Мұна газ саласын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 09:00, курсовая работа

Описание

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторлары толықтай ескеріп, оларды мемелекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта ресрублика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемелект тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемелекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизімдері анықталады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1 Аймақтық басқару – жалпы басқару саласы ретінде...................................... 5
1.1 Аймақтық басқару мәні мен маңызы, міндеттері..........................................5
1.2 Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері....................6

2 Нарық жағдайында аймақтық даму бағдарламасының қажеттілігі (Маңғыстау облысы мысалында)..........................................................................9
2.1 Маңғыстау облысының даму бағдарламасы..................................................9
2.2 Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоспары....................................................................................................... ..........11
2.3Маңғыстау облысы аймақтық саясатының ерекшеліктері.......................... 16

3 ҚР аймақтық саясатының тиімділігін арттыру жолдары...............................19
3.1Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру............................................................................................................19
3.2 Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру және басқа да аймақтармен теңестіру саясаты...........................................................................21

Қорытынды............................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................26

Работа состоит из  1 файл

самалек.docx

— 62.76 Кб (Скачать документ)

Республикалық бюджет есебінен өңірдің минералды-шикізаттық кешенін  іздестіру, барлау және қайта барлау бойынша іс-шаралар өткізу қажет. Бұдан басқа, мұнай және газ министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ және «Қаражанбасмұнай» АҚ компанияларының  перспективалық даму жоспарларын, оның ішінде көрсетілген компаниялардың қосымша барлау және жаңа кен орындарын  игеру перспективаларын бекітуі  қажет.     

 «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге 5 жоба іске асырылып, 46 жоба іске асыруға өтінім берілді. Оларды жандандыру үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА  аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен  қамтамасыз ету қажет.

2011 жылы  № 3 кіші аймақты жайластыру бойынша 3 млрд. теңге сомасында жұмыстар жүргізіліп, № 1 кіші аймақ бойынша жұмыстар басталды. Бұл мақсатқа 2012 жылға №1 кіші аймақ бойынша жұмыстарды жалғастыруға 1032 млрд. теңге бөлінді.

Өңірдің экспорттық әлуетін  және инвестициялық тартымдылығын  дамыту мақсатында облыс әкімдігі  «Ақтау теңіз порты» АЭА  аумағын жаңа өнеркәсіптерді құру үшін қосымша кіші аймақтармен кеңейту ұсыныс берді.

Көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында «Жезқазған – Бейнеу»  темір жол желісінің құрылысы басталуда. Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Манашы-Шетпе» учаскесінде (ұзындығы – 200 км, жобаның сомасы – 283 млн. доллар) қайта құрылымдау басталды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автожолының құрылысы, «Ақтау – Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автожолдарын күрделі жөндеу жүргізілуде.

«Кендірлі» курортты демалыс  аймағын дамыту жобасын іске асыру  бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Кендірлі» курортты аймағы мен халықаралық  әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме  әзірленді. 420,5 млн. теңге көлемінде республикалық бюджет қаражаты есебінен объектілердің ЖСҚ-ын әзірлеу аяқталуда.

2. Өңірдің ауыл шаруашылығында ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде 3826,5 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы өнімнің нақты көлем индексі 102,8% құрады.

Мал басының барлық түрінің, оның ішінде 2011 жылдың осындай кезеңімен  салыстырғанда түйенің – 6,2%, жылқының – 5,3%, ірі қара малдың – 5% өсуі байқалады. Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі 2012 жылдың 1 тоқсанында адам басына 4 мың АҚШ долларын құрады немесе 2011 жылдың 1 тоқсанына 14,3%-ға ұлғайды.

3. Шағын және орта кәсіпкерлік. Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 24,1 мың бірлік құрайды немесе 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға өсті. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 8,5%-ға дейін өсті және 85 мың адамды құрады, халықтың экономикалық белсенді тобының құрылымындағы олардың үлесі 1.07.2011 жылғы 33,2%-дан 1.07.2012 жылы 33,8%-ға дейін артты.

Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берген кредиттер көлемі  2012 жылғы 1 шілдеге 16,6 млрд. теңгені құрады.

Барлық шағын несие  ұйымдары жыл басынан бері 338,58 млн. теңге сомасына 169 шағын несие  беріп, 299 жұмыс орны құрылды. 

