РФ өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:55, реферат

Описание

Кешенді базалық салалар болып табылатын қара және түсті металлургияны әдетте біртұтас металлургиялық цикл ретінде қарастырады, себебі ортақ сипаттамалары көп. Алайда шаруашылықта пайдаланылатын металдың басым бөлігі (90 %) қара металдар – ең алдымен болат.

Работа состоит из  1 файл

Ресей металлургиясы.doc

— 494.00 Кб (Скачать документ)

      б) «Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексі мен Ресей Федерациясының Қылмыстық – процессуалды кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Федералды заңдарын қабылдау арқылы қара және түсті металл ломы мен қалдықтарын қолдануда ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту;

      в) Қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын қолдануда ережелерді сақтауды үнемі бақылауды ұйымдастыру;

      в) Қара және түсті металл сынықтарын даярлау, өңдеу және қолданудың көлемін мемлекеттік федералды статистикалық бақылауды енгізу.

      7. Әлеуметтік саясат саласында босатылған жұмысшыларды еңбекпен қамтуды мемлекеттік және аймақтық қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, қайта даярлауды ұйымдастыру, зейнеткерлікке ерте шығуды қамтамасыз ету қажет.

ІІ  Тарау  Ресейдің қара металлургиясының даму ерекшеліктері  

2.1 ТМД елдерінде  қара металлургия  мен болат рыногының  даму тенденциялары. 

      ТМД елдерінің қара металлургиясы дәстүрлі түрде өндірістің жоғары дәрежелі шоғырлануымен сипатталады. Осы жағдай белгілі бір дәрежеде ТМД елдеріндегі өнім өндірісінің құрылымын негіздеді.

      ТМД елдеріндегі қара металлургияның негізгі  өнімдерінің өндіріс көлемінің  сипаттамасы 3 кестеде келтірілген.

      Болат өндірісі ТМД-ң  8 елінде жүзеге асуда.  Бұл өндірістің даму көлемі жайында болат балқытудың адам басына шаққандағы көрсеткіші бойынша сипаттама беруге болады. 1990 ж. ТМД елдері бойынша орта есеппен бұл көрсеткіш жалпы дүниежүзілік көрсеткіштен 3,6 есе жоғары болған. Оның үстіне жекелеген республикаларда бұл көрсеткіш 20 есе айырмашылықта болды. Өзбекстандағы 49 кг/ад. көрсеткішінен Украинадағы 1015 кг/ад. көрсеткішіне  дейін. Адам басына шаққанда болат балқыту деңгейі бойынша 1990 ж. Украина Жапонияны да басып озған  (893 кг/ад).

      1998 жылға қарай ТМД елдеріндегі  адам басына  шаққандағы болат  балқытудың орташа деңгейі 2 еседей  қысқарды, соның ішінде Ресей  мен Украинада  2 және 2,1 есе, ал  Белоруссия мен Молдовада 1990-1998 жж. адам  басына шаққандағы болат  балқыту айтарлықтай өсті.

      1998 жылдан кейін ТМД-ң барлық елдерінде  (Азербайжан мен Грузиядан басқа)  болат өндірісінің абсолютті  өндірісі мен  адам   басына  шаққандағы көрсеткіші өсті /17/.

      Жалпы, 2000-2001 жж. ТМД елдеріндегі болат  балқытудың адам басына шаққандағы көрсеткіші 1990 жылмен салыстырғанда  шамамен 1,4 есе қысқарғанымен жалпы дүниежүзілік көрсеткіштен 2,5 есе жоғары болды. Ресей мен Украинада орташа болат балқыту  1990 жылмен салыстырғанда 1,5 есе төмендеді. Ал жалпы дүниежүзілік көрсеткішпен салыстырғанда Ресей мен Украина көрсеткіштері 2,7 және 4,5 есе жоғары болды.

