Мұна газ саласын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 09:00, курсовая работа

Описание

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторлары толықтай ескеріп, оларды мемелекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта ресрублика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемелект тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемелекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизімдері анықталады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1 Аймақтық басқару – жалпы басқару саласы ретінде...................................... 5
1.1 Аймақтық басқару мәні мен маңызы, міндеттері..........................................5
1.2 Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері....................6

2 Нарық жағдайында аймақтық даму бағдарламасының қажеттілігі (Маңғыстау облысы мысалында)..........................................................................9
2.1 Маңғыстау облысының даму бағдарламасы..................................................9
2.2 Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоспары....................................................................................................... ..........11
2.3Маңғыстау облысы аймақтық саясатының ерекшеліктері.......................... 16

3 ҚР аймақтық саясатының тиімділігін арттыру жолдары...............................19
3.1Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру............................................................................................................19
3.2 Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру және басқа да аймақтармен теңестіру саясаты...........................................................................21

Қорытынды............................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................26

Работа состоит из  1 файл

самалек.docx

— 62.76 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе...................................................................................................................3

1 Аймақтық басқару –  жалпы басқару саласы ретінде...................................... 5

1.1 Аймақтық басқару мәні  мен маңызы, міндеттері..........................................5

1.2  Қазақстандағы аймақтық  жоспарлаудың теориялық негіздері....................6

 

2 Нарық жағдайында аймақтық  даму бағдарламасының қажеттілігі  (Маңғыстау облысы мысалында)..........................................................................9

2.1 Маңғыстау облысының  даму бағдарламасы..................................................9

2.2 Маңғыстау облысының  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің  жоспары....................................................................................................... ..........11

2.3Маңғыстау облысы аймақтық  саясатының ерекшеліктері.......................... 16

 

3 ҚР аймақтық саясатының  тиімділігін арттыру жолдары...............................19

3.1Аймақтардың кешенді  дамуын жеке аймақтық мақсаттармен  ұштастыру............................................................................................................19

3.2 Дағдарыстық аймақтарды  құрылымдық қайта құру және  басқа да аймақтармен теңестіру  саясаты...........................................................................21

 

Қорытынды............................................................................................................24

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы  табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторлары толықтай ескеріп, оларды мемелекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылми  тұрғыдан негізделген және жүзеге асу  мүмкіндігі жоғары болады.

  Қазіргі уақытта ресрублика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемелект тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемелекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизімдері анықталады.

  Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы. 
Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және тағы да басқа АҚШ , Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.  
Мемелекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызыметіне тікелей араласпағанымен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б,) арласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тимді қызымет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемелекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемелекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемелекеттік реттеу олардың дамуының қажетті шарты.

  Экономиканы мемелекеттік реттеудің ерекше бағытты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тимді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналды.

  Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Аймақтық экономика — экономика ғылымының өндіріс салалары мен кәсіпорындарды ел аумағының жекелеген өңірлеріне ұтымды орналастыруды, өнімді өткізу аймақтарын қалыптастыруды көздейтін бөлімі. Ол материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды, экономиканы басқаруды одан әрі жетілдіруді, шаруашылықты дамытуды, салааралық мамандандырылған шаруашылық түрлерін өрістетуге жағдай жасауды, аймақтағы өндірістік салаларды жетілдіруді зерттейді.

Аймақтық экономика өндіргіш күштерді дамыту мен орналастырудың кең ауқымды мәселелерін қарастырады, ірі өндірістік комплекстерді құруға жол ашады. Ол үшін аймақтың энергетикалық, минералды-шикізат, материалдық-техникалық базасы зерттеледі, өндіргіш күштердің  дамуына табиғи ортаның, экологияның  бұзылмауы негізге алынады. Қазақстан аймақтарындағы мол табиғи ресурстарды ұтымды игеру, өнеркәсіптік шикізат пен отын базасын дұрыс орналастыру еліміздің экономикалық қуатын арттырады. Халық шаруашылығының шикізат және отын ресурстарын пайдаланудың арта түсуі шикізат базасының үлкен торабын жасауды талап етеді. Минералдық шикізат ресурстары экономикалық құрылымдық тұрғыдан қайта құруға қажетті қаржыны жинауға мүмкіндік береді. Аймақтық стратегиялық маңызы бар табиғат ресурстарын пайдалануда оған жеңілдіктер беріледі. Аймақтағы халықтың көші-қон проблемалары зерттеледі. Ол үшін аймақаралық және аймақтық бағдарламалар жасалады. Тұтас алғанда, Аймақтық экономика елдің өндіргіш күштерінің дамуына нақты жағдай жасауы және оған сүйенуі керек. Аймақтандырудың жалпы әлемдiк процесi, басқаруды орталықтандырудың төмендеуi және аймақтардың құқықтары мен өкiлеттiгiнiң кеңеюi тенденцияларын ескере отырып аймақтық экономика жөнiнде iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулер жүргiзуі керек;

