Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 20:24, курсовая работа
Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі- мектеп оқушыларының іс-әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы. Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың алдын-ала шығармашылықпен дамытуына жол ашу.
I.Кіріспе
Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі- мектеп оқушыларының іс-әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы. Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың алдын-ала шығармашылықпен дамытуына жол ашу.
Тәрбие берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады.
Негізінде қолөнер көне заманнан бері халық тұтынып келе жатқан лттық мүлікттер мен заттарға таяқша, сызықша салып оюлайтын қарапайым әшекелеуден бастап, қазіргі дәірдегі айналаны қоршаған табиғат құбылысын ағашқа, сүйек, керамика мен түсті металлға, жасау-жиһаздарға бейнелейтін сюжетті өрнектермен әшекелеуге дейінгі жоғары дамыған кезіне келіп жетті. Тарихи жазба ескерткіштер мен археологиялық деректерге карағанда, Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі бұдан екі жарым мың жыл бұрын, әрбір дәірде өзінің өшпес ізін қалдырып, талай тайпалардың творчествосы арқылы қалыптасып, мәдени мұраға айналған.
Республикамызыдың
әр жерінде қазіргі кезде
Қолөнердің халық қажетін өтейтін тамаша үлгілері көп. Айталық, халқында өрнек тоқу, алуан түрлі кілем, бау, баскүр, алаша, қоржын, аяққап тоқу мен текемет басып, сырмақ сыру, түс киіз жасау сияқты өнері кең тараған. Ал сол халық өнері шығармаларын жинап, зерттеуде, оларды насихаттауда Қазақстан музей қызметкерлерінің, ғалымдарының, археологтарының да еңбегі аз емес. Солардың тырнақтап жинаған асыл бұйымдары қазір республикамыздың тарихи өлкетану және өнер зерттеу музейлерінде жинақталған. Осы музейлердің бәрінде де қазақ халқының тарихи, этнографиясы, ою-өрнектері жөнінде бағалы дүниелер бар. Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырды. Қолөнерінің қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі де аса бай. Онымен бірге ол күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-жақты бейнелеуде, халықты эстетикалық жағынан тәрбиелеуге қызмет етеді. Қазақстан топырағын мекендеп, тіршілік еткен сақтар мен массагаттардың барлық заттары әшекейленген, киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімі, ұзын шапаны мен көннен жасалған жұмсақ аяқ киімдері әшекейленген.
Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны - жай бір жалпылама ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңіл бөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау,оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы,өнердегі,табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған.
Менің жұмысымның негізгі мақсаты, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына өнер шығармалары арқылы өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін, өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту, оқушылардың ой-өрісін дамыту, эстетикалық тәрбие беру болып табылады.
Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «Жаратылыс адамы» теориясын қалыптастырды.
Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек - ақ.
Көркемөнер
табиғат мәнімен шұғылданғанда
ол өз тұрғысынан емес «
2.1. Көркемөнер
шығармаларының қалыптасу
Көркем шығарма — өнерді осы нақты әлемде көрсетеді. Олар шынайы көркем жаңа мәдениетте өзінің-өнердің біртуар шығармалары тарихымен қатар дами отырады.
Бұл әлемдегі заттардың бәрі өзінің мәніне, мағынасына және баға-құнына тікелей адаммен байланысында ғана ие болады. Бұл дүниеде мүмкіншілігі бар бүкіл болмыс және барлық мән-мағына осы дүниедегі ең биік құндылық әрі жалпы құндылықтар тудырушы — адамның маңайында орналасқан.Эстетикалық әрекеттің түп-тамыры өнермен байланысты. Көркем шығармашылықтың мәні де адам әлемін тұспалдай, белгілі бір көркем бейнелер арқылы жеткізеді. Көркем туындылар дүниеге деген белгілі бір көзқарастардың, ұжымдық ой-пікірдің, азды-көпті ақпараттың рәмізі болып табылады. Ол — болашақтағы ұрпақтарға үндеу, белгілі бір мәдени-әлеуметтік құрылымның көрінісі.
