Персоналды басқару және контроллинг негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 15:21, реферат

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты осы аталған мәселерді қарастыру және контроллингті қазіргі заманға сәйкес персоналды басқарудағы маңызды буыны ретінде қарастыру. Курстық жұмыста бірнеше атақты ғалымдардың контроллинг туралы көзқарастары келтірілген. Персонал контроллингін енгізу жолдары қарастырылған. Кәсіпорында менеджменттің тиімділік факторы есебінде персоналды басқару проблемасына кейінгі уақытта аса көңіл бөлініп отырғанына персонал менеджментінің маңыздылығын ғалымдар мен кәсіпорын басшыларының мойындауы себеп болып отыр.

Работа состоит из  1 файл

Курстық жұмыс Контроллинг.docx

— 100.60 Кб (Скачать документ)

      Персоналды  басқару жүйесі келесі негізгі элементтерді қамтиды:

  1. басқару аппаратының мамандар тобын;
  2. басқару жүйесінің техникалық құралдар кешенін;
  3. персоналды басқару үшін қажетті ақпараттар негізін;
  4. еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқарудың тәсілдері мен

әдістемелерінің жиынтығын;

  1. құқықтық негізін;
  2. персоналды басқару мәселелерін шешудегі ақпараттық процестерді

басқарудың  бағдарламалар жиынтығын.

      Жалпы алғанда, персоналды басқару – ұйымда қажетті өндірістік тәртіпті сақтайтын, өндірістік функцияларды қызыға орындайтын жұмыскерлердің қажетті санымен  қамтамасыз ету болып табылады.

      Персоналды  басқару жүйесін құру қағидалары. Басқару қағидалары – басқару функцияларын орындаудағы жетекшілер негізге алатын идеялар, заңдылықтар және мінез – құлқының тәртібі. Басқару менеджментінде негізгі қағидалар болып табылатындар:

    • басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың

ұтымды  үйлесімі;

    • басқарушылық шешімдерді қабылдауда өкілеттікті ұтымды

пайдалану;

    • басқарудағы жеке басшылық пен алқалылықты дұрыс пайдалану;
    • басқарудың ғылыми негізділігі;
    • жоспарлаушылық, яғни ұйымның келешектегі дамуының негізгі

бағыттарын, мәселелерін, жоспарларын белгілеу;

    • құқықтардың, міндетттемелердің және жауапкершіліктердің

үйлесуі, яғни ұйымдағы әрбір адам нақты жұмыстармен  қамтылады да, оның орындалуына жауап  береді;

    • мотивация, яғни менеджерлер марапаттау және жазалау жүйесін

неғұрлым  ұқыпты жүргізген сайын мотивация  бағдарламасын тиімді орындап, ұйымның  және жеке бастың мақсаттарына жету үшін әр адамның әрекетін (қабілетін) ояту;

    • басқаруды демократизациялау – барлық қызметкерлердің

ұжымды  басқаруға қатысуы;

    • персоналды басқару жүйесін қалыптастыруда қойылатын

талаптарды  сипаттайтын қағидалар;

    • персоналды басқару жүйесін дамытудың бағытын анықтайтын

қағидалар.

      Персоналды  басқарудың шартты қағидаларына персоналды басқару функцияларының қалыптасуы мен өндірістің мақсаты және өзгеру жағдайлары жатады [3]. 

1.2. Контроллинг:  негізгі ұғымы, мақсаттары және  міндеттері 

    Ресейлік  экономист–ғалымдар Л.В.Попова, Р.Е.Исакова «контроллинг – экономикалық талдау, жопарлау, басқарушылық есеп және менеджменттің ұштасуы кезінде пайда болған қазіргі заманғы басқарудың теориясы мен тәжрибесіндегі жаңа құбылыс»,– деп көрсетеді.

    Контроллинг сөзі ағылшын сөзінен (to control) пайда болған, ең алдымен «реестр, текерілетін тізім» дегенді сипаттайтын француз сөзінен шыққан «бақылау, басқару» деген мағынаны білдіреді. Бірақ ағылшын тілдес елдерде «контроллинг» термині пайдаланылмайды. Англия және АҚШ–та «басқарушылық есеп» термині терңге еніп кеткен, бірақ қызметтік міндеттеріне бсқарушылық есепті жүргізу жұмыcтары кіретін жұмыcкерлер бақылаушылар (контроллер) деп аталады. Негізінен «контроллинг» термині Германияда қабылданып, содан барып Ресейге және Қазақстанға жеткен деуге болады.

    Контроллинг тұжырымдамасы соңғы 25 жыл бойы үнемі жетілдіру үстінде. Теория жүзінде де, тәжрибе жүзінде де контроллинг түсінігі туралы әр түрлі пікірлер мен көзқараcтар қалыптасқан.

    Контроллинг – бұл басқару жүйесі. «Контроллингті»  алғаш естігенде, әдетте оны бақылау  түсінігімен байланыстырады. Бірақ  бұл бір–бірінен ерекшеленетін  және бір–біріне қарама–қарсы ұғымдар. Бақылау өткен кезеңдегі қателіктер, ауытқулар, кемшіліктер мен мәселелерге  негізделіп, кінәлілерді анықтауға  бағытталған. Контроллинг – кәсіпорын  және оның құрылымдық бірліктерін ұзақ марзімді қызмет етуін қамтамасыз ету  үшін болашақты басқару болып  табылады. Контроллинг қызметі қазір  және келешекте де қателіктерді жою  үшін жоспарланады және реттеу үдерісін басқаруға негізделген.

    Қазіргі кезде контроллинг фирманың cоңғы мақсаты мен нәтижелерге жету үдерісін басқару жүйесі ретінде анықталады.

    Бірқатар  дамыған елдерде контроллинг  тұжырымдамасы ұқсас келеді. Дегенмен, ерекшеліктері негізінен прогматизм және контроллингті қолданушылардың  менталитетіне cәйкес жүйені жетілдіру дәрежесіне байланысты екенін ескерген жөн. Неміc контроллинг мектебі контроллингті фирманың нақты жағдайда едәуір көп пайда табуына мүмкіндік беретін реттеу жүйесі, пайданы басқару жүйесі болып табылады деген пікірді жақтаған. Академиялық әдісті М.Лукашевич және Е.Н.Тихоненкова одан әрі дамыта түскен. Олардың пікірінше, «контроллинг – пайда табуға байланыcты мүмкіндіктер мен тәуекелді анықтауға бағытталған кәсіпорынды экономикалық басқарудың біртұтас жүйесі».

    Контроллингті «аудит» сөзінің синонимі ретінде  де, кәсіпорында басқарудың арнайы автоматтандырылған жүйесі ретіде де қарастырады. Көп жағдайда контроллингті  басқару жүйесімен байланыстырады.

    Контроллинг экономикалық тұрғыда басқару және бақылауды білдіреді, дегенмен мақсат қою мен оны жүзеге асыру бағытындағы  іс-шараларды жоспар құру әрекетінсіз  тиімді басқару мүмкін емес. Сондықтан  контроллинг жоспарлау, реттеу және бақылау бағытындағы іс-шаралар  жиынтығынан тұрады. Контроллинг жүйесінің барлық элементтері жоспарлаудан бастап, оның орындалуына мониторинг жасауға дейін ең алдымен жоспардың орындалу нәтижелерін талдау, оны жүзеге асыру үдерісінде оң және теріс ауытқуларды бағалау негізінде жоспардың орындалуы үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.

    Контроллингтің  мақсаты ұйымның жалпы мақсатынан туындайды және ең алдымен ұйымның  қалыпты жағдайын сақтау және оның табысты дамуына бүкіл басқарушылық үдерісті бағдарлауға негізделген.

    Контроллинг – кәсіпорын экономикасын талдау мен болашақта күтілетін әрекеттерге  қатысты басқарушылық қызметті үйлестіру  бағытындағы кәсіби қызметтің заманауи жаңа тұжырымдамасы.

    Контроллингтің  міндеттеріне табыстылықты, өтімділікті  қамтамасыз ету, тәуекелді төмендетуді  жоспарлау және бақылау жатады. Мұнда  контроллингтің негізгі мақсаты  ретінде қызметті басқару, төтеп  беру және күшейту бағытындағы іс-шараларды  дер кезінде жүргізуге мүмкіндік  беретін ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету.

    Контроллинг – кәсіпорын қызметінің табыстылығын арттыру жолымен ұзақ мерзімді кезеңде оның өмір сүруін қамтамасыз етуге, серпінді дамуы үшін ұтымды инвестициялық шешімдерді қабылдауға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте тәуекелді төмендетуге мүмкіндік беретін кәсіпорынды басқарудың заманауи жүйесі. Отандық және шетелдік экономист-ғалымдарының контроллинг аясындағы пікірлері мен ғылыми ұстанымдары көбінесе басқару қызметіне, үйлестіруге және ақпаратқа негізделген. Сол себепті контроллинг жеке ғылыми зерттеуді қажет етеді [4].

      Контроллингтің қызметтері мен міндеттері

          Бақылау қызметі бүіл ұйым бойынша немесе оның құрылымдық бірліктерінің экономикалық жұмыстарын бақылауға арналған. Ревизиядан контроллингтің ерекшелігі – ұйым қызметінің ағымдағы және келешектегі нәтижелеріне бағытталған, сонымен қатар шаруашылық операцияны жүзеге асыру жағдайында құжаттық тексеруге байланысты емес.

          Контроллингтің қызметтері: жүйелі басқарушылық ақпараттарды жинау, өңдеу, тексеру және ұсыну болып табылады. Контроллинг, сонымен қатар жоспарлау үдерісін қолдау және үйлестіру, ақпаратпен қамтамасыз ету, бақылау және бейімдеу қызметін атқарады.

    Контроллинг мақсаты – іс–әрекет бағыты ретінде ұйымның мақсатынан

тікелей туындайды, мысалы, белгілі пайда  деңгейіне, рентабельділік және өтімділік  деңгейіне, еңбек өнімділігіне жету.

    Контроллингтің  негізгі қызметтері және олардың  өз алдына

міндеттері:

  1. Есепке алу.
  • ақпараттарды жинау және өңдеу;
  • ішкі есеп жүйесін құру және енгізу;
  • ұйымның және оның құрылымдық бірліктерінің қызметін бағалау

әдістері  мен шешімдерін үйлестіру.

  1. Жоспарлау.
    • өнім өндірісі мен оларды өткізу, инвестиция және сатып алу

жоспарларын құру барысында ақпараттық қолдау көрсету;

    • жоспарлау жүйесінің барлық «архитектурасын» қалыптастыру және

жетілдіру;

    • ақпарат алмасу үдерісін үйлестіру;
    • уақыт және мазмұны бойынша жеке жоспарларды үйлестіру және

байланыстыру;

    • ұсынылған жоспарлардың толықтығы мен іске асырылуын тексеру;
    • кәсіпорынның жиынтық жоспарын құру.
  1. Бақылау және реттеу.
  • уақыты және мазмұны бойына бақыланатын шамаларды анықтау;
  • мақсатқа жету дәрежесін өлшеу және бақылау үшін жоспарлы және

нақты шамаларды салыстыру;

  • шамалардың ауытқу шегін белгілеу;
  • нақты мәндердің жоспарлы көрсеткіштерден ауытқуын талдау және

ауытқуларды төмеендету үшін ұсыныстар беру.

  1. Ақпараттық – сараптамалық қамтамасыз ету.
  • ақпараттық жүйенің архитектурасын құру;
  • ақпараттық тасымалдаушылар мен арналарды стандарттау;
  • ұйымда бақылау және басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін

сандық  мәліметтерді ұсыну;

  • шешім қабылдауға қажетті аса маңызды мәліметтерді жинақтау

және  жүйелеу;

  • жоспарлау, бақылау және шешім қабылдау үшін инструментарий

құру;

  • түзету іс-шаралары мен шешімдерін таңдау бойынша кеңес беру;
  • ақпараттық жүйелердің қызмет етуінің үнемделуін қамтамасыз ету;
  1. Арнайы қызметтер.
    • сыртқы орта (ақша және қаражат нарығы, сала құрылымы,

әкімшілік-экономикалық бағдарламар) жайлы мәліметтер жинау  және талдау;

    • бәсекелестермен салыстыру;
    • басқа фирмалармен бірігу, фирма ашу (оны жабу) туралы

негіздеулер беру; 

    • ерекше тапсырыстар үшін калькуляция жасау:
    • инвестициялық жобалардың тиімділігін есептеу;

    Контроллинг – кәсіпорын экономикасын талдаумен және болашақта

күтілетін әрекеттерге қатысты басқарушылық қызметі үйлестіруге байланысты кәсіби қызметтің қазіргі заманғы  жаңа тұжырымдамасы. Контроллингпен кәсіби айналысатын қызметкерді контроллер деп атайды. Ол «контролерге» өзінше антипод болып табылады (бір-біріне кереғар ұғымдар)[5]. 

    Персоналды  басқару жүйесіндегі контроллинг ұйымға жоспарлау,

басқару, контроль және кадрлық шаруашылық жұмыстардың  ақпараттық қамсыздандыру міндеттерін  мақсат етіп қояды. 

1-кесте - Персоналды контроллингтің үш деңгейі

    Тиімділік контроллингі
    Кадрлық менеджменттің фирма нәтижелеріне қосқан үлесі
    Нәтижелік контроллинг
    Кадрлық менеджментте ресурстарды нәтижелі қолдану
    Шығын контроллингі
    Кадрлық менеджмент бюджеті
    [6, 65б]

Информация о работе Персоналды басқару және контроллинг негіздері