Көркемөнер шығармашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 20:24, курсовая работа

Описание

Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі- мектеп оқушыларының іс-әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы. Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың алдын-ала шығармашылықпен дамытуына жол ашу.

Работа состоит из  1 файл

Курсавой.doc

— 698.50 Кб (Скачать документ)

Оқыту барысында  оқушылардың сыныпта алған білімін  дамытып, оны ары қарай жетілдіруде  сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Әдебиет сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады. Сыныптан тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді. Оны жүзеге асыру жолында мұғалім ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білуі қажет. Бұл шаралардың бәрі мұғалімнен көп ізденісті күтеді. Қорыта келгенде, сыныптан тыс оқытуды жүйелі түрде таңдап алғанда, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады.

Оқыту  - білім  берудің негізгі жолы болып табылады. оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту.

Мектептен  тыс  үйірме мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.

Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті  оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту,  жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.

Мектептен  тыс  үйірме нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың  жас ұрпаққа берері көп.

Мектептен тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер  т.б.

Үйірме жұмыстары – Мектептен тыс үйірме жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын – жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби – шығармашылық үйірмелерінің жас ақын – жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби – шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері  соңғы  кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде.

Әдеби үйірмелердің бір түріне «Кітап достары» немесе  «Кітап – білім бұлағы» деген  үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V – VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, «Құрметтейік те көтерейік ананы!» (8- наурыз қарсаңында), «Менің Қазақстаным» (Республика күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, «Ұқыпты бала», «Кітап жанашыры», «Білгір» (кітап көп оқитын), «Шапшаң» немесе «Алғыр» (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады.

Үйірмелердің тағы бір түрі – мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады.  Драма үйірмесіне мектеп оқушыоары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме жетекшісі мектептің оқу – тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты – жекелеген оқушының сан қырлы  көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік  пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып,  көркем білім негізін қалыптастырады. Мектептегі әдебиет үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты жастарды тәрбиелейді. Әдебиет үйірмесі де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Әдебиет үйірмесін ұйымдастырғанда  ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы  мүмкін. Әдебиет пәнімен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір жұмыстар атқарып, қазақ әдебиеті тереңдете оқытуға үлес қосады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі тәрбиеге халықтың педагогикаға сүйене отырып мынадай жоспар құруға болады.    Тәрбие – отбасынан басталады. Әр ата – ана өз баласын ақылды, білімді, ойлы, рухани жан - -дүниесі бай болып өсуін қалайды. Тәрбиені не арқылы береді? Әрине, кітаптар арқылы баланы тәрбиелейді. Бала кезінен кітап оқыған бала ер жеткенде алысқа барады. Кітап оқу арқылы ой, тіл, дүниетанымы дамиды. Ұлы педагог А. С. Макаенко баланың оқуына отбасындағы басшылықты жоғары бағалап, ата – ана жас күнінен – ақ кітапты сүйе білуіне тәрбиелеуге тиіс дей келе: «Жақсы айтылған ертегі  - ол тәрбие берудің алғашқы қадамы және осы жағдай әр отбасында болса екен» - деп,  ең алдымен ертегі оқудан бастау  керектігін ескертеді.

Мектептен тыс  үйірме жұмысты өткізудің формасын таңдағанда, ең әуелі тәрбие жұмысының нақты мақсаттары мен міндеттерін есте ұстаған жөн. Мектептен тыс үйірме жұмысын ұйымдастырушы мұғалім ең алдымен сабақтан тыс тәрбие жұмысын жоспарлайды. Мектеп директорымен және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен бірігіп алдағы оқу жылындағы тәрбиенің негізгі міндеттерін анықтайды, оқушылар айналысатын іс-әрекеттердің түрлерін қарастырады және мектеп көлеміндегі негізгі тәрбиелік шараларды белгілейді. Сондықтан да сыныптан тыс жұмыстар мектеп мұғалімдерінен көп ізденісті, білімділікі күтеді.

Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын  жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының  біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік  пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып,  көркем білім негізін қалыптастырады.

Мектептегі  әдебиет үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы  бар талантты жастарды тәрбиелейді. Әдебиет үйірмесі де жыл басынан  жоспарланып дайындалады. Әдебиет  үйірмесін ұйымдастырғанда  ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы  мүмкін. Әдебиет пәнімен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір жұмыстар атқарып, қазақ әдебиеті тереңдете оқытуға үлес қосады.

Оқушылардың пәнге  деген қызығушылығын арттырып, олардың  білімін тереңдете түсуде, тәрбие жұмысында мектептерде ұйымдастырылатын әдебиетке арналған сыныптан тыс  жұмыстардың формалары да сан  алуан болып келеді.

 

 

 

 

III.Қорытынды.

 Тәрбие үрдісін  ізгілендірудің және мектептен  тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің  негізгі шарты - оқушыларға даралап  ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім  ортақ істің ұйымдастырушысы,  белсенді қатысушысы болуға үлкен  мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі.

Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі  тәрбие ісінде маңызды функцияны  атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымөн қатар олардың қажетті дағды мөн біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды.

Оқушылардың бос  уақыттары мәдени шараларға; көлге  шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Оқушылардың бос уақыттары  мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке  шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады.

Кiтапхана қорында  оқушыға керекті кітаптар жетерлік,кітапхананың жұмыс уақыты таңғы сағат 9 дан, кешкі  сағат 9 ға дейін.Оқушылардың бос  уақытына кинозал қызмет етеді. Және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысын атқаруда. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Ағаш өңдеу  7 класс. Арнайы оқулық, Алматы 1978 жыл.

2.Аймауытов  Ж. Шығармалары. Алматы,1989.

3.Бакланова  Г.И. Теоретические основый педагогического  руководства художественой самодеятельности: -Л. 1990.

4.Е. Омаров. Көркемөнер  шығармашылығы тарихы. А.,-1986ж

5.Е. Омаров. Көркемөнер  шығармашылығы тарихы. А.,-1996ж

6.Жарков А.Д.  Технология культурно – досуговой  деятельности.                          –М.; Просвещение, 1998. -248с

7.Жарықбаев  Қ.,Қалиев С. Халық педагогикасының  тағылымдары. “Бастауыш мектеп”, 1990, № 2.

8.Жубанов А.Х.  Ән–күй сапары. -А.1976

9.Ковалева А.И. Трудовое воспитание учащихся во вне школьных учреждениях: Автореф.дис.канд.-М.,1980.22с 

10.Қазақ совет  энциклопедиясы.1-12 томдары.Алматы,1972-1978.

11.Қазақ Совет энциклопедиясы-А. 1971

12.«Қазақстан  Республикасының Білім туралы  заңы». Алматы, 1999

13.Маргулан А.Х.  Казахская юрта и ее убранство.  М. 1964.

14.Муканов М.С.  Казахские домашние художественные  ремесла. Алматы,1979.

15.Омар Е.О.  Мектептен тыс мекемелерде тәрбие  жұмысын ұйымдастырудың негіздері:  оқу құралы. – Шымкент: ОҚМУ, 2009.-183б.

16.Омаров Е.О.  Көркем өнер шығармашылығының  тарихы. –Алматы, 1986.

17.Сапарова Ю.А.  Қазақстандағы көркем өнер шығармашылығының  қалыптасуы. –Астана, 2005.

18.Сапарова.Ю.А.  Қазақстандағы көркемөнер шығармашылығының  қалыптасу.-Астана, 2005.

19.Сарсенбаев Н.С. Обычай, традиции и общественная жизнь. Алматы,1974.

20. Смирнова  Е.И. Профессиональное ориентация  в клубе –Л:1973.

21. Х.Арғынбаев.  Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми-зерттеу  еңбек.-Алматы,1987.




Информация о работе Көркемөнер шығармашылығы