Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2011 в 18:03, курсовая работа

Описание

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3


Негізгі бөлім

Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні.............................4
Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері................4
Инвестицияның қызметі мен операциялары.....................................13
Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы..........................17
ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері...............................................................................................21
2.1 ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыру...................................21

2.2 Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері....................................................................................................23

2.3 ҚР-ның инвестициялық қызметті қаржыландыру...........................25

Инвестицияның экономиканы дамытудағы рөлі.............................30
ҚР-на тартылатын инвестиция көлемін ұлғайту..............................30


Қорытынды..........................................................................................................37


Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................39


Қосымша...............................................................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Курсовая готовая.doc

— 325.00 Кб (Скачать документ)

    Шетелдік  инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан  эксимбанкі, сырттан қарыз алу  жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты.

    Шетел инвестицияларын тартудың басты  бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.  

    1995 жылдың шетелдік инвестициялардың  көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6 трлн $ деңгейін  жетті. Шетелдік инвестицияларды  тартудың маңызды көзі- потрфель  инвестициялары . Олар ірі корпорациялардың , мемлекеттік және жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады.

    Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар  мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды , материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды , басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады.

    2004 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі (98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді.

    2004 жылғы қаңтарда негізгі капиталға  инвестициялар  56.9 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17.2%көп.

    2004 жылғы қаңтарда инвестицияның  өсуі республиканың 12 өңірінде  байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан(1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да (4-13%) байқалды.

    Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды.

    Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға  инвестициялардың жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады.

    Шетел инвестицияларының жалпы республикалық  көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.

    Инвестициялық қызмет дегенімізшаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға , негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады.

    2002 жылы Қазақстан Республикасындағы  инвестициялық қызметтің нәтижесі- қаржы емес активтерге жұмсалған 1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған  инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда  10.6 %-ға (2001 жылы-44.7%-ға; 2000 жылы – 48.5%-ға ; 1999 жылы – 33.0%ға ) өсті.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар  көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі – 23.9% , халық үлесі – 1.2% құрады.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың  үлесі  45.0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады.

    Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек- жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді.

    Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық  барлауға жұмсалған.

    Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия  өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі  капиталға жұмсалған инвестициялар  көлемінің 44.4%тиеді.

    Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа  (19.8%) келеді.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз  (1.3%).

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың  жалпы көлемінде үйлер мен  ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7%  құрады.

   Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметі үшін қолданылатын, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе бекітілген активтерін ұлғайтуға салынған мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) лизинг келісімшарттарын жасау кезінен бастап лизинг құралдарын қоса және оларға құқық.

   Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, ел ішіндегі және шетелдегі капиталдың экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

   Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы  инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

   Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі  қорлар мен айналым қорларына  ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

   Капиталдың  кейбір салымдары шығысты құраушыларға әсер етеді. Мәселен, шығынды азайтуға апаратын шығыстарға, ал басқалары  – табысқа да, шығысқа да. Табыс  пен шығыс статьяларына инвестицияның әсерін болжау – салыстырмалы еңбекті қажет ететін тапсырма, олардың өсім немесе, керісінше төмендеу көлемін бағалау өте қиын. Жаңа өнім (тауар, қызмет көрсету) шығару үшін өндірістік қуаттарға инвестиция салу айналым капиталын ұлғайтуды қажет етуі мүмкін (шикізат көлемі, аяқталмаған өндіріс, қоймадағы дайын тауар). Өнімді несиеге сату кезінде дебиторлық қарыз көбейеді және т.с.с.

   Барлық  инвестициялар екі негізгі топқа  бөлінеді: нақты (капитал құрушы) және портфельді. Нақты инвестициялар  – бұл негізінен құралдардың (капиталдың) тікелей өндіріс құралдары мен тұтыну затына ұзақ мерзімді салымдар. Олар нақты әдетте, ұзақ мерзімді жобаға салынатын қаржы салымдарын білдіреді және нақты актив иеленумен байланысты. Сонымен бірге заемды капитал, оның ішінде банктік несие қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда банк те нақты инвестициялауды жүзеге асырушы инвестор болып табылады.

   Портфельді  инвестициялар – құнды қағаздар сатып алумен және олардан тиімді портфель алумен байланысты жобаларға  капитал салымы. Берілген жағдайда инвестордың негізгі міндеті – қор нарығында құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асатын оптимальды инвестициялық портфельді құру мен басқару. Портфель – бір тұтасқа жинақталған инвестициялық құндылықтардың шоғырлануы .

   Нақты инвестицияларды кейде тікелей деп атайды, өйткені олар өндірістік процеске тікелей қатысады, мәселен, ғимаратқа, жабдыққа, тауарлық-материалдық қорларға және т.б. құралдар салымы.

   Қаржылық  мүлікке салым бас кәсіпорындардағы үлестік қатысуларға құқық алу, олардың акцияларын, басқа да құнды қағаздарын, қарыз беру құқығын сатып алу – қаржы инвестициялары деп аталады. Интеллектуалды материалды емес инвестицияларды да бөліп қарастырады – патенттер, лицензиялар, ноу-хау сатып алуға, персонал дайындау мен қайта дайындауға, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар мен жарнамаларға және т.б. салымдарға шығындар.

   Одан  басқа, бастапқы инвестиция немесе нетто-инвестицияларды  айырады, олар кәсіпорын сатып аларда немесе жоба негізінде жүзеге асырылады.

   Реинвестициялар – бұл қайтадан босаған инвестициялық ресурстар, өндірістің жаңа құралдарын дайындау мен сатып алуға және басқа мақсатқа қолданылады. Бұндай инвестициялар бар объектіні жаңаға аустыруға, технологиялық жабдық немесе үрдіс рационализациясы мен модернизациясына, шығару көлемін өзгертуге, номенклатура өзгерісімен, өнімнің жаңа түрін жасаумен, өткізудің жаңа нарығын ұйымдастырумен байланысты диверсификацияға, кәсіпорынның перспективада өмір сүруін қамтамасыз етуге (мәселен, жарнамаға, қоршаған ортаны қорғауға және т.б.) бағытталуы мүмкін.

   Негізгі капитал мөлшерін ұлғайтатын және оның модернизациясына бағытталған жаңа инвестициялар сомасы жинақ инвестицияларды  құрайды.

   Тұтынылған  құралдар орнын толтыруға, қызмет етуші  кәсіпорындар қуаттарын техникалық қаруландыру мен кеңейтуге, сонымен қатар өндірістік және өндірістік емес негізге қорлар алуға бағытталған, қаржыландыру көздеріне тәуелсіз шығындарды ұзақ мерзімді инвестицияларды жатқызады. Олар әрқашан нақты және келесі формада жүзеге асырыла алады: жаңа кәсіпорын құрылысы, қызмет етуші кәсіпорындардың және өндірістік сфера объектілерінің реконструкциясы, кеңейтілуі мен техникалық қайта қарулануы; жер учаскелері мен табиғатты қолдану объектілерін сатып алу; материалды емес активтер сатып алу мен құру.

   Бұл әлемдегі миграцияланатын капиталдың теңбе-тен күшеюі арқылы жүріп отырды. Жиынтық капитал 1995 жылы 1258 млрд. долларға жетті, ол 1990 жылдын, деңгейімен салыстырғанда 3 есе көп болды, ал миграцияланатын капитал құрылымында шетелдік тікелей инвестициялар едәуір ұлғайды. Оның деңгейі 1995 жылы 325 млрд. долларға жетті, яғни 80-жылдармен салыстырғанда 3,5 есе өсті.

   Зерттеулер  көрсетіп отырғанындай, инвестициялық  ресурстардың ағымын екі себеп ынталандырады: жекелеген елдердің  дамуының біркелкі еместігі және индустриалдық елдердің жедел есуі. Капитал импортының жоғары деңгейі өндірістік саламен салыстырғанда әлемдік сауданың жедел өсуіне ықпал етті.

   Осылайша, 1990-1995 жылдары әлемдік экспорт 1,5 есеге өсті, өзгеріссіз бағалар бойынша ол ІЖӨ-нің өсу қарқынынан 2-3 есе көп болды. Шетелдік тікелей инвестициялардың сомасының   ұлғаюы   шетелдік   капиталдың   қатысуымен   жасалған өнімнің өтуіне зор ықпал етті, ал тармақталған жүйесі 250 мың филиалдан тұратын 40 мың трансұлттық корпорациялар әлемдік экспорттың 2/3-і қозғалысын басқарды, олардың жартысы фирмалық жеткізулерді құрады.

             Инвестициялар бірнеше  түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде  болады. [Қосымша А]

       Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі  қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

       Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.

       Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.

       Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін  құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі   немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

Информация о работе Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні