Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 15:28, курсовая работа
Мемлекеттік соцализм өз дамуында аса ірі жетістіктеріне жеткеніне қарамастан, негізгі әлеуметтік мәселе – еңбек пен капитал арасындағы қайшылықты түбегейлі шеше алмады. Қайта оны жаңа негізде, мемлекетті капитал мен мемлекеттендірілген жалдама еңбек арасындағы қайшылықтарға айналдырды.
КІРІСПЕ
І. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
1.1 Жекешелендірудің мақсаты
1.2 Жекешелендірудің негізгі бағыттары
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
2.1 Ауыл шаруашылықтарды жекешелендірудің мәні
2.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің жетістіктері мен кемшіліктері
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ
3.1 Қазақстандағы ауыл шаруашылықты жекешелендірудің ерекшеліктері
3.2 Жекешелендірудің шетелдік тәжірибесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өзіндік әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізіп келеді.
Меншік қатынастарын түбірінен өзгерту жүзеге асты, жаңа мемлекеттік құрылым қалыптасып, бұрынғы өміршілдік жүйе құрдымға кетті деп айтуға болады. Қазақстанның өзіндік іс-тәжірбиесі ХХІ ғасырға есептелген жаңа экономикалық саясатты қалыптастыруды қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда тәуелсіздік жылдары жинақтаған нарықтық реформалардың іс-тәжірбиесін зерделеп, өндіргіш күштер құрылымын түбірінен жаңартуға бағытталған іс-әрекет бағдарламасын қалыптастыру міндеті тұр.
Мемлекеттік макроэкономикалық саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік реформаларды тереңдету үшін шаруашылық тұлғалары деңгейінде жүргізілетін микроэкономикалық саясаттың негізгі құрылымдық элементтерін айқындау, қалыптастыру ұзақ мерзімдік нысанаға айналуы тиіс. Ал, бұл мәселе ғаламдық ҒТП даму бағдарымен, Қазақстанның әлемдік базар қатынастарындағы орнын болжаумен де тікелей сабақтас.
Мемлекеттік меншік жүйесін түбегейлі өзгерту үрдісі кешенді әлеуметтік шаралардың жиынтығын көрсетеді. Ал, жекешелендіру- меншік иесін табу, меншіктеу ұғымдары арқылы ғана өз мәнін анықтай алады. Олай болса, мемлекет меншіктеу ұғымдары арқылы ғана өз мәнін анықтай алады. Олай болса, мемлекет меншіктің негізгі иесі емес, тек заң жолымен бөтендердікін (халықтың) еңбегін өзіне иемденіп алған құқықтық аппарат түсінігі шығады. Мемлекет өзінің қаржы саясаты арқылы 70 жылдан астам уақытта шаруашылық тұлғаларының қосымша еңбегін қорландыру арқылы меншік нысандарын түзеді. Ал, оның меншік тұлғасы болып көрінуі, тек заң-құқықтық айнаға тәуелді қатынас.
Жекешелендіру-меншікті мемлекет иелігінен алу (ішкі мәні жекешелендіру үрдісі) мен экономикадағы мемлекеттің тікелей шаруашылық жүргізу өкілеттілігін шектеу (экономиканы беймемлекеттендіру) процестері әр қилы ұғымдар. Мәні мазмұндары сәйкес келмейді. Оның арғы астары шаруашылық жүйесіндегі мемлекеттік, салалық, аймақтық монополия құбылыстарынан арылу мәселесі, яғни нарықтық бәсекелестікті дамыту арқылы әлеуметтік экономиканың серпінді дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Ал, Қазақстан заң бағдарламасы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу жігін ашып көрсеткенімен, жалпы сипаты тек жекешелендіруді айқындап, нарықтық ортаны қалыптастырудың негізгі жолы - меншікті жекешелендіру деген идея өзекті мәселеге айналды. «Нарықтық қатынастардың тұлғасы ретінде жеке меншік тұлғалары болуы қажет» деген пікір қанат жайды. Мемлекеттік меншіктің нарықтық ортаға бейімделу формалары өтпелі кезең үшін аса маңызды мәселе екенін дәлелдеу объективті, субъективті жағдайларға байланысты аса күрделі мәселеге айналды. Мемлекеттік меншікті жалға беру, басқару өкілеттігін беру, концессияға шарт жасау, біртіндеп сатып алу жолдары заңдарда ескерілген, бірақ толық қолданылмады. Кейінірек, жалға беру, өтеу мерзімін ұзарту мәселелерді заң жүзінде жекешелендіру бағдарламаларынан алынып тасталды.
Яғни, арендаға беру идеясы тумай жатып, көктей солды. Осындай жағдайда, ғалымдар ұсынған біртіндеп мемлекеттік мүлікті сатып алу идеясы мүлік комитеті тарапынан қолдау таппады.
Ұсақ буржуазиялық жекешелендіру психологиясы. Мақсаты, жеке меншіктің «прогрессивті сипаты» ұранан желеу етіп, қоғамдық, ұжымды, топтық экономикалық қатынастар исі шыққан меншіктің барлығын жекешелендіру. Бұл жеке шаруашылық, жеке меншіктің өндіргіш күштерінің даму деңгейіне байланысты өлшем бірлігі қалыптасуын ескермеді.
Үшінші бағдар, тоталитарлық, мемлекеттік социализм жүйесін демонтаждауға байланысты адамның барлық құқықтық еріктерін қалпына келтіру үшін қоғам байлығындағы оның үлесін анықтау, заңдастыру арқылы мемлекеттің экономикалық жауапкершілігін айқындау қажеттігі. Бұл үрдістің ішкі мәні, онда жанды еңбек пен қорланған еңбек байланысын күшейтіп, қоғамдық ассоциациялардың жеке-дара (индивидуалды) меншік құқығын жүзеге асырылуына көрсететін қолдауын айқындайды. Жеке меншік, жеке-дара меншік т.б. меншік түрлерінің өндірістік үрдісінде әрекеттесуі, енді нарық қатынастар ауқымында жүзеге асады.
Жекешелендіру, мемлекеттің экономикалық қызметін шектеу үрдісі ТМД елдері үшін әлеуметтік әділдік қағидаларын қалпына келтіру қозғалысы. Бұл жаппай жекешелендіруде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл үшін купондық т.б. механизмдерін методологиялық жағынан жетілдіру қажет және басқа жекешелендіру түрлерімен үйлестіру қажет еді.
Мәселен, мемлекеттік, акционерлік, жеке меншікті кәсіпорындар жүйесі шаруашылық саласында өзара байланысты дамиды. Жоғары дамыған капитал, еңбек, тауарлар, қаржы, рыноктері, бағалы қағаздар, инвестициялар рыногы нашар дамуы жекешелендірудің өзіндік ерекше құбылысқа айналуын көрсетеді[3].
Мемлекеттік меншікті және мемлекеттік шаруашылық жүйесінің монополиясы, жеке-дара үстемдігі - екі түрлі құбылыс ретінде өтпелі кезеңде ерекше реттеу, жаңарту нысандары деп қарау қажет. Мәселен, бағаның ырықтандырылуы (1992) өндіріс салаларының ерекшелігін қалай ескерді немесе бірыңғай экономикалық кеңістіктің ыдырау жағдайында ҚР жүргізетін экономикалық саясат бағыт-бағдары және әдіс-тәсілдері жекешелендірудің ғылыми негіздерін сараптауды жүзеге асырды ма деген сауалдар өмірден нақтылы жауабын табуда.
Нарықтық экономикаға өту кезкңінде жалпы жекешелендірудің кешенді стратегиялық байланысын және де кезектілігін сақтау Қазақстан үкіметі жүргізген саясатта толық жүзеге асырылмады. Нарықтық романтизм реформа идеологтарына – экономистер, саясаттанушылар, басқарушы т.б. барлығына тән болды. Бұл субъективті жағдай. Ал объективті жағдай – жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттік бірыңғай экономикалық кеңістігі болмауы, қаржы тапшылығы.
Қазақстанда жекешелендіруді жүргізудің ең үлкен кемшілігінің бірі - құрылымдық өзгерістер меншік түрін өзгертуден бұрын жүргізілмегенінде екені даусыз. Мемлекеттік меншікке сүйене отырып (орасан зор әлеуметтік механизм плюс экономикалық потенциал) үкімет кез келген ұйымдық шараларды жүргізуге мүмкіндік алады. Ал, мақсат бағыттары ішінде ең маңыздылары демонополизация - мемлекеттің шаруашылық тұлғасы қызметін шектеу, салалық және территориялық, аймақтық ұйымдастыру - басқару жүйесін жетілдіру арқылы Қазақстандық бірыңғай нарықтық кеңістікті – бәсекелестік механизмін қалыптастыру қажеттігі болды. Ал, бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің қаржы-финанс жағынан сауықтандырылуын, басқару жүйесін жетілдіру - алғы шарт екенін ескеруді талап етеді. Бұл міндет, тек енді ғана, үкіметтің 1996-1998 жж. Экономикалық бағдарламасының негізі деп мойындалды.
