Инвестицияларды қаржыландру және неселе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:58, реферат

Описание

“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин.

Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: “Инвестициялау – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :

Работа состоит из  1 файл

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ КАРЖЫЛАНДРУ ЖӘНЕ НЕСЕЛЕу-11.doc

— 445.50 Кб (Скачать документ)

    Бағалы  қағаздар портфелінің сипатына харай:

  • Консерватиті портфель, яғни мұндай портфел танымал және сапалы сипаты бар бағалы қағзадардан құралады, олардың тәуекелі төмен болып келеді, табысыүлкен болмағынмен де, салынған қаражттардың қайтарымы кепілдендірілген. Мұндай портфелдің мақсаты капиталды құнын сақтап қалу.
  • Агрессивті порфтел, яғни мұндай портфел табысы да және тәуекелі де жоғары бағалы қағаздардан қалыптасады. Мұндай портфелдің мақсаты пайда табу.
  • Жүйесіз портфел, яғни мұндай портфел ешқандай да жүйесіз еріксіз жағдайда қалыптасады..

    Айтылып келгендей “инвестиция” ұғымы кең  мағынада ел экономикасының өсуі мен дамуын қаржыландыру үшін қажет механизмді қамтамасыз етуді білдіреді. Бұл проблемаларды шешу үшін олардың қатарында инвестициялық қорларды атауға болатын тиісті қаржы институттары құрылды.

    Инвестициялық қор бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқығын қорғау және ақша қаражаттарын тарту және артынша диверсификацияны есепке ала отырып бағалы қағаздарға инвестициялау есебінен инвестиция тәуекелін төмендету мақсатында қаржы рыногында қызмет етеді. Олар инвестициялық процесте маңызды рөл ойнайды, өйткені ақыр соңында өндірісті дамытуға бағытталатын шағын салымшылардың едәуір қаражаттарын өз қолдарына шоғырландырды. Инвестициялық қорлар өз қаражаттарын тікелей акцияларға, облигацияларға, оларды банк депозиттеріне сала алатын және т.б. инвесторлар үшін ақша қаражаттарын салу көзі болып табылады.

    Инвестициялық қор- өз акцияларын шығару және ашық орналастыру  арқылы ақша қаражаттарын тарту және тартылған қаражаттар есебінен бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін  қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

    Қазақстанда инвестициялық қорлар кез келген заңды және жеке тұлға акционерлері бола алатын акционерлік қоғам нысанында  құрылады. Бұл қорлардың барлық қызметі  сәйкесінше кіріс алу мақсатымен әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық  салымдар жасауға және қалыптасқан портфельді басқаруға негізделеді. Инвестициялық қор негізінен шағын жеке инвесторлар есебінен акция шығару арқылы ақша қаражаттарын тартады. Түскен қаражаттарға қор кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарын сатып алады және салымшыларын акция бойынша белгілі бір кірістермен қамтамасыз етеді.

    өз  қызметін жүзеге асыру барысында  инвестициялық қор белгілі бір  принциптерді басшылыққа алады:

  • Инвестициялық салымдардың диверсификациясы;
  • Бағалы қағаздармен тәуекелі жоғары операциялар жасауға тыйым салу;
  • Бағалы қағаздарды сатып алуға деген кәсіби амал;
  • Жеке инвесторға қарағанда қаржы қаражаттарының көп болуы.

    Қызмет  барысында инвестициялық қор  өндірістік және сауда-саттық қызметін (бағалы қағаздармен қаржы құралдарынан басқа) жүзеге асыра алмайды, кез келген түрдегі кепілдіктер бере алмайды, басқа инвестициялық қорлардың сондай-ақ кастодианның  регистратордың және аффилииирленген тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын акцияларын сатып ала алмайды, 6 айдан асатын мерзімге банктерде заем қаражаттарын тарта алмайды, бағалы қағаздармен кепіл мәмілелерін жасай алмайды, кез келген тәсілмен заем бере алмайды, сондай-ақ опциондармен жасалатын мәмілелермен, “қысқа сатумен” айналыса алмайды.

    Инвестициялық қордың ұйымдастырушылық құрылымын  келесідей көрсетуге болады:

  • Акционерлердің жалпы жиналысы
  • Басқарма
  • Инвестициялық қорды басқарушы

    Кез келген Акционерлік қоғамның акционерлерінің  жалпы жиналысының құзіретіндегі  негізгі мәселелерден басқа инвестициялық  қорда ол сол сияқты инвестициялық  қордың типі қайта ұйымдастыру; инвестициялық декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; бағалы қағаздар портфелін басқарушымен сондай-ақ регистратор және кастадианмен жасалған шарттарды бекіту жөніндегі мәселелерді шешеді.

    Инвестициялық қордың атқарушы органы басқарма болып табылады. Басқарманың заңмен белгіленгеннен басқа да жеке құзіреттері болады, мәселен басқарушының қызмет нәтижелері туралы және инвестициялық қордың қызметімен қаржылық жай күйіне қатысты есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялауды жүзеге асыру.

    Басқарма  мүшелері брокер, осы қор басшысының лауазымды тұлғаларының қызметтерін  жүзеге асыра алмайды.

    Инвестициялық қорды басқарушы- бағалы қағаздар портфелін  басқару бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын және оны басқару  туралы инвестициялық қормен жасалған шарт негізінде қызмет ететін заңды тұлға.

    Қордың  бағалы қағаздар портфелін басқаруға  тиісті лицензиясы болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Басқарушы бағалы қағаздар портфелін басқаруға шарттарын  бір мезетте екі және одан да көп инвестициялық қорлармен жасаса алады, бірақ бұл ретте осы қорлардың мазмұны мүлдем әр түрлі декларациялары болуы тиіс.

    Инвестициялық қордың қызметі  ҚР-ның қолданыстағы заңдарын жүйелі түрде бұзған жағдайда; басқарушының лицензиясы тоқтатылғанда  немесе кері шақыртылғанда, сондай-ақ өзара қор өз акцияларын қайта сатып алуға қабілетсіз болған жағдайда тоқтатылады.

    Қазақстан заңдары инвестициялық қорлардың  белгілі бір типтерінің құрылуы  мен қызмет етуін анықтайды.

    Инвестициялық қорлардың 2 негізгі типін көрсетеді: өзара қор және инвестициялық компания.

    Инвестициялық компания- осы қордың құрылтайшылары мен акционерлері болып табылатын  бір немесе бірнеше заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын тарта  алатын жабық инвестициялық қор. Бұл қор өзі шығарған акцияларды акционерлерінен қайта сатып алуға міндетті емес, ал оның жарғылық капиталы қосымша акция шығару арқылы арттырылуы немесе акция бөліктерін акционерлердің жалпы жиналысының рұқсатынсыз өтеу арқылы кемітуі мүмкін емес.

    Сондай-ақ пайлық (келісім шарттың) және акционерлік (корпоративтік) инвестициялық қорлар болады.

    Пайлық  инвестициялық қор  оның жарғылық қорының үлестер құру арқылы қалыптастырылатындығын білдірсе, акционерлік жарғылық қордың акция эмиссиялау арқылы қалыптастырылуын білдіреді. Инвестициялық қордың акционерлік нысанының артықшылығы мынада: пайлауға қарағанда акцияларды рынокта сату жеңілірек, сондай-ақ қор акционері әдеттегі АҚ-дай акцияны қайта сатып алуды талап ете алады. Пайлық және акционерлік инвестициялық қорлардың негізгі сипаттамалары суреттерде көрсетілген.

     7-дәріс. Негізгі капиталға инвестициялау құрылымы

     Негізгі қорлардың ұдайы өндірісін инвестициялау  негізінен капитал жұмсалымы  нысанында жүзеге асырылады. Негізгі  капиталға инвестициялаудың жалпы  инвестициялаудағы немесе барлық жұмсалымдардағы  үлесі және ролі өте жоғары болып келеді. Бұрынғы КСРО тұсында жиі пайдаланылған “капитал жұмсалымы” термині бүгінгі күні іс-жүзінде “негізгі капиталға инвестициялау” деген атпен қолдануда.

     Капитал жұмсалымы – жаңадан негізгі  қорларды құруға жұмсалған, экономикада  жұмыс жасап отырған негізгі қорларды кеңейтуге, қайта құруға және техникалық жағынан қайта қаруландыруға жұмсалатын шығындар жиынтығы.

     Капитал жұмсалымы  бұл негізгі қорларды сатып алуға, құруға және ұдайы өндірісіне жұмсалған шығындарды сипаттайды. Капитал  жұмсалымына барлық құрылыс жұмысына кеткен шығындар жатады, атап айтсақ:

  • құрал-жабдықтарды құрастыру шығыстары;
  • құрастыруды қажет ететін немесе етпейтін құрылыс сметасында көрсетілген құрал-жабдықтарды сатып алу шығыстары;
  • құрылыс сметасында көрсетілген өндірістік құралдар мен шаруашылық заттарын алуға жұмсалған шығыстар;
  • құрылыс сметасында көрсетілмеген машиналар мен басқа да құрал-жабдықтарды алуға жұмсалған шығыстар;
  • жобалау-зерттеу жұмыстарына кететін шығыстар.

     Капитал жұмсалымының объектілеріне: жеке, мемлекеттік, муниципальдық немесе басқа да меншік нысандарының қарамағындағы жаңадан құрылатын және қайта жаңғыртылатын негізгі қорлар мен құрал-жабдықтар жатады.

     Капитал жұмсалымының тиімділігі, оның негізгі  жұмсалу бағыттарына, құрылымына, кезеңдеріне  және құрылыс жұмыстарын жүргізу мерзіміне тікелей байланысты.

     Капитал жұмсалымын жұмсалу бағытына қарай  екі үлкен топқа бөледі:

  1. Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы, яғни  материалдық өндіріс және қызмет көрсету аясына бағытталған жұмсалымдар. Нақтырақ айтсақ оларға мыналар жатады:
  • ауыл шаруашылығы кешеніне, яғни ауыл шарушылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сақтауға;
  • өнеркәсіп тауарларын, соның ішінде халық тұтынатын тауарларды, дәрі-дәрмек және медициналық техника құралдарын өндеруге;
  • ғылыми-техникалық және өзге де өнімдерді дамытуға;
  • көлік, байланыс, құрылыс салысын дамытуға;
  • өндірістік, коммуналдық және тұрмыс қажетіне жарайтын қызметтерді көрсетуге тиіс қызметтерді дамытуға;
  1. Өндірістік емес бағыттағы капитал жұмсалымы, яғни материалдық емес өндіріс пен қызмет көрсету аясына жұмсалымдар. Оларға мыналар кіреді:
  • денсаулық сақтау;
  • білім беру;
  • қорғаныс;
  • мәдениет және өнер;
  • қорғаныс және т.б..

     Капитал жұмсалымының құрылымы деп оның түрлері  бойынша құрамын, пайдалану бағыттарын, жалпы инвестициядағы үлесін түсінуге болады.

     Капитал жұмсалымының құрылымы: салалық, ұдайы өндірістік және технологиялық болып бөлінеді.

     Салалық құрылымы, яғни капитал жұмсалымының өнеркәсіп және жалпы экономиканың салаларына бөлінуі мен олардың өзара шекті қатынасын сипаттайды. Оның жетілдірілуі қай салада ғылыми-техникалық прогресстің жеделделуіне қарай бағаланады.

     Бұл кестеден көріп отырғанымыздай капитал жұмсалымы экономиканың өнеркәсіп саласына  біршама көп жұмсалып, ал ауыл шаруашылығына және басқа да салаларға аз мөлшерде бағытталған. Өнеркәсіп салаларының ішінде көп мөлшерлі капитал жылу-энергетика кешені, соның ішінде мұнай-газ саласына бағытталғаны белгілі. Әрине, бұл жерден мынадай түйін жасай келіп, егер де біз экономиканың салаларына бөлінетін капитал мөлшерін жоспарсыз бөлу ондағы капитал жұмсалымының әр келкі бөлінуіне, яғни бір салаға көп немесе аз бөлінуіне жол берілетін, сондай-ақ мемлекеттің көмегінсіз басқа салалардың дамуының мүмкін еместігін айтуға тура келеді.  

     Ұдайы өндірістік құрылымы, капитал жұмсалымының өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыру, қайта құру, өндірістік қуатын арттыру, өндірісті кеңейту, жаңа құрылыс объектілерін салуды сипаттайды. Мұндағы ең маңыздысы өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыру. ßғни, ол өндірісті ұйымдастыру барысында заттай және моральдық жағынан тозығы жеткен ескі құрал-жабдықтарды жаңарту немесе жаңғырту негізінде өндірістің техникалық деңгейіне жаңа техникалар  және технологиялар енгізу арқылы қаралатын жұмыстың немесе жекелеген объектілердің жобалары мен сметалары бойынша жүзеге асады.

     Жұмыс жасап отырған кәсіпорынды немесе қандай да бір өндіріс орынын қайта құруға өндірісті жетілдіру және ғылыми-техникалық прогресс негізінде оның техникалық-экономикалық деңгейін, жалпы алғанда  өндіріс қуатын арттырумен байланысты ғимарат пен құрылғыларды кеңейтпей-ақ негізгі және қосымша қызмет ететін цехтар мен объектілерді қайта құру шаралары жатады. Бұл екі шығынды қаржыландырудың негізгі көзіне амортизациялық қор және істен шыққан негізгі құралдарды сатудан түсетін түсімдер жатады.

     Яғни  өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыру мен қайта құру, өндірісті кеңейту және жаңа құрылыстағы негізгі қорларды айырбастауға байланысты өзара ажыратылады.

     Технологиялық құрылымы, капитал жұмсалымының активтік және пассивтік жақтары арасындағы шекті қатынаспен сипатталады. ßғни құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің жалпы капитал жұмсалымына қатынасымен есептеледі. Мұнда капитал жұмсалымы мен құрылыс-монтаж жұмыстары арасындағы айырма, оның активтік жағын сипаттайды, яғни қаншалықты  сатып алатын техникалар мен құрал-жабдықтарға капитал көп жұмсалса, соғұрлым капитал жұмсалымның актив жағы артып, нәтижесінде оның экономикалық тиімділігі жоғарлайды.

Информация о работе Инвестицияларды қаржыландру және неселе