Көркем туындылар көркем бейнелер арқылы қоғамның қойнауында сырт көзге білінбестей өтіп жатқан өзгерістерге, шиеленістерге сезімталдық танытып, көрнекілейді. Соның нәтижесінде керкем шығармалар әлгі күрделі жағдайлардың ушықпай, ішінара бәсеңдеуіне жәрдемдесетін сауықтыру шарасына да айналады.
Шынайы туындылардың көркем бейнелері тек өз уақытында, яғни өзін қоршаған мәдени-әлеуметтік шындықта ғана өзектілігін танытпайды, ол өзінен кейінгі келер кезеңдердің бәрінде де өміршең болады. Осы тұста орыс мәдениеттанушысы М.Бахтиннің "үлкен уақыт" терминін келтіре кеткен дұрыс сияқты. Шынайы керкем бейнелер "үлкен уақытта" өзінің алғашқы мән-мағынасының негізін өзгертпей барып өзгеріске ұшырайды.
"Үлкен уақытта" көркем бейнелер өз бастауынан ағып шығып, өз арнасын жоғалтпай, бірақ өзен іспеттес жаңа жерлерден, жаңа елдерден табылады. Үлы керкем бейнелер көп түрлі құбылыс, өйткені онда мәндік-мағыналық терең тұңғиық жатыр. Классикалық бейнелерден әр заман өзінің жаңа қыр-сырын тауып, жаңа түсінігін әкеледі. Мысалы, XIX ғасыр Гамлеттің көркем бейнесінен зиялылықты, өзін ой-сана таразысынан өткізген парасатты жанды көрсе, XX ғасыр оны сол заман рухына сай күрескер, жалынды жан деп танытады.
Көркемдік деңгейі мен орындаушылық шеберлігі жоғары, репертуары әлемдік, отандық классикалық және халық композиторлары шығармаларынан түзілген ұжымдарға «Халық оркестрі» атағы беріледі. 1962 жылы 5 қазақ ұлт аспаптары оркестрі осындай жоғары атаққа ие болады. Солардаң бірі Ақтөбе облысы Байғанин аудандық халық аспаптары оркестрі Москвада Кремль театрында халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде бірнеше күн концерт береді.Музыкалық көркемөнер жанрларының ішіндегі бұқаралық-көпшілік хор жанры алпысыншы жылдары кең өpic алады. 1960 жылы мемлекеттік клуб жүйесінде 1602 хор үйірмесі жұмыс істейді. Ал 1965 жылы Солтүстік Қазақстан (173), Шығыс Қазақстан (163), Қостанай (202) облыстарында 538 хор ұжымы жұмыс жүргізеді.
60-жылдары жастардың
жеңіл эстрадалық музыка
Әйткенмен де, ауыл-село, қала еңбеккерлеріне мәдени-көркемдік қызмет көрсетуде, олардың рухани дүниелерінің молығуына, көркемдік-эстетикалық таным деңгейінің өсіп, әсемдікке үйірсек болуына көркемөнерпаздар атқарған жұмыстар, мәдени-ағарту жұмыстары тарихының есте қалар сәттері болды. Көркемөнерпаздылықтың өркен жақына сол жылдардағы қазақ әдебиеті мен өнерінің жетістіктері де үлкен әсер етті. Қазақ музыка өнерінің майталмандары Бақытжан Байқадамов, Садық Кәрімбаев, Бекен Жамақаев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Нұрғиса Тілендиев т.б. шығармалары көркемөнер репертуарының тірегі болған еді. Соның нәтежесінде 2500 казак әндері мен күйлерін нотаға түcipiп, казак өнерінің ірге тасын қалаушылардың 6ipi болды. «қазақ халкыньщ 1000 әні» (Орынбор,1925ж., Мәскеу, 1963ж.) Және «қазақтың 500 әндері мен күйлері» (Алматы, 1931 ж.) Атты жинақ құрастырды. Кейін А.