РФ өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:55, реферат

Описание

Кешенді базалық салалар болып табылатын қара және түсті металлургияны әдетте біртұтас металлургиялық цикл ретінде қарастырады, себебі ортақ сипаттамалары көп. Алайда шаруашылықта пайдаланылатын металдың басым бөлігі (90 %) қара металдар – ең алдымен болат.

Работа состоит из  1 файл

Ресей металлургиясы.doc

— 494.00 Кб (Скачать документ)

      Екінші  кезеңде (1999-2000 жж.) параллелді түрде екі процесс дамыды: 1) шамамен 1,5 есе ішкі металл тутынудың күрт жоғарылауы (импортты алмастыруды іске асыруға байланысты); 2) прокаттың сыртқы саудасында оң сальдоның шамамен 25%-ға жоғарылауы. Осыған байланысты аталған екі жылда дайын прокат өндірісінің көлемі шамамен 37%-ға өсті.

      Үшінші  кезеңде (2001-2002ж.ж.) жағдай біршама өзгерді. Рубль девальвациясы эффектінің біртіндеп кемуі мен дүниежүзілік рыноктың жағымсыз конъюктурасына байланысты прокат экспорты көлемінің өсуі мен  прокаттың сыртқы саудасыедағы оң сальдоның өсім қарқындылығы айтарлықтай төмендеді. Сонымен бірге бір үақытта ішкі металл тутыну өсімінің қарқындылығы айтарлықтай (3 еседен астам) баяулады /кесте18/ Осыған байланысты 2001 – 2002 жж. дайын прокат өндірісінің көлеміндегі орташа жылдық өсім қарқындылығы шамамен жылына 2,0% ға кеміді.

Кесте 18

Ресейдегі дайын прокат тұтынушы мен өндірісінің  балансы. 

Көрсеткіштер Жылдар
1991 1998 1999 2000 2001 2002
Тұтыну 56,7 15,0 15,6 21,5 24,2 22,4
Экспорт 12,4 21,8 26,6 27,0 24,9 27,6
Сыртқы сауда сальдосы 14,0 1,6 1,3 1,8 2,0 1,3
(+; -) -1,6 +20,2 +25,3 +25,2 +22,9 +26,3
өндіріс 55,1 35,2 40,9 46,7 47,1 48,7
Өндірістегі экспорт үлесі,% 22,5 61,9 64,9 57,8 52,9 56,7
Тұтынудағы  импорт үлесі,% 24,7 10,7 8,2 8,4 8,3 5,8

                                           

         Ерекше көзге түсетін жағдай екінші кезеңде отандық металлургияда өндіріс көлемінің өсім қарқындылығы жалпы өнеркәсіпке қарағанда 1,8 есе жоғары болған, ал дүниежүзілік қара металлургияға қарағанда 3,5 есе жоғары болған. Ал үшінші кезеңде жағдай түбегейлі өзгерді - отандық қара металлургияның өсім қарқындылығы жалпы өнеркәсіп пен дүниежүзілік қара металлургиядан төмен.

         Бірінші кезеңде нарықтық қатынастарға  өтуден кейін қара металлургияда  өнім рентабельділігі (1992 – 1993ж.ж) мен кірістің (1995 ж. дейін) күрт өсімі байқалған. Алайда 1998 жылға қарай өнімнің орташа рентабельділігі минимумға дейін кеміп (I-ші жарты жылдықта – 3%), 1998 жылы шығынды болды (9 млрд руб).

         Екінші кезеңде рубльдің девальвациясы  нәтижесінде өнім рентабельділігі  мен кірістің айтарлықтай өсімі  байқалды.                                                                                                                                

         2001-2002 жж. металл өнімдері өндірісінің көлеміндегі өсім қарқындылығының күрт баяулауы жағдайында металлургиялық кәсіпорындар қызметінің экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы орын алды.

         Жалпы 1991-2002 ж.ж. кезеңде елдегі  дайын прокат тұтыну 2,5 есе кеміді. Алайда өнімнің бұл түрінің өндіріс көлемі тек 12% ғана кеміді     /кесте 18/. Бұл көрсеткіштердің мұндай ара-қатынасы сыртқы сауда сальдосының күрт өзгеруімен негізделген. Алайда ішкі металл тұтынудың кемуін металл өнімдері экспортының ұлғайуы есебінен орнын толтыру мүмкіндіктері іс жүзінде сарқылған-дығын анализ көрсетіп отыр. Сондықтан қара металлургия дамуының аса маңызды стратегияларына ішкі рынокта отандық метал өнімдеріне сұранысты дамыту мен дүниежүзілік рынокта ресейлік метал өндірушілердің позицияларын сақтау. Жоғарыда айтылған қара металлургия дамуының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін өнім өндірісіне кететін шығынды кемітумен соның негізінде оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру аса маңызды болып табылады /27/.

      Айта  кететін жай 1992 жыл сала кәсіпорындарының еркін баға бекіту жағдайында жұмыс жасап, өткізушілер мен тұтынушыларды өз бетінше іздеу, дүниежүзілік рынокта бәсекелестікке белсенді қатысуының алғашқы жылы болды. Алғашқы кезеңде кәсіпорындардың сыртқы экономикалық іс-әрекетке қатысуы аса қолайлы жағдайларда жүзеге асты – 1992ж басында металл өнімдеріне ішкі рыноктағы бағалар дүниежүзілік бағалардың 20% дан кем құрады. Алайда, бәрімізге белгілі, бәсекелестік ( әсіресе дүниежүзілік рынокта) мол қаржы салымдары мен өндірістік аппараттың жаңаруы мен жетілдірілуін талап етеді. Ресейлік қара металлургияда мүлдем өзгеше жағдай қалыптасты- РФ ӨнеркҒылМин-ң және Экономика Институтының мәліметтері бойынша инвестицияның орташа жылдық көлемі келесі мәліметтермен сипатталады (%): 1991-100; 1992-88; 1993-67; 1994-45; 1995-48; 1996-35; 1997-34; 1998-34; 1999-38; 2000-58; 2001-65; 2002-56.

        Жалпы қарастырылып отырған кезеңде  отандық қара металлургия дамуы  аса қарама-қайшылықтармен сипатталады.

        Бір жағынан, орталытандырылған-жоспарлы экономика қызметінің кезеңінен қалған сала дамуының жетіспеушіліктерін жою саласында айтарлықтай оң нәтижелерге қол жеткізілді. Екінші жағынан сала дамуының кейбір ескіден қалған кемшіліктері барынша қиындады.

       Оң нәтижелерге келетін болсақ, жекелеген кәсіпорындар мен жалпы саланың технологиялық құрылымының айтарлықтай жақсаруын атап өту қажет. 1990 ж. салада екі ғана ірі комбинат ( Новолипец металлургиялық және Оскольск электрометаллургиялық ) әлемдік стандарт бойынша бүгінгі таңға сай технологиялық құрылыммен сипатталған болатын. 2002 жылы мұндай статусқа үшінші конвертерді іске қосып, үздіксіз құю машинасының модернизациясын аяқтағаннан кейін Магнитогорск комбинаты және мартендік пештерде болат балқыту 5 еседен астам кеміген « Северсталь » жақындады. Технологиялық құрылымның жақсаруы өзге де ірі комбинаттарда байқалды – Нижнетагильск және Челябинск комбинаттары. Нижнетагильск комбинатында конвертерлік цехта үздіксіз болат құюға өту процесі аяқталып, мартендік болат құю үлесі төмендеуде. Челябинск комбинатында мартендік цехтар эксплуатациядан шығарылып, электро балқыту цехында үздіксіз болат құюдың екі машинасы іске қосылған. Алайда Кузнецк және Орск-Халиловск комбинаттарында технологиялық құрылымның ешқандай жақсарту өзгерістері байқалмады; тек 2002 ж. Батыс – Сібір комбинатында үздіксіз болат құюды ендіру жөніндегі жұмыстар қолға алынды /25/.

       Жалпы алғанда, тек Магнитогорск, «Северсталь», Нижнетагильск және  жартылай Челябинск комбинаттарында  технологиялық құрылымның жетілдірілуі жаңа құрал- жабдықтарды іске қосумен байланысты болды. Өзге кәсіпорындардың барлығында технологиялық құрылым мүлдем өзгермеді, немесе жалпы өндіріс көлемінің кемуі мен моральды және физикалық ескірген агрегаттарды істен шығару есебінен жақсартылды /24/.

       Сала дамуындағы жағымсыз құбылыстарды  қарастыра отырып, айта кететін  жағдай, негізінен ескірген құрал-жабдықты  істен шығару есебінен қол  жеткізілген орташа техникалық  деңгейді жоғарылату, инвестициялық  ресурстардың жетіспеушілігі салдарынан  жұмыс істеп тұрған цехтар мен агрегаттарды жаңарту мен техникалық қайта жабдықталу мен қатар жүрмеді. Жалпы сала бойынша негізгі фондтардың жаңару коэффициенті 1991ж. 3,6% көрсеткішінен 2001ж. 0,8%-ға төмендеп кетті. Соның салдарынан саланың негізгі фондының тозуы 1991ж. 46%-дан 2001ж. 55%-ға дейін жетті (қордың белсенді бөлігі бойынша 70% дейін). Саланың өндірістік және біршама сортаменттік құрылымы нашарлады.

     Саланың қиыншылықтары мен жағымсыз  жағдайларға қарамастан, 1992 – 1994 жж. кезеңді рынокқа бейімделу кезеңі деп атауға болады. Әсіресе көзге түсетіндер өндірілетін металл өнімдерінің 2/3-ін экспортқа шығаратын бүгінгі таңға сай эффективті жұмыс істеп отырған Новолипецк, Череповецк, Магнитогорск және Оскольск комбинаттары. Егер жалпы сала бойынша болат өндірісінің көлемі 1994–1998 жж. кезеңде 1,1 есе кемісе, Новолипецк және Череповецк комбинаттарында ол 1,2 есе жоғарылады, Магнитогорск комбинатында –1,1 есе. 1999-2000 жж. бұл комбинаттардағы өндіріс көлемі өсімін жалғастырды. Оскольск электрометаллургиялық комбинаты – саланың 1990-2002 жж. кезеңде өнім өндірісінің көлеміндегі өсімді қамтамасыз еткен жалғыз кәсіпорын (35%-ға).

       1990-1996жж. Ресейлік металлургияда  өндіріс көлемінің төмендеуінен  негізгі отын – энергетикалық  ресурстардың үлестік шығынының шамамен 25%-ға ұлғаюы орын алды.

        Өнеркәсіптік - өндірістік персонал  саны шамамен 10%-ға кемігенімен,  ірі кәсіпорындарда персонал  саны өсті. Жалпы персонал санының  қысқаруы, өндіріс көлемінің қысқаруынан  баяу жүрді, соның салдарынан 1990-1996жж. еңбектің орташа салалық өнімділігі 36%-ға кеміді. Еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі Череповецк, Новолипецк, Магнитогорск комбинаттарында байқалады. Бірақ бұл кәсіпорындарда да еңбек өнімділігі 1,5 еседен астам кеміді.

Кесте 19

Еңбек етушілер саны мен еңбек өнімділігі*
Кәсіпорын-

дар

(комбинаттар)

Ж         Ы         Л         Д         А         Р
1990 1995 1996 1998 2000 2001 2002
I II I II I II I II I II I II I II
Жалпы сала бойынша 733,5 111 660,4 74 659,0 71 673,0 65 711,0 83 788,0 75 739,0 81
Магни-

Тогорск

46,1 346 48,6 156 45,8 146 27,9 277 33,6 298 33,9 305 34,3 322
Череповецк

(Северсталь)

37,2 323 38,0 215 38,0 233 46,9 181 44,3 215 44,7 208 39,6 244
Новолипецк 33,2 296 35,0 203 36,2 193 46,4 142 46,6 175 49,0 161 46,3 185
Батыс Сібір 25,3 297 28,8 166 30,3 131 35,5 97 36,5 149 35,2 158 29,9 191
Нижнета-гильск 30,4 245 25,6 200 25,0 208 24,2 116 29,1 167 31,1 168 31,1 170
Кузнецк 25,9 169 25,0 143 29,4 121 32,7 58 33,0 109 31,9 108 20,3 120
Орск-Хали

Ловск

(«Носта»)

19,9 211 20,2 142 21,6 115 23,7 110 24,2 128 23,5 110 21,3 137
Челябинск

(«Мечел»)

29,5 212 29,2 85 29,4 102 29,7 90 26,8 138 26,9 140 25,6 151
Оскольск 9,0 173 11,8 138 12,9 113 17,5 89 15,1 136 16,0 132 12,9 170
 

  *I –бағанада  өнеркәсіптік - өндірістік персонал  саны келтірілген                      ( мың адам ),

  II –бағанасында  бір жұмысшыға келетін болат  балқыту көрсеткіші (т/ад).

       Талдау барысында сала кәсіпорындарына  қатысты факторларды ішкі және  сыртқы деп бөлген жөн.

       Ішкі факторларға өндіріс көлемінің, материалды ресурстар шығынының нормаларының, еңбек өнімділігінің, еңбек төлемі деңгейінің өзгеруін, негізгі қордың қайта бағалануын жатқызуға болады. Өзге факторлар – қосымша шығын, баға, тарифтер денгейінің өзгерістері – сыртқы болып саналады.

       1992-1995 жж. ішкі факторлар әсері есебінен қара металлургияның тауарлы өнімінің жалпы өсімінің 9,5 – 13,0%-н түсіндіруге болатын. 1996 ж. ішкі факторлар әсерінің үлесі 32,5%-ға жетті.

       1997 ж. саланың тауарлы өнімнің  орташа жылдық өзіндік құны 1996ж. салыстырғанда 7,4%-ға өсті. 1998 ж. саланың тауарлы өнімінің орташа жылдық өзіндік құны іс жүзінде өзгерген жоқ. Қара металлургия өнімдерін өндіру мен өткізуге кететін шығын құрылымының аса маңызды өзгерістеріне отын, энергия шығыны  үлесінің күрт өсуі және өзге де шығындар жатады. Көмірге кеткен шығын барлық кәсіпорындарда шикізат пен материал шығынының құрамында ескеріледі. Егер осы шығындарды отынға кететін шығын құрамында есептесек, 1991 – 1998 жж. отын мен энергия шығыны үлесінің 2 есе ұлғайғанын көруге болады.

        Қара металлургия өнімдерінің  рентабельділік денгейі 1991ж. 28,1% - дан 1992 ж. 51,4% - дейін жоғарылап, 1998 ж. 9,7%-ға кеміді.

        1992-1998жж. кезең бойында жекелеген  кәсіпорындарда өнімнің рентабельділік  денгейі кең көлемде айырмашылықта болды. 1995ж. дейін барлық қарастырылып отырған кәсіпорындарда тауарлы өнім өндірісі табысты болды. 1996 – 1998жж. Батыс Сібір, Кузнецк, Нижнетагильск, Орск-Халиловск және Челябинск комбинаттарында өнімнің рентабельділік деңгейі төмендеді. Ал 1998ж. Кузнецк, Нижнетагильск, Челябинск комбинаттарында тауарлы өнім өндірісі шығынды болды.

        Өнім рентабельділігінің аса  жоғары деңгейі 1998 ж. Череповецк, Новолипецк, Магнитогорск және Оскольск  комбинаттарында байқалды. Осылайша, өндірістің техникалық деңгейі ( технологиялық құрылым ) мен эффективтілік арасындағы тығыз байланысты талдау көрсетіп отыр.

Кесте 20

Өнім  өндірісі мен өткізу шығының құрылымы, % 

Информация о работе РФ өнеркәсібі