Көркемөнер шығармашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 20:24, курсовая работа

Описание

Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі- мектеп оқушыларының іс-әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы. Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың алдын-ала шығармашылықпен дамытуына жол ашу.

Работа состоит из  1 файл

Курсавой.doc

— 698.50 Кб (Скачать документ)

Үірме мүшелерімен жүргізген жұмысыма алдыма қойылған мақсатым оқушыларды шығармашылық ізденіс жұмыстарына баулу. Біздің оқушыларымыз оқу тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбие алу арқылы қоғам талабына сай біздің мақтанышымыз.

Атқарылған жұмыстар нәтижелі қорытынды бере отырып шығармашылықпен жұмыс істелінді.

Бұл міндетті шешуде оқушылардың уақыты тиімді пайдалану барысында тәрбие  жүйесінде эстетикалық тәрбиенің ғылыми негізделген әдістемесін жасау қажеттілігі туындайды. Сондықтан да оқушылармен үйірме жұмыстарын ұйымдастыру – оқу орындарының мәдени ағартушының жұмыстарының құрамдас бөлігі болып табылады.

Үйірме жұмысы-бұл педагогикалық әрекет.

Үйірме мүшелерінің жүйелі түрде өнер, музыка әдебиет және поэзия саласынан танымдық белсенділіктерін арттыруға және эстетикалық сапаларын оятып көркем өнерден талғамдарын дамытуға бағытталуы тиіс.

Үйірме жұмыстарын балаларға өзінше бір педагогикалық ықпалды жүргізүші ретінде қабылданады. Соған сәйкес оның жұмысын басқару Үйірме мекемелерінің міндеттері оларды ұйымдастру.

Мысалы барлық балалар жас ерекшеліктеріне байланысты топтарға бөлінеді.

Үйірме жұмысының ұйымдастыру формасы балалардың әрекеттің әр түрлі бағытына араласуы тиіс.

Оқушының бос  уақытын ұйымдастыруы

Тәрбие үрдісін  ізгілендірудің және мектептен тыс  тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі  шарты - оқушыларға даралап ықпал  ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі.

Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі  тәрбие ісінде маңызды функцияны  атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық  ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымөн қатар олардың қажетті дағды мөн біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды.

Оқушылардың бос  уақыттары мәдени шараларға; көлге  шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады.

Оқушылардың бос  уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады.

Мектептен  тыс үйірме бағдарламалық талаптар бойынша жүргізіледі. Оған бағдарламада қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады.

Мектептен  тыс  үйірме бөлінген сағат көп емес. Бөлінген уақытты ұтымды пайдалана отырып, оқушылардың әдебиет сабақтарында алған білімдерін сыныптан тыс оқу сабақтарында кеңейту мен тереңдетудің тиімді жолдарын іздестірген жөн.1

Мектептен  тыс  үйірме сабағы - әдебиет сабағының жалғасы. Ол арқылы мұғалім оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді, оқыған шығармаларды есепке алады, қадағалайды, тексереді, оқушылардың қабілетін арттырады. Мектептен  тыс үйірмеге арналған сабақтарда оқушылар бірде сабақта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқыса, бірде кейбір үстірт түсіндірілегн мәселеге қайта оралып, оны нақтылай, дәлелдей түседі, енді бірде оқушыларды алда болатын әдебиет сабағына дайындайды. Бұған қарап Мектептен  тыс үйірме  сабағын қалыптағы дәстүрлі әдебиет сабағы деуге болмайды. Себебі, үйірме сағатына  қарағанда, мұнда оқушылардың дербес жұмысына, өзіндік ізденуіне, пікір еркіндігіне мол мүмкіндік беріледі. Сондай – ақ баланы жеке адам ретінде қалыптастыруға қажетті тәрбие жұмыстарын іске асыруда сыныптан тыс оқудың  маңызы зор.

Оқу бағдарламасында сыныптан тыс оқылатын әдебиеттер тізімі, әр сыныпқа нақтылы сағаттар саны көрсетілген. Бұған қатып қалған нәрсе деп қарауға болмайды. Мұғалім өз қалауы бойынша ішінара оны өзгертіп, керекті деген шығармаларды өз қалауымен ұсына алады. Кітап тапшылығы, қағаз тапшылығы алға жібермей тұрған бұл заманда бағдарламадағы авторлардың табылуы да қиын болуы мүмкін. Сондықтан оның орнына басқа шығармаларды оқытудың қателігі жоқ. мысалы, 5 – сыныпта Ыбырайдың «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі оқуға, талдауға ұсынылады. Ол әңгімені оқып болған соң, оның «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Талаптың пайдасы», «Әкесі мен баласы» атты әр түрлі тақырыптарда жазылған  әңгімелерін сыныптан тыс оқу сабағында талқылауға болады.    Мектептен тыс үйірме  жоспарлағанда мына мәселелерді негізге алудың да тиімділігі бар. Мысалы, 5- сыныпта М. Әуезовтың «Әжемнің әңгімесін» өткеннен кейін, Ана тақырыбына жазылған Ғ. Мүсіреповтің «Ананың арашасы», «Ананың әңгімесі», «Ер ана» әңгімелерін сыныптан иыс оқуды дұрыс болып келеді.

Бағдарламада  «Әжемнің әңгімесінен» кейін Ғ. Мүсіреповтің «Жаңа достары» тұр, онда да Қайраттың  анасы сөз болады. Жүйелілік, үндестік, байланыс – сыныптан тыс оқу сабақтарына  да басшылыққа алатын маңызды оқу  принциптері. Тақырып үндестігі  ғана емес, жанрын негізге алуда маңызды. Халық ертегілерінен кейін әдеби ертегілере орын беру, лирикалық шығармалардан кейін оны жалғастырып, басқа тақырыптағы басқа автордың лирикалық шығармаларын оқыту – сыныптан тыс оқу сабақтарын ұйымдастырудың келесі мәселелерінің бірі.

Мектептен  тыс  үйірме сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек. Оны әдебиеттегі сабақтардан  мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткізген жөн. Сабақ бойы сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты әдістерден қашқан жөн. Әсіресе, 5 – 8-сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты, оқушыларды тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы керек. Бірізділікпен өтетін сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшан-теңіз, себебі ондай сабақтар баланың кітапқа деген қызығушылығын тежейді, жояды. 5 – 8 сыныптардағы сабақтан тыс оқудың ең басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабақтары, жәрмеңке сабақ, сабақ – викторина, саяхат сабағы, «Бізде ертегі кейіпкерлері қонақта» атты кездесу сабағы немесе «Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдайық!» атты әңгіме сабақтары балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз. Мектепте сыныптан тыс оқу жұмысын мектеп кітапханашысы мен  сынып жетекшісі басқарады. Оқушыларға кітапты ұсынбас бұрын әр түрлі дайындық жұмыстары жүргізіледі.

1.Оқушыны балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты түсініктерін байқайды.

2.Әрбір оқушы қандай дәрежеде оқи алатынын тексеріп біледі.

3.Әңгіме, мақала, өлең, ертегі сияқты көркем шығарма жанрларын оқу үстінде оқушыларға әңгіменің я мақаланың ой түйінін, негізгі идеясын анықтай білуге үйретеді. Мектеп кітапханасы оқушыларды керекті шығармалармен қамтамасыз етуге тиіс. Алайда керекті кітаптар мектеп кітапханасында табыла бермейді.

Оқушыларға  ұсынатын шығармаларды алдымен мұғалім  өзі оқып, оның мазмұнымен танысып  алады. Мектептен  тыс үйірме сабақтары бағдарламаның талаптары бойынша жүргізіледі, сонда көрсетілген қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады.    Мектептен тыс үйірме араналған сабақтарда оқушылар, бірде сыныпта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқып, бірде кейбір үстірт түсіндірілген мәселеге қайта тоқталып оны нақтылай, дәлелдей түседі.

Мектептен тыс  өз қалауымен оқылған кітаптарды дәптерге тізіп жазып отырған дұрыс, немесе мынадай кесте толтыруға болады.

Көркем шығармаларды оқыту ғана емес, әдеби әдістер  дәстүр мен жаңашылдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктер, поэтикалық таңдаулар  сияқты мәселелерге ерекше көңіл  бөлінеді. Сыныпқа, кітапханада жоғарғы сыныптар үшін «Әлем әдебиетінің асылдары», Адамзаттың Айтматовы», «М. Әуезов әлемді аралап кетті» сияқты кітап көрмелерін жасап қоюға болады. Сондай- ақ осы кітап көрмесінің әр тақырыбына сабақ өткізу, оны баяндама, пікір, аннотация, дәріс оқу әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру тиімді болып келеді. Мысалы, «Адамзаттың Айтматовы» тақырыбын (бір сабақ емес, бірнеше сабақ болуы мүмкін) конференция, семинар түрінде өткізуге болады.

Шығармаларды  еркін танданып, сүйіп оқуға Мектептен тыс үйірме  оқыту мүмкіндік береді. мектептен тыс үйірме мектептің оқу-тәрбие жұмысына қосатын үлесі айтарлықтай.

Мектептен тыс жүргізілетін жұмыстың көлемді түрі -  факультативті сабақтар. Оқытудың бұл формасы оқушылардың факультативтік сабақтар арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі, оқушыларға білім терең беріледі. Мектептен тыс үйірме сияқты факультативтік сабақтарда оқушыларды өз бетімен кітапты пайдалана білуге үйретеді, олардың білімдерін кеңейтіп, әдеби талғамдарын ұшқырлай түседі, тілін байытады. Ең бастысы – кітап оқуға құштарлығын арттырады. Факультатив сабақтары әдебиетке байланысты, жалпы мектеп бағдарламасында қарастырылған мәселелерді қамтуы керек. Осыған орай Ы. Алтынсарин    атындағы    ғылыми    топтың    мүшелері М. Қ. Оразбаев,

М. Ж.  Смағұлова халқымыздың салт – дәстүріне жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісіне пайдалану мақсатында қазақ орта мектептерінің V – VI сыныптарына бір сағаттан «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» курсының бағдарламасы жобасын ұсынады.

1. Қазақтың дәстүр  - салттары туралы түсінік – 1 сағат.

2. Бала тәрбиесіне  байланысты салт – дәстүрлер  – 13 сағат.

3. Тұрмыстық  салт – дәстүрлер – 20 сағат.

4. Әлеуметтік  – мәдени салт – дәстүрлер  – 24 сағат.

5. Жаңа заман  салт – дәстүрлері – 10 сағат.

6. Қорытынды.  Салт-дәстүрлер  -  халақ    тәжірибесі  - 2 сағат.1

                 Барлығы – 70 сағат.

Қорыта айтқанда, факультатив сабақтарының оқушылардың  ауызша, жазбаша тілін дамытуда, өзіндік ой дербестігін қалыптастыруда тигізер әсері мол.

Оқушылардың меңгерген  білімін шыңдап, оларды тексеру үшін, әдебиеттен ұйымдастырылатын олимпиадалар жетекші роль атқарады. Олимпиадалар – мектеп ішілік, аудандық, облыстық, республикалық түрде өтіледі. Мектеп олимпиадасы 5 – 10 сынып оқушылары аралығында жүргізіледі.

Олимпиаданы өткізу үшін 1 – 2 ай бұрын ұйымдастыру мүшелері құрылады. Олимпиадаға дайындық әдістемелік бірлестікте өтіп, онда олимпиаданы өткізудің жоспары жасалып талқыланады. Республикалық олимпиада екі жылда бір рет наурыз айында өткізіледі. Ал мектеп, аудан, облыста әр жыл сайын өткізіп отыру дәстүрге айналған. Олимпиада ауызша

1. «Қазақстан  мұғалімі»    журнал.   1990 жыл, қазан. 

және жазбаша  түрде өтіледі. Олимпиаданы өткізуде оқушылардың пәнге деген қызығуын арттыру, белсенділігін көтеру, ауызша, жазбаша білімін тереңдету мақсаттары көзделеді.

Мектепте оқушылардың  алған білімін дамытып, әрі қарай  ұштай түсетін сыныптан тыс жұмыстың маңызды түрі – оқушылар конференциясы. Оқушылар конференциясының негізгі  мақсаты – көзқарасты кеңейту, көркем талғамды қалыптастыру, оқырман мүдделерін дамыту. Оқушылар конференциясы өз ішінен көптеген түрлерге бөлінеді. Мәселен, нұсқау конференцияы. Мұнда оқушылар оқыған кітаптары туралы қысқаша хабарлама – баяндамалар жасайды. Мұндай конференцияның міндеті – оқушыларды қажетті шығармалармен қызықтыру. Қорытынды конференцияларда оқылған шығармаларды талқылау үшін тоқсанның немесе оқу жылының аяғында өткізіледі. Кейде ол бір жазушының шығармашылығына арналады. Тақырыптық конференцияларда әдетте оқылған кітаптар талқыланады.

Тәрбие –  отбасынан басталады. Әр ата – ана өз баласын ақылды, білімді, ойлы, рухани жан - -дүниесі бай болып өсуін қалайды. Тәрбиені не арқылы береді? Әрине, кітаптар арқылы баланы тәрбиелейді. Юала кезінен кітап оқыған бала ер жеткенде алысқа барады. Кітап оқу арқылы ой, тіл, дүниетанымы дамиды. Ұлы педагог А. С. Макаенко баланың оқуына отбасындағы басшылықты жоғары бағалап, ата – ана жас күнінен – ақ кітапты сүйе білуіне тәрбиелеуге тиіс дей келе: «Жақсы айтылған ертегі  - ол тәрбие берудің алғашқы қадамы және осы жағдай әр отбасында болса екен» - деп,  ең алдымен ертегі оқудан бастау  керектігін ескертеді.

Оқушылармен сабақтан  тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне Мектептен тыс немесе сыныптан тыс жүргізіледі. Бұл жұмыс мұғалімнің сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыратын және тереңдете отырып, ең алдымен оқушылардың талаптары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады. Мектептен тыс оқытудағы жұмыстар оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастырудың формасы ретінде олардың адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі болып саналады. Оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс оқыту ерікті негізде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік ең алдымен сыныптан тыс жұмыс түрлерін еркіг таңдап алуды білдіреді. Оқушылармен мектепте өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарға салтанатты кештер мен мерекелер, тақырыптық кештер, мектепке шақырылған атақты адамдармен әдеби кештер, әдеби диспуттар, байқаулар, конкурстар, олимпиадалар мен жарыстар, демалыс кештері жатады. Мектептен тыс үйірме жұмысты өткізудің формасын таңдағанда, ең әуелі тәрбие жұмысының нақты мақсаттары мен міндеттерін есте ұстаған жөн. Мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушы мұғалім ең алдымен сабақтан тыс тәрбие жұмысын жоспарлайды. Мектеп директорымен және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен бірігіп алдағы оқу жылындағы тәрбиенің негізгі міндеттерін анықтайды, оқушылар айналысатын іс-әрекеттердің түрлерін қарастырады және мектеп көлеміндегі негізгі тәрбиелік шараларды белгілейді. Сондықтан да сыныптан тыс жұмыстар мектеп мұғалімдерінен көп ізденісті, білімділікі күтеді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың білімін тереңдете түсуде, тәрбие жұмысында мектептерде ұйымдастырылатын әдебиетке арналған сыныптан тыс жұмыстардың формалары да сан алуан болып келеді. Мысалы, әдебиет апталығы әр түрлі тақырыптарға арналған. Абай мен Пушкин байланысын қарастырғанда екі елдің мәдениетімен, салт-санасымен танысамыз. Абай шығармашылығындағы барлық тәрбиелік байлықты бойымызға сіңіреміз. Екі елдің тарихын байланыстырып, жақсы танып, қазіргі достыққа сүйсініп елбасымыздың әрекетін баалаймыз. Мектептен тыс оқытудың қай жұмысы болмасын оқушыларға тәрбие берелік үлесі мол.  

Информация о работе Көркемөнер шығармашылығы