Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2011 в 18:03, курсовая работа

Описание

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3


Негізгі бөлім

Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні.............................4
Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері................4
Инвестицияның қызметі мен операциялары.....................................13
Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы..........................17
ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері...............................................................................................21
2.1 ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыру...................................21

2.2 Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері....................................................................................................23

2.3 ҚР-ның инвестициялық қызметті қаржыландыру...........................25

Инвестицияның экономиканы дамытудағы рөлі.............................30
ҚР-на тартылатын инвестиция көлемін ұлғайту..............................30


Қорытынды..........................................................................................................37


Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................39


Қосымша...............................................................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Курсовая готовая.doc

— 325.00 Кб (Скачать документ)
 

    2.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті жүзеге асыру. 

    Ең  алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек :

    біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық  өзгерістеріне нарықтық механизм  әсер ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;

    екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ  өндірістің  әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық  реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай – ақ , болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

    Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын  көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі  көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы  кезеңдерге белгіленген  мақсаттарға  қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда , жалпы мемлекеттік экономикалық саясат- макроэкономикалық ; салық  және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі  болып табылады .

    Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына  да әсер етеді . Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі- макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың жағдайында салалық   құрылымның тиімді жағдайын анықтау – экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

       Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни  құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.

      Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

  • мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану арқылы;
  • ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
  • шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы; 

    Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу  және халық шаруашылығының барынша  тиімді аймақтық- салалық құрылымын  қолдау мақсатында олардың үйлесімін  қамтамасыз  ету – мемлекеттің  инвестициялық саясатының негізін  құрайды. Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.

    Іс  жүзінде , белгілі мақсатқа қол жеткізуді  көздейтін мемлекеттің құрылымдық- инвестициялық саясатының бағыттары  мен көрсеткіштері сандық жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс. Ал бұл, өз кезегінде , мүдделер , ресурстық база , механизмдер ,объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың , аймақтар мен тұтастай халық  шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын  білдіреді. Мысалға, нарықтық қатынастар саласы дамыған елдердің мемлекет қызметінде келесідей өзара байланыс анық байқалады .

    Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет шараларының  өзара байланыстығы:

       Жоғарыдағы өзара байланысты матрицалық модель түрінде көрсетуге болады . Онда оның баланстық нәтижелерін анықтап, экономикалық – математикалық есептеулер жүргізу және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады. Оны қарапайым кесте түрінде , бухгалтерлік қосарланған жазу әдісі арқылы толтыруға болады.

    Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей  мәселелерді қамтуы тиіс:

    - дайын өнім шығару арқылы экспорттық  әлуетті арттыратын салалар дамуына  басымдық беру;

    - ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын және импортты алмастыратын өнім өндірісін кеңейту ;

    - негізінен отандық өндіріс есебінен  халық шаруашылығы барлық  салаларының  өндірістік аппаратын жаңарту;

    - халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға  бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету ;

    - экономиканың аграрлық секторының  дамуын тездетуге бағытталған  қаржы және несие қорларын  арттыру және т.б.

       Бірінші кезекте, шетел инвестициялары бұрынғы  мемлекеттік кәсіпорындар үшін берік  валюта әкеледі.

       Екіншісі  және шетел инвестициясымен ере  келетіндерің ең маңыздысы - технология мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту. Оқытылған жұмысшылар жақсы жұмыс істейді де, жоғары жалақы алады. Оның үстіне, оқытылған жұмысшылардың бизнесін ашу үшін жақсы мүмкіндігі бар. Оқыту - кәсіпкерлер қатарынан көбеюіне және шағын бизнестің қанат жаюына өріс ашады. Ақырында, қаншалықты қисыны байқалмаса да, инвестициясы елдің тәуелсіздігін нығайтуға қызмет етеді, Дербес жекешелендірудің жобасындағы бірінші оқиға болған темекі комбинатын Филип Морис компаниясының қолға алуы елге 300 млн. доллардың қолма-қол әрі инвестиция түрінде келуіне жол ашты.

    Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізгі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымдың дамытудың маңызды факторы болып саналады. Инвестициялық саясат. Он жылдықта  әлеуметтік – экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік мен жұмыссыздық проблемасын шешуді міндетімізге алған. Экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрлеудің барынша жоғары қарқынына жету басты міндет ретінде алға қойылып отыр.

    Мұның өзі инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормасының артуына тікелей байланысты.

    Экономикалық  өсімнің жоғары қарқынын тұрақты  ұстап тұру үшін біздің таяудағы 4-5 жылдың ішінде негізгі капиталдың ІЖӨ -ге қатысты жалпы жинақталу көлемін 28 пайыз деңгейіне дейін жеткізуіміз  керек. Соның ішінде мемлекеттік инвестициялардың ІЖӨ жөнінде 2-ден 4 пайызға дейінгі өсіміне жету шарт. 2003 жылы мемлекеттік бюджеттің асыра орындалатыны, сөйтіп көкейге қонымды маңызды деңгейге - бір триллион теңгеге жақындайтыны қазірдің өзінде білініп отыр.

    Сондықтан, 2003 жылдың ішінде–ақ бюджетті нақтылай түсу қажет, ал экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс  істейтін мемлекеттік ірі кәсіпорындар акцияларының пакеттерін сатудан алынған жоспардан тыс түсімдерді  Ұлттық қорға жіберу керек. Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.  

2.2 Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.

 

Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.

Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:

  • экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
  • дамуға ресми көмек: қаржылық жэәне техникалық;
  • инвестициялар: тікелей және портфельдік.

    Кредитор  (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер . Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие- дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.

    Дамытуға  ресми көмек мемлекетке өкімет аралық денгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде - әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту, кенес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді.

    Инвестициялар республика экономикасы шетел капиталының  ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:

  • тікелей;
  • портфельдік.

    Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел  ала отырып, республика экономикасына  шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялармен  басқа да құнды қағаздарға қаржы  қаражат салу.

       Қазіргі кезеңде тікелей инвестицияның басымдылық маңызы мойындалып келеді.

       Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында шетелдерден капитал тартудың маңызына көңіл бөлді. Мысалы ол:”Біздің басты көңіл бөлуіміз шетел инвестициясын қорғау мәселесі. Сондықтан да мен өз Қаулыммен Мемлекеттік инвестициялық комитет құрдым және оған тікелей инвестицияны Қазақстанда пайдалану құқы туралы саясатты жүргізетін бірден бір мемлекеттік ұйым мәртебесін бердім”,-деді.

       Тікелей инвестиция алушы елдерге  қарыздық міндеттеме алғызбайды, сонымен бірге шетелден басқару  және техникалық тәжірибелер алуға мүмкіндік береді. Бұндай технология беру артықшылығы капитал ағынының келуінен де басым түседі.

       Тікелей инвестиция әлемдік экономикаға  және оның жүрегі халықаралық  бизнеске елеулі әсер етеді.  Экономикалық көзқарас және фирмалар  тарапынан оған мыналар жатады:

       -өзі үшін тұрақты нарықты тікелей  қамтамасыз ету немесе үшінші  ел нарығына шығатын басқыш  ретінде қолдануы;

       -өзінің “ішкі нарығын” құру, оның кейбір секторлары басқа  елдерде орналасуы мүмкін;

       -өз мүддесін аймақтық және кең ауқымды халықаралық деңгейде мемлекетаралық қатынастарға еңгізу.

       Қарапайым акцияның, немесе дауыстың 10 немесе одан да көп пайызына  шетелдік бақылау болса, немесе  кәсіпорынды басқарудың “тиімді  дауысына” ие болса онда тікелей  инвестиция деп түсініледі. Кейбіреулер үшін ол меншікпен, акционерлік капиталдағы үлеспен байланысты. 

    Тікелей инвестицияның  халықаралық қозғалысының көлемі жөнінде келесі мәліметтер сипаттайды. 1997 жылғы 400,5 млрд. доллар өсімінің көп  бөлігі(233,1 млрд. долл )- өнеркәсібі дамыған елдер, 48,9 млрд. долл.- дамушы елдер (оның ішінде 45,3 млрд. доллардан астам – Қытай үлесіне ) және 18,4 млрд. долларға жуығы- Орталық және Шығыс Еуропа (Ресейді қоса ) елдері үлесіне тиді.

    Инвестициялардың  негізгі бөлігі және оны іске асырушы  Трансұлттық корпорациялар “үштікке “ (АҚШ, Еуропа Одағы және Жапония) шоғырланған . Шетел инвестициялары - дамыған тауарлық қатынастарға ұлттық шаруашылық субъектілердің бейімделу деңгейін ірі коммерциялық инвестициялау негізінде көтеруге қабілетті, әлемдік ғылыми - технологиялық жетістіктерді енгізудің маңызды жолы. Бұл мәселе Қазақстан үшін ішкі тауар -ақша өлшемдерін деформациялау жағдайында маңызды. Республикада жаңа өндірістік қуаттарды жедел құру үшін тікелей өндірістік капиталдың импорты қажет. Қазақстан экономикасының басым салаларына шетел капиталын тартуды ынталандыру үшін қаржылық - несиелік, салықтық ұмтылыстар мен қаржылық емес әдістерді қолдану қажет. Соңғысына шетел капиталының қызмет етуіне жалпы қолайлы орта құру, қажетті өндіріс факторларымен, ақпаратпен, басқару қызметтерімен, көліктің, байланыстың әр түрінің, банктік қызмет көрсетудің дамуын қамтамасыз ете отырып, нарықтық инфрақұрылымның басқа да эмитенттерін құру қажет.

      Шетелдік саясат мемлекеттің экономикалық стратегиясының маңызды элементі және оның мақсаттарымен анықталады. Шетел капиталын тарту саясаты өндірістің құрылымдық қайтақұрылуына максималды түрде көмек көрсету, инвесторлардың инвестициялық белсенділігін маңызды көлемде көтеруге қол ұшын беру қажеттілігінен туындайды. 
 

    1.   Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру.
 

       Қазақстан тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаев  нарықтық қатынастары ерте қалыптасқан, нарықтық құрылымдары әбден дамыған  Америка Құрама Штаттары, Европа, Азияжолбарыстары болып саналатын Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филипин елдерімен дипломатиялық достық қарым-қатынас орнатып, олардың әлемдегі ірі-ірі транс-ұлттық компанияларын Қазақстан экономикасына тартты.  Соның арқасында, әсіресе, шикізат саласына миллиардтаған доллар шетелдік қаражат ұзақ мерзімге әкелініп, Қазақстан экономикасына қан жүгіре бастады. Мысалы, Қазақстан экономикасына тартылған инвестицияның көлемі 28 миллиард долларды құрады. Қазақстан шетелдік инвестиция тартудан ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты. Ал 1993 жылдан 2004 жылға дейін 31 миллард долларға инвестиция тартылды. Қазақстан нарығында инвестиция тартуда Америка Құрама Штаттың пайыздық көлемі, басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте жоғары екен. Мәселен, Америка Құрама Штаты 30,7%, Англия 13,7%, Италия 7,0%, Швецария 5,7%. Алдағы 25 жылға сомасы 100 миллиард Америка Құрама Штат долларын құрайтын келісім шарт жасалып қойылды. [Қосымша Б] Тағы бір қуатты жағдай Қазақстанда шетелдік қаражатпен 5500 бірлескен кәсіпорын ашылып, қазір тәп-тәуір жұмыс істеп отыр. Ресейде бірлескен кәсіпорынның 1042 жұмыс істесе, Қырғызстанда 99, Украинада 74 ғана жұмыс істеуде. Қазіргі экономикалық өрлеуіміз, жетістіктеріміз шетелдік инвесторлардың арқасы. Сол ағылып келіп жатқан инвестициялардың әсерінен ел еңсесі біршама көтеріліп қалды. Инвестиция тартудың ең маңызды жері – тәуелсіз еліміздің тұтастығын, шекарасын қорғайды.

Информация о работе Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні