Инвестициялық жоба

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 09:14, курсовая работа

Описание

Нақты инвестицияның едәуір бөлігі инвестициялық жобалар формасында жүзеге асырылады. Халықаралық тәжірибиеде компанияның даму жоспары арнайы рәсімделген бизнес-жоспар түрінде ұсынылады. Бұл компанияның даму жобасының құрылымдық бейнесін көрсетеді. Егер жоба инвестиция тартумен байланысты болса, онда ол "инвестициялық жоба" деп аталады. Компанияның қандай да бір жаңа жобасы жаңа инвестицияларды тартумен байланысты болып келеді

Содержание

КІРІСПЕ
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Жоба, жобаның өмірлік циклі және инвестициялық жобалардың түрлері
1.2 Инвестициялық жобаларды талдаудың жалпы кезектілігі
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕР
2.1 Жобаның инвестициялық қажеттіліктері және оларды қаржыландыру көздері

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

инв жоба.doc

— 242.00 Кб (Скачать документ)
nt-size:14pt;line-height:150%;margin:0pt;text-align:justify;text-indent:21.3pt">Нақты ақшалардың жоспарланған ағымын нақты алу жобаның барлық қатысушылары арасында (мердігерлік ұйымдар, қаржы мекемелері, мемлекеттік органдар, жабдықтаушылар және соңғы өнімді тұтынушылар) жобамен байланысты тәуекелдердің барлық түрін анықтау және бөлу жолымен қол жеткізіледі.

Жобалық тип бойынша қаржыландыруды ұйымдастыру жобаны жүзеге асырудың бастапқы стадиясында мыналарға мүмкіндік береді:

      оның лидерлерінің (құрылтайшылар) мүмкіншіліктерін бағалауға;

      жобаның займдық қаражаттарға қажеттілігін анықтауға;

      компанияны эксплуатацияға бергеннен кейінгі табысты анықтауға;

      барлық мүдделі заңды және жеке тұлғалар арасында компанияны құру және функционалдау тәуекелін бөлуге.

Кредитор өзіне тәуекелдің қандай үлесін қабылдауына қарай жобалық қаржыландырудың үш формасын бөліп көрсетуге болады:

      қарызгерге толық регреспен;

      қарызгерге қандай да бір регрессіз;

      қарызгерге шектеулі регреспен.

Регресс – бұл қарызға берілген соманы өтеу туралы талап.

Қарызгерге толық регреспен қаржыландыру – жобалық қаржыландырудың айтарлықтай кең тараған формасы. Бұл формаға жобаны қаржыландыру үшін қажетті қаражаттарды алудың жылдамдылығы мен қарапайымдылығы үшін үлкен мән беріледі, сонымен қатар, қаржыландырудың бұл формасының құны қалған екеуінен төмен.

Қаржыландырудың мұндай формасы келесідей жағдайларда қолданылады:

1.        Аз табысты және коммерциялық жобаларды қаржыландыру үшін қаражаттар беру, олардың тапсырыс берушілері қарызгердің басқа да табыстары есебінен несиелерді өтеуге мүмкіндік алады.

2.        Экспорттық несие формасында қаражаттар беру. Экспорттық несиелерді беру бойынша көптеген мамандандырылған агенттіктер үшінші жақтың қосымша кепілдерінсіз-ақ жоба тәуекелдерін өздеріне қабылдауға мүмкіндіктері бар.

3.        Жоба бойынша берілген кепілдердің (гарантия) сенімділігінің жеткіліксіздігі.

Шығындардың болымсыз ұлғаюына сезгіштік танытатын кіші-гірім жобалар үшін қаражаттар беру.

Қарызгерге қандай да бір регрессіз жобалық қаржыландыру кезінде кредитор қарызгерден ешқандай кепілге ие болмай, жобаны жүзеге асырумен байланысты барлық тәуекелдерді өзіне алады. Қаржыландырудың бұл формасы қарызгер үшін құны жоғары, өйткені кредитор тәуекелдің жоғарығы дәрежесі үшін сәйкес компенсация алуға үміттенеді.

Қарызгерге регрессіз формасымен әдетте, жоғары табысты және жүзеге асыру нәтижесінде бәсекеқабілетті өнім беретін жобалар қаржыландырылады. Кредиторлардың мұндай жобаға қаражат салу тәуекеліне бару үшін келесідей шарттар қажет:

      Бәсекеқабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін жақсы қолданыстағы технологияны пайдалану;

      Құрылыс тәуекелін, жобалық қуатқа шығу тәуекелін, сондай-ақ жобаны функционалдаумен байланысты тәуекелдерді бағалауға мүмкіншілік алу;

      Соңғы өнім жеңіл өткізілетін болуы керек, тек сол кезде ғана баға тәуекелін анықтау мүмкін болады;

      Шикізат, қосымша бөлшектерді және тағы да басқаларды жабдықтаушылармен сенімді келісім болуы және белгілі бір бағалар орнатылуы қажет;

      Мемлекеттегі саяси тұрақтылық.

Қазіргі кезде қарызгерге шектеулі регреспен жобалық қаржыландыру кең таралып келеді. Бұл жағдайда жобаны қаржыландыру барысында оны жүзеге асырумен байланысты барлық тәуекелдер бағаланады және жобаға барлық қатысушылар арасында бөлініп, әрқайсысы өздеріне тиесілі тәуекелдерді алады.

Қарызгерге шектеулі регреспен жобаны қаржыландыру формасының беделі басқа формалармен салыстырғанда қарызгердің қаржылық жағдайына аз әсерімен түсіндіріледі.

Жобалық қаржыландырудың несиелеудің дәстүрлі түрлерінен ерекшелігі тек қарызгердің төлем қабілеттілігін бағалауға, тұтас инвестициялық жобаны, ол бойынша тәуекелдерді қарастыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар нәтижелерді болжауға мүмкіндік туғызады. Осының бәрі өмір қабілетті компания құруға мүмкіндік берумен қатар, инвесторларды тартуға ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Әдетте, инвестициялық жобаларды несиелеу барысында несиелерді мақсатты пайдалануға бақылау механизмі жасалады. Сондықтан несиелік келісімнің мәтініне қарызгердің жобаны жүзеге асыру кезінде ақпараттарды беріп отыру туралы міндеттемелері енгізіледі.

Инвестордың меншікті қаражаттар есебінен, сондай-ақ банктің меншікті қаражаттары есебінен капитал салымдарын қаржыландыру қатысушы жақтардың келісімі бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда келісім жасасқан қатысушылар капитал салымдарын қаржыландыру үшін банктердегі шоттарға инвесторлардың меншікті қаражаттарын салу, мердігерлік жұмыстарды орындау және қондырғыларды, материалдық және энергетикалық ресурстарды жеткізу, қызметтер көрсету үшін инвестициялық процеске қатысушылар арасында өзара есеп айырысу және несиелеу тәртібін өздігінше анықтайды.

Жоба жетекшісінің жұмысының тиімділігі негізінен жобаға кететін шығындарға бақылау бойынша жұмыстың қаншалықты жақсы ұйымдастырылғанымен бағаланады. Шетелде осы процесті басқару үшін тәуекелдерді басқарудың арнайы жоспары қолданылады. Бұл жоспарды келісім – шарттарды дайындау кезінде жасайды және одан кейін оны үнемі жетілдіріп отырады. Бұл жоспар мыналарды анықтайды:

      қандай шығындар бақылауға жатады (компания шығындары, қондырғының, материалдың, жұмыс күшінің құны);

      шығындар қандай көрсеткіштермен анықталады;

      бақылау қалай ұйымдастырылады.

Жобаның жетекшісі шешімдердің дұрыс қабылдануына және олардың орындалуына жауап береді. Ескере кететін жәйт, бақылау тиімділігі жобаны жүзеге асырудың айтарлықтай кейінгі этаптарында төмендетіледі.

Меншікті және займдық қаржы ресурстарының арақатынасы жобаның инвестиция құрылымын құрайды және бірқатар факторлардан тәуелді болады, олардың негізгілеріне:

      қаржы ресурстары нарығының дамуы;

      жобаны орындау ұзақтылығы және техникалық қиындығы;

      компанияда жобаны жүзеге асыруда қалыптасқан тәжірибие.

Нарықтық экономикасы бар көптеген мемлекеттерде меншікті және займдық қаражаттардың арақатынасы 1-ден төмен, яғни займдық қаражаттардың үлесі 50 %-тен жоғары болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.      Ю. Бригхэм, Л Гапенски «Финансовый менеджмент»  М: 1998 г

2.      Дробозина «Финансы предприятия» М:1999 г.

3.      Б.Коласс «Управление финансовой деятельностью предприятия» М:1997г

4.      М. Крейнина «Финансовый менеджмент» М: 1998 г

5.      В.Мыльник «Инвестиционный менеджмент» М:2002 г

6.      А.М Сейтказиева «Инвестиционная деятельность» А: 1998 г

7.      А.Д Шеремет «Финансы предприятия» М: 1999 г.

8.      У. Баймуратов «Иностранные инвестиции в РК: особенности и проблемы» // Транзитная экономика №2, 2002 г.

9.      Г. Балахметова «Отраслевой и региональный аспекты привлечения прямых иностранных инвестиции в экономику Казахстана» // Аль-Пари, № 6, 2002г

10. У. Есайдар, А. Ускеленова Современные тенденции движения инвестиции в мировой экономике. // Транзитная экономика, № 3, 2002г.

11. А. Кайгорадиев «Инновационный и инвестиционный климат в РК»// Аль-Пари, № 2-3, 2002 г.

12. Н. Рустемов «Инструменты регулирования инвестиционных процессов в социальной сфере» // Транзитная экономика, №3, 2002 г.Г. Юльчиева «Услуги как способ привлечения инвестиции в экономику РК » // Аль-Пари, № 2-3, 2002 г.

 

5

 



[1] Е.Р.Орлова "Инвестиции", ОМЕГА-Л, М,2003, стр.55

[1] Ю.А.Богатин, В.А.Швандар «Инвестиционный анализ», "ЮНИТИ", М:2001, стр. 8

[1] «Методические рекомендации по оценке эффективности инвестиционных проектов и их отбору для финансирования», "Информэлектро", М: 1994

[1] О.И.Лаврушин «Банковское дело», "Финансы и Статистика", М: 2000, стр. 467

[1] О.И.Лаврушин «Банковское дело», "Финансы и Статистика", М: 2000, стр. 270


Информация о работе Инвестициялық жоба