Персоналды басқару және контроллинг негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 15:21, реферат

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты осы аталған мәселерді қарастыру және контроллингті қазіргі заманға сәйкес персоналды басқарудағы маңызды буыны ретінде қарастыру. Курстық жұмыста бірнеше атақты ғалымдардың контроллинг туралы көзқарастары келтірілген. Персонал контроллингін енгізу жолдары қарастырылған. Кәсіпорында менеджменттің тиімділік факторы есебінде персоналды басқару проблемасына кейінгі уақытта аса көңіл бөлініп отырғанына персонал менеджментінің маңыздылығын ғалымдар мен кәсіпорын басшыларының мойындауы себеп болып отыр.

Работа состоит из  1 файл

Курстық жұмыс Контроллинг.docx

— 100.60 Кб (Скачать документ)
  • контроллердің кәсіпорын қызметінің жаңа аясын жаулап алуы,

мысалы, маркетинг контроллингі, логистика  контроллингі, ҒЗТҚЖ контроллингінің  пайда болуы;

  • кәсіпорынның  ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруда жоғары

деңгейлі  менеджерлермен бірігіп жұмыс істеуі;

  • контроллинг қызметінің шеңберінде стратегиялық контроллингтің

пайда болуы.

    Кәсіпорын басшысы контроллингті кәсіпорындағы персоналды басқару

тиімділігін арттыру үшін енгізу қажеттілігі  туралы шешім қабылданғаннан кейін, оның құрылымдық бөлімшелерінің ішінде жеке контроллинг бөлімін құру қажет  пе деген сұрақ туындайды.

    Контроллинг қызметін кәсіпорында құру және ұйымдастыру  туралы

шешім қабылдау кезінде ұйымның мөлшерін, өндірісті орналастыру, басқару  стилі, ұйым құрылымының ерекшелігі, өнім бағдарламасын ескерген жөн.

    Шағын кәсіпорындарда контроллинг қызметін   құрудың   қажеті   жоқ.

Бұл ұйымдарда, әдетте не жетекші, не оның орынбасары тек сызықтық жетекші қызметін орындап  қана қоймай, сонымен қатар бір  мезгілде сатып алу, өнімдерді сату, экономикалық жағдайды талдау, жоспарлау, ішкі есепке алу қызметтерімен айналысады, яғни контроллер қызметін орындайды. Сонымен қатар, шағын ұйымдарда контроллинг жүйесін құру сәйкесінше қаржылық–экономикалық есептеулер, ағымдық жоспарлау және есеп беру қызметтерін жүргізумен бірге келісімшарт бойынша сартқы кеңес беру ұйымдарына берілуі мүмкін.

    Орта  бизнес құрылымында контроллинг  қызметіне жоспарлау бөліміне

немесе  қаржы бөліміне жүктелуі мүмкін. Бірақ  бұл ұйымда жеке контроллинг бөлімін  құру және ұйымдастыру қажет емес дегенді білдірмейді.

    Контроллинг бөлімі, қаржы бөлімі және жоспарлау  бөлімі контроллинг 

жүйесінің өзіне тән субъектілері ретінде  қарастырылуы мүмкін. Контроллинг жүйесі шеңберінде шешілетін міндеттер  аталған бөлімдер арасында бөлінуі  немесе тек контроллинг бөліміне толығымен жүктелуі мүмкін.

Контроллинг экономикалық тұрғыда басқару және бақылауды білдіреді, дегенмен мақсат қою мен оны жүзеге асыру бағытындағы  іс-шараларды жоспар құру әрекетінсіз  тиімді басқару мүмкін емес. Сондықтан  контроллинг жоспарлау, реттеу және бақылау бағытындағы іс-шаралар  жиынтығынан тұрады. 
 

 

 

 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1-сурет – Кәсіпорында контроллинг жүйесін енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктері [8, 113б] 

    Кәсіпорын бөлімдеріне жүктелген міндеттердің көлемін төмендету 

үшін  шет елде қосымша басқарушылық міндеттерді  шешуден басқа, кеңес берушілік  фирмалар немесе жеке кеңес берушілерге  тапсыру туралы сұрақтар зор талқылануда.

    Контроллинг       қызметін     кәсіпорынның       персоналды       басқару

құрылымына  енгізу кезінде төмендегідей негізгі нұсқалар болуы мүмкін.

    1-нұсқа. Мұндай  ұйымдық   құрылымда   бағыт бойынша контроллер,

яғни  сату бөлімшелеріндегі контроллер, сәйкес бағыттағы  сызықтық жетекшіге тәртіптік  (дисциплинарлы) бағынышты, ал жоғары сатыдағы контроллерге қызметтік (функционалды) бағынышты болады. 
 
 
 

                                                                               Басқарудың 1 - деңгейі

     
     

     

                                                                                      Басқарудың 2 - деңгейі    

                                                                          

     
     
     

    - тәртіптік (дисциплинарлы) бағыну

    - қызметтік (функционалды) бағыну 

    2-сурет – Басқарудың ұйымдық құрылымының 1-нұсқасы [8, 115б] 

    1-нұсқаның артықшылығы:

  1. Жауапкершілік шеңбері нақты анықталған.
  2. Иерархиялық деңгейдегі басқа жетекшілерге тәуелсіз және тұрақты жағдайды қамтамасыз етеді.

    Кемшілігі – бағыт бойынша жетекші белгілі  бір ақпаратты жасырып 

қалғысы келсе, (немесе жалған), ол мұны жеңіл  жасайды, себебі контроллер оған тәртіп жағынан бағынады.

    2-нұсқа. Бағыт бойынша контроллер басқаша тәуелділікте болады:

жоғары  деңгейдегі контроллерге тәртіп бойынша  (дисциплинарлы), ал бағыт бойынша жетекшіге қызметіне орай бағынады.

    Бұл құрылым басқасына қарағанда, контроллинг  қызметінің жеке–дара 

өз бетінше  әрекет етуін көрсетеді. Бірақ бұл  жағдайда жоғары деңгейдегі контроллер мен бағыт жетекшісі арасында шиеленістер болады. Бұл шиеленісті өте жоғары басқару деңгейі шеше алады (президент, вице-президент).

    2-нұсқаның артықшылығы:

  1. Бағыт бойынша жетекшілердің контоллерге қысымы төмендейді.
  2. Бағыт бойынша контроллер арасында ақпарат алмасу тез жедел жүреді.
  3. Жоспарды құру бағытында бөлімшелерді үйлестіруді жақсартады және нақты нәтижелердің жоспардан ауытқуын төмендету іс-шараларыныңжүзеге асыру тиімділігі артады.
 

                                                                                                Басқарудың 1 - деңгейі

 

 

                                                                                        Басқарудың 2 - деңгейі      

     
     

    - тәртіптік (дисциплинарлы) бағыну

    - қызметтік (функционалды) бағыну 

    3-сурет – Басқарудың ұйымдық құрылымының 2-нұсқасы [8, 116б] 

    Кәсіпорындарда  контроллинг жүйесінің кезеңдік құрылуы келесідей 

жүйелілікпен  орындалады:

    1-кезең. Контроллингті жүзеге асыру базисін құру. Мұнда келесідей іс–

әрекеттердің  орындалуы талап етіледі: басқарушылық есеп жүйесін құру; кәсіпорын қызметін жоспарлау, бақылау үдерісін қолдау жүйесін құру; ақпараттарды жинау  және талдау.

    2-кезең. Кәсіпорында контроллинг әдістерін енгізу, яғни контроллинг

қызметін  құру, контроллингтің ақпараттық базасын  кеңейту, нақты мәліметтерді талдау және жоспарлау үдерісіне қатысу.

