Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 15:28, курсовая работа
Мемлекеттік соцализм өз дамуында аса ірі жетістіктеріне жеткеніне қарамастан, негізгі әлеуметтік мәселе – еңбек пен капитал арасындағы қайшылықты түбегейлі шеше алмады. Қайта оны жаңа негізде, мемлекетті капитал мен мемлекеттендірілген жалдама еңбек арасындағы қайшылықтарға айналдырды.
КІРІСПЕ
І. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
1.1 Жекешелендірудің мақсаты
1.2 Жекешелендірудің негізгі бағыттары
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
2.1 Ауыл шаруашылықтарды жекешелендірудің мәні
2.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің жетістіктері мен кемшіліктері
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ
3.1 Қазақстандағы ауыл шаруашылықты жекешелендірудің ерекшеліктері
3.2 Жекешелендірудің шетелдік тәжірибесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қорытындылай айтқанда жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайтылады.
Жекешелендіру құбылысы меншік қатынастарын түбірінен өзгертудің бір қырын ғана көрсетеді. Яғни меншік иесін анықтау арқылы шаруашылық жүйесінде негізгі тұлғалардың еркін кәсіпкерлік, еңбек мүдделерін ынталандыру қызметін атқарады. Негізгі қатынас пен туынды қатынас арасындағы себеп-салдарлы байланыс бір жақты емес. Өз кезегінде, шаруашылық жүйесінде пайда болған туынды қатынастар меншік құқығына елеулі әсер ететін күшке айналады. Мысалы, салық саясаты және қаржы-қаражат жүйесі, инвестициялық саясат, техник-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық қатынастар меншіктің кез-келген үлгілерін басып-жаныштайтын қоғамдық күшке айналуын терістеуге болмайды. Сол себепті, мемлекеттік жалдама еңбек иелерінен жеке жалдама еңбек топтары мен меншік иесі – кәсіпкерлерді қалыптастыру үрдісі қайшылықты құбылыс. Әрі ұзақ мерзімге созылады, күрделі әлеуметтік мәселелерді қамтиды.
Меншік қатынастарының реформасы да одан әрі жалғастырылып келеді. Қазіргі кезде мемлекет иелігінен алу үрдісі қауырт жүріп жатыр және мемлекет кәсіпорындарын одан әрі жекешелендіруге қажет жағдайлар әзірленуде.
Жеке меншік институты да барған сайын өзінің нақтылы бейнесін тауып, экономикалық қатынастар саласында және қоғамдық салада күннен-күнге мемлекеттік меншікпен бірдей тең құқықтар алып отыр.
Еліміздің заңдары да нарықтық экономика мен демократия принциптерін орнықтыру бағытында айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Кәсіпорындарды жекешелендіру негізінен аяқталды. Енді оны, ең алдымен аграрлық кешен мен әлеуметтік салада түпкілікті аяқтау және акциялардың айналым процесін дәл реттеу керек. Стратегиялық сипаттағы кәсіпорындардағы акциялардың мемлекеттік пакеттері орынды пайдаланылатын болады.
Жекешелендіру құбылысының теріс әлеуметтік салдары - тұрғын үй, мәдени-ағарту салаларының нашар жағдайы, өндіріс құлдырауы көп нәрсені ойға алдырады. Бұл айтылғандар жекешелендіру тұлғаларының әлеуметтік мүдделерінің толық ескерілмегенін көрсетеді. Төлем дағдарысы, өндіріс құлдырауы, әлеуметтік-мәдени саланың тоқырауы т.б. реформалардың толық кешенді бағдарламасы зерделенбегенін, тіптен, бардың өзін оңтайлы түрде жүзеге асыратын механизм, ерік-жігер аз екенін көрсетеді. Қазақстан стратегиялық дамуын анықтайтын 2030 ж. дейінгі жоспар енді осы күрделі қатынастарды жүйелеуге, дамудың жаңа жолдарын айқындауы тиіс.
11
[1]
[2] 1996-1998 жж. Экономикалық құрылымдарды жетілдіру бағдарламасы 1.2 ж. 3.5. баптары.
[3] Жатқанбаев.Е.Б. «Аралас экономика қалыптасу кезеңдері». Алматы: Қазақ университеті, 1992. 51,67 б.б.
[4] Арынов.Е.М. «Қазақстандағы экономикалық реформалардың стратегиясы». Алматы,1994. 51.56.б.б.