Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2011 в 18:03, курсовая работа

Описание

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3


Негізгі бөлім

Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні.............................4
Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері................4
Инвестицияның қызметі мен операциялары.....................................13
Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы..........................17
ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері...............................................................................................21
2.1 ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыру...................................21

2.2 Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері....................................................................................................23

2.3 ҚР-ның инвестициялық қызметті қаржыландыру...........................25

Инвестицияның экономиканы дамытудағы рөлі.............................30
ҚР-на тартылатын инвестиция көлемін ұлғайту..............................30


Қорытынды..........................................................................................................37


Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................39


Қосымша...............................................................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Курсовая готовая.doc

— 325.00 Кб (Скачать документ)

       Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім  мен оны іс жүзінде асыру, орнын толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық «лаг» бола береді. Бірден үйренушілік болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің шығындары болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу керек. Мысалы, жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл ішінде. Бірақ мұндай құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді.

       Өндірістік  инвестицияаудағы үйренушілік шығындары одан да асып кетеді. Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ нарықтық конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.

       Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық). Солардың кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып, жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыттары үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.

       Мұнан туындайтын қорытынды : үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат, материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді. Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын, үйренушілік шығынына да іркілмей бара беретін боласыз.

       Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп уақыт осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ , бұл инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.

       5. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.

       Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді. Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар, пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан (басқа    салалармен), алдын-ала бұл байланыстылықтың мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса шығарады делік.

       Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын  білесіз. Мультипликатор арқылы салалар  арасында байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да білдіреді.[2; 67]

       Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр түрлі  уақытта болады. Егер мысалы, ондай  тасыңыз ауыл шаруашылық техникасы  болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз арқылы толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере немесе азайта ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу қажет болады.

       Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны  саласының басқа саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да, инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткені рынок үнемі қозғалыста болып түрады.

       6.Q - принципі

       "Q" - принципі - бұл қор биржасындағы  бағалау мен актив құнын нағыз  қалпына келтіру арасындағы өзара  тәуелділік. Бұл тәуелділіктің көрсеткіш  - қатынасы : Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) / бұл активтерді ауыстырудың (сатып алу)  күнделікті шығындары. Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда, артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы.

       Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным  бағасы мен ұсыным бағасының өз ара  қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде: Q ═ фирманың барлық биржалық құны / оның материалдық бөліктерін  орнына келтіру шығындары.  
 

1.3 Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы. 

     Инвестициялық саясаттың әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере отырып Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде қатаң әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегі бағыттарды қамтиды:

   • үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені 
үкіметтік несие алдын-ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды 
және белгілі сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді).

   Мұндай  жағдайда елге келіп жатқан шетел  инвесторларын көбейтуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп жатыр. Капиталды  тартудың мұндай формасының басымдылығы әртүрлі түсіндіріледі:

   • тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік 
мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;

  • донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі 
    болуы тиіс;
  • елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін 
    қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына 
    әсер етпейді;
  • тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылык 
    белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми- 
    техникалық ынтымақтастықтың әртүрлі  формаларының кең 
    түрде таралуына ықпал етеді.

   Мұның барлығы Үкіметтің орта мерзімдік  инвестициялық бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады. Объектілерді салу және сатып алумен шетел капиталын салу бағыттарына мыналар жатады:

  • біріккен және төл кәсіпорындарды құру;
  • шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;

• акционерлеу   жолы   арқылы   кәсіпорындарды   жекешелендіру процесіне донорлардың қатысуын кеңейту;

• банктік мекемелерді инвестициялау.

Қолданылатын  бағыттар сипатында елеулі өзгерістер болуда:

  • Біріккен кәсіпорындардың делдалдық-өткізу және сатып 
алу кызметі салаларында емес, өндірістік, банктік, құрылыстық 
қызметте, аграрлық секторда ұлғаюы.

  1997 жылы қызмет етіп жатқан біріккен  кәсіпорындардың жалпы саны 1388, ал шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар саны 100-ден астам болды.

  Бір кеңістіктегі серіктестердің мүдделері, өндірістік міндеттер сияқты, өнімді өткізудің белгілі бір нарығында тоғысады.

  • Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты.

  Оның  өрістеуі белгілі мөлшерде төлем  төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мәселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

     Қазақстандағы объектілер басқаруға өте тиімді жагдайларда беріледі: әлеуметтік объектілерді қамтамасыз етілуден босатылады, жұмыскерлер санын кысқартуда еркіндік беріледі және экспортқа бағытталған өндірістер құнға үстеме салықтан босатылады.

Сонымен бірге, белгілі бір өндіріске  салынған инвестициялар кейінгі жылдары едәуір көлемде коммерциялық несиелеу құнынан асып кетті.

    Барлық  елдердегі сияқты, Қазақстандағы  инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық параметрдің, төмендегі  факторларымен тежеліп отыр.

     Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы).

     Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің  жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.

     Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық  жобалар түріндегі төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.

     Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық    жағдайының    қажетті     деңгейде     болмауы     себебінен инвестициялаудың жоғары тәуекелділіктерін компенсациялайды.

     Төртіншіден,     төлемдер     дағдарысы     жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.

     Бесінші - жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.

     Алтыншы - тиісті әдістердің болмауы негізгі  капиталдың теңбе-теңсіз қайта бағалануына әкеліп соқты.

     Осының  салдарынан амортизациялық төлемдер мен ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) арасындағы арақатынас шектен тыс жоғары болып отыр. Нәтижесінде, жоғарыда аталған себептер әсерінен Қазақстан экономикасында өндірістік шығындардың бұзылған құрылысы, өндірістердің төмен шынайы пайдалылығы, бюджетке төлемдердің жинақталмауы, мүліктік активтер негізінде кәсіпорындар қаржыларының жоғарылауы көрініс алып отыр.

     КСРО  кезінде де көрініс тапқан техника  мен құрал- 
жабдықтарды қолданылудың жоғары мерзімі, инвестициялық сұраныс қысымының нәтижесінде негізгі қорлардың бұзылуы күшейді, ал негізгі қордың моральдық емес, табиғи тозуы 40% шегінде өзгеріп отырды. Кәсіпорындардың өзіндік қаржылары инвестицияға деген сұранысты 25-40% деңгейінде қанағаттандыра алды.

  Елдегі  қаржылық, несиелік жүйелер мен оның институттарының дұрыс қалыптасуы шетелдік капиталдың жаппай өктемдік жүргізуі үшін қолайлы жағдайлар жасады.

  Мемлекеттік меншікті жекешелендіру процестерінің  кезеңдері іс жүзінде меншік формаларының ұдайы өндіріс процестеріне әсер ете алмайды. 1993-1996 жылдарда Қазақстанға шетел Инвестициялары 6,2 млрд. доллар көлемінде тартылды.

  Қазақстан Республикасының инвестициялық  саясатын дамытушы елдер тәжірибесімен салыстыра отырып, Аргентина саясатымен белгілі бір ортақтықтың бар екендігін атап өтуге болады.

   Тиімді  инвестициялық саясаттың жоқ  болуы "өсу нүктесі" болып табылатын белгілі бір салаларды анықтауға мүмкіндік бермеді; ол сыртқы экономикалық саясатты "өсу локомотивінен" "тежеу локомотивіне" айналдыруды, әлеуметтік реформаларды ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының төмен деңгейі, сонымен бірге тұтынушылық несиенің болмауы республика халқын инвестициялық саясаттың белсенді субъектілерінің біріне айналдырды.

   Бұл кездегі тауар өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауы шетел инвесторларының баюы жағдайында жүріп жатыр және ұлттық валютаны жоюда. Қазақстандағы саны 1300-ден астам біріккен кәсіпорындар жаңа, яғни 20 мың жұмыс орны бар кәсіпорындардың құрылуына ықпал етті, осы кезде кішкентай Сингапурде алғашқы кезеңдерде жұмысшы орындарының саны 70 мыңға жеткен еді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.

Информация о работе Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні