Қазақстан Республикасы қор биржаның даму ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 20:06, курсовая работа

Описание

Қор биржасының өзінің сатылатын және сатып алынатын акциялардың бағасын белгілеуге тікелей қатысы жоқ. Оларды нарық белгілейді. Бағалар сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Бірақ биржада нарықтық бағаларды айқындау үшін арнайы жағдайлар жасалған. Сатып алушылар қай жерде болса да және қашан болса да тауарды мүмкіндігінше арзанырақ сатып алуға, ал сатушылар – мүмкіндігінше қымбатырақ сатуға тырысады. Қор биржасы – нарықтардың барлығының ішіндегі ең серпінді нарық. Биржа сұраныс пен ұсыныстың өзара еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді жоюға тырысады. Биржадағы мәмілені жасаған сәтте, бағалардың арасалмағы сатушы мен сатып алушы үшін ең оңтайлы болатындай етіп жасауға болады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қор биржаның пайда болуы және құрылымы 5
1.1 Қор биржаның пайда болуы және мәні 5
1.2 Қор биржаның құрылымы 7
1.3 Шетелдерде қор биржаның қызмет етуі 10
2 Қазақстан Республикасы қор биржаның даму ерекшелігі 13
2.1 Қазақстанда қор биржаны дамуы 13
2.2 Қор биржада мәміле жасауды талдау 14
2.3 Қор нарығы және оның дамуы 17
3 Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары 21
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттердің тізімі 25

Работа состоит из  1 файл

946 Қор биржасы.doc

— 242.50 Кб (Скачать документ)


Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

3

1

Қор биржаның пайда  болуы және құрылымы

5

1.1

Қор биржаның пайда  болуы және мәні

5

1.2

Қор биржаның құрылымы

7

1.3

Шетелдерде  қор биржаның қызмет етуі

10

2

Қазақстан Республикасы қор биржаның даму ерекшелігі

13

2.1

Қазақстанда қор биржаны дамуы

13

2.2

Қор биржада  мәміле жасауды талдау

14

2.3

Қор нарығы және оның дамуы

17

3

Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары

21

 

Қорытынды

23

 

Қолданылған әдебиеттердің  тізімі

25


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Қазіргі заманғы  қор биржалары әрине, өздерінің  түп тамырынан мүлде өзгеше, бірақ  бұған қарамастан осы уақыттың ішінде биржалық сауданың негізгі қағидасы өзгерген жоқ. Биржа дегеніміз бұл  – ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс  істейтін нарық, онда  сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.

Қор биржасы  қандай да бір бағалы қағаздарды сатады деп ойлайтын адамдар көп. Шын мәнінде биржада сатылатын бағалы қағаздар онда жоқ. Биржаның өзі ештеңе де сатпайды, сатып та алмайды! Бұл әншейін мыңдаған компаниялар мен адамдар бағалы қағаздарды өздерінің агенттері арқылы сатып алатын жер, бұл агенттер брокерлер деп аталады.

Қор биржасының өзінің сатылатын және сатып алынатын акциялардың бағасын белгілеуге тікелей қатысы жоқ.  Оларды нарық белгілейді. Бағалар сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Бірақ биржада нарықтық бағаларды айқындау үшін арнайы жағдайлар жасалған. Сатып алушылар қай жерде болса да және қашан болса да тауарды мүмкіндігінше арзанырақ сатып алуға, ал сатушылар – мүмкіндігінше қымбатырақ сатуға тырысады. Қор биржасы – нарықтардың барлығының ішіндегі ең серпінді нарық. Биржа сұраныс пен ұсыныстың өзара еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді жоюға тырысады. Биржадағы мәмілені жасаған сәтте, бағалардың арасалмағы сатушы мен сатып алушы үшін ең оңтайлы болатындай етіп жасауға болады.

 Егер сатушы  акцияларды ең жоғары бағаға сатса, бұл сатушыға пайдалы болар еді де, бірақ сатып алушы үшін пайдасыз болар еді. Егер сатып алушы акцияларды ең төмен бағаға сатып алса, бұл оған пайдалы болар еді де, бірақ сатушы үшін мүлде пайдасыз болар еді. Бұл орайда, әрине, әңгіме жоғары және төмен бағалардың ақылға қонымды шектері туралы айтылып отыр. Себебі, биржаға нарықтың беталысымен мүлде мөлшерлес келмейтін, ақылға сыймайтын төмен немесе жоғары бағаға сатып алу немесе сату ниетімен шығатын болса, бұл сұраныс та емес, ұсыныс та емес. Бұл әншейін орындалмас қиял ғана, салиқалы инвесторлар ондай қиялдарға жол бере алмайды.

Оңтайлы бағалар  туралы мәселеге оралатын болсақ, биржада  мәміле жасаудың бағасы – бұл сатушы үшін мәміле жасалған сәттегі мүмкіндігінше  оңтайлы жоғары сату бағасы, ал сатып алушы үшін – мүмкіндігінше оңтайлы төмен сатып алу бағасы. Кәдімгі базарда сіз өзіңізге керекті тауар арзанырақ сатылатын жерді байқамай өтіп кетуіңіз мүмкін. Биржада бұлай болуы мүмкін емес. Сіз әр секунд сайын барлық бағаларды көріп отырасыз.

Бәлкім, сіз сатып алушы немесе сатушы ретінде өзіңіз бастапқыда жоспарлаған баға бойынша сатып алмассыз және сатпассыз, бірақ сіз өзіңіз жасаған мәміленің сол сәттегі ықтимал нұсқалардың ішіндегі ең жақсысы екеніне сенімді боласыз. Және де сіз, әрине, өзіңізге қолайлы бағаға сатып ала алмадым немесе сата алмадым деп биржаны тіпті де кіналай алмайсыз. Ауа райы нашар болса, сіз ауа райын болжаушыны кіналай алмайсыз ғой.

Әңгіме қор  биржалары туралы болғанда, көптеген адамдардың басына акциялардың биржалық бағамының күрт ауытқулары, бағалардың күрт көтерілуі мен күрт түсіп кетуі, алаяқтықтар мен алыпсатарлықтар туралы ойлар келеді.

Әрине, биржалық бағам қатты ауытқуы мүмкін, алайда мұндай жайттар едәуір сирек болады. Көбінесе бағамның күрт өзгерістері  акцияларды иеленушілердің көңіл-күйіне байланысты болады, ал ол өз кезегінде елдегі жалпы экономикалық жағдайға және нарықтың оптимистік немесе пессимистік күйіне әсер ететін, әдеттен тыс оқиғаларға байланысты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қор биржаның  пайда болуы және құрылымы

 

 

1.1 Қор  биржаның пайда болуы және  мәні 

 

Акционерлік қоғамдар шығаратын бағалы қағаздар – жай  және артықшылықты акциялар, облигациялар айналымға түсіп, сол арқылы бағалы қағаздар нарығын түзеді. Бағалы қағаздар ақшаға сатылатын негізгі тауар болып табылады. Бұл нарықтың ауқымы туралы мына жайт куә болады: бірнеше ондаған жылдар бойы дамыған елдердегі айналымда жүрген барлық акциялар мен облигациялардың құны осы елдердің жалпы ұлттық өнімінің жылдық көлемінен асып түседі.

Барлық бағалы қағаздардың елеулі бөлігі арнайы құрылған мекеме – қор биржасы арқылы сатып өткізіледі.

Егер дәлірек  айтатын болсақ, биржада бағалы қағаздардың  бәрі емес, тек ең ірі әрі белгілі  компаниялардың ғана бағалы қағаздары  сатылатынын айта кету керек.

Қор биржасы деген не? Ең әуелі айтатын жайт – бұл ұйымның қызметі бағалы қағаздардың айналымы үшін жағдайлар жасау және олардың нарықтық бағасын айқындау болып табылады.

Алғашқы биржалар өте көп уақыт бұрын пайда  болған. Олардың ең алғашқысының пайда  болу тарихы Нидерландтағы Брюгге қаласымен байланысты, онда XV ғасырда көпес Ван дер Бурсенің үйінің жанындағы алаңда саудалық ақпарат алмасу, шетелдік вексельдерді сатып алу және нақты сатып алынатын-сатылатын затты көрсетпей-ақ сауда операцияларын жасау үшін түрлі елдерден келген көпестер жиналатын. 

«Биржа» сөзі осы көпестің аты-жөнінен пайда болған, оның тамыры латынның «Bursa» және немістің «Borse» деген сөзінен тарайды да, әмиян дегенді білдіреді. Көпестің әулетінің елтаңбасында үш ақша әмияны бейнеленген, биржа өзінің атауынан солардан алған. Ал қазіргі заманғы биржаның ізашарлары (ата-бабалары деп айтуға болады) базарлар мен жәрмеңкелері болды. Базарларда сауда үнемі жүріп жататын, бірақ биржадан өзгешелігі, қолда бар тауар сатылатын, ал сатып алушылар әдетте тауарды тұтынушылар болатын.

Жәрмеңкелерде қолдағы тауар болмайтын, ал сауда  тауардың үлгілері бойынша, көтерме  партиялармен жүргізілетін, ал тауарды  саудагер делдалдар сатып алатын, алайда жәрмеңкелер жылына бірнеше  рет қана ұйымдастырылатын. Әдетте жәрмеңке халықаралық сауда айналымының дамуына, ал базар - шектелген көлемдегі аудандардың айналымына қызмет етті.

Өнеркәсіптің  дамуымен қатар, өсіп келе жатқан шаруашылық облыстарын өзара байланыстыратын  тұрақты көтерме нарыққа деген  қажеттілік пайда болды. Осындай нарық Испания мен Голландияның арасындағы сауданың даму барысында, XYI ғасырда биржа нысанында қалыптасты.

Нидерландтан  кейін биржалар сыртқы сауда өркендеп келе жатқан Италияда (Венеция, Генуя, Флоренцияда), сондай-ақ басқа елдердің ірі қалаларында пайда бола бастады. Алғашқы халықаралық биржа болып Антверпендегі биржа саналады. Оның негізі 1531 жылы қаланды, өзінің дербес үй-жайы болды, оның маңдайшасын аңызға айналған «Барлық халықтар мен тілдердің саудагерлері үшін» деген жазу безендіріп тұратын.

XYII ғасырдың  бас кезінде Амстердамдағы биржа  ең маңызды рөл атқарды, ол  бір мезгілде әрі тауар биржасы,  әрі қор биржасы болатын. Мұнда  алғаш рет жедел мәмілелер  пайда болды, ал биржалық операциялар  жүргізу тәсілі едәуір жоғары  деңгейге көтерілді. 

XYIII ғасырда мемлекеттік берешектің өсуі тауар ретінде бағалы қағаздар жүретін мәмілелердің бұдан былай үнемі жасалуына мәжбүр етті. Сол кезеңде қазіргі заманғы ең ірі қор биржаларының бірі – Нью-Йорк қор биржасы пайда болды. Акционерлік қоғамдар үздіксіз құрылып жатты, олардағы үлестерді алыпсатарлардың тұтас жасақтары сатып алып жатты. XIX ғасырда теміржолдардың салынуы, сондай-ақ өнеркәсіп өндірісінің қарқынды дамуы акциялардың жетілдірілуін және маңызды қаржылық құралға айналдырылуын талап етті.

Биржалардың даму тарихы акциялардың бағасын жасанды түрде секірту туралы мысалдарға толы, яғни, ірі алпауыттар орасан зор пайда алу мақсатында бағаларды күрт көтеретін немесе түсіріретін болған, ал бұл ұсақ және ортаңқол инвесторлардың күйзеліске ұшырауына әкеліп отырған. Мұндай жағдайлар өткен ғасырдың орта тұсына дейін шынында да орын алып келген. Мұндай жағдайлардың теріс салдарлары және биржалық маклерлердің жағдайды теріс пайдалануының жиілеуі көптеген елдердегі қор биржасының қатысушыларын түрлі алаяқтықтан едәуір қатаң қорғайтын заңдарды енгізуге мәжбүр етті. Бұл заңдардың орындалуын арнайы мемлекеттік органдар қадағалайды.

Биржалық операцияларды  реттеу бойынша қызметтің нәтижесінде  биржалардың өздерінің сипаты өзгерді. Әрине, алыпсатарлар биржада әлі  де бар. Олар пайда алудан үміттеніп, акцияларды сатады және сатып алады. Мұндай операциялар заңға қайшы келмейді. Ал кейде олар пайдаға да асады, себебі қор нарығының әлдеқайда серпінді әрі икемдірек болуына ықпалдасады. Олар сондай-ақ бағалардың тұрақтануына көмектесіп, инвесторлардың акцияларды көбірек ынтамен және қолайлырақ бағаға сатып алуына мүмкіндік береді.

Ал бағалы қағаздарды сатып алушылардың көпшілігі  алыпсатарлардан өзгеше, инвесторлар  болып табылады. Олар ақшасын табыс  алу мақсатында ұзақ уақыт бойы құйып отырады. Олар биржалық алыпсатарлықтан түсетін бір жолғы пайдаға қызықпайды. Инвесторлар ең ірі әрі аты әйгілі компаниялардың үлесін иеленуші болуды қалайды.

Қор биржасы  тағы бір маңызды артықшылықты береді. Онда сіз күдік тудыратын компаниялардың бағалы қағаздарын кездестірмейсіз. Егер компания өзінің бағалы қағаздарының биржада сатылғанын қаласа, ол тек пайда әкелетін компания ғана болмауға тиіс. Оған барған сайын жоғары талаптар қойылатын болады. Бағалы қағаздарды түрлі елдердегі биржаның сауда тізімдеріне енгізу шарттары ұсақ-түйектері жағынан өзгешеленеді. Бірақ олардың қағидасы біреу-ақ. Биржаға орнықсыз және пайда әкелмейтін компаниялардың бағалы қағаздары түспеуге тиіс. 

Ең әуелі, өзінің бағалы қағаздарын қор биржасына  шығаруға ұмтылатын акционерлік қоғам биржаның ережелерімен белгіленген листинг рәсімінен өткізілуге тиіс. Компанияның пайдалылығының соңғы бірнеше жыл ішіндегі деңгейі, меншікті капиталы, компанияның активтері, акционерлердің саны және басқа да параметрлер талданады. Листинг рәсімінің нәтижесінде компанияның бағалы қағаздары биржаның тізімдеріне кіргізілуі немесе одан бас тартылуы болмақ.

Биржа ең төменгі  көрсеткіштерді белгілейді, ал егер компания олардың ең болмағанда біреуіне сәйкес келмесе, онда оның бағалы қағаздары  бұл биржада сатылмайтын болады. Бұл орайда биржада ең төменгі көрсеткіштерден әрең өтетін аса бай емес компаниялардың акцияларын көруге болады. Бірақ олар келешегі мол компаниялар болуы мүмкін.

Сондай-ақ биржада  биржалық талаптардан әлдеқайда  асып түсетін өте бай әрі тұрақты компаниялардың акциялар кездестіруге болады. Егер компания биржаның сауда-саттық тізімдеріне кіргізілген болса, бірақ уақыт өте келе оның істері құлдырай бастап, ол ең төменгі талаптарға енді қайтып сәйкес келмесе, онда ол белгіленген тәртіпте биржаның тізімдерінен шығып қалады. Сөйтіп, акционерлік қоғамдар үшін биржаға түсудің ғана емес, сонымен қатар тиісті деңгейде қалудың да маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Қор  биржаның құрылымы 

 

Биржа неғұрлым ірі әрі дамыған болса, ол өзінде саудаға түсірілетін бағалы қағаздарға солғұрлым қатаң талаптар қояды. Ірі биржалардың тізімдеріне кіргізілу – бұл акционерлік қоғамдар үшін бедел мәселесі және жоғары деңгейінің көрсеткіші.

Биржаға шыққан компаниялардың деңгейі әр түрлі  болатынын ескере отырып, биржалар қай компанияның қандай деңгейге сәйкес келетінін көрсететін түрлі санаттарды енгізеді.

Алайда биржа  өзінің талаптарын тек бағалы қағаздарға ғана қоймайды. Екінші жағынан, биржалық сауда-саттыққа кім қаласа сол қатыса алмайды, тек оның мүшелері ғана қатысады.

Биржаның мүшелері кейбір елдерде тек жеке тұлғалар, кейбір елдерде тек заңды тұлғалар бола алады. Алғашқыларының қатарына бағалы қағаздармен жеке дара сауда жасайтын тұлғалар (биржаның біліктілік талаптарына  сай келетін, қаржылық және инвестициялық мәселелер жөніндегі маман) жатады.    Заңды тұлғалардан биржада мамандандырылған несиелік-қаржылық мекемелер өкілдік етеді, олардың құрамына тар мамандандырылған биржалық фирмалар (брокерлік фирмалар мен инвестициялық банктер) кіреді.

Тағы бір  ерекшелігі – биржаның барлық мүшелері ондағы өздерінің орындарын сатып алады. Бірақ бұл орайда биржаға мүше қабылдаған кезде, ақша басты айқындаушы жайт болып табылмайды.  Оның әр мүшесі біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.

Қор биржасының мүшелері екі санатқа бөлінеді. Олардың бірін брокерлер (биржалық маклерлер) құрайды, олар – бағалы қағаздарды, валюталар мен басқа да қаржылық активтерді сатып алушылар мен сатушылар арасындағы мәмілелерді жасаған кездегі делдалдар, өздерінің делдалдығы үшін белгілі бір сыйақы алады (белгіленген пайызға сәйкес комиссиялық сыйақы, немесе куртаж). Биржашылардың комиссиялық сыйақыларының мөлшерлемесі мәміленің көлеміне қарай құралады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы қор биржаның даму ерекшелігі