В.Затаевичтщ жазып алған халыктык мұралары бойынша. «Халык әндері (Алматы, 1971 ж.) деген атпен жарық А.В.Затаевичтың жинақтарындагы нотаға түсіру әндері,күйлері көбіне қазақ және баска да лт композиторларының шығармаларына аркау болып қалдырды. Сол кездеп жинап қалдырган әндері мен күйлері өнделіп сурыпталып бүгінгі күнгі халык игілігіне асып отыр. Қазақ халкының бай музыкалык мұрасын тағы басқа ғалымдар әлі де зерттеу жұмыстарын жалғастырып келеді. Музыкалык оку орындарында, мектептерде эпостык жырлармен байланысты. Эпос-эпикалык щйдыц тарихи модель қазақ халқының дәстүрлі эпикалык жанрлары - жыр, терме, толғay, желдірме. Мәдени - ағарту мекемелерінің (әсіресе ауылдық жерлерде) көркемөнерпаздылық шығармашылықты, оның халықтың бос уақытын ұйымдастырудағы маңызын күшейтудегі ролін жүйелі түрде арттырып отыру назарда болды. Осы мақсатта мәдениет үйлері мен сарайларының, клубтардың материалдық базасын едәуір нығайту, үйірмелерді маман жетекшілермен қамтамасыз ету іске асырылып отырды. Оқушыларға сапалы да саналы ұйымдастырылған мектен тыс шаралар мен мәдени және көпшілік шаралар игі әсер етеді.
Дарындылық – белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс – тәсілдері жоқ. Дарындылық жеке қабіліттілік шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлермен көптеген еңбектері арналған. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты маңызды ой – пікірлер жинақталды. Бұл мәселенің түп тамыры ой – пікірғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қаьіліттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдардың және алдыңғы қатардаңы әр елдің озық ойлы педагогтерінің кездеседі. Қабілетілік пен дарын мәселесі – Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Мысалы, Әбу Насыр Әл – Фараби « бақытқа жетту трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне білім беруді түрлі озық әдіс тәсілдер қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай « жетінші қара сөзінде » баланың ақыл ойы, қабілетілігі туралы мынадай пікір айттады: « жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады.
1.Ішем, жесем, ұйықтасам. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, таппайды.
2.Білсем екен деп, не көрсе соған талпынып. Жалт – жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарып, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай керней болса даусына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, « ол немене?» , « бұл не?» деп « ол неге үйтеді?» , « бұл неге бүйтеді?» деп , көз көрген үтір құлағы естігеннің барын сұрап тыныштық көрмейді. Мұның бары – жан құмары, білсем екен көрсем екен дегені.Тәрбие арқылы бала қоғам өзін ғасырлар бойы асыл мұрасын, дағды мәселесінде береді. Әсіресе, дарындылық қабілітті жоғары оқушылар мұны көбірек қажетсініп, үнемі ізденіп отырады. Туда дарындылар, қабілеттілігі жоғары үнемі өз ойын шағармашылығында көрсеткісі келеді.
Дарынды оқушылармен жұмыста оқушылардың қоғамдық ұйымдардың жұмысын жандандыру көп нәтеже береді мектепте өткен ірі сайттар біріншіліктер, зияткерлік, тәрбиелік шаралар, акциялар мектептен тыс жұмыстар және т.б оқушының қабіліт қарымын артырады. Сонымен мектеп оқушылардың дарындылығымен шығармашылығын артыру мақсатында құрылған бірнеше қоғамдық үйірмелер бар: « АЙДАНАЙ – би үйірмесі, ЖАС ДАРЫН - хор үйірмесі, СЫРЛЫ ҚАЛАМ – суретшілер үйірмесі, ЖАС ӘНШІЛЕР үйірмесі, ҚҰРМАНҒАЗЫ – домбырашылар бірлестігі». Мұндай үйірмелердің ұйымдастырған мектептен тыс шаралармен мектепте өткен тәрбиелік шаралар оқушы қабілітімен оқушы қабілітімен дарынын ұшдаудың негізгі алаңы. Қазақ халкының өзге халыктар сиякты өзіне тән ұлттық мәдениет, тарихи-этнографикалық ерекшеліктері бар. Ол ерекшелік ертеден калыптаскан аңыз әңгімелер, дастан хикаялар, т.б. Өткен гасырларда казак халкының аңыз әңгімелері. Мен фольклорлык ән-күйлерін, жыр-дастандарын зерттеп халкымыздың мәдениетіне шексіз үлесін қосқан зерттеушілер бар екені мәлім. Алгашкы зертеушілер аллектров, А.Бимбоэс, С.Рыбаков, Г.Потанин, А.Эйхгорн, Ш.Уэлиханов, т.б. Болса, кешрек А.Затаевич, А.Жубанов, Б.Ерзакович, П.Аравин, тағы баскалар ілгері дамытты. Казакстанда музыка кайраткері ел арасындагы көпшілікке таралмай, нотаға басылмай жаткан қазақтың халык әндері мен жырларын, күйлерін халық арасынан жинап зертеу саласында өнер зерттеушісі ғалым, фольклорист А.В.Затаевичт қоскан үлесі ұшан – теңіз. Ол өз өмірінің бестен астам жылын казактың халық әндері мен жырларын халық арасынан жинау iciнe арнаған.Оқулыкта жыр, терменің бір қатар үлгілерінің ноталық мәтіні бар. Сондай шыгармаларды алгаш тындап, келе – келе орындап игеру аркылы оқушылардың,танымдыкка дамытуға болады. Сондай – ақ «Елім-ай», бағдарламасы бойынша (авторлық топтың жетекшісі - п.ғ.д, профессор М. Балтабаев) қазақ халкының дәстүрлі көркемдік мәдениеті аркылы оқушылардың музыкалық – эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың маңызын ерекшелеп айкындай түскен. «Мұрагер» бағдарламасынығң авторы А.Райымбергенов халкының әдет- құрып, өнерін, тілін тереңірек үйренуге шакыра отырып балалар бойына отан сүйгіштік сезімін тәрбиелеуге ерекше кеңіл бөлген. Домбыра аспабын ауызша, нотасыз ойнауға, окушының түсінуге тиімді әдіс- тәсілдерді қолданады. Окытудың жеңілден бастап күрделіге көшу кағидасы бойынша өзінің ic-әрекетінде окушылардыц домбырада жеңіл жаттыгулар мен ән, куйлерді орындаудан, 6ipтe -6ipтe күрделі шыгармаларды меңгеруге көшуі елеулі жеттістікке әкеледі «Сыр ел! - жыр елі» (курастыргандар Ш.Кулманова, М.Оразалиева, Б.Сулейменова) бағдарламасының да айтарлықтай ұтымды тұстары бар. Авторлық ұжым түрлі шығармашылық тапсырмалар аркылы эпикалық жанрды, халық аңыздарын музыкалық репертуарга қосып окушылардың кызығушылығын, ынта-жігерін арттыруды көздеген. Оқу бағдарламасында сыныптан тыс оқылатын әдебиеттер тізімі, әр сыныпқа нақтылы сағаттар саны көрсетілген. Бұған қатып қалған нәрсе деп қарауға болмайды. Мұғалім өз қалауы бойынша ішінара оны өзгертіп, керекті деген шығармаларды өз қалауымен ұсына алады. Кітап тапшылығы, қағаз тапшылығы алға жібермей тұрған бұл заманда бағдарламадағы авторлардың табылуы да қиын болуы мүмкін. Сондықтан оның орнына басқа шығармаларды оқытудың қателігі жоқ. мысалы, 5 – сыныпта Ыбырайдың «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі оқуға, талдауға ұсынылады. Ол әңгімені оқып болған соң, оның «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Талаптың пайдасы», «Әкесі мен баласы» атты әр түрлі тақырыптарда жазылған әңгімелерін сыныптан тыс оқу сабағында талқылауға болады. Мектептен тыс үйірме жоспарлағанда мына мәселелерді негізге алудың да тиімділігі бар.