Бәсеке мен кәсіпкерлікті дамыту үшін салалық басқару ұйымдарын тарату немесе меншікті билеу өкілеттілігін шектеу де жеткілікті. Нарықтық экономика негіздері меншіктің және шаруашылықтың көп түрлілігіне де тәуелді әр деңгейлі құбылыс-мемлекеттік меншіктің қайшылығы неде, оны қалай жоюға болады, оның мемлекеттік шаруашылық жүргізу жүйесімен өзара байланысы, ерекшелігі неде екенін айқындап алмастан, әйтеуір, мемлекеттік меншікті тарату басты мақсат деген теріс пайымдау ойда қалады. Іс жүзінде бұл саясат жүзеге асты, бұл ел экономикасына елеулі қиыншылықтар алып келді. Мәселен, Қытай мемлекеттік меншікпен қатар өмір сүретін жеке-дара еңбек ету, әр түрлі меншікке негізделген бірлестіктерге рұқсат ету арқылы да өндіріс салаларының көпшілігінде бәсекені күшейтудің жолдарын қалыптастырды[4].
Әлеуметтік экономия мен әлеуметтік саясаттың өзара ұқсастығы мен айырмашылығы заң-құқық негізде біржақты шешіліп, дамудың көп бағыттылығы және әр кезеңдігі ескерілмеді деп айтуымызға болады. Экономикалық саясат дегеніміз басқару-ұйымдастыру принциптеріне сүйенеді, ал әлеуметтік экономия объективті экономикалық заңдардың жүзеге асу механизмін көрсетеді. Екеуінің де мақсаты – халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының прогрессивті өсуі, бірі- объективті құбылыс, екіншісі-қоғамдық сана және ресурстарға байланысты. Ал, көп жағдайларда әлеуметтік саясат қысқа мерзімдік мақсаттарға бағынышты болады, үздіксіз жалғастырылып отыратын саяси шешімдердің жүйесі ғана.
Қазақстан жағдайында жекешелендіру процесі, негізінен, өндіріс пен кәсіпорындарды шаруашылық тұлғаларына беру арқылы өнімнің көлемін де, сапасын да арттыру, жұмысқа деген ынта-ықыласты күшейту, еңбек тәртібін нығайту, аз күшпен көп өнім өндіру, әркімнің басына бір қиқулап жүретін басшыларды азайту, ақыр соңында, өнім мен өндіріс құрал-жабдықтарын талан-тараждан қорғау мақсатында жүргізілуі тиіс болды. Яғни, өте көп міндет жүктелді. Түбегейлі реформалар мемлекеттік меншікті жекешелендіру, жалға беру, басқаруды шетел мамандарына жауаптау, акционерлеу, ұжымдық және шағын түрлері қарастырылды. Бұл экономикалық кеңістіктің іс-әрекет ету механизмін қалыптастыруға бағытталған-ды. Жекешелендіру процесінің біздегі ерекшелігі - жекешелендірілген кәсіпорындардың өндірістік құрылымдарын өзгертуіне мемлекеттік орындар формальды түрде құқықтық жағынан шектелгенді. Бірден-бір жол монополияға қарсы шағын, орташа кәсіпкерлікті дамыту арқылы нарықтық бәсекелестікті қалыптастыру бағыттары ғана. Ал, бұл мәселе - демонополизациялау Қытай, Чили, Мексика сияқты елдерде жекешелендіруден бұрын жүргізілді, яғни орташа, шағын жеке кәсіпорындар жүйесі нарықтық бәсекені қалыптастырады. Екіншіден, мемлекеттік кәсіпорындар меншік иесін өзгертпестен кәсіпорын ұжымдарының толық шаруашылық жүргізілуңне беріледі және мемлекеттік жәрдемақы тоқталады, яғни нарықтың тұлғасына айналады. Кәсіпорындар өз өндірісін өзгертуі, жаңартуы рынокқа байланысты жүргізіледі. Қазақстан бағдарламасында демополизациялау және жекешелендіру қат-қабат қатар жүргізілуі тиіс болды. Нәтижеде үрдіс бақылаудан сырт қалды.
Жекешелендіру процесі антимонополиялық комитеттің және парламенттің тікелей бақылыуымен жүргізілуі көптеген елдерге тән сипат. Ал, Қазақстан жағдайында жергілікті өкімет орындары, антимонополиялық комитет және жекешелендіру, мүлік өкілдіктері әкімдіктері толық сараланбады. Қортындылай келсе, жекшелендіру моделін әлеуметтік басқару (экономикалық билік тұрғысынан қарастырып, бірнеше жүйелерді көрсетуге болады:
А) Негізгі блок. Қоғамдық реформалардың саси, әлеуметтік, экономикалық жүйелерінің өзара байланысынан туындайтын екі құбылыс - мемлекеттік шауашылық тұлғасы қызметін шектеу (экономиканы беймемлекетттендіру) саясаты. Бұл әлеуметтік жүйелерді трансформациялау заңдылықтарының негізі. Трансформациялау заңдылықтарының тарихи-генетикалық негіздерін үйлестіру арқылы стратегиялық, тактикалық, политэкономикалық заңдылықтардың өтпелі кезеңге тән сипаттамасын айқындау қажеттілігінен туындайды. Саяси және әлеуметтік салалардағы реформалаудың экономикалық - реформалаумен үндестігін қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті түбірінен жаңарту процесінің әлеуметтік бағарының жалдамалы еңбек адамдарының мүдделерімен ұштастырылуы - жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу концепциясының пәрменділігін анықтайды.
