Инвестициялық жоба

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 09:14, курсовая работа

Описание

Нақты инвестицияның едәуір бөлігі инвестициялық жобалар формасында жүзеге асырылады. Халықаралық тәжірибиеде компанияның даму жоспары арнайы рәсімделген бизнес-жоспар түрінде ұсынылады. Бұл компанияның даму жобасының құрылымдық бейнесін көрсетеді. Егер жоба инвестиция тартумен байланысты болса, онда ол "инвестициялық жоба" деп аталады. Компанияның қандай да бір жаңа жобасы жаңа инвестицияларды тартумен байланысты болып келеді

Содержание

КІРІСПЕ
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Жоба, жобаның өмірлік циклі және инвестициялық жобалардың түрлері
1.2 Инвестициялық жобаларды талдаудың жалпы кезектілігі
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕР
2.1 Жобаның инвестициялық қажеттіліктері және оларды қаржыландыру көздері

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

инв жоба.doc

— 242.00 Кб (Скачать документ)

Облигацияны өтеу қорын қалыптастыру. Облигациялық займды тарту кезінде компания оны сатып алу уақтындағы өтеу қорын қалыптастыру үшін тұрақты аударымдар көлемін анықтауы қажет. Бұл жағдайда аннуитет түріндегі төлемдерді есептеу формуласы қолданылады. Аннуитеттік төлемдер формуласы облигациялар бойынша қызмет ету кезінде де қолданылуы мүмкін. Өтеу қорына аударымдар ақшалай формада, сондай-ақ қор нарығында сатып алынған облигациялармен жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі таңда кейбір компаниялар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу арқылы олардан белгіленген проценттер алып отырады.

Лизинг – инвестициялаудың құрамдас бөлігі.

Біздің елімізде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың перспективалық бір бағытына лизингті жатқызуға болады. Лизинг машиналарды, көлік құралдарын, қондырғыларды, сондай-ақ өндірістік сипаттағы құрылыстарды ұзақмерзіміді жалға алуды, яғни инвестициялау формасын білдіреді. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: оперативті лизинг – толық өтелмейтін, қаржылық лизинг – толық өтелетін. Оперативтік лизингке арендаға берілетін лизингберушінің алған мүлкіне байланысты шығындары аренданың бастапқы мерзімі ішінде бөлшектеп өтелетін барлық келісім-шартты жатқызамыз. Оперативтік лизингтің келесідей ерекшеліктері бар:

      Бір ғана жалға алушыдан түсімдер есебінен лизинг беруші өзінің барлық шығындарын жабуды көздемейді;

      аренда мерзімі мүліктің толық физикалық тозуын қамтымайды;

      мүліктің бұзылуы немесе жоғалып кету тәуекелі лизинг берушінің мойнында болады;

      мүліктің белгіленген мерзімі аяқталған соң лизинг берушіге қайтарылады, одан кейін ол не сатады, не келесі клиентке қайта жалға береді.

Оперативті лизинг құрамына кіретіндер: рейтинг – бір күннен бір жылға дейінгі мүліктің қысқамерзімді арендасы; хайринг – бір жылдан үш жылға дейінгі орта мерзімді аренда. Көрсетілген операциялар стандартты қондырғыны бір жалға алушыдан келесісіне бірнеше рет қайталанып беруді білдіреді.

Қаржылық лизинг машиналар мен қондырғылардың толық амортизациясы үшін жеткілікті, лизинг берушіге тұрақты табысты қамтамасыз ете алатын аренда мерзімі ішінде нық белгіленген арендалық төлем сомасын төлеуді қарастырады. Қаржылық лизинг келесідей түрлерге бөлінеді: қызмет көрсетілетін лизинг, леверидж  лизинг, "пакеттегі" лизинг.[1]

Қызмет көрсетілетін лизинг қаржылық лизингтің мердігерлік келісім-шартпен үйлесуін білдіреді және жалға берілген қондырғыны техникалық қызмет көрсетуге байланысты бірқатар қызмет көрсетуді сипаттайды.

Леверидж лизинг – қаржылық лизингтің ерекше түрі. Бұл келісімде жалға берілетін қондырғының үлкен үлесі (құны бойынша) үшінші жақ – инвестордан алынады. Аренда мерзімінің бірінші жартысында арендаға алынған қондырғы бойынша амортизациялық аударымдар және оны иеленуге алынған қарыз бойынша проценттерді төлеу жүзеге асырылады. Бұл инвестордың табысына салынатын салықты төмендетеді және салықты кешіктіру эффектісін туғызады.

"Пакеттегі" лизинг – компанияның қаржыландыру жүйесі, бұл кезде ғимараттар мен құрылыстар несиеге беріледі, ал қондырғы аренда келісім-шарты бойынша лизинг алушыға ұсынылады.

Лизингтік келісім бойынша объектіні алу көзін ескере отырып лизингті тікелей және қайтарымды деп бөлуге болады. Тікелей лизинг лизинг алушы мүддесі үшін лизинг берушінің өндіруші – компаниядан (жабдықтаушы) мүлікті иеленуді сипаттайды. Қайтарымды лизинг - өндіруші-компанияның өз меншікті мүлкінің бір бөлігін лизингтік компанияға беруді және сол уақытта оның арендасы жөнінде келісім-шартқа отыруды көрсетеді.

Сонымен, компания өз мүлкінің эксплуатациясын тоқтатпай-ақ, оны жалға беруден ақша қаражаттарын алып отырады. Мұндай операция компания үшін арендалық төлемдер сомасымен салыстырғанда жаңа инвестициялар жасаған сайын алынатын жоғары табыстарымен тиімді болып келеді.

Лизингтік келісімдегі объектіде кемшілік байқалған жағдайда лизинг беруші кепілдік (гарантия) міндеттемелерден бос деп саналып, лизинг алушы барлық притензиларын тікелей жабдықтаушыға тағады. Лизингті пайдалану кезінде лизинг алушыға арендаға алынған мүлікті пайдалануда тек уақытша құқық беретінін ескеру қажет және осы сияқты қондырғыны банктік несиеге алғанға қарағанда қымбатырақ болуы мүмкін.

Инвестициялық жобаларды несиелеу.

Коммерциялық банктерде несиелік операциялар негізгі табыс көзін құрайды. Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды несиелеуден түсетін табыстың үлесі жоғары. Сондықтан банктер мұндай жобаларға үлкен мән береді.

Компания өзінің шаруашылық қызметін ұлғайту үшін тартатын қаржы несиесінің құрамындағы банктік несиенің маңызы зор. Бұл несие кең мақсатты бағыттарға қолданылады және әртүрлі формаларда тартылады. Кейінгі жылдарда компанияны несиелеуде тек отандық банктер ғана емес, сонымен бірге шетелдік банктер де белсенді қатысуда (әсіресе шетелдік капиталмен құрылған бірлескен компанияларды несиелеу).

Банктік несие – белгілі процентпен, белгілі мерзімге мақсатты пайдалану үшін клиентке банктің қарызға ұсынатын ақша қаражаттарын білдіреді.

Инвестицияны қаржыландырудың сыртқы көздерінің арасында басты рольді банктердің ұзақ мерзімді несиелері алады. Несие қайтарымдылық және өтемділік шарттарына сәйкес ақша қозғалысымен байланысты туындайтын қарызгер мен кредитор арасындағы экономикалық қатынасты білдіреді. Қазіргі кезде инвесторлар кәсіпкерлік қызметтің тез нәтиже (табыс алу формасында) беретін салаға несиені тартуда. Іс-тәжірибие көрсетіп отырғандай, өнімдерді шығару көлемін көп рет ұлғайта алатын компаниялар үшін өзінің дамуына несиелерді тарту табыстан үлес төлеумен тартылған қаражаттармен салыстырғанда айтарлықтай тиімді болып келеді.

Заңды және жеке тұлғалардың капитал салымдарын банктік несиелеу объектілеріне мынандай шығындар жатуы мүмкін: 

      өндірістік және өндірістік емес арналымдағы объектілердің техникалық қайта қарулануына, құрылысқа, кеңеюге;

      жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді сатып алуға (машиналар, қондырғылар, көлік құралдары, ғимараттар мен құрылыстар);

      бірлескен компаниялар құруға;

      ғылыми-техникалық өнімдерді, интеллектуалдық құндылықтарды және меншіктің басқа да объектілерін жасауға;

      табиғатты қорғау шараларын  жүзеге асыруға.

Заңды және жеке тұлғалардың банкпен несиелік қатынасының негізі – ол банктік келісім-шарт болып табылады. Заңды тұлғаларға берілетін ұзақмерзімді несиелерді нақты мерзімі мен өтеу кезеңділігі шығындардың өтелуін, қарызгердің төлем қабілеттілігін және қаржылық жағдайын, несиелік тәуекелді, несиелік ресурстардың айналымдылығын жылдамдату қажеттілігін ескере отырып, банктің қарызгермен келісімі бойынша орнатылады.

Қазіргі кезде компанияға ұсынылатын банктік несиенің көптеген түрлері бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет          Компанияға ұсынылатын несиенің негізгі түрлері[1]

Бланктік (қамтамасыз етілмеген) несие – жекелеген шаруашылық операцияларды жүзеге асыру үшін беріледі. Ол компанияға кассалық – есеп қызметін көрсететін коммерциялық банктермен ұсынылады. Бланктік несие формальді түрде қамтамасыз етілмеген сипатта көрінгенмен іс жүзінде ол компанияның, дебиторлық борыш мөлшерімен және оның осы банктегі есеп айырысу және басқа шоттарындағы қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бұл несиенің түрі тек қысқамерзімді кезеңге беріледі.

Контокорренттік несие ("овердрафт"). Несиенің бұл түрі  қамтамасыз етілген жағдайда банкпен ұсынылады, бірақ ол міндетті талап болып саналмайды. Банк осы несиені ұсынғанда компанияға контокоррентік шот ашады, мұнда оның несиелік және есеп айырусу операциялары есептеледі. Контокоррентік шот несие келісім–шартында белгіленген максималды теріс сальдодан (контокоррентік лимит) аспайтын көлемде несие пайдалану көзі болып саналады. Компания контокоррентік шоттың теріс қалдығы бойынша банкке белгіленген несие процентін төлейді, сондай-ақ келісім-шартта банк осы шоттың оң қалдығында компанияға депозиттік процент аударуы мүмкін.

Ай сайынғы қарызға амортизацияланатын маусымдық несие. Несиенің бұл түрі компанияның маусымдық қажеттіліктерімен байланысты айналым активтерінің ауыспалы бөлігінің өсу кезеңіндегі қалыптасуына беріледі. Осы несиенің ерекшелігі несиеге ай сайын қызмет көрсетумен (ол бойынша ай сайын процент төлеу) қатар, ай сайын негізгі қарыздың сомасын амортизациялау (өтеу) болып табылады. Мұндай қарыз амортизациясының графигі компанияның ақша қаражаттарына маусымдық қажеттілік көлемін түсірумен байланысты.

Несие линиясын ашу. Қысқамерзімді банктік несиеге қажеттілік әрқашанда оны пайдаланудың  нақты уақытын көрсетпеуі мүмкін, сондықтан ол бойынша компания банкпен алдын ала келіскен несие линиясын ашуды рәсімдейді. Бұл келісім-шартта оған нақты қажеттілік туған кезде банктік несиені берудің шарттары, мерзімі және сомасы келісіліп көрсетіледі. Несие линиясындағы пайдаланылмайтын лимит көлемінде несие ұсыну бойынша өзінің қаржылық міндеттемелері үшін банк комиссиондық сыйақы мөлшерін орнатады. Компанияға айтылған несие түрінің артықшылығы займ қаражаттарын пайдалануда өзінің нақты қажеттіліктерімен сәйкес келуінде. Несие линиясының ашылу уақыты бір жылға дейін болады. Банктік несиенің осы түрінің ерекшелігі сол, ол тиісті келісім-шарт міндеттемесі сипатында болмауы және комапния – клиенттің қаржылық жағдайы нашарлаған кезде банкпен жабылуы мүмкін.

Револьвердік (автоматты түрде жаңданатын) несие. Бұл белгілі бір кезеңге және осы кезең ішінде несие қаражаттарын этаптық "таңдауға", сондай-ақ олар бойынша міндеттемелерді (негізгі қарыздың сомасына амортизация) бөлшектеп немесе толық өтеуге рұқсат берілген банктік несиенің бір түрі. Міндеттемелерді өтеу шотына төленген қаражаттарды компания несие келісім-шарт мерзімінің ішінде қайта қарызға ала алады (орнатылған несие лимиті шегінде). Қалған негізгі қарыздың өтелмеген сомасы және ол бойынша проценттер несие келісім-шартының мерзімі біткенше төленеді. Бұл несие түрінің артықшылығы несие линиясын ашумен салыстырғанда шектеулердің минималды болуы, бірақ олар бойынша проценттік ставка деңгейі әлдеқайда жоғары болады.

Онкольдік несие. Несиенің бұл түрінің ерекшелігі қарызгерге оны пайдалану мерзімі көрсетілмейді (қысқамерзімді несиелеу шегінде) және соңғысының кредитордың бірінші талабы бойынша оны өтеу міндеттемесі қойылады. Осы несиені өтеуде жеңілдік кезеңі беріледі (қолданылатын практикада – 3 күнге дейін).

Ломбардтық несие. Мұндай несие несиелеу кезеңінде компания жоғары өтімділік активтерді (вексель, мемлекеттік қысқамерзімді міндеттемелер және т.б.) банкке өткізу арқылы несие алуы мүмкін. Бұл жағдайда несие көлемі өткізілген активтер құнының белгілі бір бөлігіне сәйкес келеді. Несиенің бұл түрі қысқамерзімді сипатта болады.

Ипотекалық несие. Мұндай несие негізгі қорларды немесе компанияның меншік кешенін тұтастай кепілдікке алу негізінде ұзақмерзімді займдар беруге маманданатын банктерден алынуы мүмкін (ипотекалық банктер). Өз мүліктерін кепілдікке беретін компаниялар оны банк пайдасы үшін толық көлемде сақтандыруы қажет.

Ролловердік несие. Бұл проценттік ставка кезеңдік қайта қарастыратын ұзақмерзімді несиенің бір түрін білдіреді (яғни қаржы нарығы конъюнктурасының өзгеруіне байланысты "қайтанесиелеу" перманенті). Еуропалық практикада берілетін ролловердік несиенің проценттік ставкасын әр квартал немесе жарты жылда бір рет қарастыру жүзеге асырылады (жоғары инфляция жағдайында және несиеге проценттік ставканы кезеңдік қарастыруда Орталық банктің есеп ставкасының жиі ауысуы болуы мүмкін).

Консорциумдық несие. Банктің несие саясаты несиелеудің белгіленген нормативтер жүйесі немесе тәуекелдіктің жоғары деңгейі кейде оған компания – клиенттің несиеге деген жоғары қажеттілігін толық қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайда компанияға қызмет ететін банк өзінің клиентін несиелеуде басқа банктерді (мұндай несиелік операцияларды жүзеге асыратын банктер одағын "консорциум" д.а.) тартады. Консорциумдық несиені ұйымдастырғаны үшін жетекші банк (клиентке қызмет етуші) белгілі бір комиссиондық сыйақы алады.

Банктік несиені тартудың түрлері мен шарттарының көптігі компаниялардың осы процесті тиімді басқаруын қажет етеді. Әсіресе бұл қажеттілік банктік несиені көп тұтынатын компанияларға тән. Бұл жағдайда банктік несиелеудің ерекшелігіне қарыз капиталын тарту саясаты мен мақсаттары нақтылана түседі де, қажет болған кезде компанияның қаржы саясатының өзіндік түрі бола алады. Банк несиеленетін жобалардың орындалуына бақылау жүргізіп отырады. Қарызгердің өз міндеттемелерін орныдамауы кезінде несиелік келісім-шартта қарастырылған экономикалық санкцияларды қолдануға құқылы.

Жобалық қаржыландыруды ұйымдастыру.

Жобалық қаржыландыру – бұл қарыздық қаржыландырудың бір түрі. Жобалық қаржыландыру бөлімдері көптеген банктік мекемелерде бар. АҚШ-та "жобалық қаржыландыру" термині, ол жобаның өзі қосымша қаржыландыру көздерін тартпай-ақ қарыз міндеттемелеріне қызмет етудің жалғыз ғана әдісі болып табылатын қаржыландырудың бір типін сипаттайды. Европада бұл термин жобаларды қаржыландыру үшін ақша қаражаттарын ұсынудың әртүрлі әдістерін бейнелейді. Бірақ келтірілген барлық анықтамалардың түйіні бір, ол – жобалық қаржыландыру нақты ақшалардың жоспарланған ағымын нақты алуды қамтамасыз ететін ерекше әдіс екендігін сипаттайды.

Информация о работе Инвестициялық жоба