Лекциялық сабақтардың мазмұны, тақырыптардың аттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 19:06, реферат

Описание

Бөлім І «Валюталық операциялар» пәнінің курсына кіріспе
Тақырып 1. «Валюталық операциялар» курсының пәні, әдісі, мазмұны және мақсаты

Работа состоит из  1 файл

валюталық опер.doc

— 182.50 Кб (Скачать документ)

     Уақыт бойынша айқындалу сипаты бойынша  тәуекелдер: тұрақты қаржылық тәуекел  және уақытша қаржылық тәуекел

     Қаржылық  жоғалтулар деңгейі бойынша тәуекелдер: рұқсат етілетін, критикалық (шекті), катастрофалық қаржылық тәуекел

     Болжану мүмкіндігі бойынша тәуекелдер: болжанатын қаржылық тәуекел және болжанбайтын қаржылық тәуекел

     Сақтандыру  мүмкіндігі бойынша тәуекелдер: сақтандырылатын  және сақтандырылмайтын қаржылық тәуекел

     Елдік тәуекел – бұл импортер және экспортер  елдердің саяси-экономикалық тұрақтылығынан тәуелді жаһандық тәуекелдің болуымен, банк қызметінің интернационализациясымен байланысты тәуекел 

     Қазақстан Республикасының валюталық нарығы

           Валюталық операциялар және пайдаланылатын көлемінен, сипатынан тәуелді валюталық нарықтар: әлемдік, аймақтық, ұлттық болып бөлінеді.

     Бір елдің қажеттілігіне қызмет көрсететін белгілі валюталармен шектеулі мәміле жасайтын нарық ұлттық валюталық  нарық деп аталады.

     Ұлттық  және шетел валютасымен операцияларды шектеуші экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар жүйесі валюталық шектеулер деп аталады.

           Жоғарылау және төмендеуінің белгілі шектерімен ұлттық валюта курсының серпінін шектеу үшін шетел валютасын  сату және сатып-алу бойынша мақсатты операциялар валюталық интервенция деп аталады

     Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды  жүргізу ерекшеліктері. FOREX қатысу. Валюталық нарық қатысушылары. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы және валюталық операцияларды жүргізу ережелері.

     Валюталық саясаттың мынадай формалары  қолданылады:

  1. Дисконттық валюталық саясат;
  2. девиздік валюталық саясат;

     Сонымен қатар девиздік саясаттың мынадай  жүзеге асырылу формалары болады:

  1. валюталық интервенция;
  2. валюталық резервтерді диверсификациялау;
  3. валюталық шектеу;
  4. валюталардың алмастырылуы;
  5. валюталық бағам режимі;
  6. девольвация
  7. револьвация

     Дисконттық(есепке алу) саясаты –бір жағынан, валюталық  бағаммен төлем баланысын реттеуге, екіншіден,ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мқлшерін қзгертуі.

     Мысалға: пассивтік төлем баланысы кезінде  капиталдың еркін ауыстырылуы жағдайында есепке алу мөлшерінің көтерілуі  ең төмегі паыз мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталандырып,төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды арттыра түседі. Ал егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендетін брлса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағып, төлем баланысының активтік қалдыңы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.

     Қазіргі жағдайда ди сконттық саясаттың тиімділігі төөмендеген.Себебі, егерде төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса оның экномика үшін теріс әсер болады.ал оның төмендеуі төлем баланысына кері әсер етіп,яғни капиталдың сыртқа ағылуына жол береді.

     Девиздік  саясат-мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің шетел валюталық  сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі. Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция формасында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция ХIХ ғасырдан бастап қолданыла басталған. Алтын монометализмі алынып тасталғаннан кейін валюталық итервенция кеңінен қанат жайды.

     Екінші  дүниежүзлік соғыстан кейін, жаңа құбылыс  ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары-ХВҚ,сондай-ақаймақтық-Еуропалық валюталық институт құрылды.(1994ж).

     Валюталық резервтерді диверцификациялау-бұл  халықаралық есеп айрысуларды қамтамассыз  ету, валюталық интервеция жүргізу  және валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр түрлі валюталарды өосу жолымен валюталық резервтердің құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттің жіне банктердің саясаты.

     Бұл саясат қарапайым түрде тұрақсыз валюталарды сату және халықаралық  есеп айрысулар үшін қажетті тұрақты  валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

     Валюталық паритет және валюталық бағам  режимі  Ұлттық және мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады.

     Девальвация мен ревальвация - валюталық саясаттың  дәстүрлі әдістеріне жатады.

     Девальвация - ұлттық валютаның бағамын шетел валютасына қатынвасы бойынша төмендету.

     Ревальвация - ұлттық валюта бағамын шетел валюталарына қатынасына  жоғарлату. 
 

     Валюталық тәуекелдер және оларды сақтандыру 

     Валюталық тәуекел – банктің өз қызметін жүзеге асыру кезінде шетелдік валюталар бағамдарының өзгеруіне байланысты шығыс (шығын) туындау тәуекелі. Шығыс (шығын) қаупі валюталар бойынша банк позициясын құндық мәнде асыра бағалаудан туындайды.

     Валюталық тәуекел ағымдық валюталық тәуекел, девальвация тәуекелі және валюталық  реттеу жүйесінің өзгеру тәуекелі болып бөлінеді.

     Ағымдық валюталық тәуекелдер – бағамдары  құбылмалы валюталардың кездейсоқ  еркін өзгеру тәуекелдері.

     Девальвация тәуекелі – валюта бағамының басқа  валюталармен салыстырғанда кенеттен стрестік төмендеу тәуекелі.

     Валюталық реттеу жүйесінің өзгеру тәуекелі – валюталық түзімнің өзгеруінен болған шығын тәуекелі, яғни белгіленген валюта бағамынан құбылмалыға және керісінше өту, қандай да бір валютаның басқа валюталарға немесе валюталар себетіне қатысты бағамын белгілеу, валюталық бағамды реттеудің нарықтық әдістерін қолдануға немесе қолданудан бас тартуға өту.

     Қазынашылық бөлімшесі ағымдық валюталық  тәуекелді сараптау мен мониторинг жүргізу мақсатында шетелдік валютаның  ұлттық валюталық бағамының өзгеруіне  ағымдық (күндізгі) болжам жасауды және тоқсан сайын Банк ағындары мен қайтымдарын жоспарлауды жүргізеді. Валюталар ағындары мен қайтымдарының жоспары қажеттілігіне орай түзетіледі.

     Валюталық тәуекелді тиімді басқару және бағалау  мақсатында Тәуекел-менеджмент бөлімшесі  Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес валюталық тәуекелге (Var) ай сайын бағалау жүргізеді және Активтер мен пассивтерді басқару комитетіне валюталық тәуекелді басқару мақсатында объективті шешімдер қабылдау үшін береді. Сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген валюталық позиция шектерінің сақталуына мониторинг жүргізу және шетелдік валютамен жүргізілетін операциялар тиімділігін сараптау жүзеге асырылады.

     Валюталық тәуекел шетел валютасында ашық валюталық ұстанымы бар (баланстық  немесе баланстан тыс) кезең ішінде валюта бағамдарының жағымсыз өзгерістері барысында шығындарға әкеліп соғатын тұрақсыздық тәуекелі болып табылады.

     Валюталық тәуекел көзі болып, сонымен қатар  шетел валютасында жүзеге асырылатын болашақ төлемдер болған жағдайда негізгі  валютаға теңгені айырбастау бағытының девальвациясы болуы мүмкін.

     Тұрақты негізде валюталық тәуекелді  басқару бойынша басқарушылық есептілік  жасалады, валюталық тәуекелді бағалау  жөніндегі әдістемелерді әзірлеу  және жетілдіру жүргізіледі.

     Табыстар  құрылымында валюталық құранды қызметтерді жүзеге асырудан түскен табыс, сатудан түскен жалпы табыстан шамамен 2–3% құрайды, бұл валюталық бағамның жағымсыз өзгерістері барысында валюталық тәуекелді маңызды болмаса да төмендеуіне енгізілген хеджирлендіру механизмі ретінде әсер етеді.

     Сонымен бірге, валюталық тәуекелді диверсификациялау  тәсілдерінің бірі болып табылатын, валюталар кәрзіңкесіндегі (теңге, доллар және евро) жедел банктік  салымдар депозиттерінде уақытша бос  ақшалай қаражаттарды орналастыру  жұмысы өткізіледі.

     Коммерциялық банк қызметтеріне әлемдік валюта нарығындағы валюталық бағамының өзгеруініңықпалы өте зор, себебі коммерциялық банктер валюта нарығының ең белсенді қатысушыларының  бірі. Сонымен бірге, коммерциялық банктер  резиденттерге де және резидент еместерге де бірдей қызмет  көрсетеді. әдетте, валюта нарығын бірнеше түрге бөлуге болады. Атап айтсақ:

  1. Ресми түрде ұйымдастырылған валюта нарығы;
  2. Ресми түрде ұйымдастырылмаған валюта нарығы;
  3. Ішкі валюта нарығы, сыртқы валюта нарығы.

