Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 12:03, дипломная работа

Описание

Банк клиентпен келісе отырып, байланысты несие бөліміне берудің мерзімі мен тәртібі және қарыз алушының өзгеге де есепшілік формаларын белгілейді. Әрі осылардың негізінде клиенттің қаржылық жағдайын және оның несиеге қабілеттілігін талдайды. Банктер несиенің уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуі үшін банк іс-тәжірибесінде қабылдаған формада, кепілзаттарды, кепілгерлікті және міндеттемені қабылдайды.

Содержание

ЖОСПАР
Кіріспе......................................................................................................................3
1.НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Несиелік қатынастардың экономикалық мәні...............................................6
1.2 Несиелік қатынастардың жіктелуі.................................................................9
1.3 Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыруы...........12
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНІҢ КЛИЕНТТЕРМЕН НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ («Цеснабанк» АҚ мысалында)
2.1Банктің клиенттерімен несиелік қатынастарының құқықтық негізі ........16
2.2Банктің клиенттерге көрсететін несиелік қызметтерін талдау...................23
2.3Несие қатынастары негізінде пайда болатын тәуекелдерді талдау............29
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы банктердің клиенттермен несиелік қатынастарындағы туындайтын мәселелері.......................................................36
3.2 Қазақстан Республикасындағы банктердің клиенттермен несиелік қатынастарын жетілдіру жолдары.......................................................................40
3.3 Қазақстан Республикасында несиелік бюроның банк клиенттерінің несиелік қатынастарын бағалаудағы ролі...........................................................46
Қорытынды............................................................................................................56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................58
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары.docx

— 218.89 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ  МИНИСТРЛІГІ

 

«С.СЕЙФУЛЛИН  АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ     УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

 

ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

ТАҚЫРЫБЫ:

 

БАНКТЕРДІҢ КЛИЕНТТЕРМЕН НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРЫ

 

ОРЫНДАҒАН:  4 курс студенті                                      Мусаева С.К.

 

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ:

аға оқытушы                                                                       Баймағамбетова З.А.

 

КЕҢЕСШІЛЕР:

норма бойынша бақылау                                                                

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жоба қорғауға жіберілді

__________________№____хаттама

                                            (күні, айы, жылы)

Кафедра меңгерушісі ____________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА 2012

 

 

 

ЖОСПАР

 Кіріспе......................................................................................................................3

1.НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ

1.1 Несиелік қатынастардың  экономикалық мәні...............................................6

1.2 Несиелік қатынастардың   жіктелуі.................................................................9

1.3 Банктің қарыз алушымен  несиелік қатынастарды ұйымдастыруы...........12

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНІҢ  КЛИЕНТТЕРМЕН НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРЫН  ТАЛДАУ («Цеснабанк» АҚ мысалында) 

2.1Банктің клиенттерімен  несиелік қатынастарының құқықтық негізі  ........16

2.2Банктің клиенттерге  көрсететін несиелік қызметтерін  талдау...................23

2.3Несие қатынастары негізінде  пайда болатын тәуекелдерді талдау............29

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ  ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Республикасындағы  банктердің клиенттермен несиелік  қатынастарындағы туындайтын мәселелері.......................................................36

3.2 Қазақстан Республикасындағы  банктердің клиенттермен несиелік  қатынастарын жетілдіру жолдары.......................................................................40

3.3 Қазақстан Республикасында  несиелік бюроның банк клиенттерінің  несиелік қатынастарын бағалаудағы  ролі...........................................................46

Қорытынды............................................................................................................56

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................58

Қосымша                                                        

 

 

  

 

     КІРІСПЕ

    Клиенттерді таратудағы  банктердің арасында күшейе түскен  бәсекелестік банктердің клиентке, олармен серіктестік қатынасты  орнатуға қатысты ұйымдастыру мәселелеріне айырықша назар аударуын талап етеді. «Қазақстан Республикасындағы Банктер мен банктік қызмет туралы» заңның 33-бабы бойынша банктер тең құқықты серіктестер ретінде алға шығып, өз операцияларын еркін несие ресурстары нарығында жүзеге асыра алады.

   Өз қызметінде  олар өздерінің клиенттеріне  қаражатты орналастырудың, несиені алудың жақсы жағдайын, банк қызметінің ауқымды спектрін ұсынумен бір-бірімен бәсекелеседі. Банк өз клиентінің алдында жауапты болады.

Банктердің клиентпен  жүргізетін экономикалық жұмысы банкке клиенттерді таратудан бастап, олардың  шоты бойынша әр түрлі банктік  операцияларды орындауға  дейін  банк қызметінің барлық жағын қамтиды.