       Республика  аймақтары мен таяу және алыс  шет елдер бойынша жаңа технологияларды,  техникаларды және басқа жаңалықтарды  енгiзу жөнiндегi ақпараттық жұмысты  күшейтудiң орынды екендiгi туындайды.

Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші бөлімде жалпы  республика бойынша аймақтық саясат маңызы мен теориялық негіздері  қарастырылады. Екінші бөлім нақты  бір Қазақстан аймағы бойынша(Маңғыстау  облысы) аймақтық саясаттың жүргізілу  бағыттарын сипаттайды. Үшінші бөлімде  аймақтық саясаттың тиімділігін  арттыру жолдары қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Аймақтық басқару –  жалпы басқару саласы ретінде

1.1Аймақтық басқару мәні мен маңызы, міндеттері

 

Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың  ғылыми негізделуіне -                  аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын                                     және аймақ дамуды зерттейтін ғылым. Академик Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".

Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.  
Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады. Аймақтық басқарудың методтары       аймақтың өндірісітік және өндірістік емес сфералар                           жиынтығы мен кәсіпорындар мен ұйымдарға шаруашылық                    әрекеттің пайда болуын қамтамасыз етуі тиіс. Соның ішінде:

  • республикалық стратегиялық тұжырымдардың әлеуметтік – экономикалық даму жағдайына біртұтас мақсатты бағыттанушылық; 
    жергілікті өзін - өзі басқару органдарының саяси және әкімшілік қызметтерінің біртұтастығын сақтау;
  • әлеуметтік – экономикалық , құрылыс – инвестициялық және табиғатты қорғау саясатының жылдық жоспарын жан-жақты және біртұтас мамандануын қадағалау;
  • аймақтық басқару мен жоспарлаудың тікелей және керсінше иерархиялық жүйе бөліміне біртұтас бюджеттік және қаржы - несиелік негізіне территориялық әкімшілік білім беру.

Аймақтық басқару органдарының экономикалық компетенциясын кеңейту  барлық сұрақ территорияның әлеуметтк  – экономикалық дамуымен байланысты болса, аймақтық органдар кәсіпорын  коллективімен бірлесе отырып шешімін  табуы қажет, өйткені жергілікті әкімшілік құқығы нақты экономикалық мүмкіндіктермен сәйкестенуі тиіс. 
Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік –экономикалық ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе теңдігінің бұзыуына байланысты, экологиялық қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасап нақты аймақтардың дамуының өзекті проблемалары шешімін табуы қажет.

Мемлекеттегі әрбір аймақ  өзімен- өзі жеке дами алмайды, өйткені  басқа аймақтардың дамуына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктері де ескерілуі керек. Сондықтан да экономиканы  мемлекеттік реттеу жүйесіндегі  аймақтық саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама дайындап, сол бойынша әрбір аймақ  өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Мемлекет аймақтық саясатты қалыптастыру үшін еліміздің территориясы бойынша себептерді көрсету қажет. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

еліміз аймақтарының табиғи - климаттық жағдайының айырмашылығы;

аймақтың өнімділігін  анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану  бағыты, саласы және ауқымы. Бұл тек  ауылшаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру  жағдайын жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;

аймақтың орналасуының «күрделі»  жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсіуі байқалады. Бұл  аймақтың көлік және байланс қызметтерінің  дұрыс дамымауына, оның экономикалық дамуына ықпал етеді;

  • инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;
  • елдің экономикалық даму тенденциясы;
  • тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;
  • институционалдық факторлар: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайды, аймақтың даму тарихы т.б. ;
  • орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфроқұрылым;
  • әлеуметтік мәдени факторлар. Урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.;
  • орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;
  • орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.

