Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2011 в 18:03, курсовая работа

Описание

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3


Негізгі бөлім

Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні.............................4
Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері................4
Инвестицияның қызметі мен операциялары.....................................13
Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы..........................17
ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері...............................................................................................21
2.1 ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыру...................................21

2.2 Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері....................................................................................................23

2.3 ҚР-ның инвестициялық қызметті қаржыландыру...........................25

Инвестицияның экономиканы дамытудағы рөлі.............................30
ҚР-на тартылатын инвестиция көлемін ұлғайту..............................30


Қорытынды..........................................................................................................37


Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................39


Қосымша...............................................................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Курсовая готовая.doc

— 325.00 Кб (Скачать документ)

       Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.

Сақтандыру  компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін  зейнеткерлікке шыққаннан  кейін    ақшалай қормен қамтамасыз  етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.[2;184]

       Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін қалай анықтауға болады? Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны ма?

       Ең  тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс  пайдалану тек оны банкке салып, процент алу ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.

       Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90 мың теңге ғана болады.

       Егер  инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен  салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.

       Тағы  бір мысал келтірейік. Сіз бір  шаруашылық объектісін салуға 500 мың  теңге салатын болдыңыз. Егер инфляция деңгейінің болжамы жылына 8% болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Онда мұндай әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

       Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау  тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.

       Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы  салымының басындағы көлемін  жобадан түскен пайда есебінен орнына келтіруге қажетті кезең.

       Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда  яғни, салықты алып тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.

       Пайданың  жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі есептесулер. Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы инвестициялық шығынға қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:

       1) Жалпы пайда немесе салық алынатын, жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған пайда;

       2)  Таза пайда   +   жалпы   инвестициялық шығынға жатқызылған  амортизация.

       Пайданың  жай нормасының кемшіліктері болады:

       а) негізге алатын белгілі бір жылды  табу қыйын болады;

       б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік болған жылдарды есепке алмайды.

       Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл  сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.

       Мұндай  есептің тәжірибелік мәні: егер өсу  процентін өзгерте алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын базалық соманы өзгерте аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.

       Үшінші  варианттың мүмкіндігі бар: базалық  сома да, процент те сізге байланысты емес. Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан  кейін барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас тарту керек те, инвестицияны басқа біреуіне салу керек болады.

       Мына  мысалды қарап көрейік. Сіздің старттық сомаңыз 10000 теңге. Әр жұма сайын, бизнестің  кірісі - 23%. Базалық сома 1250 теңгеге өсу үшін неше күн керек болады? Мұнда қажетті өсуге жеткенше инвестициялауды жүргізе береміз. Осындай есуге қол жеткізу үшін қанша уақыт керек болады, егер осы соманы басқа бір бизнесменге әр жұма төлемін 15% кредитке берсек?

       Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен  байланысты болады, өйткені уақыт  анықтауды күшейте түседі, шығындардың  орнын толтыру мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай  түседі.

       Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет яғни, шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске асуындағы экономикалық тиімділікті уақытша өзгерістерді есептей отырып, бағалау керек. Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны әдетте бірнеше бара-бар варианттарға жасайды, яғни мезгілдегі шығындарды белгілі бір уақытқа келтіру процесі.

       Дисконттау  арқылы қазіргі соманың ақшалық  эквивалентін келешектегі алынатын сомадан анықтауға мүмкіндік  болады. Ол үшін, келешектегі күткен соманы, күрделі процент ережесі  бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа азайту керек. Егер, біз бүгін 100000 теңгені 10% жылдықпен инвестицияласақ, онда бір жылдан кейін біздің алатынымыз -100.000 теңге х (100%+ 10%), немесе, сондай - 100.000 теңгені х (1+0,1) = 110.000 теңге. Екі жылдан кейін: 100 000 теңге х (1 + 0,1) х (1 + 0,1) = 121.000 теңге және тағы әрі қарай осылай. Мұндай капиталды инвестициялауды, одан алынған табыспен қоса, тағы да келесі кезеңдерде көп табыс алу үшін жүргізілген процесті "проценттерді қосу" деп айтады да, оны мына формуламен көрсетеді:

       КС = БСх(п + г), мұндағы -

       КС - келешектегі ақша сомасы (келешек  құн);

       БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;

       г    - процент төлемі немесе табыс нормасы;

       п   - табысты қосып есептейтін жылдар саны. 
 

1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары. 

       Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

       Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:

  1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
  2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.
  3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
    • Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
    • Мемлекеттік зейнетақы қорына;
    • Аймақтық бюджетке;
    • Республикалық бюджетке;

    4. Өнеркәсіптік  әлеуметтік даму қорын құру.

       Егер  фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса, онда олардың  басшылары инвестициялаудың базалық  принциптерін есептеуі керек.

       1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі

       2. "Замазкалау" принципі.

       Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргіз. Шешімді қабылдап алғаннан кейін,  инвестицияны іске асыру барысында ол еркіндікті енді оған бармау алмастырады, Мәселен, қандай станокты сатып алуға, не жалға алуға немесе өзің өндіргің келеді де, бұл операцияны жүргізу үшін қанша кредит аласың, оны қандай мерзімге және қанша проценттік мөлшерде алуға шешім жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың бәрін жасап болғаннан кейін, қайтадан қайту оңайға түспейді, өте қыйын болады. Бұл станокты көп жыл бойына пайдалану керек болады, алған кредит үшін проценттерді төлеу керек болады. Сөйтіп, сылап-бітеу процесінен шыға алмай, байланасың да қаласың, өйткені иңвестициялық жоба күшіне еніп алғаннан кейін еркін қимыл-әрекеттерге баруың шектеулі болып қалады.

       Мұнан еркін шешімділікке және басқа әрекеттерге баруың мүлдем тиылды деуге болмайды. Әрине, сатып алған станокті қайтадан сатып жіберуге де болады немесе акциялардан да құтылуға болады да, "дезинвестирование" деп аталатынды жүргізуге болады. Көбінесе осыны жүргізеді. Қатені кейінге  қалдырудан гөрі, тезірек түзетуге тырысу керек. Бірақ қатені тузеу үшін уақыт та кетеді, ақша да жұмсалады, басқару қызметінде шәлгездік туады, іскер серіктестермен байланыс үзіледі.

       Мысалға, әлгі сатып алынған станокты алсақ, оны 1 жыл бойы пайдаланып келеген. Конъюнктура  өзгеріп кетті де, енді оны пайдалануға  мүмкіндік болмай қалды, оны 10 жыл  бойы пайдаланбақ болған. Осы 10 жылға  есептеліп кредит алып, әкеліп беруші және сатып алушылармен келісіп, амортизацияны да есептеп, тиісті ұзақ мерзімді келісім шарттарды жасап қойған. Дезинвестирование жүргізуге шешім қабылдап, қателіктерді жөндеуге бару керек болады, бірақ қателіктерді жөндеуге ештене төлемейтін болды. Кредит үшін (10 жыл) төлеу керек, әкеліп берушіге шартты бұзғаны үшін айып пүл төлеу керек, өйткені ол станоктың жетіспей қалған бөлшектерін әкеліп берген болатын, олар да 10 жыл бойы тиімді келісім бойынша пайда алатынына сенген болатын. Өнімді сатып алушыларға да 10 жыл бойы беріп тұру жөнінде шартқа отырғандықтан, оларға да төлеу керек. Өткізуші ұйымдарға да осы тәртіп бойынша төлеу керек. Мұнан да сорақы жағдай, жабдықтарды қайтадан сатқан кезде туады. Мұны рынокте әлі қалай сата алады? Қандай бағаға? Диллер саудалық-делдалдық үшін қанша алады?

       Сөйтіп, қатені түзеу үшін қететін шығындар түгелімен кәсіпорын қалтасынан шығады. Осындай батпаққа батқаннан  шығу өте қиын болады. Ал, егер осында "байланып қалу" бір уақытта 3-4 инвестициялық жоба бойынша болғанда не болады? Капиталды сіңіру саласы үлкен болып қалғанда, іскерлік серіктестіктер де мықтылар болады да, қатені түзеу үшін көп шығынға бататының анық болады. Міне, осыдан барып, инвестициялық жобаны іске қоспас бұрын, алдын-ала оның тиімділігін есептеп алған жөн. Тіпті 100 беделді фирмалар ақыл бергенімен, қате жібермеймін деп ойлауға болмайды. Нарықтың аты нарық. Бәрібір тәуекелділіктің аз болғаны дұрыс. Кәсіпорын басшылары тиісті шешім қабылдаудан қорықпауы керек, олар өздерінің жоспарларын жөндеуде өте икемді болулары қажет, конъюнктураның уақытша өзгеруіне және басқадай фактордарды көре біліп, тиімді істерді бастай алулары қажет.

       3. Күрделі қаржыны салуда материалдық  және тиімділіктерді бағалау  үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың  үш  варианты бар:

       1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек қана құндылық, ақшалай таддау.

       Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің ақшалай бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру керек болады.

       2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі. Бұл тәсіл сенімдірек болады.   Өйткені инвестициялық жобаға салынған технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.

       3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы: әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.

       4. Үйренушілік шығындар принципі.

       Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа инвестицяялық  ортаға үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп, құрастыру керек болады.

       Уақытша жоғалту деген - табысты да жоғалтумен бірдей деп есептелінеді.

Информация о работе Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні