Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:58, реферат
“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин.
Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :
4-дәріс. Инвестициялық саясат
Кәсіпкерлік қызмет пен экономиканың дамуына ықпал ететін негізгі құрал - инвестициялық саясат болып табылады. Инвестициялық саясат көмегімен мемлекет өндіріс көлемінің қарқынына, ҒТП-ті жеделдетуге, қоғамдық өндіріс құрылымына және көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге тікелей ықпал ете алады.
Инвестициялық саясат ұғымынан бұрын “саясат” сөзінің мәніне тоқталайық. Саясат – бұл (грек тілінен politike деген сөзден шыққан аударғанда мемлекетті басқару өнері) қоғамдық қызмет түрінде түсіндіріледі.
Ал
саясатты инвестициялық қызметпен
байланыстыратын болсақ, онда ол инвестициялық
процессті ұйымдастыру
Инвестициялық саясат – бұл инвестициялық қызметті жандандыру, экономиканы дамыту, өндірістің тиімділігін арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында барлық шарушылық субъектілері үшін қолайлы жағдай жасау барысында мемлекеттің жүргізетін шараларының жиынтығы.
Жалпы алғанда мемлекет инвестициялық қызметтің жандануына мынадай құралдар көмегімен ықпал етеді:
Мұндағы амортизациялық саясат мемлекеттің ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатымен тығыз байланысты. Мемлекет амортицизациялық аударымдарды есептеу және пайдалану тәртібіні белгілей отырып, бірінші кезекті негізгі өндірістік қорлардың жаңару жылдамдығын, ұдайы өндірістің қарқыны мен сипатын реттейді.
Амортизациялық саясатты жасау барысында мемлекет мынадай принциптерді ұстанады:
ҚР-да амортизациялық аударымдарды есептеу ҚР салық кодексінің 110 бабында көрсетіліп берілген.
Инвестициялық
саясаттың мақсаты мен
Міндеттері:
Мемлекеттің инвестициялық саясатынан басқа салалық, аймақтық және жекелеген шарушылық субъектілерінің инвестициялық саясаттары болады. Бұл саясаттардың бәрі бір бірімен тығыз байланысты, бірақ барлығын анықтаушы мемлекеттік инвестициялық саясат болып табылады. Инвестициялық саясаттың өзара байланыстары 2-суретте беріледі.
2-сурет. Инвестициялық саясаттардың байланысы.
Аймақтық
инвестициялық саясат – кез келген
бір аймақтың тұрғындарымен жекелеген
инвесторлардың мүдделеріне сай
инвестициялық ресурстарды
Аймақтық
инвестициялық саясат төмендегідей
факторларға тәуелді болып
Аймақтағы инвестициялық қызметті басқару жүйесінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
Аймақтық
инвестициялық саясат аймақтағы
экономиканы көтеруге және өндірістің
тиімділігін арттыруға, өзіні-өзі
қаржыландыруды қамтамасыз етуге және
аймақтың алдағы уақытта дамуына
жақсы қадам жасауын
Экономиканы дамытуда және өндірістің тиімділігін арттыруда салалық инвестициялық саясаттың ролі маңызды. Ол жекелеген салааралық кешендер және экономиканың саласы деңгейінде жасалады.
Салалық инвестициялық саясат – ағымдағы және алдағы уақыттардағы ел экономикасының дамуын және ҒТП-ті жеделдетуді, дайын өнімді экспортқа шығаруды, елдің экономикалық және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ететін шарушылық салаларын таңдап алып, оларға инвестициялық қолдау көрсету шараларын сипаттайды.
ҚР-да экономиканың жекелеген саларында қатысты инвестиция тартуға мемлекет тарапынан өзіндік қолдау көрсетіледі. ҚР Президентінің жарғысына сәйкес тікелей отандық және шет елдік инвестицияларды тарту үшін біршама маңызды экономика секторларының тізімі анықталған. Оларға мыналар жатады:
Жекелеген
шаруашылық субъектілерінің (кәсіпорындардың)
ивнестициялық саясаты –
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты оның іскерлік жоспарына байланысты жасалады. Егер ондай жоспар болмаса, онда инвестициялық саясат туралы сөз болуы да мүмкін емес.
Кәсіпорында инвестициялық саясатты жасау барысында мынадай принциптерді ұстанады:
Мұндай
және басқа да принциптерді ескеру
кәсіпорындардың инвестициялық
саясаттарын жасау барысында
қате жіберуден және қате есептеуден
сақтануға мүмкіндік жасайды.
5-дәріс. Инвестициялық механизм
Жасалынған
және қабылданған инвестициялық
саясаты инвестициялық
Инвестициялық механизм – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін инвестиция түрлерін, инвестицияны қаржыландыру және несиелеу көздері мен әдістерін, инвестициялық нарықтың қызмет етуіне қажетті нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық тәуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.
Инвестициялық механизм құрылымы мынадай элементтерден тұрады:
Мотивациялық буын – нақты инвестициялық механизмнің сыртқы экономикалық және әлеуметтік ортамен, тиісті экономикалық және шарушылық мехнизмдермен өзара әрекет етуін қамтамасыз етеді. Мотивациялық буынға потенциалды инвесторлардың өздерінің қаражаттарын салатын объектілерді анықтау барысында басшылыққа алатын барлық қызмет түрлерінің мотивтерін пысықтау және зерттеу шараларын қамтиды.
Инвестициялық қызметті ресурспен қамсыздандыру – нақты бір жобаның алдына қойған мақсатына жету мақсатына қажетті ресурстармен жабдықтау, сондай-ақ оларды алатын көздердін талдау және түрлерін зерттеуді көздейді. Инвестициялық қызметте пайдаланылатын ресурстар түрлерінің жіктелуі 1-кестеде берілген.
1-кесте.Инвестициялық
қызметте пайдаланылатын
Ресурстардың категориялары | Ресурстардың түрлері |
1. Қаржы
құралдары мен олардың |
|
2. Жер ресурстары |
|
3. Материалдық емес ресурстар |
|
4. Еңбек ресурстары |
|
Инвестицияны қаржылындыру көздері мен тәсілдерінің көп түрлі болғанымен де, оларды ұйымдастыру формалары қарай мынадай топқа бөлуге болады:
1). өзін-өзі қаржыландыру (инвестициялау мақсатында өзінің ішкі қаржыландыру көздерін пайдалану);
2). сырттай борыштық қаржыландыру (несиелер және займдар);
3). тікелей ( нақты) инвестициялау;
4). жанама (қаржылай) инвестициялау;
Құқықтық және әдістемелік жағынан қамсыздандыру қандай да бір елдің аумағында қабылданған заңдарға және басқа да нормативтік актілер негізінде инвестициялық қызметті реттеу шараларын, сондай-ақ экономикалық даму бағытындағы және нақты бір салалардағы инвестициялық және инновациялық қызметті жоспарлау және жүргізуге байланысты әдістемелік нұсқаулықтарға негізделеді.