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша бірінші және үшінші бағыт бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі (жұмыс тобы) қаражаттандыру бойынша ағымдағы жылы кәсіпкерлердің 17,6 млрд. теңге жалпы сомасындағы 19 жобасын, оның ішінде «Бизнес бастамаларға қолдау көрсету, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» атты бірінші бағыт бойынша 9,3 млрд. теңге жалпы сомасында 13 жобаны, «Несиені кепілдендіру» бағыты бойынша – 5,5 млн. теңге жалпы сомасында 1 жобаны, «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша – 126,2 млн. теңге жалпы сомасында 3 жобаны, «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау»» атты үшінші бағыт бойынша 8,3 млрд. теңге жалпы сомасында 2 жобаны мақұлдады.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорацияларға берілетін активтерді орналастыру арқылы «Каспий» ӘКК» АҚ кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуде. Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды  одан әрі іске асыру үшін әкімшілік  кедергілерді шешу бойынша қолдау көрсетуде. Қазіргі кезде «Каспий» ӘКК» АҚ-ның  жәрдемдесуі бойынша облыста  мына жобалар іске асырылуда:

- «Планшетті компьютерлер, теледидарлар мен мониторлар  өндіру бойынша зауыттың құрылысы»,  «Caspiy Electronics» ЖШС», жобаның қуаттылығы  – 21000 бірлік/ай, жоба құны –  800,0 млн.теңге, серіктестіктің жарғылық  капиталына үлес қосу – 200 млн.теңге  (25%);

- «Жел электр станциясының (ЖЭС) құрылысы және пайдалануға  беру» «Каспий Жел» ЖШС, жобалық  қуаттылық – 19,5 МВт, жобаның  құны – 5423,2 млн.теңге, Түпқараған  ауданының аумағынан  20 га жер учаскесі берілді (10%);

- «Каспий Маржаны» демалыс  базасын салу», «Каспий Маржаны»  ЖШС», жобалық қуаттылық – қазіргі  замандағы демалыс базасын қайта  құрылымдау және ұйымдастыру,  жоба құны – 100 млн.теңге, Қарақия  ауданының аумағындағы Кендірлі  жерінен ауданы 4 гектар мүліктік  кешен берілді (20%). 

Облыстың сыртқы сауда айналымы 2012 жылдың қаңтар-маусымында 4195,1 млн. АҚШ долларын немесе өткен жылдың осындай кезеңіне 90,9% құрады. Бұл ретте экспорт – 3912,7 млн. АҚШ долларын (92,7%), импорт – 282,3 млн. АҚШ долларын (70,9%) құрады.

Орташа айлық еңбекақы және халықтың орташа жиынтық табысы. 2012 жылдың мамырында облыста ең төменгі күн көріс мөлшері 21502 теңгені құрады. 2012 жылдың қаңтар – маусымында экономикалық қызметтің барлық түріндегі жұмысшылардың орташа айлық кесімді жалақысы 7,5 ең төменгі күнкөріс минимумын қамтамасыз ете отырып, 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 14% құрап, 162592 теңгеге дейін ұлғайды. Халықтың орташа жиынтық табысы 87567 теңгені құрады. 2011 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда жиынтық табыс 29,7%-ға, нақты – 24%-ға ұлғайды.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі  облыста 1.08.2012 жылғы жағдай бойынша 1% құрады (01.08.11 жылға – 0,5%). «Жұмыспен  қамту-2020» бағдарламасын іске асыруға  байланысты жұмыспен қамту органдарына  өтініш жасаған жұмыссыздар саны артты. Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық  деңгейі а.ж. екінші тоқсанында 5,6%-ды құрады (2011 жылдың 2 тоқсанында-5,8%).

Халықтың әлеуметтік-әлсіз  жігін әлеуметтік қолдау мақсатында               6184 аз қамтылған тұрғындарға 101,4 млн. теңге жалпы сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 4051 балаға 27,2 млн. теңге сомасында  балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 8834 азаматқа 75,9  млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

Салықтар мен бюджет. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 117,2 млрд. теңге (болжамға –  97,4%), оның ішінде республикалық бюджетке – 80,9 млрд. теңге (97,1%), жергілікті бюджетке – 36,3 млрд. теңге (98%) сомасында (Ұлттық қорды есепке алмағанда) салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Облыс бойынша бюджет төлемдері  бойынша берешек 2012 жылғы 1 тамызға 14,7 млрд. теңгені құрады  немесе  2012 жылдың  басымен салыстырғанда 25,8%-ға («Толқынмұнайгаз» ЖШС мен «Казполмұнай» ЖШС бойынша проблемалық берешектерді (9,8 млрд. теңге) және үмітсіз берешектерді (4,7 млрд. теңге) есепке алмағанда) азайды.

