Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 18:36, курсовая работа
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі. Салық жүйесі – бұл әлеуметтік-саяси, экономикалық шарттардың әсерінен сол мемлекетте қалыптасқан жиынтық салықтардың өзара байланысы. Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды. Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың, соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Салық жүйесінің макроэкономикалық мәні....................................................5
1.1. Салық жүйесі туралы түсінік..............................................................................5
1.2. Қазақстан Республикасының салық жүйесі және салықтың түрлері.............9
1.3. Салықтық төлемдер мемлекеттік бюджет кірістерінің көзі ретінде............13
2 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қазіргі жағдайына талдау және салықтық реформалар.................................................................................19
2.1. Салық салуды реформалау...............................................................................19
2.2. Салық Кодексі және салық ставкалары...........................................................21
2.3. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәселелері.........................25
2.4. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің маңызы және дамыту жолдары......................................................................................................................26
Қорытынды..............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32
Қосымшалар.............................................................................................................34
18
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Экономика факультеті
«Экономикалық теория» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның ерекшеліктері»
Орындаған: ГМУ-21 тобының студенті
Абилмажинова И.Д.
Тексерген: Досмағамбетов Н.С.
Астана 2009
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Салық жүйесінің макроэкономикалық мәні..........................
1.1. Салық жүйесі туралы түсінік.......................
1.2. Қазақстан Республикасының салық жүйесі және салықтың түрлері.............9
1.3. Салықтық төлемдер мемлекеттік бюджет кірістерінің көзі ретінде............13
2 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қазіргі жағдайына талдау және салықтық реформалар....................
2.1. Салық салуды реформалау....................
2.2. Салық Кодексі және салық ставкалары....................
2.3. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәселелері....................
2.4. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің маңызы және дамыту жолдары.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Қосымшалар....................
Кіріспе
Бұл курстық жұмыс Қазақстанға, оның салық жүйесіне, қалыптасқан салықтық ахуал мен салық жүйесінің кейбір мәселелері мен қиындықтарына, негізгі салықтық көрсеткіштерге және салықтың елдегі экономикалық ықпалына арналады.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі. Салық жүйесі – бұл әлеуметтік-саяси, экономикалық шарттардың әсерінен сол мемлекетте қалыптасқан жиынтық салықтардың өзара байланысы. Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды. Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың, соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
Тақырыптың өзектілігі. Отандық Қазақстанның Республикалық бюджетіндегі салықтармен есеп айырысуларының жалпы көлемімен сипатталады. Қазақстан Республикасының егемендігі, оның нарықтық қатынастарға бағытталған даму жолына көшуі, сондай-ақ өтпелі кезеңдегі экономиканы реттеу барысында пайдаланылатын салық саясатының экономика мен әлеуметтік аяларда өзіне тиесілі орын алуы бүгінгі таңда көкейкесті мәселе болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы салық жүйесінің жағдайын білу, мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес мен алдыма келесідей міндеттер қойдым:
1. Салықтың макроэкономикалық мәні мен мазмұнын ашып, салық салуды қалыптастырудың негізін қарастыру;
2. Еліміздің мемлекеттік бюджетінің түсім көрсеткіштерін талдау;
3. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі салық жүйесін, оның құрылымын, ерекшеліктерін анықтау және оның экономикалық мақсаттармен сәйкестілік деңгейін межелеу;
4. Бүгінгі таңдағы салықтық реформаларды қарастыру;
5. Салық жүйесін жетілдіру жолдарын табу.
Бірінші тарауда: Қазақстан Республикасының салық жүйесінің теориялық аспектісі қарастырылған, яғни салықтың макроэкономикалық мәні, маңызы, қызметтері, принциптері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіндегі салықтардың үлесі көрсетілген.
Екінші тарауда: Қазақстан Республикасының салық жүйесінің дамуы қарастырылады, яғни болған салық реформалары, бүгінгі таңдағы жаңа Салық кодексі мен Қазақстандағы салық жүйесінің даму перспективалары талқыланған.
Мемлекет құрылғаннан бастап салықтар қоғамдағы экономикалық байланыстардың ең маңызды буыны ретінде өзінің міндетін атқара бастайды. Мемлекет құрылымының өзгеруі немесе дамуы әрқашан сәйкесінше салық жүйесінің өзгерісімен қатар жүреді. Қазіргі дамыған қоғамда салықтар – мемлекеттік кірістің негізгі көзі болып табылады. Бұл аса қаржылық міндетінен басқа, салықтық механизм арқылы мемлекет қоғамдық өндіріске, оның динамикасы және құрылымына, ғылыми – техникалық прогресске экономикалық әсерін тигізеді.
Салық мемлекеттік табыстың негізгі қайнар көзі болып табылатын мемлекетте салық мағынасын тыс бағалау қиын. Сонымен қатар салық мағынасы барлығы үшін таныс: бұндай әдіспен өз табысын алатын мемлекет үшін мемлекеттік қаржыландыру есебінен күн көретін қоғам үшін (мемлекеттік чиновниктер, зейнеткерлер, мүгедектер т.б). Бұдан келе, салыққа тікелей немесе жанама қатысты емес және салық салу тақырыбы түртпейтін бір адам жоқ.
Салықтар, бүкіл салық жүйесі секілді, экономиканы басқаруда аса қуатты құрылғысы болып табылады.
Мемлекеттің, барлық адамдардың мемлекет қаржыландыратын ұйымдар мен мекемелердің өмір сүруі қаражатқа байланысты болғандықтан, мемлекет салық төлеу, салық жинау жұмыстарының маңыздылығына үлкен мән береді.
Нарықтық өтпелі кезең жағдайында, жеке кәсепкерліктің даму барысында салық пен қаражаттың едәуір бөлігі адамдардан келіп түседі. Салықты дер кезінде төлеп отыратын, бұл міндетін терең түсінген адамдар неғұрлым көп болса, онда мемлекетіміз де қуатты бола түседі, жеке адамдардың әл-ауқаты, тұрмыс дәрежесі де жақсара береді.
Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді. Мемлекет басшысы 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Салық кодексінде күрделі, көпқұрамалы міндет – бір мезгілде салық жүйесінің ашықтығын, салық салудағы бейтараптықты, салықтық әкімшілендірудің қарапайымдылығы мен тиімділігін қамтамасыз етіп, экономиканың сапалы дамуы үшін ынталандыру жүйелерін құруды тапсырды.
Салық және салық төлеу қоғам өміріндегі орнының айрықша екенін өз жұмысымда толық айтпақшымын.
Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан тұрады.
1 Салық жүйесінің макроэкономикалық мәні
1.1. Салық жүйесі туралы түсінік
Салықтар – мемлекет біржақты бекіткен, заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың макроэкономикалық мәні – олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар — бұл жеке және заңды тұлғалардың бюджетке міндетті төлемдері | |||||||||
|
| ||||||||
|
|
|
|
|
|
|
| ||
Материалдық категория: бұл белгілі бір ақша сомасы |
| Экономикалық категория: бұл мемлекеттің табысы |
| Заңгерлік категория: салық- бұл заң |
Сурет 1.1. Салық салу - табысты және мемлекет қаржысын толықтыруды реттеу әдісі
Сурет 1.2. Салық салудың негізгі принциптері
Салықтардың ауыртпалығын бөлудің ежелден келе жатқан 2 принципі бар:
1. Пайда (алынған игіліктер) принципі.
2. Қайыр көрсету (төлем қабілеттік) принципі.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін А.Смит ұсынған:
1. Әділеттік принципі – қағидаты. Салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс.
2. Анықтылық қағидаты. Салықтың мөлшерімен оны төлеу мерзімі алдын-ала және дәл анықталуы қажет.
3. Қолайлылық принципі. Әрбір салық – салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс.
4. Үнем қағидаты. Салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс.
Салық 3 функция орындайды:
1. Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Бұл функция көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мемлекеттік бюджеттің кірістері толықтырыла отырып, экономикалық-әлеуметтік мәдени шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
2. Реттеуші функция – мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюы мен тікелей байланысты пайда болады. Салықтар қабылданған бағдарламалардың орындалуына ықпал етеді. Салықтардың нысандары олардың мөлшерлемелері салық алу әдістері жеңілдіктер мен шегерімдері арқылы мемлекет реттеуші функциясын орындайды.
3. Қайта бөлу функциясы – бұл функция арқылы түрлі субъектілердің табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді [28].
Салық элементтері:
1. Салық субъектісі – заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді айтамыз.
Салықты төлеушілер:
Қызметкерлер - өз еңбегімен материалдық және материалдық емес игілік жасайтын, сонымен бірге белгілі бір түсім алатындар, яғни жеке тұлғалар;
Шаруашылық субъектілері – капитал иелері, яғни заңды тұлғалар.
2. Салық объектісі – салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады, мәселен: табыс, мүлік, тауар, мұра, жер және т.б. Осы аталғандардан салық төленеді.
Мүлік жылжитын және жылжымайтын мүлік болып бөлінеді.
Тауар – қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез келген еңбек өнімі болып табылады.
Мұра – қайтыс болағн азамат мүлкінің оның мұрагерлеріне көшуі. Көптеген мемлекеттерде мұраға салық салынады.
Жер – белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдаланылады.
3. Салық көзі – салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша қаражаттары, бұл – жалақы, өріс, дивиденттер, яғни салық неден төленетіндігін анықтау.
Макроэкономикалық деңгейде салық төлеудің негізгі көзі ретінде – ұлттық табыс қатысады.
Салық төлеушілердің салық төлеу үшін негізінен бес көзі бар:
Табыс – ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, кәсіпорынға, мекемеге немес жеке тұлғаға түсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар.
Қор – мемлекеттің, кәсіпорынның немесе жеке тұлғаның әлде бір мақсатқа арналған ақша қаражаты немесе материалдық құндылықтар.
Жинақ – кәсіпорынның немесе жеке тұлғалардың банкілерге және жинақ мекемелеріне салған, әдетте, талап ету мерзімі көрсетілмеген ақшалай қаражаттар.
Айналым қаражаттары - өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға авансыланған ақшалай қаражаттың жиынтығы.
Қарыз қаражаттары – бір жақ екінші жаққа меншікті немес оперативті басқаруды, ақшаны немесе түр-түсі белгіленген заттарды табыстайтын, ал қарыз алушы сол тектес және сапасы сондай затты немесе ақшаны қайтаруға міндеттенетін шартқа сәйкес берілетін қаражаттар.
Рента – алушыдан кәсіпкерлік қызметті талап етпейтін капиталдан, мүліктен немесе жерден ұдайы алынып отыратын табыс; көптеген капиталистік елдерде – меншік иесінің мемлекеттік заем облигациялары бойынша алатын табысы.
Жалақы – біріншіден әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін ұлттық табыстың ақша түріндегі табысы; екіншіден, еңбек үшін сыйақы.
4. Салық мөлшері – салық төлеушінің табысына қарай алынатын салық сомасын білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.
5. Салық жеңілдіктері – төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа да факторларды ескеріп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару.
Біріншіден, салық төлеуден босату жөніндегі жеңілдіктер.
Салықтың түрі бойынша салық төлеушілердің жекелеген тұлғалары салық төлеуден босатылады. Мәселен, жер салығын иелігінде жер учаскесі бар тұлғалар төлеуі тиіс. Ал, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер жер салығын төлеуден босатылады. Мұнда мемлекеттің әлеуметтік саясаты жүзеге асырылады, яғни мемлекет әлеуметтік топтардың жекелеген түрлеріне салық төлеуде жеңілдіктер қарастырған.
Салық төлеуден толық босатылу, салық салуға жатпайтын мүліктерде жүзеге асырылады. Жеке табыс салығын есептеген кезде, жеке тұлғалардың зейнетақысына салық салынбайды. Егер жеке тұлға үшін зейнетақы төлемдері негізгі табыс көзі болса, онда ол салық төлеуден толық босатылады.
Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның ерекшеліктері