Инвестицияларды қаржыландру және неселе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:58, реферат

Описание

“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин.

Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :

Работа состоит из  1 файл

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ КАРЖЫЛАНДРУ ЖӘНЕ НЕСЕЛЕу-11.doc

— 445.50 Кб (Скачать документ)

     Капитал жұмсалымы мен капитал құрылысы өзара тығыз байланысты. Капитал жұмсалымы бұл капитал құрылысын жүзеге асыруға арналған қаржы көзі болып табылады. Капитал құырылысы - негізгі қорлардың ұлғаймалы ұдайы өндірісінің негізгі нысандарының бірі.

     Капитал құрылысы бұл жаңа құрылыс жүргізу, жұмыс жасап отырған өндіріс объектілерін кеңейту, қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру жолымен өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру процессін білдіреді.

     Капитал құрылыс көмегімен моральдық  және заттай тозған негізгі құралдар жаңартылады. Капитал құрылысы негізгі қорларды құру барысында объектіні жобалаудан бастап, оны іске қосқанға дейінгі кезеңдерді толығымен қамтиды. Оның шешуші кезеңдеріне құрылыс-монтаж жұмыстары кешенін жүзеге асыру, құрылған құрал-жабдықтарды іске қосу және салынатын объектіні іске қосуды қамтамсыз ету жатады.

     Капитал құрылысы – күрделі де көп жақты  байланыстар процессін сипаттайды. Оның өзіне тән белгілері: салынатын  объектінің күрделілігі, көптеген материалдық, еңбек және ақшалай шығындар, салынатын  құрылыс объектісінің техникалық және ұйымдастырушылық күрделілігі, өндірістік циклдің ұзақтығы.

     Өндіріс объектісі құрылысының циклінің ұзақтығы құрылыс объектісінің жоспарлануынан бастап, оны іске қосуға дейінгі  кезеңмен сипатталады.

     Объектінің  капитал құрылысының жалпы циклі  оны жобалаудан бастап, іске қосуға дейінгі мерзімді білдіреді.

     Құрылыс процессінде үш кезеңді бөліп  қарауға болады: құрылысты даярлау, құрылысты жүргізу, құрылысы өнімін іске асыру.

     Құрылысты даярлау кезеңі мынадай бағыттарда жүзеге асады: құрылыс объектісінің маңыздылығын техникалық-экономикалық жағынан зерттеу; объектіні жобалау және құрылысқа инженерлік-техникалық жағынан дайындық жасау. Әр бағыттың өзіндік мақсаты бар. Техникалық-экономикалық зерттеу процессінде болашақ объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері және оның құрылысының экономикалық маңыздылығы  бағаланады. Жобалау сатысында объектінің құрылысын ұйымдастыру әдістері, өндіріс технологиясы жасалып, құрылыстың сметалық құны анықталады. Содан кейін құрылысқа инженерлік-техникалық даярлық жасалады, яғни құрылыс алаңының аумағын дайындау, көлік коммуникациялық сұрақтар бойынша жұмыстар жүргізіледі.

     Құрылыс жүргізу кезеңіде құрылыс алаңында құрылыс процессінің барлық технологиялық  элементтерінің басын біріктіріп, олардың  қызметтерінің нәтижесінде құрылыс өнімі дайындалады. Бұл кезеңде өндіріс құрылысының жиынтық шығындары, ғимараттар мен құрылғылардың материалдық-заттай элементтері, олардың сапасына қатысты сұрақтар қарастырылады.

     Құрылыс өнімін өткізу кезеңінде аяқталған  құрылыс объектісін тапсырушыға пайдалануға беру процессі жүзеге асады.

     Ұдайы өндірістің үш кезеңіне капитал жұмсалымы  айналысының үш сатысы дәл келеді: 1) өндіріс, яғни негізгі қорларды құру; 2) іске асыру, яғни құрылыс өнімінің негізгі қорға нысанына айналуы; 3) ұдайы өндірістің келессі циклін даярлау. Қаншалықты уақыт және кеңістік бойынша ұдайы өндірістің барлық элементтерінің өзара әрекеттесуі жоғары дәрежелі болса, соғұрлым құрылыстың экономикалық тиімділігде жоғары болып табылады.

     Капитал құрылысы жүйесінде инвестициялық  процесстің негізгі қатысушыларына:

  1. Инвестор - құрылыс объектісін меншікті және заемдық қаражаттар есебінен жүзеге асырушы тұлға. Инвестор капитал жұмсау аясын өзі анықтап, құрылыс объектісне қатысты контрактінің шартын жасайды. Инвестор - тапсырушы, несие беруші, құрылыс объектісін сатып алушы ролінде болуы мүмкін.
  2. Тапсырушы - құрылыс объектісін техникалық-экокномикалық негіздемесін жасаудан бастап, объектіні пайдалануға бергенге дейінгі уақытта құрылыс объектісі бойынша жұмыстарды ұйымдасытыру және басқару қызметін өзіне алған заңда немесе жеке тұлға.
  3. Мердігер (бас мердігер) - құрылыс объектісін мердігерлік келісім-шарт негізінде жүзеге асыратын құрылыс фирмасы. Тапсырушымен келісе отырып, ол субмердігерлік жағдайында кейбір жұмыстарды жасауға, әсіресе монтаждық жұмыстарға мамандар тартуға құқылы. Бас мердігер бұл жерде олардың жұмысының сапалы және уақтылы болуына тапсырушы алдында жауап береді.
  4. Жобалаушы (бас жобалаушы) – тапсырушымен жасаған келісім-шарт негізінде құрылыс объектісінің жобасын жасауды жүзеге асырушы, жобалау-зерттеу және ғылыми-зерттеу мекемесі. Бас жобалаушы жобаның сапасы, құрылыс объектісінің техникалық-экономикалық көрсеткіштер, жобалық шешімдердің мердігерлік жағынан ұйымдастырылуының дұрыстығына жауап береді.

     Құрылысты жобалаудың мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН);
  2. техникалық жоба (жобалық шешімдер қабылдау, құрылыстың жалпы сметалық құнын және болашақ құрылыс объектісінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтау);
  3. техникалық жоба негізінде орындалатын жұмыс сызбалары.

     Құрылыстың  техникалық-экономикалық негіздемесінде мынадай мәліметтер қамтылады: болашақ  құрылыс объектісін аты-жөні, оның қуаттылығы, өндіретін өнім түрі, оның бәсекелік  қабілеті, құрылыс жүргізілетін аумақтың негіздемесі, сату нарығы, қажетті капитал жұмсалымының шамасы және т.б. Соңғы уақыттары көптеген жағдайларда техникалық-экономикалық негіздеменің орынына бизнес-жоспар қолдануда.

     Техникалық  жоба мынадай бөліктерден тұрады: 1) экономикалық бөлім, 2) бас жоспар және көлік, 3) технологиялық бөлім, 4) құрылыс бөлімі, 5) құрылысты ұйымдастыру, 6) сметалық құжаттар.

     Сметалық-қаржылық есебі бар техникалық жобаның  болуы құрылысты қаржыландыруға, негізгі құрал-жабдыққа тапсырыс беруге және жұмыс сызбаларын жасауға негіз  болып табылады.

     Құрылысты ұйымдастыру нысандарына: шаруашылық және мердігерлік, соның ішінде құрылыс объектісін кілтін тапсыру тәсілдері жатады.

     Шаруашылық  тәсілмен құрылыс объектісін жүргізу  тапсырушының немесе инвестордың күшімен  жүзеге асады. Бұл тәсіл жұмыс  істеп отырған өндіріс орнын кеңейтуде немесе қайта құру барысында, шағын құрылыс объектісін салуда және т.с.с. жұмыстарды атқаруда қолданылады.

     Мердігерлік тәсілмен құрылыс объектісін жүргізу  арнайы құрылыс және монтаждық ұйымдардың көмегімен, яғни тапсырушымен мердігердің арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

     Халықаралық тәжірибеде капитал құрылысы бойынша жобалаушыларды, мердігерлерді, технологияны жабдықтаушыларды таңдау конкурстық негізде, яғни сауда жүргізу жолымен іске асады.

     Сауданың  екі нысаны бар: ашық және жабық. Ашық саудада тапсырушы ашық түрде баспаға беру жолымен саудаға қатысушыларды шақырады. Ал жабық сауда бойынша оған таныс бірнеше фирмаларды саудаға қатысуға шақырып, олардың жасаған тиімді ұсыныстарының бірін таңдайды. 
 

     8-дәріс. Инвестициялық жоба

    Жобалық несиелеудің өзіне тән объектісіне  инвестициялық жоба жатады. Инвестициялық  жобаға түсінік бермес бұрын жоба сөзінің мәніне тоқталайық.

    Жоба  - бұл белгілі бір бастапқы мәліметтері бар және нәтиженің (мақсаттың) болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреді.

    Жобалардың  келесідей түрлері болады: тұрғын үй немесе құрылыс объектісін салу, инвестициялау портфелін қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламалары, кәсіпорынды қайта құру, жаңа ұйым құру, жаңа техника және технологиялар жасау, кинофильмдер шығару, аймақты дамыту және т.б.

    Егерде  жобаны іске асыру нәтижесі заттай объектілер (ғимарат, құрылғы, өндірістік кешен) болып табылса, онда жобаның анықтамасы келесідей түрде нақтылана түседі.

    Жобазаттай объектілерді және технологиялық процестерді іске асыруға қажетті материалдық, қаржылай, еңбек және басқа да ресурстар қамтитын техникалық және ұйымдастыру құжаттарын, сондай-ақ олардың орындалуына байланысты басқару шешімдерін және шараларын жасайтын немесе жұмылдыратын, көздеген мақсаттар төңірегінде қалыптасқан жүйе.

     Инвестициялық жобаға төмендегідей екі жақты түсінік  береді:

  • біріншіден, ол - белгілі бір мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, қандай-да бір іс-әрекеттер кешенін қамтитын шаралар;
  • екіншіден, ол - қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастырушылық-құқықтық және есеп айрысу-қаржылық құжаттардың кешенін қамтитын жүйе. 

     Инвестициялық  жобаалға қойған мақсатқа жету үшін қандай да бір жобаға капитал жұмсаумен байланысты жасалатын ұйымдастыру-экономикалық шешімдердің жүйесін білдіреді.

     Соңғы анықтама жобалық несиелеуге сәйкес келетін анықтама. Жобалық несиелеу бойынша инвестициялау объектісіне мыналар жатады:

  • салынатын, қайта құрылатын немесе кеңейтілетін кәсіпорын, ғимарат, құрылғылар;
  • жұмыс жасап тұрған кәсіпорында жаңа бұйым түрлерін өндіру;
  • өндірістің қауіпсіздігін арттыру немесе қоршаған ортаны қорғау;
  • басқа да инвестициялар.

     Инвестициялау объектілерді мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:

     а)  жобаның көлеміне қарай:

  • шағын жобалар (10-15 млн долларға дейінгі мөлшерде капитал жұмсауды қажет ететін, еңбек шығыны – 40-50 адам-сағаттық жобалар);
  • ірі жобалар  (капитал жұмсалымы – 1 млрд долллар және одан жоғары, еңбек сиымдылығы – 2 млн адам-сағат);
  • орта жобалар, яғни шағын және ірі жобалардың арасында болатын жобалар.

     ә)  іске асыру мерзіміне қарай:

  • қысқа мерзімді  жоба (1 жылғы дейін);
  • орта мерзімді жоба (1жылдан 5-7 жылға дейін);
  • ұзақ мерзімді жоба (5 жылдан жоғары).

    б) тәуелсіздік  дәрежесіне қарай:

  • әр түрлі жоба (бірдей іске асатын және соның ішінде біреуін таңдауды қажет ететін);
  • өзара байланысты жоба (бірі бірінсіз іске асырылмайтын жобалар);
  • өзара тәуелсіз жоба (бірінің жүзеге асуы екіншісіне қарама-қайшылық тудыратын және өзара байланыссыз жобалар).

     Шағын жоба - өндірісті кеңейту және шығарылатын өнім түрлерін арттыру жоспарын білдіреді.

     Ірі жоба – ішкі және сыртқы нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету үшін қажетті өнеркәсіп өнімдерін шығару жоспары.

     Орта  жоба - өндірісті қайта құру немесе техникалық жағынан қайта қаруландыру жоспары.

    Нарық жағдайындағы кәсіпкерлік жоба дегеніміз  оның шеңберінде қалыптасқан мақсаттар  жүйесі, ұйымдық-техникалық және нормативті құжаттамалардың кешені, физикалық  объектілерді құру мен жүзеге асыруға қажетті барлық қолданылатын қорлардың (еңбек, материалды, қаржылық және т.б.) сонымен қатар басқарушылық шешімдердің жиынтығы.

    Физикалық объектілердің үлкен көп түрлілігі  жобалар типтерінің көп түрлілігін айқындайды. Оларды классификациялық белгілері бойынша дифференциациялауға болады:

    -масштабы  бойынша;

    -жүзеге  асыру мерзімі бойынша;

    -орындау  сапасы бойынша;

    -қолданылатын  қорлардың шектеулігі бойынша;

    -жүзеге  асыру орны мен шарттары бойынша.

    Масштабы  бойынша жобалар тактикалық және стратегиялық ден бөлінеді. Стратегиялыққа негізінде меншік түрін өзгертуді немесе өндіріс сипатын түпкілікті өзгерту (жаңа өнім шығару, толық автоматтандырылған өндіріске өту және т.с.с.) қарастыратын жорбалар жатады. Тактикалық жобалар негізінде шығарылатын өнімнің көлемін өзгертумен, өнім сапасын жоғарылатумен, құрал-жабдықтарды модернизациялаумен байланысты болады. Сонымен қатар кішігірім жоба және мега жоба болады. Кішігірім жобалар масштабы бойынша кішірек, қарапайым және көлемі шектелген. Мысылы бұл тәжірибелік -өнеркәсіптік қондырғыларды құру, кішігірім үйлер мен ғимраттар құрылысы, әрекет ететін өндірістерді модернизациялау және т. б. Мегажобалар – жалпы мақсатпен біріккен көптеген өзара байланысты жобалардан құралған және оның жүзеге асуы үшін едәуір көлемде қорлар мен уақыт бөлінген мақсатты программалар. Олар халықаралық, мемлекеттік, аймақтық, салааралық болуы мүмкін.

    Жүзеге  асыру мерзімі  бойынша қысқа мерзімді және басқа да жобалар болады. Қысқа мерзімді жобалар негізінде жаңалықтарды зерттеу мен өндіру мақсатымен тәжірибелі қондырғыларды орнатуда, түрлі апаттардан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде жүзеге асырылады.

Информация о работе Инвестицияларды қаржыландру және неселе