Банктер клиенттерді өз жағына тартуы үшін нақты жұмыстарды жүргізуіне тура келеді – жарнама, жаңа қызмет түрлерін енгізу, келіссөздер жүргізу, қаржылық жағдайды алдын ала талдау, әр түрлі келісімшарттарды әзірлеу әрі бекіту және т.б. Бұл жұмыстардың барлығы да банктің өз активтері мен пассивтерін басқару жөніндегі қызметімен тығыз байланысты.

Клиенттермен жүргізілетін жұмыс әр түрлі келісімшарттарды бекітудің негізінде құрылады: есеп айырысу, кассалық және несиелік қызмет көрсетулер, бірлескен қызмет, депозит  шоттарын ашу әрі жүргізу және т.б. туралы келісімшарттар.

Клиентті несиелеу банк пен  клиент арасында бектіліген несие келісімшарты негізінде   жүзеге асырылады. Бұл келісімшарт ссуданы берудің және өтеудің мерзімін, шарты мен тәртібін, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, ссуда бойынша кепілдікті және пайыздық мөлшерлемені реттейді.

Кейбір банктерде несие  келісімшарттарымен (ол бірнеше жылдарға бекітіледі) қатар несие хаттамас пайдаланылады. Несие хаттамасы  ағымдағы жылға жасалады. Онда жекелеген  сәттер, мысалы, тиімділіктің баршаға ортақ және өзіндік ерекшелігі бар критерийлері, жекелеген несие түрлерін берудің шарттары нақтыланады.

Банк клиентпен келісе отырып, байланысты несие бөліміне берудің мерзімі мен тәртібі және қарыз алушының өзгеге де есепшілік формаларын белгілейді. Әрі осылардың негізінде клиенттің қаржылық жағдайын және оның несиеге қабілеттілігін талдайды. Банктер несиенің уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуі үшін банк іс-тәжірибесінде қабылдаған формада, кепілзаттарды, кепілгерлікті және міндеттемені қабылдайды.

Несиені және басқа төлемдерді уақтылы қайтармаған клиенттерге  қатысты «Қазақстан Республикасындағы  банктер мен банктік қызмет туралы» заңның 36 бабына сәйкес банк мынадай шараларды қолдана алады:

    • жаңа (екінші мәрте) несиені бермеу;
    • осы клиенттің шотындағы кез келген қаражатпен оның берешегін өндіріп алу;
    • соттың шешімімен сатылған мүлікті сату.

 Қазақстан Республикасының  қолданыстағы сәйкес мұндай қарыз  алушылар төлем қабылеті жоқ  тұлғалар ретінде жариялануы  мүмкін.

Банктердің өз клиенттеріне оларға берілген несие мен оның пайызы бойынша қоятын талапхатының мерзімі  ескерілмейді.

Банктер өз клиенттерінің  және корреспонденттерінің салым ақшалары, шоттары, операциялары бойынша құпияны  сақтауға кепілдік береді. Банктің  барлық қызметкері банк корреспонденттері  мен клиенттерінің салым ақшасы, шоты және операциясы бойынша құпия  сақтауға міндетті.

Банктер мен олардың клиенттері арасындағы пайда болған барлық дау-дамай  немесе клиенттермен арадағы талас  Қазақстан Республикасы заңына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

Банк қарыз алушырмен  несие қатынастарын орнату үшін клиенттің  несиеге деген нақты қажеттілігінің пайда болуына сенімді болуы  тиіс. Клиенттің несиеге объективті қажеттілігін білу және несиені қарызға, тек субъективтік қажеттіліктерді  қанағаттандыру жағдайы үшін беру несиелік өзара қатынастардың беріктігін және ссудаларды қайтару мүмкіндігін көрсетеді.

Коммерциялық банктер  қарыз алушыларға несиелер бере отырып, тәуекелге барады, сондықтан несие беру процесінің маңызы ссудаларды берудің техникалық ережесін жиынтық түрде орындау және бақылау мен мерзімінде қайтарудан ғана тұрмайды, сонымен бірге несие беруші мен қарыз алушының міндеттемелері бойынша әрбір нақты жағдайда шешімдер қабылдауды да білдіреді.

Нарықтық ортада несие  беру бизнесі тұрғысынан отандық  банктер үшін ендігі жерде талдау техникасы мен несие беру процедурасы  емес, ең негізгі болып кең ауқымды  пайымдау мен ұтымды шешімдер қабылдай білу қатысады. Сонымен бір мезгілде несие беру жағдайы өзіне несие  беру үшін қарыз алушы орындауы тиіс талаптарды да енгізеді.

Қарыз алушының қарызды несие  шартында көрсетілген жағдайларға  сәйкес қайтаруға қабілетті және дайын екендігіне сенімді болу үшін, ссудаға қатынасы бойынша клиенттің  өз ісіне жауаптылығын, қарыз алушының беделін, рентабельділігін; ссуданы  қамтамасыз етуін; экономикалық конъюнктураны  ескереді. [1.302 б]

Осы жұмыстың теориялық және практикалық негізі ретінде, экономистердің еліміздегі мәселелерді зерттеген  материалдары, Қазақстандық коммерциялық банктердің жұмысын талдау барысында  алынған материалдар, статитикалық материалдар және мерзімдік басылымдардың  мәліметтері табылады.

Дипломдық жұмыста банктің клиенттремен несиелік қатынасын жетілдіру аясында несиелік қатынастарының пайда болуының теоретикалық аспектілері, несие қатынастарының құрылу тәртібінің құқықтық негізі, банктердің несиелік қызметтер көрсету түрлері айқындалады.

Дипломдық зерттеудің мақсаты  банктің клиенттермен несиелік қатынастарын жетілдіруде, оның несиелік қатынастар мәселелері және оларды жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстарды дайындау болып табылады.

Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:

-несие қатынастарының  құрылу тәртібінің құқықтық негізін  қарастыру;

-несиелік қатынастар  түрлерін анықтау  және оларға  сипаттама беру;

-банктің несиелік қызметтер  көрсету сапасын бағалау.

Зерттеу объектісі. «Цеснабанк»  АҚ-ның клиенттерімен несиелік қатынасы қызметі. Жұмыстың құрылымы. Дипломдық  жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар мен қосымшалардан тұрады. Жалпы  жұмыс  беттік компьютерлік терім  мәтінін құрай отырып, кестені, суретті  және қосымшаны қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ

 

    1. Несиелік қатынастардың экономикалық мәні

Несиелік қатынастар пайыз  дербес экономикалық категория ретінде  тіркелетін тікелей негіз болып  табылады. Қарыз пайызының мәнін  оны қарыз капиталын қайтарымдылық  принципімен пайдалану негізінде  пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері – қарыз  пайызын тиісінше алушы және төлеуші  ретінде болатын кредитор және қарыз  алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен  араластыруға болмайды.

 Олардың айырмашылықтары  арқылы қарыз пайызының экономикалық  мәні ашылады, айырмашылықтары  төмендегілер болып келеді:

 • қарызға берілген  құнның және несиені пайдаланғаны

 үшін төленетін пайыздық  сома қозғалысының сипаты;

 • несие мен қарыз  пайызы арасындағы экономикалық-

 құқықтық айырмашылық;

 • қарызға берілген  құн мен пайыз төлеу сомасы

 қозғалысының әр түрлі  бастамасы;

 • несие және қарыз  пайызының ұдайы өндіріс

 процесінің әр түрлі  сатыларында пайда болуы. [1. 112б]

Несиелік катынастардың  мазмұны ақша капиталының жинақталуымен  және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уакытша пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік кұнға, яғни ұдайы  өндірістің ақша айналымына арналған төлем кұралдарының косымша массасы  қалыптасады. Төлем айналымының  үлкен ағымы несие жүйесі арқылы өтеді, ол несиелік қатынастардың мазмұнын толықтыра отырып, төлеушілер мен  несиелік мекемелер арасында, несиелік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырады.

Несие қатынасы банктер мен  кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол, сондай-ақ, бір жағынан  несие жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие  берушіге банк жататын қатынасты  тұтыну несиесінің мазмұны құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен  халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарап та болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге  беретін сауда ұйымдарын айтуға болады. [1. 145 б]

Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды. Несиелік мекемелер және әр  түрлі  субъектілер арасында қайтарымдылық  және төлем шарттары негізінде уақытша  еркін ақша қаражытын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың  мазмұнын анықтайды.

Бірақ несиелік қатынастардың  мазмұны ақша капиталының жинақталуымен  және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік құнға, яғни ұдайы  өндірістің ақша айналымына арналған төлем құралдарының қосымша массасы қалыптасады. Төлем айналымының үлкен ағымы несие жүйесі арқылы өтеді, ол несиелік қатынастардың мазмұнын толықтыра отырып, төлеушілер мен несиелік мекемелер арасында, несиелік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырады.

Несие жүйесі елдегі ақша айналымын  реттейді, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтерді көрсетеді, соның нәтижесінде несиелік экономикалық қатынастар туындайды. [1. 174 б]

Несиелік қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы.

Кредитор – несиелік мәмленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі  бір қаражаттар болу керек. Оның көздері  өз қорлары, ресурстары, өз кезінде  қайтарымдылық негізінде ұдайы  өндіріс процесінің басқа субъектілерінен  алынған ресурстар бола алады.

Информация о работе Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары