Инвестициялық саясаттағы мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 13:27, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі, президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында айтылғандай «елдің дамуын бәсеке қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек», сондай-ақ «Қазақстанның әлемдегі бесекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» болып табылады.

Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................................3-4

1 Нарық жағдайында өнеркәсптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін арттырудың теориялық негіздері ................................................................................................................5

1.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі ...................................................................................................................5-12

1.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштері

............................................................................................................................................12-17

1.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды ұйымдастыру жолдары

............................................................................................................................................17-20

2 «АТАМЕКЕН» АҚ-ң инвестициялық және экономикалық әлеуетін талдау................21

2.1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау............................................21-27

2.2 «Атамекен» АҚ-ның қаржы экономикалық тұрғыдан талдау жасау....................27-30

2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау......................................30-35

3 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық тартылымдылығын жетілдіру жолдары

.................................................................................................................................................36

3.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуал және инвестициялық саясатты жүйелі түрде пайдалану................................................................................................................36-44

3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары

.............................................................................................................................................44-48

Қорытынды........................................................................................................................49-50

Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................................................51

Работа состоит из  1 файл

инвест мемл реттеу.doc

— 458.50 Кб (Скачать документ)

     Соңғы жылдары қаржылық емес активтерге бағытталған  инвестициялар көлемiнiң өсуi де едәуiр. 2002 жылы кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржылық емес активтерiне 753 млрд. теңге (2000 жылы – 439 млрд. теңге, 2001 жылы – 512 млрд. теңге) бағытталды. Ал 2003 жылы 1196 млрд.теңге қаржылық емес активтерге бағытталды.

     Қаржылық  емесе активтерге инвестицияларға  мыналар жатады: негiзгi капиталға  инвестициялар, материалдық айналым  құралдарының қорларын толықтыруға инвестициялар (өндiрiстiк қорлар, аяқталмаған өндiрiс, дайын өнiм, қайта сатуға арналған туарлар), құндылықтарға, өндiрiстiк емес материалдық активтер алуға (жер учаскелерi, басқа да табиғатты пайдалану объектiлерi) және өндiрiлмеген материалдық емес активтер алуға (патенттер, лицензиялар, жер учаскелерiн пайдалну құқықтары, авторлық құқықтар, ұйымдастырушылық шығындар, саула маркалары, тауар белгiлерi және т.б.)

       Жылдан-жылға инвестициялардың жалпы  көлемiнде негiзгi капиталға инвестициялардың үлесi артып отырғанын анық көруге болады (1999 жылы – 60,2% болса, 2003 жылы – 99,7% болады). Оның есесiне материалдық айналым құралдары қорларын толықтыруға және басқа да қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялардың үлесi кемiп келедi (1999 жылы – 39,2% болса, 2003 жылы – 0,3% болады).

     Инвестициялық басылымдықтардың өзгеруi аймақтар дамуындағы өзгерiстерге алып келедi. Негiзгi капиталға  инвестициялардың көлемiнiң таралуына  талдау жасасақ, отандық және шетелдiк  инвесторлардың республикамыздың батыс  аймақтарында орналасқан кен өндiру саласының кәсiпорындарына қызығушылық қызметтiң белсендiлiгiнiң артқандығын көруге болады. Республика бойынша негiзгi капиталға бағытталған инвестициялардың жалпы көлемiнiң 2002 жылы 26,3% Атырау облысында, 20% - Батыс Қазақстан облысында, игерiлген қаражаттың қомақты бөлiгi Астана (8,1%) және Алматы (11,5%) қалаларын дамытуға бағытталған.

     2003 жылы инвестиция көлемiнiң өскенi республиканың 13 өңiрiнде байқалды. Инвестициялық қызметтiң ең қолайлы жағдайы Жамбыл (1,8 есеге), Қызылорда, Алматы, Солтүстiк Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстаныда (1,6-1,3 есеге), Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында (3,2%) және Оңтүстiк Қазақстан облысында (4,5%) байқалады.

     Павлодар, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында өткен жылдармен салыстырғанда инвестиция көлемi төмендедi.

     Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияларды  қаржыландырудың негiзгi көзi кәсiпорындар мен ұйымдардың меншiктi қаржылары болып табылады. 2002 жылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң  меншiктi қаржылары 67%, ал шетелдiк инвестициялар 25% болды. Бюджеттiк қаржылар барлық инвестиция көлемiнiң 8 пайысы құрады.

     Негiзгi капиталға инвестициялардың меншiк  нысандары бойынша құрылымы  10  кестеде келтiрiлген. 

Көсеткіштер 2004 ж. млн. теңге Инвестициялардың  жалпы көлемiндегi үлесi, %-бен
2004 ж. 2003 ж.
Кәсiпорындар мен ұйымдар бойынша барлығы 1193113 100,0 100,0
Соның iшiнде:

Мемлекеттiк

134944 11,3 14,5
Жеке 754336 63,2 84,3
Басқа мемлекеттер, олардың заңды ұйымдары мен азаматтары мен халықаралық ұйымдар 303833 25,5 31,2
 

     10 кесте - Инвестициялардың меншiк нысандары бойынша құрылымы. 

     Деректер  көзі : ҚР-сы статистика агентігі мәліметтері  негізінде есептелген 

     Негiзгi капиталға инвестициялардың негiзгi көлемiн жеке меншiк нысандағы кәсiпорындар мен ұйымдар (63%), сондай-ақ басқа мемлекеттердiң Қазақстан аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер (26%) игерген.

     Мемлекеттiк  сектордың үлесi өткен жылмен салыстырғанда 3 пайыздық пунктке азайып, 11% құрады.

     2004 жылы 1193 млрд. тенге негiзгi капиталға  инвестициялардан өнеркәсiптiң дамуына  812,5 млрд.теңге (68%) бағытталды. Басымдық  салалар – мұнай өндiру және  табиғи  газ (53%), көлiк және байланыс (11%), өңдеу өнеркәсiбi (8%) және жылжымайтын  мүлiкпен операциялар (6%).

     1996-2004 жылдар аралығында күрделi құрылысқа  бағытталған инвестицияларға талдау  жасасақ, 1996-1998 жылдары бұл көрсеткiш  бойынша төмендеу тенденциясы  орын алды. Бiрақ 1999 жылдан бастап, инвестициялық сферада белсендiлiктiң  төмендеуi тоқтатылып, инвестициялық iс-әрекеттiң өсуi байқалады. 2000-2004 жылдар аралығында күрделi құрылысқа бағытталған инвестициялардың көлемi 2,4 есе жоғарылады .

     Күрделi құрылысқа бағытталған инвестициялар 2002 жылы 414,2 млр. теңгеден астам соманы құрап, 2001 жылғы деңгеймен салыстырғанда 38,2%-ға жоғарылады. Ал 2004 жылы бұл көрсеткiш 605 млрд.теңгенi құрады. Бұл 2003 жылмен салыстырғанда 46% артты . 

      (нақты құны бойынша, млн.теңге)

Көрсеткiштер 2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 2004 ж.
Негiзгi қорларды iске қосу 133616 163620 331264 385356
Күрделi құрылысты инвестициялау 214493 275698 414238 604915
 

     11 кесте. Қазақстан Республикасындағы  инвестициялық құрылыс          iс-әрекет көрсеткiштерiнiң өзгерiс  динамикасы. 

     Деректер  көзі : ҚР-сы статистика агентігі мәліметтері негізінде есептелген

     Негiзгi капиталға бағытталған инвестициялар  көлемiнiң өсуi негiзгi қорларды iске  қосу көлемiнiң өсуiне алып келедi. Республикада iске қосылған негiзгi қорлардың жалпы  құндық көлемi 2003 жылы 331,3 млрд.теңгенi немесе жалпы капиталды салымдар көлемiнiң 79,9% құрады (2002 жылы бұл көрсеткiш 59,3% құраған). Ал 2004 жылы iске қосылған негiзгi қорлардың жалпы құндық көлемi 385,4 млрд. теңгенi құрап отыр. Инвестициялар негiзiнен салынған қаржылардың қайтарымы мол, пайдасы жоғары өндiрiс объектiлерiне бағытталады.

     Сондықтан Қазақстан Республикасында iске  қосылған инвестициялау объектiлерi мыналар болды: 49 мұнай скважиналары; 450 мың тонна құрамында алтын  бар руданы өңдеу комплексi; 24 мегаваттық турбиналы электростанция; жалпы  ұзындығы 1356 км. құрайтын магистралды газөткiзгiштер; аэропорт. Күрделi құрылысқа бағытталған инвестиция көлемiнiң өсуi экономика алалары бойынша таралу динамикасының өзгерiске ұшырағанын байқауға болады . 

  2002 ж. 2003 ж. 2004 ж.
млн.тг % млн.тг % млн.тг %
Экономика салалары бойынша барлығы: 214493 100,0 275698 100,0 414238 100,0
Соның iшiнде:            
Өнеркәсiп 135460 63,2 190719 69,2 299438 72,3
Ауыл  шаруашылығы 911 0,4 1414 0,5 5695 1,3
Орман шаруашылығы 11 0,0 25 0,0 179 0,0
Көлiк  және байланыс 23834 11,1 21765 7,9 44031 9,8
Құрылыс 1660 0,7 1781 0,6 6760 1,6
Сауда және қоғамдық тамақтану, материалды техникалық жабдықтау және өткiзу 5460 2,5 6135 2,2 10621 2,5
Тұрғын  үй құрылысы 19127 8,9 13771 5,0 22435 5,4
Басқалар 22984 13,2 40088 14,6 28484 7,1
 

     12 кесте. Экономика салалары бойынша күрделi құрылысты инвестициялау. 

     Деректер  көзі : ҚР-сы статистика агентігі мәліметтері  негізінде есептелген

     2004 жылы күрделi құрылысқа бағытталған  инвестициялардың жалпы көлемiнiң  72,3% немесе 299,4 млрд.теңге өнеркәсiп  саласына бағытталды (2002 жылы 135,5 млрд.теңге, ал 2003 жылы 190,7 млрд.теңге бағытталды). Күрделi құрылысқа бағытталған инвестициялардың жалпы көлемiндегi өнеркәсiптiң үлес салмағының жоғарылауы қуантарлық жағдай. Себебi экономика салаларына қарағанда, осы өнеркәсiп саласы экономикалық кризис кезiнде капиталды салымдардың жеткiлiксiздiгiнен көп зардап шектi. Ауыл шаруашылық саласына 2004 жылы 5,7 млрд.теңге жұмсалды. Бұл 2003 жыл деңгейiнен 3 еседей артық. Ал жалпы күрделi құрылысқа бағытталған инвестициялар құрылымында ауыл шаруашылығының үлесi 2004 жылы 1,3% құрады (2003 жылы - 0,5% құрады). 1996 жылы бұл көрсеткiштiң 3,4% құрағанын ескерсек, елiмiздiң азық-түлiк базасы құрайтын саладағы өндiрiстiң дамуы әлi де кенже қалыптастырылғанын байқауға болады.

     Көлiк  пен байланыс саласына 2004 жылы 440,3 млрд.теңге немесе жалпы инвестиция көлемiнiң 9,8% құрады, ал 2002 жылы 11,1% құрағалнын ескерсек, бұл салаға көп көңiл бөлу керек екенiн көруге болады.

     Металлургиялық, химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсiп, машина жасау сияқты сратегиялық маңызы бар салаларды қарастыратын болса, бұл салалар кәсiпорындарында қаражаттар негiзiнен техникалық қайта құру және жарақаттандыруға бағытталған.

     Өнеркәсiптiк салалық құрылымындағы жағдайды қарастыратын болсақ, өнеркәсiп iшiндегi инвестициялардың таралуы, оның құрылымын жасқсартуға бағытталмағанын, Қазақстанның шикiзат базасы статусын күшейтуге бағытталғанын көруге болады. Қазақстанның қазіргі жағдайында инвестициялық тартымдылықты тартудың бір жолы ретінде біздің ойымызша өнеркәсіптік кәсіпорының тікелей, нақты инвестициялардың тартымдылығын арттыру жолын қарастырғанда бірінші, өнеркәсіптік кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін инвесторлар бірінші орынға қоятыны анық. Соған байланысты «Атамекен АҚ-ны есептік саясатына байланысты көптеген іс-шаралар қарастыруда.   

Көрсеткіштер 2002 ж. 2003 ж. 2004 ж.
млн.тг % млн.тг % млн.тг %
Өнеркәсiп - барлығы: 135460 100,0 190719 100,0 299438 100,0
Соның iшiнде:

Кен өндiру өнеркәсiбi

89328 66,0 150814 79,0 252527 84,3
Өңдеу өнеркәсiбi 33326 24,6 29317 15,4 31361 10,5
Электроэнергетика 12806 9,4 10588 5,6 15550 5,2
 

     13 кесте - Күрделi құрылысқа бағытталған  инвестициялардың өнеркәсiп салалары  бойынша таралуы. 

     Деректер  көзі : ҚР-сы статистика агентігі мәліметтері  негізінде есептелген

     Өнеркәсiптiң салалық құрылымындағы жағдайды қарастыратын болсақ, өнеркәсiп iшiндегi инвестициялардың таралуы, оның құрылымын жақсартуға бағытталғанын көруге болады.

     13 кесте көрсетiлген салалардағы капиталды салымдардың құрылымдық өзгерiстерi мен динамикасын талдасақ, кен өндiру өнеркәсiбiне тартылған инвестициялар көлемiнiң аса қарқынды өсуiн байқаймыз. Бұл өзгерiс осы салаға тартылған инвестиция көлемiнiң 2004 жылы жалпы өнеркәсiптегi үлесi 84,3 % дейiн өсiп, 252527 млн. теңгенi құрауына алып келдi (2002 жылы 66,0 құраған едi).

     Шикiзат өндiрудi инвестициялау, өнеркәсiптiң өңдеу секторы мен электро және жылу энергиясын өндiру саласын айқын қаржыландырудың төмендеуiне алып келедi. Дайын өнiм мен аралық өнiмнiң көзi болып табылатын өңдеу өнеркәсiбiне тартылған инвестиция көлемi 2002 жылғы 24,6 %-дан 2004 жылы 10,5%-ға дейiн төмендеп кеттi. Кен өндiру өнеркәсiбiнде инвестициялардың негiзгi бөлiгi мұнай мен газ өндiру секторына тиесiлi.

     Қазақстан Республикасының экономикасына  шетелдiк инвестицияларды тарту және оларды тиiмдi пайдалану Қазақстанның шет елдермен өзара тиiмдi экономикалық қарым-қатынастардың негiзгi бағыттарының бiрi болып табылады.

     Шетелдiк  инвестицияларды тарту Қазақстан  экономикасының өндiрiстiк құрылымын  жақсартуға, жаңа жоғары технологиялы өндiрiстi құруға, көптеген кәсiпорындарды технологиялық қайта жабдықтандыруға, iшкi нарықты отандық сапалы таруалармен толтыруға, республиканың бiлiктi мамандар әлеуетiн тиiмдi пайдалануға, сонымен бiрге шетелдiк елдерге экспорт көлемiн ұлғайтуға жағдайлар тудырады.

     Қазақстан үкiметi шетелдiк инвесторлар үшiн қолайлы әлеуеттiк, қаржы-экономикалық, құқықтық режим, олардың мүдделерiне жауап беретiндей инвестициялық ахуал қалыптастыра отырып, өзiнiң алға қойған мақсаттарына жеу үшiн проблемаларын шешуге тырысуда. Осыған орай 1994 жылдың 27 желтоқсанда “Шетелдiк инвесторлар туралы” Қазақстан Республикасының Заңы ендiрiлдi.

     1997 жылдың ақпан айында “Тiкелей  инвестицияларды мемлекеттiк қолдау  туралы” Заң қаблданады. Бұл Заңдарда  Қазақстан Республикасында шетелдiк  инвестициялар тартудың құқықтық режимi, шетелдiк инвесторларға берiлетiн жеңiлдiктер тiзiмi, тәртiбi анықталды. Шетелдiк инвестицияларды Қазақстанға тарту мақсатында тағы бiрқатар инвестициялық iс-әрекеттердi реттеп отыратын инвестициялар жөнiндегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комитетi құрылды (қазiргi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер Министрлiгiнiң инвестициялар жөнiндегi Комитетi). 

Информация о работе Инвестициялық саясаттағы мемлекеттік реттеу