Кесте 4

Болат балқытудың адам басына шаққандағы  көрсеткіші, кг/адам

Елдер жылдар
1990 1992 1995 1996 1998 2000 2001
Дүние жүзі

ТМД бойынша

Соның ішінде:

Ресей

Украина

Қазақстан

Беларусь

Грузия

Әзірбайжан

Молдова

Өзбекстан

150

547 

604

1015

403

108

239

99

162

49

136

443 

452

802

343

107

97

52

142

30

136

296 

348

431

188

72

15

3

152

16

134

290 

333

435

202

86

15

2

149

19

141

281 

299

484

207

139

11

1

201

15

150

375 

406

642

297

150

0

0

249

16

148

380 

405

675

312

149

0

0

267

17

 

      Украинада тек болаттың ғана емес, сонымен  қатар қара металлургия өнімдерінің  барлық маңызды түрлерінің жоғары өндіріс  деңгейі байқалады.

     Тауарлы темір рудасының өндірісі 1990 ж. тек  үш республикада ғана жүзеге асты (кесте 1), оның ішінде Украина үлесіне өндіріс қуатының 48 %-ы, бүкіл одақтық өндірістің 44 %-ы келді.

     Марганец  рудаларын өндіру жөнінен өндірістік қуаттылық ТМД-да екі республикада шоғырланды - Украина (75 %) және Грузия (24 %) . Тауарлы марганец рудасының өндірісі мынадай түрде болды: Украина (83,3 %), Грузия (14,7 %), Қазақстан (2 %) /18/.

     1990ж.  хром рудасы ТМД бойынша 2 кәсіпорында  өндірілді: Дон ТБК (Қазақстан)  және Саран руда басқармасы (Ресей)  – 96 және 4 % сәйкес. Ресей хромы  төмен сапамен  сипатталады  және көбіне  отқа төзімділік өндірісінде қолданылады. Қазақстан үлесіне ТМД-ның хром қорының 90 % келеді.

     Кокс  өндірісі 1990 ж. домналық өндірісі бар  республикаларда ғана жүзеге асты. Оның ішінде Ресей мен Украинаға  кокс пен шойын өндірісінің 95% келеді. Электроферроқорытпаларда 4 республикада өндірілді. Аса кең қолданылатын марганец қорытпалары жалпы өндіріс көлемінен 73.6%-Украина, 26.4%-Грузияда өндірілді. Төмен және орташа көміртекті ферромарганецтің (Fe Mn 80 %) 97 %-ы Зестафон (Грузия) ферроқорытпа зауытында өндірілді.

     Ферросицилий тек Ресей, Украина , Қазақстанда ғана өндірілді. Оның аса ірі өндірушісі (жалпы өндіріс көлемінің 36 % ) Қазақстан болды (Ермак ферроқорытпа зауыты).

     Тек Ресейде ғана ферротитан, силикокальций, феррованнадий, ферровольфрам, ферромолибден  және өзге де ферроқорытпалары өндірілді. ТМД-ның әрбір елінде, Ресей мен Украинаны қоспағанда, болат құймаларының өндірісі жалғыз металлургиялық кәсіпорында жүзеге асады. Қазақстан (Қарағанды комбинаты) мен Грузияда (Рустав зауыты) бұл толық циклды кәсіпорындар, ал өзге елдерде – қайта өңдеу зауыттары. Соңғы жылдары Рустав зауытының домналық  және мартен пештері жұмыс істемейді /19/.

     Беларусь  және  Молдованың  металлургиялық зауыттарында – 100 %, ал Өзбек металлургиялық зауытында 70 % болат, үздіксіз құйма  машиналарымен жабдықталған қазіргі кезгі электроболат балқыту цехтарында балқытылады. Рустав және Әзірбайжан зауыттарында болат балқыту сыйымдылығы аз мартен пештерінде жүзеге асты. 1990 ж. болат пен прокаттың жалпы өндірісінің 92 %-ы Ресей мен Украинада өндірілді. Болат трубаларының өндірісі ТМД-ның 5 республикасында жүзеге асты, Ресей мен Украина үлесіне жалпы көлемінің  94,4 %-ы келді. Ресейдің дайын прокат пен болат трубаларын өндірудегі үлесінің қара металлургияның шикізаттық салаларына қарағанда жоғары болуына қарамастан, елде жекелеген өнім түрлерінің өндірісінің жетіспеушілігі сезілуде. Бұрын олардың өндірісі жалпы республикалық мамандауға сәйкес украиндық кәсіпорындарда жүзеге асқан. ТМД елдеріндегі қара металлургияның маңызды даму тенденцияларына төмендегілер жатады:

     1.Сала  кәсіпорындарының жеткіліксіз базалық   техникалық деңгейі жағдайындағы  елдерде  өнім өндірісінің  көлемінің айтарлықтай төмендеуі.

