Лекциялық сабақтардың мазмұны, тақырыптардың аттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 19:06, реферат

Описание

Бөлім І «Валюталық операциялар» пәнінің курсына кіріспе
Тақырып 1. «Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны және мақсаты

Работа состоит из  1 файл

валюталық опер.doc

— 182.50 Кб (Скачать документ)
ustify">     Резиденттер мен резиденттер емес тұлғалар үшін нормативті актілер шығарады.

     Валюталық операциялардың барлық түрін орындайды.

     Шетел валютасы мен бағалы қағаздармен  орындайтын операцияларға резиденттер  мен резидент емес тұлғаларға жалпы  ережелер анықтайды.

     Банктерге және басқа да несиелік мекемелерге  валюталық операцияларды орындаулицензияларын берудің жалпы ережелерін белгілейді.

     Есеп  беру, ақпар құжаттардың бір нысандылығын белгілейді.

     Басқа да қызметтерді орындайды. 

     Валюталық бақылаудың болмауы еліміздің валюталық  жағдайының құлдырауына әкеліп соғар  еді.

     Валюталықлегеталар беруде көптеген шығындарға ұшыратты, сонымен қатар валюталық бақылаудан бартерлік операциялар арқылы жолтару кең көлемде орын алады.

     Осы себептен қазірні валюталық бақылаудың көптеген кемшіліктерін табу мақсатында қосымша іс-шаралар қолдануқажет, яғни олар валюталық және кедендік заңдарды бұзған үшін жауапкершілікті күшейту қажет, сонымен қатар көптеген басқа да нормативті материялдар шығару қажет.

     Жоғарыда  айтылғандай, валюталық реттеу жүйесінің  негізі валюталық бақылау болып  табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты резиденттер мен резидент емес тұлғалар арқылы валюталық операцияларды жүзеге асыру мен заң сақтауды қамтамасыз ету болғандықтан, оның негізгі бағыттары:

     жүргізілетін  валюталық операцияның заңға  сәйкестілігін анықтау және оны  жүзеге асыру үшін қажетті лицензия мен куәліктер:

     шетел валютасындағы төлемдерді және олардың  келісім шарт міндеттемелеріне сәйкес келетіндігін тексеру:

     валюталық операция бойынша есеп толықтығын тексеру. 

     Валюталық лицензиялар.

     Валюталық операцияларды жүргізу үшін әрбір банк Ұлттық банктен бұл операцияларды жүргізуге рұқсат құжат ретінде лицензиялар алып отырады. Лицензия алу өтінішін бір жылдан кем емес мерзім бойы жұмыс атқарған, яғни толық қаржылық жылды аяқтап, ресми жылдық ақпарды дайындаған Коммерциялық банктер бере алады. Шетел валютасындағы банктік операцияларды жүргізуге берілетін лицензия Ұлттық банкпен шексіз мерзімге беріледі және атты болып табылады, яғни үшінші тұлғаға берілмейді. Банк тек лицензияда көрсетілген валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқық беретін міндеттеменің болуы ғана валюталық операцияларды жүргізуге құқығы бар және осыған сәйкес:

     заңды және жеке тұлғалардың төлеміне және шарттарына шетел валютасындағы  қаржыларды қабылдау және орналастыру:

     банктерге және кәсіпорынға шетел валютасында  несие және зайымдарды беру және сырттан тарту:

     заңды және жеке тұлғалардан қаржылық құжаттардың  шетел валютасында сату мен сатылуын өндіру:

     валютаның сату мен сатып алуын жүзеге асыру:

     шетел мемлекеттерінің бір – бірімен  корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру:

     клиенттің шетел валютасында кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру:

     саудалық  және саудалық емес операциялардың төлемін  шетел валютасында жүзеге асыру:

     халықаралық банктік практикаға сәйкес басқа  да операцияларды жүргізу. 

     Лицензия  алу үшін ттөмендегідей құжаттар ұсынылады:

     Бекітілген  банк жарғысының көшірмесі.

     Шетел валютасында орындалатын операцияларды  орындауға банктің толық дайындығы  мен экономикалық тиімділігін негіздеу

     Шетел валютасымен орындалатын операциялармен айналысатын банк бөлімшелерінің сипаттамасы мен берілетін банктің ұйымдастырылу құрылымы.

     Банктің валюталық операцияларды жүргізуіне жауап беретін басшылары жөнінде  анықтамалар.

     Корреспондентті келісімге келісетіндігі жөнінде  өкіметті банктен алынатын хат көшірмесі.

     Банк  балансы мен соңғы күнгі теңгедегі операциялардың нормативтері сәйкес орындалғаны жөніндегі анықтама.

     Банк  ішіндегі бақылауды ұйымдастыру  жөніндегі анықтама.

     Соңғы күнгі пайда мен шығындар жөніндегі  ақпар.

     Қаржылық  жылдың соңына жазылған жылдық ақпар.

     Аудиторлық  қорытынды.

     Басты лицензия алатын банктерге – корреспонденттік келісімдер жөнінде анықтама. 

     Валюталық лицензиялар алу үшін Ұлттық банктерге  төмендегідей квалификациялық және техникалық талаптар қояды:

     Клиенттерге ағымдағы валюталық шоттарды ашу  және жүргізу теңгеде жүргізілетін шоттардан айырмашылығы шамалы. Олардың бір ерекшелігі өз клиенттерінің операцияларына валюталық бақылау жасайтын агентінің қызметін орындау міндеттемесі болып табылады.

     Саудалы емес операцияларды шетел валютасында  жүргізуге Ұлттық банк талаптар қояды:

     ҚР  территориясында заңды және нормативті актілердің реттелу тәртібін білу қажет.

     Инстукцияларды  білу.

     Нақты шетел валютасымен операцияларды  орындайтын жұмысшылардың болуы.

     Шетел валютасындағы корреспонденттік топтың болуы тиіс.

     Оргтехника  мен жаңа технологиямен жабдықталған болуы тиіс.

     Лицензия  алу үшін қажетті шарттардың бірі шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату.

     Тауарлар  мен қызметтерді экспорттау мен  байланысты халықаралық есеп – айырысулар бойынша операцияларды жүргізу  үшін лицензия алу керек.

     Ішкі  валюталық нарықта шетел валютасын  сату және сатып алу операцияларын  жүргізуге лицензия алу қажет, оған мынадай талаптар қойылады: 

     а ) валюталық заңдарды білу керек.

     б ) валюталық нарықтардың конъюктурасын  білу керек.

     в ) пайда болған қауіптерді бағалай алуы керек және т. б.

     Ең  аса бір күрделі шетел валютасымен  орындалатын операциялардың бірі –  шетел валютасындағы несиелеу операциялары. Бұл жағдайда банктердің валюталық  қаржыларды орналастыру жұмысы ішкі немесе халықаралық нарықта жүзеге асырылады.

     Арнайы  лицензияны қажет ететін тағы бір  халықаралық банк операциясы халықаралық  капитал нарықтарындағы депозиттік және конверсиондық операциялар. 

     Ұлттық  банктің беретін  лицензиялар түрі төмендегідей:

     Реттік  – шетел валютасында қандай да бір операцияны жүргіуге құқық береді.

     Ішкі  лицензия – біздің банк мекемелеріне шектеу қоймай-ақ шетел валютасындағы операцияларды орындауға құқық береді.

     Кеңейтілген лицензия – банкке шектеулі шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

     Басты лицензия – банкке шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнатып, шетел валютасында барлық операцияларды атқаруға мүмкіндік береді. 
 

               

      

            
 
 
 

     Тақырып 2. Әлемдік және ұлттық валюталық жүйелер, олардың негізгі элементтері

     Халықаралық валюталық (ақшалай) қатынастардың мемлекеттік-құқықтық нысаны валюталық жүйені білдіреді. Яғни валюталық жүйе – бұл ұлттық заңдылықпен немесе мемлекетаралық келісімдермен бекітілген валюталық қатынастарды реттеу және ұйымдастыру формасы. Ұлттық, аймақтық және әлемдік валюталық жүйелер бөлінеді.

     Ұлттық  валюталық жүйе – бұл нақты  мемлекеттің басқа елдермен ақшалай  есеп айырысуларының белгілі реті жүзеге асырылатын әдістер, құралдар және ұлттық органдардың жиынтығы болып табылады.

     Ұлттық  және әлемдік валюталық жүйелер арасында аралық элемент болып аймақтық валюталық жүйелер табылады. Олар мемлекеттердің аймақтық интеграциялық топтамаларына қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта екі аймақтық валюталық жүйелер белгілі: Европалық валюта-экономикалық одақ және Африканың француз тілді елдерін қамтитын «француз франкі аймағы».

     Халықаралық валюталық жүйе – бұл жеке ұлттық экономикаларды бірыңғай әлемдік шаруашылыққа байланыстыратын механизм. Әлемдік  валюталық жүйенің құқықтық негізі халықаралық келісімдер, көпжақты және екі жақты келісімдер және акттер.

     Валюталық жүйенің негізгі құрылымдық элементтері  болып мыналар табылады: валюта және оның сипаттамалары (конвертирлену  шарттары, ұлттық валюта паритеті, валюталық  курс режимі, халықаралық өтімділік); халықаралық кредиттік қаражаттар айналысын және елдердің халықаралық есеп айырысуларын пайдалануды шектеу; валюталық нарықтар режимі, мемлекетаралық келісімдер және елдердің валюталық қатынастарын реттейтін халықаралық валюта-қаржылық ұйымдар.

     Валюта  – бұл сыртқы сауда мен капиталды шығару кезінде айналыс құралы болып табылатын және тауар құны шамасының масштабы ретінде пайдаланылатын ақша бірлігі. «Валюта» ұғымы үш мәнде қолданылады:

     1) Ұлттық валюта – бұл берілген  елде қолданылатын ақша бірлігі  (Қазақстан теңгесі, Ресей рублі  және т.б.) және оның қандайда бір типі (алтын, күміс, қағаз).

     2) Шетел валютасы – бұл шетел  мемлекеттерінің ақша бірліктері, сондай-ақ халықаралық есеп айырысуларда  пайдаланылатын, шетел ақша бірлігінде  айқындалған, кредиттік және төлем  құралдары. Шетел ақша бірліктерінде айқындалған кредиттік және төлем құралдарын девиздер деп те атайды.

     3) Халықаралық (аймақтық) ақша бірлігі  және төлем құралы, олар белгілі  интеграциялық топтамалар шегінде  пайдаланылады.

     Тіркелген валюталық курс валюталық паритетке  негізделген. Валюталық паритет әр түрлі елдердің ақша бірліктерінің ресми тағайындалған қатынасы. 

     Тақырып 3. Валюталық курс – валюталық  жүйенің негізгі  элементі

     Валюталық курс валюталық жүйенің маңызды  элементі болып табылады, өйткені  халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы әр түрлі елдердің валюталарының құндық қатынасын өлшеуді талап етеді. Валюталық курс келесілер үшін қажет:

    • капиталдар және кредиттердің қозғалысында, тауарлармен, қызметтермен саудада валюталарды өзара айырбастау кезінде. Экспортер сатудан алынған шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастайды, өйткені бір елдің валютасы екінші елдің аумағында заңдық сатып алу және тұтыну құралы ретінде айналысқа түсе алмайды. Импортер шетелде сатып алынған тауарлар құнын төлеу үшін ұлттық валютаны шетелдік валютаға сатады. Борышқор сыртқы займдар бойынша қарызды және пайызды төлеу үшін ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алады;
    • ұлттық және әлемдік нарықтар бағасын салыстыру үшін, сондай-ақ ұлттық немесе шетел валюталарында айқындалған әр елдің құндық көрсеткіштерін салыстыруға;
    • банктер және фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын жүйелі түрде қайта бағалауға.

     Валюталық курс – шетел ақша бірліктерінде  немесе халықаралық валюталық бірліктерде  айқындалған, бір елдің ақша бірлігінің «бағасы».

     Валюталық курс режимі де валюталық жүйе элементі болып табылады. Тіркелген (фиксированные) және қалқымалы (плавающие) валюталық курстар бөлінеді. Тіркелген валюталық курс шектеулі қозғалыста болады.

     Валюталық курсқа әсер ететін факторларға мыналарды  жатқызуға болады:1. Инфляция қарқыны. 2. Төлем балансының жағдайы. 3. Әр түрлі елдердегі проценттік ставкалардың айырмашылығы. 4. Валюталық нарықтар қызметі және спекулятивті валюталық операциялар. 5. Халықаралық есеп айырысуларда белгілі валютаны пайдалану дәрежесі. 6. Халықаралық төлемдердің жеделдеуі немесе кідірісі. 7. Ұлттық және әлемдік нарықтарда валютаға сену дәрежесі. 8. Валюталық саясат. Сонымен, валюталық курсты қалыптастыру – бұл ұлттық және әлемдік экономика және саясаттың өзара байланысымен шартталған, күрделі көпфакторлы процесс. Сондықтан валюта курсын болжау кезінде курс қалыптастырушы факторлар ескеріледі. 

Информация о работе Лекциялық сабақтардың мазмұны, тақырыптардың аттары