Инвестицияларды қаржыландру және неселе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:58, реферат

Описание

“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин.

Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :

Работа состоит из  1 файл

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ КАРЖЫЛАНДРУ ЖӘНЕ НЕСЕЛЕу-11.doc

— 445.50 Кб (Скачать документ)

   Жалпы,  бұл жерде инвестициялық механизмнің  инвестициялық қызметке байланысты заңдармен, мемлекеттің, аймақтың және кәсіпорындардың  дербес инвестициялық  саясаттарымен және экономиканың тиімділігін  арттыру міндеттерімен анықталатын  айтылады.

   Инвестицялық қызметті ұйымдық қамсыздандыру инвестициялаудың алдына қоятын мақсаттарына жетуіне бақылау жасайтын және оның дамуына ықпал ететін қажетті ұйымастырушылық құрылымның болуын қамтиды. Жоспарлау және басқару әртүрлі жобалар бойынша инвестициялық механизмнің жүзеге асуында ерекше орын ала отырып, инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруға байланысты шараларды іске асыруды және бағалауды, қаржылық жағдайына талдау жасауды, ақша ағынын қалыптастыруды, инвестициялық ресурстармен есеп айырысу жүргізуді қамтамасыз етеді.

   Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу көздерінің болуы инвестициялық қызметке байланысты басты мәселелердің шешілуін сипаттайды. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуіне қарай елдегі жалпы экономикалық дағдарыстың орын алуы ивнестицияны қаржыландыру көздерінің тапшылығын көрсетті.

   Инвестициялық процессті қаржыландыру жүйесіне инвестицияны қаржыландыру және несиелеу көздері мен әдістері жатады.

   Кейбір экономикалық әдебиеттерде инвестицияны қаржыландыру және несиелеу көздеріне төмендегідей түрде жіктейді:

  1. инвестордың меншікті ақшалай ресурстары мен ішкі шаруашылық резервтері, соның ішінде:

    а) пайдасы;

    ә) амортизациялық аударымдары;

  1. ивесторлардың қарызға алған қаражаттары, соның ішінде:

    а) банктік  несиелер;

    ә) бюджеттік  несиелер;

    б) облигациялық займдары;

    в) басқа  да қаражаттар.

  1. инвестордың сырттан тартқан қаражаттары, соның ішінде:

     а)  акцияларды сатудан түскен қаражаттар;

     ә)  еңбек ұжымының, азаматтардың, заңды  тұлғалардың қосқан үлестері  мен өзге де мүшелік жарналары; 

  1. қатарымсыз және қайтарылатын негізде берген ҚР-ғы бюджет субъектілерінің қаражаттары;
  2. арнайы мақсатты қорлар қаражаттары;
  3. шетелдік инвесторлар қаражаттары.

     Инвестицияны  қаржыландырудың меншікті көздері  ең тұрақты көздер болып табылады. Кез келген коммерциялық ұйымдардың инвестициялаудағы меншікті қаражат көзінен пайда жатады.

     Нарық жағдайындағы кәсіпорынның басты мақсаты  пайда табу. Пайда – кәспорынның  негізгі қаржылық нәтижесі. Кәсіпорында  алынатын пайданың түрлері: баланстық, жалпы, таза және бөлінбеген пайда.

     Баланстық пайда (Пб) мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:

     Пб = Пс + Пм +с.о. - Шс.о.),  

       мұндағы  Пс - өнімдерді (жұмыстар, қызметтер) сатудан алынған        пайда;

     Пм – кәсіпорын мүлкін сатудан түскен пайда;

     Тс.о – сауда емес операциялардан алынған табыстар;

     Шс.о – сауда емес операцияларға байланысты шығыстар.

     Жалпы пайда салық төлеуге жататын  пайда болып табылады. Кәсіпорын  үшін ең маңыздысы - бұл оның иелігінде  қалатын таза пайда.  Таза пайданың (Пт) есептелуі: 

     Пт = Пб - Ст 

     мұндағы  Пб – баланстық пайда,

     Ст пайдадан төленетін салықтар мен міндетті төлемдер.

     Таза  пайдадан акционерлерге дивидент және әр түрлі пайыздар төленгеннен кейін  кәсіпорында бөлінбеген пайда қалады. Міне осы бөлінбеген пайда кәсіпорындағы  инвестицияны қаржыландырудың басты  көзін құрайды.          

     Амортизациялық  аударымдар да инвестицияны қаржыландырудың  басты көзі. Амортизация – негізгі  қорлардың қызмет ету мерзімі  ішінде шығарылатын өнімдерге өздерінің  құнын беру процессі.

     Негізгі құралдарға ғимарттар, құрылғылар, жұмыс  және күш көліктері мен құрал жабдықтары, өлшейтін және реттеуші құралдар мен құрылғылар, есептейіш техникалары, өндірстік және шаруашылық заттары, және қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын басқа да құралдар жатады.

     Амортизацияға мыналар жатпайды: сыйға беру шарты бойынша алынған негізгі құрал объектілері, тұрғын үй қорлары, орман және жол шаруашылығы объектелері, арнайы құрылғылар, өнім беретін малдар, маралдар және т.б., пайдалану мерзімі жетпеген көп жылдық көшеттер, сондай-ақ сатып алынған басылымдар (кітаптар, оқулықтар және т.б.)

     Еліміздің нарық желісіне өтуімен байланысты қаржыландыру көзі ретінде амортизациялық аударымдардың маңызы арта түсуде.

     Кәспорындардағы амортизациялық аударымдардың шамасы мынадай факторларға тәуелді:

  • кәсіпорынның иелігіндегі негізгі өндірістік қорларлдың орташа жылдық құнына;
  • негізгі қорларды қайта бағалауға;
  • амортизациялық аударымдарды есептеу тәсіліне;
  • ҒТП жеделдетуге.

     Қаржы нарығының басты қызметі  ақшалай  жинақтарды өндірістік инвестицияға жұмылдыру  болып табылады. Мұндай қызмет банктік несиеге тән келеді. Әрине бұл жерде қарыз алушы үшін ең маңыздысы – пайыз мөлшерлерлемесі мен несиенің мерзімі. Пайыз мөлшерлермесінің төмен болғаны инвестициялау процессін қаржыландыруда қарыз алуға деген мүмкіндікті кеңейтеді. Ұзақ мерзімді несиені әдетте инвестициялық несие деп атайды.

     Банктік несиенің басты артықшылығы, ол қарыз  алушыға алдын ала қарыз алып өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік  туғызады.

     Банктік несиелеу объектісіне мыналар жатады:

  • өндірістік және өндірістік емес объектілерді құру, кеңейту және қайта құру;
  • жылжитын және жылжымайтын мүліктерді сатып алу;
  • шет елдік инвестордың қатысумен жаңа кәсіпорында құру;
  • ғылыми-техникалық өнімдерді, интелектуальдық құндылықтарды және басқа да меншік объектілерін жасау,

     Ұзақ  мерзімді несиені беру барысында банк мыналарға көңіл аударады:

  • қарыз алушының таза пайдасы есебінен шығындардың өтелуі;
  • кәсіпорынның несиелік және төлем қабілеттегі;
  • несиелік тәуекел деңгейі;
  • несиелік ресурстар айналымын жеделдету мүмкіндігі.

     Жалпы инвестициялық қызметті қаржыландыру және несиелеу көздерін ішкі және сыртқы көздер деп екі топқа бөлуге болады 3-сурет). 

           Ішкі көздер:                                                                                                                                     Сыртқы көздер:

     

       
 

       
 

     

     

     

     

     

       
 
 

       
 
 

       

       
 
 
 
 
 
 

     3-сурет.  Инвестициялық қызметті қаржыландыру  және несиелеу көздері 

     Инвестицияны  қаржыландыру және несиелеу әдістеріне мыналар жатады:

  1. бюджеттік әдіс;
  2. қарыздық әдіс;
  3. өзін-өзі қаржыландыру әдісі;
  4. тікелей инвестициялар есебінен қаржыландыру әдісі.

     Инвестицияны  қаржыландырудың бюджеттік әдісі  мемлекеттік бюджеттің ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Бюджеттен қаржыландыру мынадай принциптерге сүйенеді:

  • аз шығын жұмсап, барынша жоғары экономикалық және әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу;
  • бюджет ресурстарын пайдаланудың мақсаттылық сипаты.

     Бюджет  ресурстары қайтарылатын және қайтарылмайтын  жағдайларда берілуі мүмкін. Қайтарылатын қаржыландыру әдісі жүзеге асырылатын инвестициялық объектіден коммерциялық тиімділік алу мақсатында жасалады. Тәжірибе көрсеткендей инвестициялық жобаның қай сатысында болмасын мемлекет тарапынан көмек әрдайым қажет.  Сондықтан қайтарылатын бюджеттен қаржыландыру әдісі бірқатар салықтық, және несиелік сияқты жеңілдіктерді қамтиды.

     Ал қайтарылмайтын қаржыландыру әдісі бұл ол жобаның мемлекеттің қажеттілігіне байланысты бекітілген тізімге енген жағдайда жүзеге асады. Сонымен қатар, мұндай әдіспен бюджеттен бөлінетін ресурстар бүгінгі таңда қорғаныс, экология, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және  басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталуда.

     Қарыздық  әдіс бұл банктерден және басқа да ұйымдардан алатын займдар, облигация  шығару арқылы қаражат тарту, вексельді  пайдалану негізінде іске асырылады.

     Банктік несиелеу бұл ең көп қолданылатын инвестицияны несиелеу көзіне жатады.

     Банктік несиелеудің объектісіне мыналар  жатады:

  • өндірістік және өндірістік емес объектілерді құру, қайта құру және кеңейту;
  • жылжитын және жылжымайтын мүлік сатып алу;
  • шетелдік инвесторлардың қатысумен жаңа кәсіпорындар құру;
  • ғылыми-техникалық өнімдерге, интелектуалдық және басқа да құндылықтарға жұмсалымдар.

     Өзін-өзі  қаржыландыру кәсіпорынның меншікті қаражаты есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның қызметі  барысында қалыптасатын ақшалай  қаражаттар ағыны есебінен жүзеге асырылады.

     Тікелей  инвестиция тарту есебінен инвестицияны қаржыландыру жарғылық капиталға қаражат  қосу, акцияларды немесе қарызды сатып  алу жолымен жүзеге асады. 

   6-дәріс. Портфельдік  инвестициялар

    Портфельдік (қаржылық) инвестициялар, мемлекеттік, муниципальдық өзін-өзі басқару органдардың корпоративтік компаниялардың шығарған акцияларына, облигацияларына және басқа да бағалы қағаздарына жұмсаған ақша қаражаттары. 

      Портфельдік инвестицияны жүзеге асыру барысында инвестор пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алады және өтімді резервтерін қалыптастырады. Портфельдік инвестицияны уақытша бос ақша қаражаты бар банктер, инвестициялық компаниялар және фирмалар жүзеге асырады.

    Бағалы  қағаздар нарығы туралы ҚР заңына сәкес  бағалы қағаздар портелі - бағалы қағаздардың субъектілерінің меншігінде болатын әртүрлі бағал қағаздардың жиынтығын білідереді.

    Бағалы  қағаздар портфелін қалыптастырудың  мақсаттары мынадай;

  • табыс алу;
  • капиталды сақтау;
  • бағалы қағаздар бағамының өсуіне  байланысты капитал өсімін қамтамасыз ету;

    Бағалы  қағаздар портфелінің жіктелімі 2-суретте  берілген.

      

      

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    

    

      
 
 
 
 
 
 
 

    2-сурет.  Бағалы қағаздар портфелінің  жіктелімі. 

Информация о работе Инвестицияларды қаржыландру және неселе