 

 

2.3Маңғыстау облысы аймақтық  саясатының ерекшеліктері

 

Дағдарыс-экономикамызды әртараптандыру шараларын жеделдету қажеттігін тағы да көрсетті. «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  атап көрсеткендей, экономиканы жаңарту  мен индустрияны көтеру – дағдарыстан  кейінгі тұрақты дамуымыздың  және Қазақстан халқының әл-ауқатын  қамтамасыз етудің жалғыз жолы.

Осы орайда, шикізаттық емес салаларда ірі инвестициялық  жобаларға жол ашып, олардың көбейуіне  жағдай жасау – біздің негізгі  шаруамыз болмақ. 

Жалпы алғанда 2009 жылдың бірінші  жартыжылдығында облыстағы барлық макроэкономикалық көрсеткіштердің  оң динамикасы сақталды. 

Жыл басынан бері облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 600 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Өткен жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда, өндіріс көлемі жыл басында біршама азайғанына қарамастан, ойдағы межеден кем болмады. Жыл соңында өнеркәсіп өнімін өткен жылғыдан кемінде 1% артық өндіруді мақсат етіп қойдық.

Шикізат өндіру саласындағы  маңызды жаңалық – жақын арада  екі ірі - «КонокоФиллипс» және «Мубдала Девелопмент Компани» компаниялары мұнай мен газдың мол қоры табылған, «Қашаған» жобасына тең қуаты  бар «блок Н» деп аталатын кен  орнында жұмысқа кіріседі.

Жобаны жүзеге асырудан өңірдің  әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға келер ықпал зор болмақ. Үкіметтің  қолдауымен аталған жоба аясында  барлау жұмыстарын жүргізетін компаниялар  өңір алдында 50 млн. АҚШ доллары көлемінде  әлеуметтік міндеттеме алды, оның 10 млн. доллары биыл қаржыландырылды.

2009 жылы жалпы кен игеруші компаниялардың Маңғыстау облысының әлеуметтік және инфрақұрылмдық дамына  құятын қаражат көлемі өткен жылғы 44 млн. доллардан 67 млн. долларға ұлғайтылды.

Индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Биыл өнеркәсіптің өңдеу секторында үш ірі өндіріс іске қосылады –  «Keppel Kazakhstan» кеме жасау зауыты, Боранқұл газ өңдеу зауыты, Форт-Шевченко қаласындағы құрылыс индустриясы  базасын дамыту жобасы.

Тағы бес ірі жоба жүзеге асырылуда. Ол  – пластмасс зауыты негізінде басталған битум зауытының құрылысы, жоғарыда аталған Бейнеу селосындағы астық терминалының құрылысы, «Досмарин» металл бөлшектерін құру зауыты және Шетпе селосындағы цемент зауытының құрылысы.

Аталған жобаларды жүзеге асыру облыс экономикасына 2,8 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей  инвестиция алып келеді, 3 мыңнан астам  жаңа жұмыс орындары ашылады.

«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясымен бірлесе отырып әлеуметтік әріптестік жоспары іске асырылуда, осыған сәйкес облыста 7 инвестициялық  жоба қолға алынды.

«Қазақстандық үлесті» арттыруға  бағытталған кең көлемді жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда 2009 жылға  жасалған 127 млрд. теңгенің меморандумдары толықтай нақты келісім-шарттармен қамтамасыз етілді. Бұл біздің кәсіпорындарымыз үшін үлкен көмек болды, бұл бағыттағы  жұмыс жалғасады.

Елбасының тапсырмасымен  Үкімет Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын дайындауда.

Аталған стратегияның бірінші  кезеңінде 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жедел индустриалды-инновациялық дамудың 5 жылдық бағдарламасы жүзеге асырылмақ.

Қазақстанды индустрияландыру жолындағы басымдықтар аясында  облыста өндіріс орындарын орналастырудың аймақтық Картасы дайындалуда. Осы  Карта негізінде әрбір индустриалды-инновациялық жобаны жүзеге асыру шарттарына баға беріліп, қолдағы темір жол, автомобиль жолдары, электр қуаты инфрақұрылымдары арқылы оны жүзеге асыруға қолайлы  жағдай жасау жоспары жасалады.

