Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 15:28, курсовая работа
Мемлекеттік соцализм өз дамуында аса ірі жетістіктеріне жеткеніне қарамастан, негізгі әлеуметтік мәселе – еңбек пен капитал арасындағы қайшылықты түбегейлі шеше алмады. Қайта оны жаңа негізде, мемлекетті капитал мен мемлекеттендірілген жалдама еңбек арасындағы қайшылықтарға айналдырды.
КІРІСПЕ
І. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
1.1 Жекешелендірудің мақсаты
1.2 Жекешелендірудің негізгі бағыттары
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
2.1 Ауыл шаруашылықтарды жекешелендірудің мәні
2.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің жетістіктері мен кемшіліктері
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ
3.1 Қазақстандағы ауыл шаруашылықты жекешелендірудің ерекшеліктері
3.2 Жекешелендірудің шетелдік тәжірибесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Келесі бөгет болып отырған құбылыстар тобы – бағаның ырықтандырылуы, отандық тауарлар дефициті. Бағаның шарқап өсуі және ақшаның құнсыздануы да реформаларға, оның ішінде жекешелендіруге күшті соққы болды. Мұның әсері капиталдың сауда салаларында, экспорттық-импорттық операцияларға ауысуын күшейтті.
Жекешелендіру құбылысын қолдауға қажетті резервтік қорлар жетімсіздігі, Ұлттық банктің аукциондар арқылы қаржыны үлкен өсіммен сатуы арқылы материалдық өндіріс салаларын т.б. тоқыратуы, шын мәнінде ел экономикасын шетел ықпалына бағындыруға алып келеді. Азия аждаһаларына т.б. елдердегі реформалар ішкі және сыртқы шетел қаржыларын ұқыпты пайдалану нәтижесінде технологиялық жаңартуға негізделгені құпия емес. Осыған байланысты, қоғамдағы реформалардың, оның ішінде жекешелендіру құбылысының негізгі қозғаушысы күштері жеке адамдар, ұжымдар мүдделерін үйлестіру арқылы жекешелендірудің әлеуметтік бағдарын өзгерту қажеттігі туындайды.
Бүкіл әлемде маңызды мәселелердің бірі қазіргі және болашақ ұрпақ мүддесі үшін ауыл шаруашылық алқаптарының сапасын арттыру мен көлемін сақтау болып отыр.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер ауыл шаруашылығында ерекше қызмет атқарады, олар экономиканың аграрлық секторында өндіріс құралы болып табылады.
Қазіргі кезде, Қазақстанның жер заңдары бойынша бұл жерлердің басымдылық қағидасы бекітілген.
Осы жерлерге шектеулерді алу мен жеке меншікті енгізу даулы мәселе болып отыр.
Қазіргі кезде батыста жер пайдалану үрдісінде мемлекеттің кең және ауқымды араласуы байқалып отырғанын ескеру қажет. Ол неғұрлым экономикалық дамыған болса, соғұрлым ол жер нарығының жер қатынастарын қатаң түрде жүзеге асырады.
Қазақстан үшін жер көлемінің иесі ретінде, қоғам дамуының объективті үрдісінің әсерімен бұл тәжірбиені қолданбауы керек.
Ауыл шарушылығын дамытудың жетістіктерінің негізіне ешкімнің тиісуіне болмайтын жерге жеке меншік қағидасы әрқашан сай келе бермейді.
Американың, Азияның, Еуропаның көптеген мемлекеттері жерге жеке меншіктен бас тартып отыр, және шаруа қожайындарының дербес шаруашылық құқығын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлуде. Мысалы, 1982 жылы қабылданған Қатай конституциясы бойынша егістік жерлер, қыр, тау, орман, қала жерлері тек мемлекеттің меншігінде болады. Экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қытай жетістіктері өзінің бастамасын аграрлық сектордан алды. Бүгінгі күні Қытай әлемінде ауыл шаруашылық өнімдерін негізгі өндіруші.
Онда шаруашылық жүргізудің екі сатылы жүйесі орын алған: шаруа әлісі үшін 50 жылға берілген жерге жанұялық, мердігерлік және ұжымдық қызмет. Францияда мысалы, 51 проценті ауыл шаруашылық алқаптары жерге меншік иелерімен емес аредаторлармен өңделеді, АҚШ-та 45 проценті фермерлер жерді мемлекетпен жалға алады. Нидерланд, Израиль ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік енгізуден мүлдем бас тартқан.
АҚШ тәжірбиесі бойынша ауылшаруашылық жерлерін мақсатқа сай пайдалану мәселесі былайша көрініс табады. 1981 жылы ауыл шаруашылық жерлерін қорғау саясаты туралы арнайы заң қабылданған болатын, концептуалды жағынан ол мынадай қағидалар бойынша құрылды: тыйым салатын, фискалды шаралар мен жер пайдалануға бақылау жасаудың орнына, заң жерді ауыл шаруашылық емес мақсатқа пайдаланбағаны үшін арендатор фермерлерді көтермелеуді және пайда табуды қарастырады. Осыған байланысты ауыл шаруашылық жерлерінің арендаторлары мен меншік иелеріне үлкен салық жеңілдіктері қарастырылған және өндіріс құралы ретінде тек жер пайдалану құқығына ғана салық салынады. Жерді конверциялағанда бұрын төленбеген салықтар толығымен немесе ішінара өтеледі.
Барлық шектеулерге қарамастан оны пайдалану үшін пайда табуға мүмкіндік беретін жер учаскелеріне үлкен жер салығы төленуі қажет. Оның ставкасы жерге құқық алуға байланысты сауда нәтижесі бойынша тек жанама түрде анықталуы мүмкін. Алдымен тек ауыл шаруашылық жерлері үшін салық салу ставкаларын белгілеп алу қажет, өйткені, онда оның өнімділігі мен ауыл шаруашылық өнімдеріне ағымдығы бағаның өзгеруін ескере отырып, осы жерлер арқылы алынуы мүмкін пайданы бағалауға және осыған байланысты әділ жер салығын бекітуге болады. Елді мекендердің жеріне қатысты болсақ, онда бұл жерде жер салығының ставкаларын бекіту құқығын Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына беру қажет.
Тұрғын үй және құрылыс, саяжай т.б. пайдаланылатын жер учаскесіне салық салудағы жеңілдіктерден бас тарту қажет. Жерге салық салуға байланысты жеңілдіктер енгізу өзімізді-өзіміз алдау болып табылады, өйткені жер учаскесіне құқығы бар адамның оны тиімді пайдалануға ынтасы болмайды.
Жер көлеміне байланысты жеңілдік түрінде берілгеннің бәрі мемлекетпен басқа қайнар көздерден алынатынын ескеру керек. Ал, бұл дұрыс емес, өйткені мұндай жеңілдіктердің орнын бұкіл қоғамның және әрбір мүшелерінің жеке-жеке төлеуіне тура келеді. Жер салығына байланысты жеңілдіктерді тек Қазақстан Республикасының субъектілерінен жоғары емес деңгейдегі жекелеген тұлғаларға енгізуге болады және мұндай жеңілдікті енгізудің мақсат екендігі мен әрекет етуі үшін міндетті бақылау бекіту қажет. Бүгінгі күні Қазақстанда ТМД бойынша ең төменгі жер салығы орын алып отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда ТМД бойынша ең төменгі жер салығы орын алып отыр.
Шетелдерде жерге жеке меншік қатынастарын құқықтық реттеу меншік иесінің жерді қоғамның ұлттық байлығы, бірден-бір табиғи ресурс ретінде қоғам мүддесі үшін қорғауға бағытталған әрекетінің еркіндігі мен үйлесімді байланыстыруға ізденістердің жүріп жатқанын куәландырады.
Жеке меншік қатынастарын реттеу ауыл шаруашылық құрылымын нәтижелі жұмыс істеуіне байланысты, сондықтан мемлекет мұрагерлік құқығы, жалға алу құқығы сияқты құқықтарды жүзеге асыруда белсенді түрде араласады.
Жеке меншік құқығын шектеу ауыл шаруашылық өндірісінің құрылымын, оны нарық құрылысына сәйкестендіруді реттеуге байланысты ауыл шаруашылық жерлерін қорғау бағдарламасымен енгізілді. Канада заңдары бір фермаға тиісті жерде жеке меншікке сатуды, шектеуді бекіте отырып ауыл шаруашылық жерлерін урбанизациялауға тыйым салады. Жер сатып алу мен қатар, оның иесі нақты қожайын бола алмайды: ол өзінің құрылыс және ғимарат құрылысына жоспарын құрылыс салудың белгілі бір түріне салу тыйым салуға құқығы бар мемлекеттік органдармен сәйкестендіруі керек. Канада заңдары жер алқаптарын шетелдіктерге беруге, сатуға байланысты шектеулерді қарастырған.
Қазіргі уақытта жер пайдалануды басқару жүйесіне байланысты мемлекеттің араласуы дұрыс жүріп жатыр, нақты айтқанда, жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау аясында мемлекеттің ықпалы зор. Францияда, Италияда аумақтық жоспарлау үрдісінде аумақты аймақтарға бөлу жүргізіледі: урбанистикалық аймақтар, табиғи алқаптар, орман және қырлар орын алған кеңістіктер, өндірістік және ауыл шаруашылық алқаптары бөлініп шығады. Олардың әрқайсысында жер пайдаланудың сәйкес режимі бекітіледі, нақты айтсақ, құрылыс салуға рұқсат беру тәртібі мен оны орындауға мемлекет тарапынан қатаң бақылау қарастылылған ол жерлер меншік иелеріне қолданылады.
Шет елдерде жерге жеке меншік қатынастарын заңмен реттеудің жетілдірілген жағдайы - бұл жеке меншік құқығы бүкіл қоғам мүддесі үшін шектелген, ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі. Мұндай жағдайда заң, әсіресе ауыл шаруашылығында жеке меншіктің жоғары сипатын мойындаудан бас тартады.
Қазақстанда жер жарлығын мемлекеттік реттеу, мәселесі «Жер туралы» жарлыққа сай біркелкі шешілген жоқ, жер ҚР-дың азаматтарымен қатар мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, оның ішінде шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға да жеке меншікке берілуі мүмкін. Мұнымен қатар, «Жер туралы» жарлық шет елдіктермен азаматтығы жоқ тұлғаларға құрылыс үшін немесе өндірістік немесе өндірістік емес, сондай-ақ тұрғын үй, ғимараттар үшін берілетін жер учаскелерін жеке меншікке берудің бір негізі қарастырылған. Бірақ сонымен қатар, «Жекешелендіру туралы» жарлық жер учаскесін, оның ішінде мемлекеттік, ауыл шаруашылық кәсіпорындардың жер учаскелерінде жекешелендіру объектісі ретінде қарастырады, яғни шетелдік тұлға мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мүлкін ала отырып «Жер туралы» жарлықтың 18-бабына сәйкес бір мезгілде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді де жеке меншігіне айналдырады, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» жарлыққа сәйкес егер кепіл беруші міндеттемені орындамаса кепіл ұстаушы кепілге қойылған мүлікті өзінің меншігіне айналдыруға құқығы бар, яғни бұл жерде де шетелдік тұлғалардың жеке меншікке құқықтарының пайда болуының «жасырын» негіздері бар.
Бүгінгі күні ҚР-дың азаматтары жер учаскелерін жеке меншікке алуға жағдайлары жоқ. Осы мәселеде жерді жеке меншікке алуда тең мүмкіндіктердің болуы үшін кепілдік берілуі керек.
Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар «Жер туралы» жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР-дың Заңының жобасына байланысты мынадай ескертулер бар:
8-бап «Инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы» заңға сәйкес жер учаскелерін мемлекеттік нақты гранд түрінде жеке меншікке беру мүмкіндігін көздейді. Біздің пікірімізше бұл дұрыс шешім емес сондай-ақ ол бап жер учаскелкрін жеке меншікке нақты гранд түрінде беру мүмкіндігі қарастырылмаған осы заңның 33-бабына сәйкес келмейді. Қазақстанда айтарлықтай ұтымды инвесторлар шетелдіктер болып табылады. Қазақстанда жерге жеке меншікке шектеу қою керек, олай етпесе жер шетелдік тұлғалар мен шетелдік емес тұлғалардаң меншігіне көшеді. Біздің пікірімізше, бұл мәселеге байланысты шетел тәжірбиесін басшылыққа алудың қажеті жоқ, біздің қоғам мұндай күрделі өзгерістерге әлі дайын емес.
Жекешелендіру процесі және оны басқару нарықтық экономикада орын алған басқа елдерде қалыптасқан тәсіл.
Қытайда басталған мемлекеттің иелігінен алу процесінің нәтижесі келесі фактілерді куәландырады.
Біріншіден - меншік жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер барысында мемлекеттік сектордың таралуы орын алуда. Меншіктің мемлекеттік емес нысандары қазіргі кезде: 1 өнеркәсіп - 44, сауда - 64, ауылшаруашылық-95 пайыз құрайды.