 
1.2  Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың  теориялық негіздері

 

Қазақстан аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейлерiнiң айырмашылығы шынайы болып табылады, ол әлемнiң кез  келген елiне тән. Алайда нарыққа көшу кезiнде аймақтық шаруашылықты ұйымдастыру  тепе-теңдiгiнiң терең бұзылуына, сондай-ақ қалыптасқан шаруашылық байланыстарының  үзiлуiне орай бұл айырмашылықтар бұрынғыдан да күшейе түстi. Бастапқы мүмкiндiктердi ескере отырып нарыққа көшу процесiн басқару тетiгiнiң жетiлмегендiгi мен жекелеген аймақтар тобының оған дайындығының дәрежесi бүтiндей алғанда республиканың экономикасын реформалауды айтарлықтай баяулатты. Қалыпсыздық пен нарықтық реформаларды мемлекеттiк және аймақтық басқару құрылымдарында тiгiнен және көлденеңiнен келiспеушiлiк реформалардың бiрыңғай мемлекеттiк саясатын мақсатты бағытта жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейдi. Жоспарлау мен басқарудың аймақтық мәселелері республикадағы  
экономикалық қатынастарды қайта құру бойынша іс-шаралар жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекеттің дамуында аймақтар мен олардың билік органдарының ролін арттыру әлемдік тенденцияға жатады. Аймақтық басқаруға қойылатын негізігі міндеттерге: 
- Республика мен ТМД елдерінде кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінде қорықтық қатынастар мен тауар - ақша, жоспардың арақатынасы; 
- өзін-өзі басқару механизміндегі экономикалық және ұйымдастырушылық - әкімшілік әдістері мен экономикалық арақатынасы; 
- аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған және орталықтан-дырылмаған басқару шешімдерінің арақатынасы.  
Басқарудың экономикалық механизмінің маңызды элементіне ақша айналымын үздіксіз нығайту кезінде жоспарды қаржымен қамтамассыз ету жатады. Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың аймақтық жүйесінің дамуы мен қызмет етуіне кешенді әлеуметтік – экономикалық дамуға қызмет ететін механизм қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға тиіс: 
- аймақтық экономикалық мүмкіндігінің материалдық өндірістік саласының тиімді қызмет етуіне байланысты болуы; 
- аймақтық жүйенің барлық тармақтарының тепе – тең болуы; 
- аймақтық әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді жоспарын қаржылай және материалды – техникалық қамтамасыз ету;  
- әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі мен аймақтың шаруашылық қызметінің тиімділігін есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды қайта құру; 
- әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты болады.

Қазақстан Республикасының  болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек:

  • аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;
  • бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ;
  • басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірістің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі ;
  • аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау , қаржыландыру , несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады .

Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс  циклінде әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді. Сондықтан , экономиканы дамыту саласында  қандай да бір басқарудың шешіміне практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамассыз етуімен  бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету  арқылы еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық- әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе – теңдігін ұстау  маңызды болады. Ол мемлекет пен  демографиялық ұдайы өндіріс  арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы қажет. Дәл  осы кезде өндіріс шығынымен  байланысты шыѓындардың толық көрсетілуі қажет . Бұл республиканың демаграфиялық  жағдайына еңбек ресурстарын  тиімді пайдалануға демеу жасайды  және көп еңбек етуді төмендетіп, ғылыми – техникалық прогресстің  дамуына жол ашады. Сонымен бірге  әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды  қаржылық ресурстарды қамтиды. Олар: қаржы – несие жүйесі және жергілікті бюджет.

Әлеуметтік тұрмыс инфрақұрылымның  дамуына кәсіпорын мен бірлестіктердің  еңбек ресурстарының төлем ролін  күшейтуге тырысады. Эквивалентті байланыстардың барлық экономикалық жүйе түйіндерімен қамтамассыз етуі, нарықтық жүйенің  экономикалық механизмде талап етуі болады. Экономикалық жүйелерді зерттеуді  аймақтық басқару мен жоспарлау  келесідей жағдайларда жүргізіледі:

  • кәсіпорын – аймақтың басты экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Осыдан келіп территориялық басқарудың міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық даму шартына араласпауы аймақтық кәсіпорындардың әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын ынталандырады.
  • облыс, қала, аудандардағы шаруашылық субъектілердің есеп принціпі мен экономикалық есептертің эквивалентті негізін басқару органдары мен жалпы қатынас.
  • жергілікті бюджеттің қалыптасуы кәсіпорын мен ұйымдардың жұмысының тиімділігіне байланысты .

Информация о работе Мұна газ саласын басқару