РФ өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:55, реферат

Описание

Кешенді базалық салалар болып табылатын қара және түсті металлургияны әдетте біртұтас металлургиялық цикл ретінде қарастырады, себебі ортақ сипаттамалары көп. Алайда шаруашылықта пайдаланылатын металдың басым бөлігі (90 %) қара металдар – ең алдымен болат.

Работа состоит из  1 файл

Ресей металлургиясы.doc

— 494.00 Кб (Скачать документ)
ustify">      Алдымен, 1991 жылдан 1998 жылдың  ортасына  дейін  ішкі  рыноктағы  металл  тұтынудың  төмендеуімен  байланысты  өндіріс  көлемінің кемуі орын алды.

      1998 ж қаржы-экономикалық дағдарыс  пен қара металлургия өндірісінің   құлдырауынан  кейін 1999 жылдың  ортасына  қарай  ол  біршама тұрақтанып, 1998 жылғы көрсеткіштерден 8% -ға өсті. Сол уақытта Қытай болат  өндірісінің  жылына 120 млн.т. шегінен асты және де дүниежүзілік  балқытудың 10% -н  құрады. Болат  өндірісі ТМД елдерінде де өсті (17% астам),  ал  оның  Ресейдегі өндірісінің өсімі 1998 жылдың ең төменгі көрсеткішімен салыстырғанда 20% -ға  дейін өсті.

      1999 және 2000 жылдары металлургия Ресей  өнеркәсібінің салаларындағы   өндіріс  өсімінің  көрсеткіштері   бойынша  лидерлердің  бірі  болды. Осылайша, өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемдік өсім қарқындылығы  қара  металлургияда 116,8%, түсті металға 110,1% құрады. 1999-2000 ж.ж. металлургиядағы өндіріс өсімінің факторлары рубль девальвациясы  мен жағымды сыртқы конъюктурадағы байланысты металдық өнім экспортының эффективтілігі және металға деген ішкі сұраныстың  күшеюі  болды /8/.

      2001 жылы  қара  металлургиядағы   өндіріс  көлемі бұрыңғы деңгейінде  қалды (99,8%) түсті металлургияда  4,9% өсті (нәтижесінде Ресейдің  жалпы   өнеркәсіптік өнім көлеміндегі металлургия үлесі 1999 жылы 19,1% -дан 2001жылы 16,5% -ға дейін кеміді). Ресейлік  металлургиялық кәсіпорындардың  жұмысындағы қаржы жағдайы нашарлады. 2000 жылмен салыстырғанда қара металлургия кәсіпорындарының табысы 1,9 есе (37 млрд рубльге дейін), түсті металлургияда 1,4 есе (94 млрд рубльге дейін), кеміді. 2002 жылы металлургияның  бірқатар  салаларында  негативті  тенденциялар  жалғаса берді: труба  өндірісі 10% -ке, метиз - 8%-ке, мыс - 4%-ке кеміді.

      Ресейдің  ішкі сұранысындағы металл тұтыну көлемінің кемуін назардан тыс қалдырмау керек. Осылайша, соңғы 10 жылда Ресейдің алюминий өндірісі  деңгейінде  айтарлықтай  өзгерістер  болмағанымен,  бұл металды  ішкі  тұтыну  шамамен 14 есе кеміді. 1996 жылы  рафинирленген мыс өндірісі 1992 жылмен салыстырғанда 20%-ға кеміді, ал тұтыну 3 есе кеміді. Осы кезеңде Ресейдегі никель өндірісі 1992 жылғы көрсеткішке дейін кемісе, 1996 жылғы тұтыну оның өндірісінің 14% -н ғана құрады. Аса маңызды металдардың  ішкі  тұтынуының  кему  фонында  экспорт  өсімінің масштабтары айтарлықтай. Алюминий бойынша 10 жыл ішінде экспорт көлемі 1,6 есе өсіп, жылдық ішкі тұтыну 6,6 есе кеміді.

      Халықаралық еңбек бөлінісінің қазіргі қалыптасқан  жағдайында Ресейдің  аса  маңызды  салалық мамандануының бірі-ұлттық металлургиялық  өнеркәсіп.

      Ресейдің  металлургиялық кешен құрамына тек  қара және түсті металлургия  ғана  емес,  өндірістік процестің өзара  байланысты салалары мен  стадияларының  тұтастығы – минералды  шикізат  өндіруден  дайын өнім  шығаруға  дейін –кіреді,  яғни:

    1.Рудалы шикізат өндірісі мен байыту;

    2.Рудасыз  шикізат өндірісі мен байыту (қара  металлургия үшін флюстер, отқа  төзімді саз, әктас т.б) ;

      3. Қара металдар, түсті металдар  және олардың қорытпаларының  өндірісі (шойын, болат, домналық  ферроқорытпа т.б);

      4. Болат және шойын трубаларының өндірісі;

      5. Кокс химиялық өнеркәсіп;

      6. Қара және түсті металдардың  екінші реттік өңделуі;

      Ресейдің  қара металлургия салаларының орналасу ерекшелігі мынада: темір рудаларының  кен орындары негізінен елдің  европалық бөлігінде, ал көмір негізінен шығыс аудандарда шоғырланған. Сондықтан, кәсіпорындар шикізаттық (Орал ) немесе отындық (Кузбасс) аудандар территориясында орналасты. Сонымен қатар кәсіпорындардың сумен қамтамасыз ету, газ, жұмыс күші, энергетика т.б. көздеріне жақын орналасуының маңызы зор.

      Атап  айтсақ, Орал металлургиялық базасы өзіндік  темір рудаларын, Курск магнит аномалиясының (КМА) рудаларын, Қазақстанның Қостанай тобының кен орындарының рудаларын (Соколов-Сарыбай т.б) пайдаланады. Көмір  Кузнецк және Қарағанды алаптарынан жеткізіледі.

      Қара  металлургияның орталық базасы Абакан, Ангар-Илим кен орындарының, КМА ,Кола түбегінің темір рудаларын, Кузбасс  көмірін пайдаланады.

      Қара  металлургияның қиын балқитын металдары (марганец, хром, титан, никель, кобальт, вольфрам, молибден, ванадий, тантал және ниобий) қара металдар экономикасымен тығыз байланысты сала болып табылады.

      Ресейдің  түсті металлургиясы жақын орналасқан кен орындарының түсті металдарын (мыс, қорғасын, мырыш, қалайы және алюминий) пайдалануға негізделген, яғни шикізат көздеріне бейім. Алайда бұл барлық түсті металдарға байланысты емес. Мысалы, алюминий өндірісі арзан энергия көздеріне (Красноярск, Братск алюминий зауыттары) бейім орналасады /9/.

      Ресей металлургиясының өнімдері дүниежүзілік метал өндірісі мен саудасында айтарлықтай үлес алады: 2001 жылы. Ресейде 59 млн тонна болат өндірілген, ол әлемдік өндірістің 7% -ы (4 орын). Оның ішінде қара металдар прокатының өндіріс көлемінің 55%-ы экспортталды, ол 26 млн тонна немесе әлемдік сауданың 10% болып табылады (1-ші орын). Ресейдің түсті металдардың негізгі 6 түрінің дүниежүзілік өндірістегі үлесі ( алюминий, никель, мыс, мырыш, қорғасын, қалайы) 8,5% болып табылады. Экспортқа негізгі түсті металдардың жалпы ұлттық өндірісінің 80%-ы кетеді, сирек металдардың 70%-ы кетеді.

      Қара  металлургияның ресейлік экспортында  шикізат пен жартылай фабрикаттар (руда, лом, кокс, шойын, құймалар т.б.) 60%-н  құрайды. Түсті металлургия экспортында 80%-алғашқы негізгі металдарға келсе  тек 10%-қана аса жоғары қайта өңдеудегі  өнімге сәйкес келеді.

      Осы фактор әсерінің нәтижесінде соңғы  метал өнімін (труба мен прекат) өндіру қуаттылығының деңгейі төменгі  қайта өңдеудегі метал өнімдерінің  деңге.йімен салыстырғанда айтарлықтай  төмен /6/.

      Сонымен қатар төменгі сатылы қайта өңдеудегі  метал өнімдерінің рыногында ресейлік кәсіпорындар өзге елдер тарапынан қысым сезінуде. (Ең алдымен Қытай, Үндістан, Бразилия т.б.).  Өндірістік шығынның аз болуы мен жоғары сапалы рудалы базаға ие бұл елдер ұлттық металлургиялық өнеркәсіп құру мақсатында зор шетелдік инвестицияны жұмылдыра білді. 
 
 
 
 
 
 

1.2   Ресей металлургиясының 2010 жылға дейінгі  дамуының негізгі  бағыттары. 

      1999-2001 жылдардағы кезеңде өндірістің  біршама ілгерілеуімен байланысты  Ресей экономикасының барлық  дерлік металл тұтынушы секторларында ішкі рынок сыйымдылығы айтарлықтай кеңейді. Осылайша, 2001ж қара металдар прокатының ішкі тұтынылуы 1998 жылғы көрсеткішті 50%-ке басып озып, шамамен 23 млн тонна құрады.

      Негізгі түсті металдарға деген сұраныс 1999 –2001 жж. жылына 15-25% қарқындылықпен ұлғайды. Түсті металдардың негізгі бөлігі ішкі рынокта транпорттық машина жасауда тұтынылады (түрлі металдардың 30-дан 50%-дейін) және одан кейінгі де үлестің ұлғаюы құрылыста қолдану (10-15%-дан 20-40%-ға дейін ) мен қорғаныс өнеркәсібі есебінен болуы мүмкін /9/.

      Сыртқы  рыноктардағы шектеулерді ескерсек, Ресей металлургиясының 2010 жылға  дейін даму перспективасы, ең алдымен  оның өніміне деген сұраныстың ішкі рынокта ұлғаюымен байланысты болмақ. Бүгінгі таңда Ресей қара металдар өнімдерінің жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша негізгі өнеркәсіптік дамыған елдерден артта келеді, яғни 2001 жылы бұл көрсеткіш 154 кг/ад құраған. Ал Жапония, АҚШ, Европада – 350-550кг/ад.

      Алайда  ішкі метал тұтынудың өсім қарқындылығы баяулауда: 2002 жылдағы жалпы Ресей  экономикасының өсім қарқындылығының кемуімен байланысты, метал тұтыну қара металдар үшін 4-6 %-ке дейін, түсті металдар үшін 58%-ке дейін кеміді. Оның үстіне, дүниежүзілік рынокта жағдайдың нашарлауы әсерінен Ресей рыногына импорттық метал өнімдерін демпингтік бағалармен әкелу қаупі бар.

      Алдағы 10 жылда өнім бөлісу жөніндегі келісім  жағдайларында экспорттық бағалаулар бойынша 100 млрд $ дейін инвестиция салынатынын  ескерсек,  ресейлік металлургиялық кәсіпорындардың қатысу үлесі жөніндегі  нормативті – құқықтық базаның қалыптасуын аяқтау маңызы зор.

      Ішкі  метал рыногын жандандырудың  маңызды факторы экономиканың барлық салаларында негізгі қорды жаңарту  қажеттілігі мен металл тұтынатын  базалық салаларда машина жасау, құрылыс және ОЭК-өндіріс пен  инвестицияны дамыту болып табылады.

      Қазіргі кезде қара металлургия өнімдерінің  тұтынышылары төмендегілер болып табылады:

      1.Машина  жасау кәсіпорындары –11 млн. тонна  (соның ішінде автомобиль жасау  – 2 млн т.);

      2.Капиталды  құрылыс –3,5 млн. т;

      3.ОЭК  кәсіпорындары – 3млн. т;

      4.Темір  жол транспорты – 1,6 млн. т.

      Макрокөрсеткіштердің  болжамдары Ресей экономикасының жекелеген  салаларының даму стратегияларымен сәйкес қара металл өнімдерінің ішкі рыногы сыйымдылығының 2005 жылы 26,5 млн.тонна, 2010 жылы 32-33 млн. тоннаға дейін кеңеюі күтілуде. Сонымен, металл тұтыну өсімі 2001 жылмен салыстырғанда 20   % және 45  % құрайды /10/.

      Қара  металдардың дайын прокаттарын  тұтынудың сортаментті құрамында  беттік прокат , труба және метиз  үлестерінің ұлғаю жағына қарай  прогрессивті өзгерістер тенденциясы сақталады деп күтілуде.

      Осылайша, титан өндірісінің энергияны  аса көп қажет ететініне қарамастан (1тонна титан өндіру үшін –17-20 мың  квт/сағат қажет) «Ависма» акционерлік  қоғамы дүние жүзіндегі борпылдақ  титанның 20% -н береді, оған деген  сұраныс, әсіресе авиация өнеркәсібінде өсуде. Рынок қажеттілігіне байланысты 1997 жылы «Ависма» 1996 жылмен салыстырғанда титан борпылдағының өндірісін 30% -ға  ұлғайтты, және де оның сатылым көлемі 30 мың тоннаға жетті. Экспортқа жөнелтулер 12% -ке өсті.

      Түсті металға деген сұраныс, ең алдымен, әсіресе алюминий және мыс прокатындағы төртінші қайта өңдеу өніміне қажеттіліктің өсімімен (2000 жыл деңгейіне қарағанда 2010 жылы 70-80% -ке) салыстырып қарағанда титан және латун прокатында 60-70-ке, анықталады. Бұл негізгі түсті металға деген сұраныстың 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 55-60   % -ке дейін өсуіне әкеліп соғады.

      Металлургияның  дамуы үшін мемлекеттің металды  көп қажет ететін салаларды дамыту мақсатында тиімді жағдай қалыптастыру есебінен ішкі металл тұтынуды белсендірудің маңызы зор. Атап айтқанда 2010 жылға қарай болжанған  автомобиль өндірісін екі есе ұлғайту металл прокатын тұтынуды жылына 2 млн. тоннаға ұлғайтуы қажет, коммуналды шаруашылық пен ОЭК салаларында тозған құбырларды алмастыру 1,5 млн.тоннаға, лизингті ұлғайту есебімен ауыл шаруашылық техникасының өндірісін ұлғайту –1 млн.тоннаға. Қорғаныс тапсырысы да металл тұтынуды айтарлықтай өсіруі қажет /11/.

      2010 жылға дейінгі кезеңде ресейлік  металлургия өнімдерінің айтарлықтай  мөлшерінің экспортқа кететінін ескерсек, бұл саланың дамуы дүниежүзілік металл рыногының жағдайына тәуелді болады.

      Аса күрделі проблемаға дүниежүзілік болат  рыногындағы жағдайдың күрт нашарлауын жатқызуға болады. Соңғы жылдары  ресейлік металлургия сыртқы рыноктарда қара металдар өнімін өткізуге байланысты қиыншылықтарға тап болуда. Бұл ресейдің металлургиялық кәсіпорындарына 50 астам сауда шектеулерінің қойылуына байланысты болды. Яғни АҚШ-пен «Болат туралы келісімнің» және ЕО-мен «Болат өнімдеріне квота туралы келісімнің» мүмкіндіктері айтарлықтай шектелуде.

      Бұл жағдай дүниежүзілік қара металдар рыногының  дамуындағы негативті тенденциялармен  негізделген. Соңғы 10 жылда дүние  жүзінде болат өндірісі 70 млн.тоннаға  өсті, ал қуаттылық 130 млн.тоннаға өсті. Нәтижесінде қазіргі уақытта  болат өндірісіндегі артық өндірістік қуаттылық жылына 220 млн тонна деп бағалануда (рыноктың   шамамен   260 %-ы ). Бүгінгі таңдағы ғаламдану жағдайында ол нарықтық бағалардың айтарлықтай төмендеуі мен бәсекеге төзімділігі төмен компанирялардың банкротқа ұшырауына әкеліп соғады /10/.

      АҚШ–да 2000-2001 жж. аралығында  ірі болат  құю компанияларының 14 банкротқа  ұшырауы тіркелген. Өз  өндірушілерін  қорғау мен әлуметтік қиыншылықтарды төмендету мақсатында АҚШ үкіметі 2002 жылдың 6-шы наурызында метал өнімдерінің 14 категориясы бойынша арнайы қорғаныс шараларын енгізіп, дүниежүзілік рыноктың шамамен 15%-ын жапты.

      Бұл шараларды енгізу болат рыногындағы  «домино» эффектіне әкеліп соқты: қосымша  қорғаныс шараларын енгізу туралы 2002 жылдың наурыз-сәуірінде  ЕО, Қытай, Канада, Малайзия және т.б. бірқатар елдер жариялады. Нәтижесінде 2002 жылдың мамырында дүниежүзілік болат рыногының ≈ 60%-і жабылды.

      Дүниежүзілік  қара металдар рыногындағы жағдайдың  дамуы жуық перспективада және 2010 жылға дейінгі кезеңде ірі  металлургиялық компаниялардың оларды өндіру көлемін шектеумен өнімнің бәсекеге төзімділігін жоғарылату мақсатындағы қолданып жатқан шараларына байланысты болмақ.

Информация о работе РФ өнеркәсібі