    3-кезең. Контроллинг жүйесінің жұмысының тиімділігін тексеру:

басқарушылық  шешімдердің атқарылуын тексеру, контроллинг  қызметінің нәтижелерін бағалау, нәтижелерді  нақтылау және контроллингтің келешектегі қызметін жоспарлау [8,117б]. 

    1. Ұйымдағы  персоналды басқару жүйесіндегі  контроллинг

      ерекшеліктері 

    А.Дайле  мен Р.Майердің зерттеулерінде нақты  өндірістік шарттарда кәсіпорынды  мақсатқа сай басқару үшін құрал  ретінде контроллингтің біртұтас бейнесін құру мақсаты алға қойылған. Осы  ғалымдардың зерттеулері контроллингтің тұжырымдамалық негізде дамуына  едәуір тәжрибеге негізделген (эмпирикалық) үлесін салған.

    Ю.Аниськиннің  пікірінше, контроллинг – кәсіпорын мен оның құрылымдық бірліктерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатымен келешекті басқару. Контроллинг жүйесіндегі бақылаудың дәстүрлі бақылаудан айырмашылығы әкімшіліктің негізгі міндеті болып табылмайды. Мұнда бақылаудың міндеті – «жоспар – нақты» бағалауын салыстырып, ауытқу себептерін түсіндіріп, ауытқуларды жою бойынша түзету іс-шараларын құру.

    Контроллинг, мақсаты ұйымның жалпы мақсатынан туындайды, ең алдымен ұйымның қалыпты  жағдайын сақтау жағдайын сақтау және оның табысты дамуына бүкіл басқарушылық үрдісті бағдарлауға негізделген.

    Контроллинг, сондай-ақ шешім қабылдау үдерісін қолдауға (қамтамасыз ету) негізделген.

      

    

      

      
 
 

      
 
 

      

      
 

    4-сурет – Кәсіпорынды басқару үдерісіндегі контроллингтің рөлі [9, 99б] 

    Л.В.Попова контроллингтің келесідей ерекшеліктерін атап өткен:

  1. ағымдық қаржылық - экономикалық есептерді және стратегиялық

шешімдерді  байланыстыру;

  1. экономикалық тұрғыдан негізделген шешімдерді қабылдауға

қаржылық  – экономикалықесептеулерді бағдарлай  білу;

  1. жоспарлау, бақылау, ақпараттық қамтамасыз ету сынды дәстүрлі

басқарушылық  қызметтердің, контроллингтің түйінін  құрайтын қызметтердің жаңа мазмұны;

  1. жоспарлы – экономикалық қызметтің атқарытын рөлінің жаңа

психологиялық мазмұны.

    Контроллинг пен басқару қызметтерінің ерекшеліктері  келесі кестеде 

келтірілген. 

    2кесте - Басқару қызметтері мен контроллинг арасындағы ерекшеліктер

Басқару қызметі Басқару Контроллинг
Есепке  алу Экономикалық  көрсеткіштер мәндерін есепке алу Біріңғай ақпараттық кеңісті шеңберінде түсініктер сөздігін қалыптастыру
Бақылау Экономикалық  көрсеткіштердің мәндерін алшақтықтарына бақылау жүргізу Экономикалық  көрсеткіштер мәндерін бақылау, талдау және реттеудің сәйкес әдістерін  талдау
Талдау Алшақтықтар себептерін талдау, факторлардың әсерін бағалау Қабылданған шешімдердің  сапасын жақсарту үшін үлгілерді  пайдалану
Реттеу Алшақтықтарды, ауытқуларды төмендеу үшін математикалық  үлгілерді пайдалану  Басқару сапасын  бағалау үшін математикалық үдгілерді  пайдалану
Жоспарлау Экономикалық  көрсеткіштердің мәндерін жоспарлау  үшін математикалық үлгілерді пайдалану Кәсіпорындағы басқару жүйесін енгізуді жоспарлау
[9, 111б]

Информация о работе Персоналды басқару және контроллинг негіздері