Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 19:06, реферат
Бөлім І «Валюталық операциялар» пәнінің курсына кіріспе
Тақырып 1. «Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны және мақсаты
Қаржыландыру шотында мыналар есепке алынады:
Қазақстанда төлем балансын Ұлттық банк жасайды. Төлем балансының басты ерекшелігі – мұнда қаражаттардың ағымы, олардың мерзімі ішінде өзгерісі ғана көрсетіліп, босалқы бөлшектер мен қорлар есепке алынбайды. Мұндағы ағымдағы операциялар шотында оң қалдықтың болуы тауарлар мен қызметтердің экспортын, табыстар мен трансферттердің түсімін білдірсе, ал теріс қалдықтың түзілуі тауарлар мен қызметтер импортын төленген табыстар мен трансферттердің болуын сипаттайды. Капиталдармен жасалатын операциялар шотындағы оң көрсеткіш сол елдің резидент еместер алдындағы міндеттемелерінің өсуін және резиденттер жағынан резидент еместерге деген талаптардың қысқаруын сипаттаса; ал теріс шама елдің резидент еместер алдындағы міндеттемелердің қысқаруын және резиденттер жағынан резидент еместерге қойылатын талаптардың өсуін сипаттайды.
Төлем балансынан есеп айрысу балансын ажырата білу қажет.
Есеп айрысу балансы – елдің шетелге қатысты талаптары мен міндеттемелері.
Мұндай
талаптар мен міндеттемелерге
Бөлім ІІІ. Халықаралық төлемдер және есеп айырысулар
Тақырып 7. Халықаралық банк ісінің негіздері және
валюта-қаржылық қатынастар
Валюта-қаржылық қатынастармен байланысты банктік операциялар типтері. Халықаралық «бэнкинг» ұғымы. Халықаралық банк қызметінің қатысушылары. Банкаралық корреспонденттік қатынастардың қажеттілігі және қызмет ету мәні. Халықаралық банк департаментіндегі корреспонденттік қатынастар. НОСТРО счет – бұл корреспондентте банк атына ашылған корреспонденттік шот. ЛОРО счет – бұл банк-корреспонденттің банкте ашқан корреспонденттік шоты.
Халықаралық
банктік клиринг – банкаралық
корреспонденттік қатынастардың маңызды
операциясы. Халықаралық валюталық аударымдар
көмегімен халықаралық қызметтердегі
қажеттілік.
Тақырып 8. Халықаралық есеп айырысуларды және төлемдерді
жүргізу ерекшеліктері
Халықаралық есеп айырысулар және төлемдер ұғымдарының ерекшеліктері.
Халықаралық төлем әдістеріне жатады:
- аванстық төлем
- аккредитивтік төлем
- жөнелтілгеннен кейін төлем
- инкассолық төлем
Халықаралық есеп айырысу әдістеріне жатады:
- пошталық төлем тапсырмалары
-
телеграфтық/телекстық төлем
- аударым векселдері
- банктік тратталар
Халықаралық
есеп айырысулар нысандары мен
халықаралық төлемдер түрлерін анықтау.
Халықаралық есеп айырысулар мен
халықаралық төлемдердің
-
қайтарылатын және
- жабылған және жабылмаған
- бөлінетін және бөлінбейтін
- расталған және расталмаған
Аккредитивтердің
артықшылықтары және кемшіліктері. Инкассолық
нысан, таза және құжаттық инкассо. Банктік
аударым халықаралық есеп айырысу нысаны
ретінде және ашық шот бойынша есеп айырысулар.
Халықаралық төлемдер түрлері: аванстық,
чектер және векселдер көмегімен төлемдер.
Валюталық клирингтер, олардың мақсаты
және міндеттері, Қазіргі клирингтік одақтар,
олардың ерекшеліктері және мәні.
Тақырып 9. Халықаралық корреспонденттік қатынастар жүйесі
Банкаралық
корреспонденттік қатынастар, мазмұны
және түсінігі. Банк-корреспонденттер
құқықтары және міндеттері. Банк-корреспонденттердің
негізгі операциясы ретіндегі клиринг.
SWIFT жүйесі арқылы операцияларды жүргізу
шарттары, төлемдерді және есеп айырысуларды
жүргізудің басқа да автоматтандырылған
жүйелері (ЧИПС, ЧАПС және т.б.)
Тақырып 10. Банк кепілдіктері халықаралық есеп айырысуларды
жүргізу және қамтамасыз ету құралы ретінде
Банк
кепілдігі арқылы халықаралық саудада
экспортерлар және импортерлар міндеттемелерін
орындауды қамтамасыз ету. Банк кепілдігі
түсінігі. Төлем жасау міндеттемесінің
және кепілдемесінің арасындағы нақты
айырмашылық. Легитимация, мотивация және
орнын толтыру түріндегі банктік кепілдіктер
әрекеттері. Банк кепілдігін беру. Банк
кепілдігін заңды және заңсыз пайдалану.
Банк кепілдіктерінің негізгі түрдері.
Кепілдіктердің артықшылықтары және кемшіліктері.
Бөлім ІҮ. Валюталық нарық және валюталық операциялар
Валюталық
нарық валютаны сату-сатып алудың
ресми орталығы ретінде. Қазіргі
валюталық нарықтың ерекшелік белгілері.
Валюталық нарықтар түрлері. Валюталық
нарықтың негізгі қатысушылары. Валюталық
нарық құрылымы. Валюталық зал, оның қызметі.
Валюталық котировка, тура және жанама.
Сауда-өнеркәсіптік клиентура үшін котировка
кросс-курс. Сатушы және сатып алушы курсы.
Валюталық позиция түріндегі шетел валютасындағы
банктердің талаптары және міндеттемелерінің
қатынасы. Валюталық позициялар түрлері
– ашық және жабық. Ашық валюталық позицияның
ұзын және қысқа болып бөлінуі. Ұзын және
қысқа ашық валюталық позициялардың теңдік
проблемаларын шешу.
Тақырып 12. Валюталық операциялар
Мерзімді валюталық мәмілелерге мыналар жатады:
- форвард
- своп
- фьючерс
- опцион
Спот – бұл мәміле жасалған кезде тіркелген курс бойынша, валюталық мәміле жасалған күннен кейін екі күн ағымында банк-контрагенттермен жеткізу шартында валютаны сату-сатып алуға негізделген валюталық операция
Форвард – бұл валюта мәміле жасалған сәтте тіркелген курс бойынша болашақта түсетін, банктермен келісім шарт негізінде жасалатын биржадан тыс валюталық операция.
Форвардтық курс – бұл мәміле жасалу сәтіндегі спот курстан және премия немесе дисконттан тұратын курс.
Форвардтық курс спот курстан жоғары болса, онда бұл премия деп аталады
Форвардтық курс спот курстан төмен болса, онда бұл дисконт деп аталады
Форвардтық маржа – бұл форвардтық курс пен спот курс арасындағы айырмашылық.
Аутрайт – бұл мәміленің қатысушы жақтарымен қатаң анықталған мерзімде форвард курсы бойынша төлемдерді қарастыратын, қарапайым мерзімді валюталық мәміле.
Фьючерстік операциялардың форвардтық мәмілелерден ерекшеліктері:
ол биржалық нарықта жүзеге асырылады
мәмілеге қатысушылары белгісіз
нарықта жеңіл сатылады
барлық мәмілелер жаңа нарықтық баға бойынша күнделікті саналып отырады
Фьючерс – бұл мәміле жасау сәтінде тіркелген баға бойынша, болашақта белгілі уақыт өтісімен активтерді сату-сатып алу бойынша биржалық мерзімді операциялар.
Опцион – бұл мәміледе көрсетілген уақытта валютаны сату немесе сатып алу құқығы.
Опциондық курс страйк деп аталады
Страйк бағамен салыстырғанда айырбас құнының өсуі, бұл апсайд деп аталады
Страйк бағамен салыстырғанда айырбас құнының төмендеуі, бұл даунсайд деп аталады.
Опцион типтері: колл, пут, стеллаж
Опцион колл – бұл валюта курсының потенциалды жоғарлауынан қорғау үшін опционды сатып алушының валютаны сатып алу құқығын білдіретін опцион
Опцион пут – бұл валюта курсының потенциалды құнсыздануынан қорғау үшін опционды сатып алушының валютаны сату құқығын білдіретін опцион типі
Опцион стеллаж – бұл базистік баға бойынша опционды сатып алушының валютаны сату немесе сатып алу құқығын білдіретін опцион
Кэп опциондар – бұл ұзақ мерзімді перспективада процент ставкасының (немесе валюта курсының) жоғарылауын хеджирлеуге болатын, көп кезеңді опциондар
Европалық – бұл опционның тек тіркелген мерзімде пайдаланылу мүмкіндігін білдіретін опцион стилі.
Опционның
американдық стилі – бұл
Опционды сатып алушының опционды сатушыға төлейтін комиссиондық төлемдері премия деп аталады.
Репорт – бұл шетел валютасын «спот» жағдайында сату және бір уақытта «форвард» жағдайында сатып алу жасалатын мәміле.
Депорт – бұл Шетел валютасын «спот» жағдайында сатып алу және бір уақытта «форвард» жағдайында сату жасалатын мәміле.
Своп – бұл шетел валютасын «спот» жағдайында сатып алу немесе сату және бір уақытта сол валютаны «форвард» курсы бойынша сатып алуды немесе сатуды үйлестіретін валюталық операция.
Валюталық арбитраж – бұл котировкалардағы айырмашылық есебінен кепілденген пайда алу мақсатында бір немесе бірнеше өзара байланысқан қаржылық нарықтарда мерзімі бойынша біркелкі бір уақытта қарама-қарсы позицияларды ашудан тұратын валюталық операция.
Валюталық арбитраждардың түрлері: уақыттық және кеңістіктік
Кеңістіктік
және уақыттық валюталық арбитраждар
өзара келесідей бөлінеді: жай және күрделі.
Тақырып 13. Валюталық спекуляция
Валюталық
спекуляция, оны жүргізу мүмкіндіктері
және жүзеге асыру көздері. Валюталық
аюлар – валюта курсының төмендеуіне
негізделетін валюта биржасының қатысушылары.
валюталық өгіздер – валюта курсының
жоғарылауына негізделетін валюталық
биржа қатысушылары және валюталық көбелектер
– валюта биржасының негізгі қатысушылары
және валюталық спекулянттар ретінде.
Валюталық спекулянттар – валюта курсының
белгілі жоғарылау немесе төмендеуі әсерінен
пайда алатын валюта нарығының қатусушылары.
Тақырып 14. Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері
Тәуекел – бұл мүмкін болатын қаржылық жоғалтулар және басқа жағымсыз салдармен байланысты жағдайдың пайда болу ықтималдығымен айқындалатын кез-келген субъектінің қызметінің сипаты.
Зерттелетін құралдарының жиынтығы бойынша тәуекелдер: жеке қаржылық тәуекел және портфельдік қаржылық тәуекел
Зерттеудің
кешенділігі бойынша
Пайда болу көздері бойынша тәуекелдер: сыртқы немесе жүйелі тәуекел және ішкі немесе жүйесіз тәуекел.
Информация о работе Лекциялық сабақтардың мазмұны, тақырыптардың аттары