Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 20:06, курсовая работа
Қор биржасының өзінің сатылатын және сатып алынатын акциялардың бағасын белгілеуге тікелей қатысы жоқ. Оларды нарық белгілейді. Бағалар сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Бірақ биржада нарықтық бағаларды айқындау үшін арнайы жағдайлар жасалған. Сатып алушылар қай жерде болса да және қашан болса да тауарды мүмкіндігінше арзанырақ сатып алуға, ал сатушылар – мүмкіндігінше қымбатырақ сатуға тырысады. Қор биржасы – нарықтардың барлығының ішіндегі ең серпінді нарық. Биржа сұраныс пен ұсыныстың өзара еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді жоюға тырысады. Биржадағы мәмілені жасаған сәтте, бағалардың арасалмағы сатушы мен сатып алушы үшін ең оңтайлы болатындай етіп жасауға болады.
Кіріспе 3
1 Қор биржаның пайда болуы және құрылымы 5
1.1 Қор биржаның пайда болуы және мәні 5
1.2 Қор биржаның құрылымы 7
1.3 Шетелдерде қор биржаның қызмет етуі 10
2 Қазақстан Республикасы қор биржаның даму ерекшелігі 13
2.1 Қазақстанда қор биржаны дамуы 13
2.2 Қор биржада мәміле жасауды талдау 14
2.3 Қор нарығы және оның дамуы 17
3 Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары 21
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттердің тізімі 25
Брокерлер бағалы
қағаздармен делдалдық
Қор биржасының мүшелерінің екінші тобы дилерлерден құралады, бұлар – бағалы қағаздарды сатып алу-сатумен айналысатын жекелеген тұлғалар немесе фирмалар, банктер. Олар өз атынан және өз есебінен әрекет етеді. Дилерлер мәмілелерді тек өз араларында және брокерлермен ғана жасай алады. Дилерлердің пайдасы сатушының бағамы мен сатып алушының бағамының арасындағы айырманың есебінен, сондай-ақ валюталар мен бағалы қағаздардың бағамдарының өзгерістері есебінен, яғни, түптің түбінде өздері бағалы қағаздарды сатып алатын және сататын бағалардың айырмасы ретінде қалыптасады. Делдалдық операциялармен дилерлер айналыспайды.
Бағалы қағаздармен жасалатын операциялармен айналысатын биржашылар «аюлар» мен «бұқалар» болып бөлінеді. Түсіруге ойнайтын биржалық алыпсатарлар («аюлар») өздерінде әлі жоқ бағалы қағаздарды мәміле жасау кезінде бекітілген баға бойынша мерзімге сатады да, мәміленің мерзімі аяқталардан сәл бұрынырақ бағалы қағаздарды төменірек бағам бойынша сатып аламыз да, мерзімді мәміленің шартында белгіленген жоғарырақ бағаға сатамыз деп үміттенеді. Көтеруге ойнайтын биржашылар («бұқалар»), керісінше, бағамның жоғарылайтынын күтіп, бағалы қағаздарды мерзімге сатып алады да, соңынан оларды олжалы сатамыз деп үміттенеді.
Қор биржасы заңды тұлға болып табылады, сондықтан өзінің құрылымы мен жұмысының мәселелерінде ол түгелдей дербес әрекет етеді. Әр биржада дерлік нормативтік құжаттардың тұтас бір тобы болады, олар биржаның бүкіл жұмысын реттемелейді, оның мүшелері үшін біліктілік талаптарын және компанияларға қойылатын ең төменгі талаптарды белгілейді. Ең маңызды құжаттардың бірі биржалық сауданың ережелері болып табылады.
Қор биржасы коммерциялық мақсаттарды көздемейді. Оның қызметі өзін өзі ақтау қағидасына негізделеді. Қор биржасы коммерциялық ұйым емес.
Биржаның қызметі биржадан «орын» сатып алған оның қатысушыларының жарналарының, биржада өздерінің бағалы қағаздарын бағалайтын кәсіпорындардың жыл сайынғы жарналарының, биржалық операциялардан жиналатын алымдардың және биржаның қатысушылары мен клиенттер төлейтін басқа да төлемдердің (мысалы, анықтама беру, биржалық мәмілелерді тіркеу, биржаның бөлімшелерінің кеңестемелік, делдалдық, ақпараттық, заңгерлік және басқа қызмет түрлерін көрсеткені үшін төлейтін ақы) есебінен қаржыландырылады.
Биржаның қызметіне қатысты барлық ең маңызды шешімдерді оның мүшелері өз жиналысында қабылдайды. Биржаның мүшелері биржалық кеңесті сайлайды, онда түрлі ресімдемелік мәселелер шешіледі. Биржаны басқаруды және барлық ағымдық мәселелерді шешуді биржаның басқармасы, яғни, биржаның мүшелері сайлаған және тағайындаған басшылық жүзеге асырады.
Биржадағы сауда-саттықты реттеудің жоғарыда аталған барлық тетіктеріне қарап, ол ұйымдастырылған нарық деп атала бастады. Егер ұйымдастырылған нарық болса, демек, ұйымдастырылмаған нарық та болады, және онда да бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға болады. Бірақ біз қазір ортастатистикалық инвестордың акцияларды қор биржасында қалай сатып алуына болатынын жалпылама түрде қарастырайық.
Ең әуелі қарапайым инвестордың биржалық сауда-саттыққа қатыса алмайтынын түсінген жөн, себебі ол биржаның мүшесі емес. Мұндай кедергі инвестордың мүдделеріне нұқсан келтіру үшін емес, ұйымдастырылған нарықтың тиімділігін арттыру мақсатында қолданылады. Биржадағы сауда-саттықтың толып жатқан ережелерін, егжей-тегжейлері мен талаптарын тек біліктілігі жоғары, бір бағытта жұмыс істейтін мамандар ғана есінде сақтап, орындай алады. Сондықтан о бастан қалыптасып, уақыт өте келе бекіген жағдай бойынша инвесторлар биржалық сауда-саттықтарға тікелей қатысатын делдалдармен (брокерлермен) шарттар жасасады.
Инвестор өзінің брокеріне бағалы қағаздардың белгілі бір түрін сатып алу немесе сату туралы тапсырма береді. Бұл орайда баға бойынша шектеулер алдын ала ескеріледі. Айталық, инвестор өзінің бағалы қағаздарын сатуға арналған төменгі шекті белгілейді. Немесе оларды сатуға арналған жоғары шекті белгілейді. Яғни, брокер сатып ала алады, бірақ белгіленген бағадан асырмайды.
Әдетте инвестор брокерге тиісті ақша сомасын береді. Дегенмен, биржадағы мәмілелердің көпшілік бөлігі несиеге жасалады, яғни бұл брокер өзінің клиентіне иығын төсейді деп аталады. Бұл орайда брокер жасалған мәміле үшін тек комиссиялық пайыз ғана емес, сонымен бірге берген несиесі үшін өсім де алады.
Сауда-саттыққа қатыса отырып, брокер клиенттің тапсырмасының шарттарына сәйкес биржада өзінің өтінімін орналастырады. Ал сұраныс пен ұсыныстың бағалары бірінші рет дәл келген кезде, мәміле жасалады. Бұл орайда сауда-саттықтың бүкіл жүйесі жасалған әрбір мәміленің құпиялылығы, сондай-ақ оның орындалатыны жөнінде инвесторға кепілдік береді.
Сондай-ақ биржадағы сауда-саттық қатаң белгіленген уақытта және күндерде өтетінін айта кету керек. Қазіргі кезде сауда-саттыққа қатысу үшін бұрынғыдай биржаның сауда залының өзінде болу тіпті де міндетті емес. Бүкіл дерлік биржалық сауданы брокерлер электрондық түрде өздерінің кеңселерінен жүргізеді. Бұл орайда қор биржасының құрылымының өзі және оның функциялары түбірлі өзгерістерге ұшыраған жоқ.
Бұл сол бұрынғыдай ұйымдастырылған, дәйекті түрде жұмыс істейтін нарық, онда бағалы қағаздар сатылады және сатып алынады, сондай-ақ осындай сауда үшін жағдайлар жасалады. Айта кетелік, биржа өзінің қатысушылары үшін жасайтын басты жағдайлардың бірі онда жасалған барлық мәмілелердің кепілді түрде орындалуы болып табылады, мәмілелер есеп айырысу палатасы мен депозитарийдың қатысуымен орындалады, олар өздерінің шоттарында ақша мен бағалы қағаздар туралы электрондық жазбаларды сақтайды.
Қор биржасы онда жасалған барлық мәмілелерді тіркеп отырады және олардың орындалуын қадағалайды. Осы тәсім бойынша дүниежүзілік биржалардың көпшілігі, соның ішінде Нью-Йорк биржасы, сондай-ақ ең жақсысы, Қазақстан қор биржасы жұмыс істейді.
1.3 Шетелдерде қор биржаның қызмет етуі
Батыс Еуропаның қор биржаларына тән нышандарға олардың дәстүрлілігі мен көп бейнелілігін жатқызуға болады. Еуропалық жүйелердің солтүстік америкалық жүйелерден айырмашылығы, олар нақты компанияның бағалы қағаздарымен операцияларды монополияландыратын мамандар дегендердің жүйесін білмейді. Еуропада биржа нарығының басқа үлгілері – континенталды Еуропада дәстүрлі аукциондық және Ұлыбританияда – дилерлік үлгілер қолданылады. Бірінші үлгідегі биржада бас кейіпкерлер – делдалдар – бірыңғай бағаларды қалыптастырады, олар бойынша күннің ағымында олар жасаған тапсырыстардың басым бөлігі іске асырыла алады. Дилерлік үлгінің мәні: нақты компанияның бағалы қағаздарын өз қаражаттарына тек бірнеше бәсекелес дилер сата және сатып ала алады. Тиісінше бағалы қағаздардың бағамдары күннің ағымында құбыла береді. Еуропалық биржалардың енді бір ерекшелігі – олардың бағалы қағаздар нарығын интернационалдандыруға үлкен ынтасы. Ол үрдіс екі бағыт бойынша: еуропалық биржалардағы орындарды шетелдік брокерлік фирмаларға сату арқылы және биржада тіркелген шетелдік компаниялардың кәсіпорындарының тізіміне енгізу арқылы жүреді.
Англия
Британдық қор биржалары жүйесіне тән белгі оның жоғары шоғырланыс деңгейі болып табылады. Ұлыбританияда 22 биржа жұмыс істейді. Ұлыбританияның бас қор биржасы Лондон Халықаралық Қор Биржасы болып табылады. Оның мүшелері 4 топқа бөлінеді:
Брокер-дилерлік фирмалар, олардың негізгі функциясы – инвесторлардың бағалы қағаздар сатып алу-сатуға тапсырыстарын орындау, бірақ олар өз есебінен де мәмілелер жасайды;
Маркет-мейкерлер – жұмыс күнінің ағымында белгілі бір бағалы қағаздарға баға белгілейтін биржа мүшелері;
Дилерлердің брокерлері
гилттар бойынша маркет-
Қор биржасының ақша брокерлері, басқа биржа мүшелеріне ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды қарызға беруге құқығы бар.
Аталған биржада сауда төрт нарықта жүзеге асырылады:
Ішкі акциялар;
Шетелдік акциялар;
Британдық үкімет облигациялары, сондай-ақ тұрақты өсімі бар ішкі және шетелдік қағаздар;
Сатылмалы опциондар.
Лондон Халықаралық Қор Биржасында саудалықтар негізінен компьютерлендірілген "TALISMAN" жүйесімен жүзеге асырылады.
Ұлыбритания биржалық индекстер
FT-SE 30 Share Index, Financial
Times Industrial Ordinary Share Index алғаш рет 1935
жылы жариялана бастады және 30
өнеркәсіптік және сауда
FT-SE 100 – Ұлыбританияда
ең кең тараған индекс, көп
жерде 'footsie' (Футси 100) ретінде
белгілі. Ұлыбританияның
Германия
Басты қор биржасы Франкфурт Қор Биржасы болып табылады. Басты өзгеше ерекшелігі бұл биржаның мүшелерінің үш санатқа бөлінетіні болып табылады, олар: биржадағы негізгі ойыншылар болып табылатын банктер, бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға өтінімдер қабылдайтын және олардың бағамын айқындайтын ресми бағамдық маклерлер,еркін маклерлер.
Германия Биржалық индекстер
Негізгі қор Франкфурт биржасында ең көп саудаланатын 30 акцияны (соңғы 3 жыддағы сауда статистикасының негізінде) қамтитын DAX 30 болып табылады. Индекс нарықтық капиталдандыру бойынша безбенделген.
Электрондық жүйедегі саудалықтардың нәтижелері бойынша Xetra DAX индексі есептеп шығарылады, ол түгелдей дерлік DAX 30 индексімен өзара сәйкес. Алайда электрондық сессия ұзағырақ, сондықтан жабу бағалары едәуір өзгеше болуы мүмкін. Сондай-ақ DAX 100 және 320 акция бойынша CDAX композитты индексі есептеп шығарылады.
Швейцария
Цюрихтегі биржа – банктерді біріктіретін жекеше құқықтық мекеме. Барлық басқа биржаларға қарағанда, едәуір шамада мемлекетпен реттеледі. Баға белгілеу шарттары өте қатаң.
Еуропалық биржа (Euronext).
Батыс Еуропаның қор нарығына тән ерекшеліктердің ішінде Еуропалық Экономикалық Одақтың (ЕЭО) дамуы және шеберінің кеңеюі себеп болған капиталдар нарықтарын интернационалдандырудың қызу үрдісін атауға болады. Аталған үрдістің нәтижесі Euronext деп аталатын еуропалық биржалар холдингінің құрылуы болды.
Euronext N.V. (ООО)
– Голландияның заңнамасына
Бүгін Euronext – Европадағы ең үлкен бағалы қағаздар нарығы, оны бағалау оның орталық тапсырыстар қоржыны арқылы өңделген сауда көлемі бойынша орындалған.
Ширек бөлігін шетелдік компаниялар құрайтын 1392 компания – акцияларына Euronext-те баға белгіленетін компаниялар.
Euronext.liffe биржада
күн сайын жасалатын мәмілелер
көлемі бойынша әлемдегі
Euronext біртұтас
жалпы еуропалық қор биржасын
құру мақсатында Еуропаның
Бүгінгі күнде еуропалық биржа холдингінің жетістіктері мынадай:
2001 жылдан бастап
Амстердам, Брюссель және
аталған холдингіге кіретін нарықтар үшін бірыңғай клиринг жүйесі (Clearing 21®) енгізілген;
Брюссель және Париж нарықтарын 2003 жылдың наурыз және сәуір айларында LIFFE CONNECT™ ауыстырудан және тиісінше Парижде қолданылатын Clearing 21® Брюсельде көшуден бастап, туынды қаржылық құралдар нарықтарының сауда және клиринг жүйелерін сәйкестендіру бойынша алғашқы қадамдар жасалды.
Информация о работе Қазақстан Республикасы қор биржаның даму ерекшелігі