     Егер  валюта нарығының қатысушысы тек қана резиденттер болса, онда ол ішкі валюта нарығы деп аталады, ал егер валюта нарығының қатысушылары резидент еместер  және резиденттер болса, онда нарықты сыртқы валюта нарығы  деп атаймыз.  Ішкі және сыртқы валюта нарығының  қатысушылары әртүрлі  болғанымен валюталық коньюктураның сипаты бірдей. Себебі ішкі валюта нарығында да, сыртқы валюта нарығында да валюта бағамының өзгеруінің әсері бірдей.

       Валюта  нарығын тағы былай  бөлуге болады:

  1. Тек бір валютамен сауда- саттық ұйымдастырылатын валюта нарығы;
  2. Тек екі валютамен сауда- саттық ұйымдастырылатын валюта нарығы;

       Коммерциялық банктер аталған  валюта нарығына белсенді түрде  қатысады және қатысуының мынадай  себептері бар:

    • Клиенттер тапсырмасы бойынша нарыққа валютаны сату керек;
    • Коммерциялық банктер валюталық нарықта  валютамен спекулятивтік операциялар арқылы валюталық бағамдарының айырмасы есебінен табыс табу үшін қатысады;
    • Коммерциялық банктер валюталық нарыққа валюталық позициясын жабу үшін немесе теңестіру үшін қатысады.

     Валюталық  нарықта  коммерциялық банктер  әртүрлі валюталық операциялармен айналысады. Кез- келген  мемлекетте коммерциялық банктер валюталық нарыққа қатысып, валюталық операциялармен айналысу үшін міндетті түрде коммерциялық банктер ресми қадағалау органдарынан лицензия алу керек. Егер банктің лицензиясы болмаса, ондай банктерге валюталық операциялармен айналысу тиым салынады. Лицензия беруді коммерциялық банктердің   валюталық операцияларын  реттейтін инструмент деп қарастыруға болады.

     Валюталық  операциялармен айналысуға құқық беретін лицензия алу Қазақстанда валюталық реттеу және бақылау заңына валюталық операциялармен айналысу ережесіне сәйкес беріледі. Заң мен ережеге сәйкес мынадай валюталық операциялардың  түрімен банктер айналыса алады:

  1. клиенттерге валюталық шот ашып, қызмет ету;
  2. Коммерциялық банктер валютамен  активтік және пассивтік операция жүргізеді;
  3. Валютамен сыртынан қаражат тарту, яғни депозитттерді тарту немесе валюталық пассивтік операциялар дейміз. Ал валюталық активтік операцияларға мыналар жатады:
  • клиенттерге валютамен несие беру;
  • бағалы қағаздарды валютаға сатып алу;
  • банк корреспонденттердің клиентерінің тапсырмасы мен валюталық есеп ажырасу және сол банк корреспонденттерінің клиенттеріне валютамен кассалық қызмет көрсету;
  • банк өзінің клиенттерімен банк корреспонденттерге шот ашу.

       Лоро шот - Қазақстандық коммерциялық  банктер өзінің жанынан  Ресейдегі  немесе тағы басқа мемлекеттегі  банктердің өтінішімен ашылған  шот (корреспонденттік банктің  тапсырмасыменашылған шот).

     Лоро  шоты пассивтік шот, өйткені шет  елдік корреспонденттік банктер осы лоро шотқа аударады.

     НОСТРО  – Қазақстандық Коммерциялық Банк ресейдегі немесе америкадағы банк корреспондентіне сол жақтағы Қазақстандық компанияларға қызмет көрсету үшін тапсырма беріп шот ашса. Ол сыртқа орналастырылған, сондықтан ол активтік шот.

  • шет елдік инвесторлаға валюталық шот ашу немесе сол шот бойынша қызмет көрсету;
  • Қазақстандық банктер өзінің меншікті қаражаттары есебінен жүргізетін валюталық операциялар;
  • шет ел валютасымен номинацияланған төлем құжаттары мен бағалы қағаздарды шығару, сатып алу, сату, сақтау және т.б. операцияларды жүргізу (чектер, аккредитивтер, вексельдер, акциялар, облигациялар);
  • 3-ші бір тұлға үшін поручительствоберу (кепіл болу), кепіл беру және т.б. міндеттемелер беру;
  • факторинг немесе форфейтингтік операциялар.

Информация о работе Лекциялық сабақтардың мазмұны, тақырыптардың аттары