     2.Өндірістік  қуаттылық коэффициенттерінің айтарлықтай  төмендеуі, қуаттылық артықшылығының  пайда болуы.

     3.Өндірістің орташа техникалық деңгейінің жоғарылауы -  ТМД елдеріндегі қара металлургияның өнімдерін өндіру көлеміндегі өзгерістің басым  тенденциясына 1990-2001 жж. кезіндегі төмендеуін  жатқызуға болады.

       Қара металлургияның тауарлы  өнімінің 2001 жылғы өндіріс индекстері төменде келтірілген (1991 ж.көрсеткіштері 100 пайыз деп алынған):

          Ресей – 76;                                                      Грузия – 14;

          Украина – 69;                                                 Әзірбайжан – 6;

          Қазақстан – 77;                                               Молдова – 120;

          Беларусь – 44;                                                Өзбекстан – 63.

      Өнімнің жекелеген түрлері бойынша 1990-2004 жж. ТМД елдерінде өндіріс көлемінің  төмендеуін төмендегі мәліметтерден  көруге болады: 

Кесте 5

Қара  металлургия өнімдерінің өндіріс  көлемінің 1990-2001 жж. кезеңде төмендеуі, % 

Өнім  түрлері Жалпы ТМД  елдері бойынша Соның ішінде  

Ресей

Украина

Тауарлы темір рудасы

Кокс 

Шойын

Болат

Дайын прокат

Болат трубалар

36,6

35,1

31,6

35,2

29,1

63,1

22,5

27,4

24,1

34,2

26,1

54,6

48,1

44,1

41,2

37,1

34,7

73,9

  

      5-кестедегі  мәліметтерге талдау жасай отырып, айта кететін жай: Ресейде прокат  өндірісінің әсіресе болат трубаларының  өндіріс көлемінің кемуі тауарлы  темір рудасы мен  шойынға  қарағанда жоғары. Бұл өнеркәсіптік дамыған елдердегі көрсеткіштерге қарағанда сапа құрылымындағы өзгерістің жағымсыз жағын сипаттайды. ТМД-ның жекешелеген елдерінде өнімнің өндірісі көлемінің өзгеруі, қарқындылығы мен сипаты айтарлықтай ерекшеленеді. 1990 ж. Қазақстан, Беларусь, Грузия, Әзірбайжан, Молдова және Өзбекстанның металлургиялық кәсіпорындары тиімсіз болып, өзін-өзі қаржыландыруы жүйесімен жұмыс істеуге қаржы ресурстары жеткіліксіз болады. Өндірістік құрылымы мен техникалық деңгейі бойынша қазіргі кезге аса сай Беларусь және Молдава мини зауыттары болды. Қарағанды (болаттың 75 %-ы конвертерлерде балқытылады) және Өзбек зауыттарының (болаттың 75 %-ы  электропештерде балқытылды) деңгейі орташа болды. Ең нашар потенциалды жағдайға Рустав және Әзірбайжан металлургия зауыттары ие болды, оларда болат өндірісі аз көлемді мартен пештерінде жүзеге асты /20/.

      Жоғарыда  айтылған техникалық деңгей ара қатынасын  қосымша         6-кесте  арқылы көрсетуге болады.   

 Кесте  6

Қара  металлургия өнімдерінің өзіндік  құны, руб/т. 

 
Республикалар
Өнім  түрлері
 
Кокс
 
Шойын
Мартендік көміртекті болат Конвертерлі көміртекті болат
Ресей

Украина

Қазақстан

Грузия 

Әзірбайжан

Өзбекстан

44,7

60,7

39,5

65,5

-

-

76,7

84,4

82,8

105,7

-

-

92,2

95,8

89,9

125,3

105,1

102,4

95,0

101,2

100,9

-

-

-

Информация о работе РФ өнеркәсібі