шығара алмаймыз. Осыған байланысты  үш сабақтас мәселені ескеру қажет. Біріншіден, өндіргіш күштер ұғымы мен оның құрылым элементері туралы теориялық және іс-тәжірибелік көзқарастарға баға беру; екіншіден бәрімізге белгілі, бұрынғы ҚСРО кезіндегі Қазақстан өндіргіш күштері даму деңгейін сыңдарлы зерделеу қажеттігі; үшіншіден, нарық қатынастарына өту кезеңіндегі өндіргіш күштер элементтерінің даму тенденцияларын бағамдау, қоғамдық шаралар кешенін бағдарлау қажеттілігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МӘНІ, МАҚСАТЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

1.1 Жекешелендірудің мақсаты

Жекешелендірудің негізгі мақсаты орталық жоспардан нарықты экономикаға ауысуына қажеті жағдайды қалыптастыру болып табылады.

Ұлттық мүліктің Республика халқына мемлекеттен қайтару І. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ процесінде меншік иелену дербестендіру (персонификация) негізінде жүргізілуі тиіс.

Бұл мақсатқа жету келесі негізгі мәселелерді шешуді болжайды:

- көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың акционерленуі мен шаруашылық құрылымның шамалы рынокты жолмен тездетіп қалыптасуы, мемлекеттік меншік объектісінің кіші және көпшілік жекешелендіруді жүргізу;

- тиімді шаруашылық субъектісі ретінде жеке иелену қабатының қалыптасуы;

- бәсекелестік  орта  құру  және  өндірісті  монополиясыз-дандырумен қамтамасыз ету;

- шағын және орта бизнестің дамуы;

- ірі   және  теңдессіз  халық  шаруашылық  объектілердің жеке жаңғырту проектісін шығару (реализация);

- шетел инвесторларын тарту мен жеке бизнестің басым болу ұйымдық шаруашылық құрылымның қалыптасуы;

- бағалы  қағаздар  нарығының  субъектісі  ретінде  инвестициялық құрылым жүйесінің күшеюі және дамуы.

Бұл бағдарлама мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді әр түрлі салалардың ерекшелігі негізінде қағидалы әдіс амалдарды анықтайды.

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жататын объектілер тізбегі осы бағдарламамен байланысты. Жыл сайын Үкіметпен бекітіледі.

Мемлекеттік меншік объектілері 2 классификациялық топтарға бөлінеді:

- мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жатқызылатын объектілер;

- жекешелендіруге тыйым салынған объектілер.

І Қазақстан Республикасының меншігінен шығарылып тастаған, жекешелендіруге жатпайтын объектілер:

жер, су, әуе кеңістігі, жануар және өсімдік әлемі, табиғи ресурстары, т.б.

 

1.2 Жекешелендірудің негізгі бағыттары

Жекешелендірудің негізгі бағыттарында жекешелінген әдістері мен нысаналар кешені арқылы түсіну және жекешелендірілген объектілердің әр топтарының айрықшаландыруымен байланысты іске асырылады.

Критерийлер барысында кәсіпорындарды жекешелендірудің негізгі бағыттарына төмендегілерді жатқызуға болады:

- объектінің халық шаруашылық мағынасы;

- салаға қатыстылығы;

- қызметкерлер саны;

- негізгі қорлардың құны. Кәсіпорынның және ұйымдардьң жұмыс істеушілер санына байланысты шартты төмендегідей бөлінеді:

- жұмыс  істеушілердің  саны  20  адамнан  кем  емес  кіші кәсіпорындар;

-жұмыс істеушілердің саны 200-ден 5000 адамға дейінгі орта кәсіпорындар;

-жұмыс істеушілер саны 5000 адамнан астам ірі кәсіпорындар. Жекешелендіру объектісіне жыл сайынғы тізімі жасалған кезде жекешелендіру салалардың, аймақтарды және басқа объектілердің ерекшеліктерін ескере отырып кәсіпорынның кіші, орта және ірі топтарына жатқызылатыны анықталуы мүмкін.

Осы топтарға жатқызуға байланысты бағдарлама мемлекеттік иелігінен алу және жекешелендірудің процестерін нақты бағытталуының ашылуын қарастырады. Ол бағыттар келесідей:

- жеке жобалар бойынша ірі және бірегей мүлікті кешендерді жекешелендіру;

- орта кәсіпорындардың бірақ жекешелендірілуі;

- кіші кәсіпорындардың аукцион және конкурстық сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету арқылы қалыптасқан кіші жекешелендіру.

Жекешелендірудің жеке жобалары халық шаруашылығының шешуші саласы базалық кәсіпорындарының оңтайлы ұйымдық құрылымын жасауға мүмкіндік береді және олардың басқарылуында жеке және мемлекеттің қатысуын анықтау, отандық сонымен қатар, шетел инвесторларын тарту, жобаны дайындау кезеңдерінен басталады.

Жеке жобаларға ерекше әлеуметтік өнім немесе қызмет түрі бар және мемлекеттің табиғи монополиясында болатын бірегей сатылар жатқызылады:

- істің таңдаулылығы жан-жақты және объектінің бәсекелес бола  алатындығы,  сонымен  бірге  оның  өмірлік  кешен құнының бағалануы;

- ұйымдастыру құрылымдық мәселеге сай технология, монополиясыздандыру бойынша ұсынылатын өзгерістер жүйесі;

- жекешелендіру нысаналарын және әдістерін таңдау. Жеке жобалардың өтуі   (реализация) келесі әдістермен орындалады:

- қосымша түсінік жағдайындағы белгілі бір инвестицияларды сату;

-         аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;

-         басқаруда келісім-шарт жасау;

- акциялардың ашық сатылуы.

Басқаруға келісім-шарт занды немесе жеке тұлғаларға қолдануға құқық беретін тәсіл болып табылады. Берілген әдіс объектіні жекешелендірілген кезде экономикалық орынсыз немесе алдын ала болған жағдайларда қолданылады.

Көпшілік жекешелендіру республиканың көп тұрғындарына өз меншігі құқығының орындалуына мүмкіндік жасады, бағалы қағаздар мен жұмыс істеуге тәжірибе алуға рұқсат етеді (жекешелендірілген инвестициялық купондардың  акцияға ауыстырылуы, т.б. операциялар).

Сондай-ақ көпшілік жекешелендіру өз қатысушыларына таңдау еркіндігін, бәсекелестік, процесті басқарудағы қарапайымдылығы және жылдамдығын қамтамасыз етеді.

Барлық тұрғындардың көптеген қатысуына меншікті тиімді бөлуге мүмкіндік қалыптастырады.

Көпшілік жекешелендіруді басқару мақсатты шаралар көмегімен калыптасады:

- Республика тұрғындарына жекешелендірілген инвестициялық купондарды бөліп беру;

- коммерциялық негізінде жұмыс істейтін инвестициялық жекешелендірілген қормен жүйелі мекемелер.

Кіші жекешелендіру тұтыну нарығын тауар және қызметпен қамтамасыз ететін көптеген меншік иелерінің пайда болуына нақты тұғырын қалыптастырады. Ол жекешелендіруге жатқызылатын өлшемі өте үлкен емес, 200 адам істейтін кәсіпорын мен ұйымдарды қамтиды.

Осы бағыт айналасында жекешелендірілген объектілердің негізгісі көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет өрісі болып табылады.

Кіші жекешелендіру процесі 3 кезеңнен тұрады:

бірінші кезеңде, объектілерді таңдау және опардың жекешелендіру мерзімін анықтау қажет;

екінші кезеңде, объектінің аукциондарда немесе конкурста сатылуын дайындау;

үшінші кезеңде, объектінің сатылуы.

Бұл процесс ашық сипатта болу керек, ал меншік ең жоғары бағаны ұсынған сатып алушыға ауысуы тиіс.

Кіші жекешелендірудің негізгі ерекшелігі болып ұлттық бағдарлама сатып алушы аукциондарда, коммерциялық конкурста жекешелендрілген тұрғын үй купондардың 50% тұратын мемлекеттік меншіктің сатып алған төлемін қарастырады. Қазақстандағы жекешелендіру мәселелері Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығында (23 желтоқсан 1995 ж.) жекешелендірудің келесі процестері іске асырылды.

Президенттің осы Жарлығына байланысты жекешелендірудің нақты элементтері анықталған. Бірегей жекешелендіру түсінігінің мазмұны, объектілері, субъектілері, түрлері және жекешелендіру қағидалары берілген. Жекешелендіру дегеніміз мемлекеттік меншікті жеке тұлғаларға және шетелдік заңды тұлғаларға арнайы процедура шеңберінде сатуды білдіреді.

Жекешелендірудің субъектілері болып саналатындар:

- сатушы, мемлекеттік орган, жекешелендіруді іске асыратын уәкіл.

Жекешелендіру процесінде мүлікті сатып алушы жеке тұлға, мемлекетгік емес заңды тұлға немесе шетел занды тұлғасы бола алады.

Жекешелендіруді жүргізетін негізгі қағидалары ретінде жариялылық, бәсекелестік, құқықтық ауысуы, сатылуға қойылған объектілер туралы мәліметтердің дұрыстығы және жекешелендіруді жүргізудің заңды лауазымды тұлғалар жауапкершілігі болып табылады.

Жекешелендірудің объектілері болып мемлекеттік мүліктің келесі түрлері болады:

-өндірісті және өндірісті емес бөлімшелер және кәсіпорынның мүліктік кешен ретіндегі құрылымдық бірлігі, олардың жекешелендіруі тұйық технологиясының циклы;

- кәсіпорынның мүлкі, кәсіпорынның құрамына жекешелендіруге жататын, оның ісіне қолданылатын мүліктің барлық түрлері кіреді (ғимараттар, құрал жабдықтар, шикізат, өнім, т.б.);

- шаруашылық  серіктестіктерде  жарғылық  қордың  акциялары мен үлестері.

Жекешелендіру - саудадағы сатулар, тікелей адресті сатулар түрінде іске асырылады.

Республикада жекешелендіру процестерінің тездетілуі және оның құрылымының өзгертуі мақсатында арнайы бағдарлама құрылды[2]. Жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде Республикада 1996 жылы жеке кәсіпорындардың салмағы 86%, сонымен бірге өнеркәсіпте 86%, ауыл шаруашылығында 95%, құрылыс 60%, саудада 85%-ға жетті.

Информация о работе Менеджмент жуйесіндегі бакылау