Ұжымдық кәсіпорындар өндіріс көлемін мемлекетке қарағанда тез өсіреді, ал меншіктің қоғамдық емес түріндегі кәсіпорындар (жеке және жеке кооперативті) - бұдан да жоғары нәтижелерге ие.
1978-1989 жж. арасында мемлекеттік өндіріс көлемі 3,81 есе, ұжымдық кәсіпорындарда 8 есе өсті. 1989 ж. меншіктің қоғамдық емес түріндегі кәсіпорындар үлесіне жалпы өнімдердің 8,25%-зы тиді, ал 1980 жылы бұл көрсеткіш 0,5%-ға тең болған. 1989 ж. соңында жеке қызметпен 12,5 млн. әр түрлі өндірістік және сауда ұйымдарына қосылған 19,4 млн. адам айналысқан.
Бірншіден - кәсіпорынның шаруашылық дербестігі көтеріледі шаруашылық құқығында және меншіктің бөлінуінде қалыптасқан әр түрлі ұйымдық түрлер пайда болды.
Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Кеңесімен қабылданған (5 желтоқсан 1986 ж.) «Кәсіпорындағы реформаларды тереңдету және олардың тіршілік әрекетін жандандыру» туралы құжат шаруашылық жауапкершілік жүйені енгізуді және ұсақ мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беруді зандаған. 1986 ж. соңында жалға беру 3,5 мың ұсақ өнеркәсіпті кәсіпорындарды қамтыды.
Қытайда мемлекеттік меншікті басқару жүйесі істейді. Осы жүйенің басында мемлекеттік мүлік жұмысының басқармасы және әр түрлі аймақты деңгейдегі органдар қатарлары тұр. Бұл органдар орталық басқармамен қабылданған аймағына бақылау ревизиялық функциялары бар. Басқарманың аймақтық органдары бухгалтерлік ревизия жүргізуге құқы бар және мемлекеттік мүліктің жағдайын бағалау, жекеменшік құқығының өзгеру процесін басқару, кәсіпорынның сатылуы, бірлескен кәсіпорындарды құру, т.б. жұмыстар жүргізеді.
Қытайдағы мемлекеттің иелігінен алу кезеңі төмендегідей:
1) кәсіпорынның аяқталуынан дербес шаруашылыққа ауысады, ол заңды және экономикалық жауапкершіліктің толық бөлінуіне жетуге рұқсат береді;
2) екіншінің аяқталуынан мемлекеттік меншікте инфрақұрылым объектілерінің тек негізгілері (темір жолдар, электр станциялары, телефон және телеграф байланыстары) және де мемлекеттік капитал салымынан құрылған кәсіпорын ғана қалады.
Еуропалық елдерде жекешелендіру процесі әр түрлі формаларда қабылдаған: мемлекеттік кәсіпорындарды жеке заңды және жеке түлғаларға сату; жеке инвесторлардың қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындарды қайта капитализациялау; мемлекеттің меншігі болатын немесе олармен бақыланатын кәсіпорынның жарты акцияларын сату. Ұлыбританиядағы жекешелендіру баяу қарқынды сипатқа ие: Бір жылда 2-3 кәсіпорын жекешелендіріледі. Ұлыбританиядағы жекешелендірудің қажетгілігі мемлекеттік кәсіпорындардың тиімсіздігі, жоғары капитал сыйымдылығы, өндірістік еңбектің ең төменгі тиімділігімен түсіндіріледі.
Ұлыбританиядағы жекешелендіру процесін хронологиялық 3 кезеңде бөлуге болады.
1-кезең (1979—1984 жж.) нақты салалардағы кәсіпорындарды сатумен сипатталады. Бұл мемлекеттік сектордың қажеттілігінің дотацияландыруды төмендетуді ынталандырады. Бұл өлшемі бойынша үлкен емес компаниялар.
2-кезең (1984 ж. жазы - 1987 ж. күзі) - бұл кезеңнің мақсаты акция иелерінің шеңберін ұлғайту.
Жекешелендірудің осы формалары ретінде Британ телефон корпорациясы (Бритиш телеком) және Британдық газ корпорациясы (Бритиш газ) көрсетілген. Өкімет монополиялық құрылымдық салаларын сақтап қалып оларды толығымен сатты.
3-кезең (1987 ж. қазіргі кезге дейін) - коммуналдық шаруашылық салаларының белсенді сатылуы, олардың бәсекелестік басымдығын арттыру мақсатымен сипатталады.