Бұл қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыру нәтижесінде әлеуметтік топтардың әл-ауқатын арттырумен ғана жүзеге асуы мүмкін. Негізгі мақсат жекешелендіру емес, керісінше, сол арқылы мемлекеттік шаруашылық жүйесінің дағдарысынан шығу мәселесі.
Сонда, жекешелендіру дегеніміз белгілі мақсатқа жетудің құралы, әдіс-құралы болып шығады.
Б) Мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесінде онің мақсаты мен міндеттерінің нысандары және тұлғаларының, асырау құралдары мен түрлері, әдіс-тәсіл элементтері араларындағы диалектикалық байланысты айқындау жүйесі сарапталуы қажеттігі - өмір талабы. Материалдық өндіріс салаларын жекешелендіру процесі кәсіпорынның халық шаруашылығында алатын орны мен қызметі, өндіріс көлемі және т.б. жағдайларына байланысты айқындалады. Әр кезеңге, нысанаға сәйкес жекешелендіру тәртібі, тәсілі белгіленеді. Нарықтық кеңістік қалыптаспаған ортада монополиялық кәсіпорындарды жекешелендіру қоғамдық өндіріске бүліншілік алып келеді. Сол себепті, жекешелендіру нысандарын жіктеуде кешенді көсеткіштерге сүйеніп, әлеуметтік-экономикалық қызметін ескеру қажеттігі Қазақстанда жүзеге аспады. Жекешелендіру кезеңіне «берілген жоспар негізінде бағдарлама сәйкес, ақтық нәтижені ескермей-ақ әйтеуір жекешелендіру қажеттігі, мемлекеттік ұйымдар жұмысының берекетсіздігін анықтайды. Мемлекттік мүлік комтетінен жекешелендіру комитетін бөлудің өзі кешіккен акт болғанымен, бір арнаға түсуіне жағдай жасады. Мемлекеттік антимонополиялық комитет жұмысының жекешелендіру құбылысында шекткеулі, бұл жұмыстағы оның іс-қызметіне елеулі әсерін тигізді.
Аймақтық үкімет орындарының, кәсіпорын кадрларының жекешелендіру құбылысына қатысуы, негізінен, мемлекеттік мүлік комитетінің, Министрлер Кабинетінің заң актілерімен шектелуі Қазақстан үшін елеулі жағдай болды. Қалыс қалған бақылаушы қызмет меншік жүйесінде өз үлесін заңсыз әдістермен алуға итермелейді. Жекешелендіру құбылысы экономикалық реформаларды жүзеге асыруға қажетті қаржы-қаражат көздерін қалыптастыру және инвестициялық ресурстарды бағыттау қызметін атқаруы белгіленді.
Ал, бұл үшін жоғары дамыған банк, финанс жүйесі және қағаздар рыногының қажетігі туады. КСРО-ның ыдырауы, тәуелсіз мемлекеттердегі банк буындарының қаржы тапшылығы, сыртқы сауда монополиясының және валюта монополиясының әлсіздігі, экспорт-импорттық саясаттың дәрменсіздігі, т.с.с. жекешелендіру құбылысына экономикалық негіз болатын валюта және қағаздар рыноктеріне әсерін тигізеді.
Осыған сәйкес, жекешелендіру процесі өзінің әлеуметтік бағдарларынан біршама ауытқиды. Тарихи салыстырмалы талдау қажеттілігі, мәселен еркін демократия елдері (ЕДЕ) ерекшеліктерінің мәнін ашып көрсетуді талап етеді. Дамыған рынок жағайында, әр түрлі меншік, жеке шаруашылық негіздері жеке меншік құқығымен анықталып, рынок-нарық тұлғаларының толық қалыптасқан түрлерін көреміз. Сонымен өзінде, ЕДЕ жекшелендіру бағдарламалары экономикалық ұзақ мерзімдік болашағын ескере отырып, бәсекеге еркіндік беру арқылы шаруашылық тиімділігін арттыру, әлеуметтік топтар арасындағы қайшылықтарды үйлестіру қызметтерін толық есептеуге, болжауға ұмтылады, шет елдер үшін жаппай жекешелендіру түрі классикалық түрде болған емес.