Өңір экономикасына 125 млрд. теңге тікелей инвестиция тартылды, бұл - өткен жылмен салыстырғанда 2% артық.

Күрделі макроэкономикалық  жағдайға қарамастан, биылғы жылдың сәуір  айында облыстың өткен жылдары екі  мәрте көтерілген шетелдік және ұлттық валютадағы рейтингінің қайта расталуы біз үшін аса маңызды жетістік.

Аймақ экономикасын әртараптандырудың  басты тетіктерінің бірі – аумағы соңғы екі жылда 9 есе, яғни 2000 гектарға дейін ұлғайтылған «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы болып табылады.

Ауқатты инвесторлар арнайы экономикалық айлақ аумағына өз жобаларын  орналастыруға мүдделі-ақ, олардың  тарапынан 45 жоба ұсынылды. Олардың  бір ғана шарты бар – инженерлік және көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету.

Ұзақ (соңғы екі жылдай уақыт талап еткен) келіссөз нәтижесінде, бүгінгі таңда бұл мәселе толық  шешілді. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К.Мәсімовтың тапсырмасымен  біз Үкімет резервінен алғашқы инфрақұрылым нысандарының құрылысын бастауға 350 млн. теңге қаражат алдық.

Бұл – жақын арада инвестиция көлемі 478 млн. АҚШ долларын құрайтын, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 72 млрд. және 1650 жаңа жұмыс орнын ашатын 5 жобаны жүзеге асыра бастауға жол  ашты. Қуанатынымыз – сөз бен  істің арасында алшақтық жібермеуге мүмкіндік туды.

Инженерлік инфрақұрылымдардың тартылуы арнайы экономикалық айлақта  «Каспий» әлеуметті-кәсіпкерлік корпорациясымен  бірлесе қолға алған Шағын  және орта кәсіпкерліктің өнеркәсіп  паркін құруға да мүмкіндік береді. Мұнда шамамен шағын және орта кәсіпкерліктің 100 мобильді өндірісі ашылып, көліктік-логистикалық орталықтың құрылысы басталады.

Каспий энергетикалық  хабін құру жобасы жүзеге асырыла бастады. Бүгінде республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, осы кешенге қажетті сыртқы инфрақұрылым – газ құбыры, автомобиль жолдары, электр тарату желілері, су тұщыту қондырғысы, тазалық құрылғылары құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда, біріккен кәсіпорын өз жұмысын бастады.




 

Маңғыстау облысының селолық  аудандары тұрғындарының экологиялық  қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғындардың науқастануын азайтуға, аудандар мен  облыс бойынша толықтай экологиялық  жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар  кешенін жасақтауды және іске асыруды  жобалайды.

Облыстағы бірінші дәрежелі проблема «Ауыз су» бағдарламасы шегіндегі іс – шараларды іске асырумен байланысты сумен қамту  мен ауыз су сапасын шешу болып  табылады. Атап айтқанда, су құбырларының жаңа құрылысын салу мен ескісін  қайта жаңарту әзірленітінде  су тұщыту және су тазалау имараттары құрылыстарын салу жобалануда, яғни тұтынатын  ауыз суының сапасының едәуір жақсаруына мүмкіндік жасайды.                                  2004 - 2006 жылдардағы кезеңде су тұшыту жүйесі қондырғыларымен Түпқараған  ауданының Тельман елді мекені, Таушық селосы, Қарақия ауданының Сенек  селосы, Аққұдық елді мекені қамтылатын болады. Еділ суы құрамындағы көп  қоспаны ескеріп, Маңғыстау ауданының  Өтес селосында, Қарақия ауданының  Құланды селосында, Бейнеу ауданының  Сарға, Боранкөл, Ақжігіт, Есет, Төлеп  селоларында су тазалау жүйелері құрылыстары жоспарлануда.

Сонымен қатар Бейнеу ауданының  Бейнеу селосы мен Маңғыстау ауданының  Өтес селосында ағынды суларды тазалау  имараттары кешенінің  жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылысын  салу жоспарлануда.

 

 

3 ҚР аймақтық саясатының  тиімділігін арттыру жолдары

3.1Аймақтардың кешенді  дамуын жеке аймақтық мақсаттармен  ұштастыру

 

Аймақтық бағдарламаларда  сол аймаққа/ облысқа тән индустриалды дамудың негізгі бағыттары анықталған. Мысалы, Маңғыстау облысында келесі бағыттар приоритетті болып саналады:

  • мұнай газ кешені;
  • Қайта өңдейтін өндіріс (тағамдық, тоқыма, тері, аяқ – киім өндірісі, машинажасау);
  • Ауыл шаруашылығы;
  • Құрылыс.

Таңдалған бағыттар негізінде  инвестициялық жобалар жетілдіріледі  және олардың орындалу приоритеттері  орналастырылады. 
Аймақтық Бағдарламаларда қарастырылған инвестицияық жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстанның Даму Банкі, инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор қаражаттарын қолдану үшін болжанады. Одан басқа, отандық және шетелдік инвесторлардың қаржыларын неғұрлым приоритетті және тиімді жобаларды, жаңа технологиялық және ғылыми кәсіпорындарды құрастыру және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған, қолдану үшін ұйғарылады.

Аймақтық Бағдарламаларында  шағын дамуының моделдері жетілдірілген, олардың мәні шағын кәсіпкерлікті  мемлекет тұрғысынан қолдауды жүйелендіру  және берілген үрдіске кәсіпкерлер  мен олардың қоғамдық ұйымдарын  мүдделендіруге негізделген Бағдарламаларда  қойылған міндеттерге және келесі үш жылға жоспарланған қызметтердің негізгі  приоритеттеріне бағытталған кешенді  шара қолдану қамтылған.

Елдiң экономикасын реформалау мен дамытудың жаңа кезеңiнде  қолайлы аймақтық факторларды жан-жақты  пайдалану мен жағымсыздарының iс-әрекетiн  шектеу, реформа барысында облыстар мен аудандардың әлеуметтiк-экономикалық жай-күйiнiң ерекшелiктерiн ескерудiң  маңызды мәнi бар.

        Аймақтық экономиканы реформалау процестерi мен оның шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жүйесiне бейiмделуi бiрыңғай өрiстемеуде. Аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi бойынша саралануы тереңдей түсуде. Халықтың тұрмысының деңгейi мен сапасы бойынша аймақтардың арасындағы айырмашылық өсiп келедi. Кiрiстiң бiр жанға шаққанда ең жоғарғы және ең төменгi деңгейiнiң арасындағы алшақтықтың құлашы қала тұрғындары бойынша 1:3,3, село бойынша - 1:4 құрайды. Облыстық қиықта бұл көрсеткiштiң ауытқуы 1:3,6 құрайды. Республика бойынша қала халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай кiрiсi село тұрғындарына қарағанда 2,3 құрайды. Жұмыссыздық деңгейi мен экономикалық белсендi халықты еңбекке орналастырудың объективтi мүмкiндiктерi бойынша аймақтық айырмашылықтар айтарлықтай елеулi.

Соңғы жылдары пайда болған проблемалар оған дейiнгi аймақтарда бұрын шешiлмей келген әртүрлi теңелiмсiздiктердiң  үстiне келiп қосылды. Аймақтық проблемалардың өсiп келе жатқан жиынтықтарына, тұрғын халықтың тұрмыс деңгейi бойынша аймақтардың  саралымдануының күшеюiне көбiнекей  жүргiзiлiп отырған аймақтық саясаттың  кемшiлiктерi, орталық және жергiлiктi басқару органдарының әлеуметтiк-экономикалық дамуды реттеу жөнiндегi функцияларының нақты ара жiгiнiң болмауы себепшi болуда.

Аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуына мемлекеттiң реттеушiлiк  ықпалы халықтың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тыныс-тiршiлiгiн құқықтық регламенттеу жүйесi және жалпы макроэкономикалық (бюджеттiк, салықтық, ақша-несиелiк), әлеуметтiк, экологиялық, құрылымдық-инвестициялық, сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру институттық қайта құрулар  жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Оларды әзiрлеу және практикалық жүзеге асыру  кезiнде белгiленген (жүзеге асырылатын) шаралардың шоғырландырушы аумақтық әсерi және олардың мүдделерiне сәйкес аумақтық әлеуметтiк-экономикалық кешендi дамуы  ескерiлуi керек.

Информация о работе Мұна газ саласын басқару