Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 18:36, курсовая работа
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі. Салық жүйесі – бұл әлеуметтік-саяси, экономикалық шарттардың әсерінен сол мемлекетте қалыптасқан жиынтық салықтардың өзара байланысы. Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды. Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың, соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Салық жүйесінің макроэкономикалық мәні....................................................5
1.1. Салық жүйесі туралы түсінік..............................................................................5
1.2. Қазақстан Республикасының салық жүйесі және салықтың түрлері.............9
1.3. Салықтық төлемдер мемлекеттік бюджет кірістерінің көзі ретінде............13
2 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қазіргі жағдайына талдау және салықтық реформалар.................................................................................19
2.1. Салық салуды реформалау...............................................................................19
2.2. Салық Кодексі және салық ставкалары...........................................................21
2.3. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәселелері.........................25
2.4. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің маңызы және дамыту жолдары......................................................................................................................26
Қорытынды..............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32
Қосымшалар.............................................................................................................34
Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.
Салық жүйесі мемлекетің заңды және жеке тұлғалармен жиынтықты қаржылық қатынасын және салықтар, нысандар, салық салудың әдістері мен тәсілдерін, соңғысына заңды актілерін, сондай-ақ басқару органының жиынтығын, салық қызметін көрсетеді [24].
Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.
Салық жүйесі экономикалық реттеуіш ретінде жұмыс орындарының санын, өндірілетін жұмыс пен көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюын қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін ынталандырады. Мемлекет жүргізетін бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметі бекіткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келетін және орнықты экономикалық дамуды қолдауға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, бюджетті жоспарлау мен атқару сапасын және мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыруға бағытталады [13].
1.3. Салықтық төлемдер мемлекеттік бюджет кірістерінің көзі ретінде
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады: 1.кірістер, салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, амортизация, ресми трансферттер түсімі; 2.шығындар; 3.операциялық сальдо; 4. таза бюджеттік кредит беру және т.б.
Бюджет ең алдымен салық түсімдері есебінен (шамамен 95-97%) және салықтық емес кірістерден (3-5%) құралады.
Қазіргі дамыған қоғамда салықтар – мемлекеттік кірістің негізгі көзі болып табылады.
Сонымен сурет 1.3-те көрсетілгендей салықтық түсімдер жылдан жылға көбейе түскен. 2006 жылы салықтық түсімдер табыстардың 88,5%-н, 2007 жылы 73,0%-н, 2008 жылға арналған бюджет бойынша 82,2%-н құрады [12].
Сурет 1.3. Өткен жылдардағы республикалық бюджеттің салықтық түсімдері
Корпорациялық табыс салығы, қосымша құн салығы және кеден төлемдері республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің негізгі көздері болып табылады.
Сурет 1.4. Республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің негізгі көздері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті 2009 жылдың 9 айының ішіндегі қызмет қорытындысын шығарды.
2009 жылғы 9 айда қарыздардың түсуін есепке алмағанда мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 2 578,0 млрд. теңгені құрады және есепті кезеңге арналған жоспардың 94,9%-ына атқарылды, қарыздарды өтеуді есепке алмағанда мемлекеттік бюджеттің шығыстары 2 817,1 млрд. теңгені құрады немесе есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша жоспардың 91,8%-ына атқарылды. 352,8 млрд. теңге сомасында жоспарланған тапшылық кезінде іс жүзіндегі тапшылық 240,2 млрд. теңге сомасында қалыптасты.
Кірістердің атқарылуы.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері 94,9%-ға атқарылды немесе 2 575,5 млрд. теңге түсті, оның ішінде салықтық түсімдер негізінен қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы есебінен 103,0%-ға атқарылды.
Салық режимінің жаңа шарттарына (мөлшерлеменің төмендеуі, төлем уақытының қайта қаралуы) қарамастан мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер ағымдағы жылдың шарттарына келтірілген өткен жылдың ұқсас кезеңінде түскен түсімдерімен тең келді. Салықтық ауыртпалықты жеңілдетуден күтілетін нәтиженің орындалмауы экономика өсу қарқынының төмендеуімен байланысты.
Корпоративтік табыс салығы өткен жылдың деңгейінде түсті, ағымдағы атқарылуды қарайтын болсақ, КТС бойынша жоспар 6,8 млрд. теңгеге артығымен орындалды.
2008 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда іште өндірілетін тауарларға салынатын қосылған құн салығы 21,1%-ға кем түсті. Іште өндірілетін тауарларға салынатын қосылған құн салығының түсу қарқынының төмендеуіне тағы да өтеу сомасының өсуі әсер етті. Есепті кезеңде 162,4 млрд. теңге өтелді (оның ішінде дебеттік сальдо бойынша – 40,1 млрд. теңге), бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 11,7 млдр. теңгеге көп, өтелетін сома 239,3 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылы енгізілген Тәуекелділікті Басқару Жүйесі (ТБЖ) әрбір салық төлуші ТБЖ межелемесі бойынша сынақтан өткізілгендіктен, бюджеттен ҚҚС артық сомасының қайтарылуының заңсыз тәуекелін болдырмайды.
Кедендік төлемдер мен салықтар 427,2 млр. теңге сомасында түсті, немесе жоспар 92,9%-ға орындалды. Жоспарлы көрсеткіштердің орындалмауы негізінен импорт көлемі едәуір әсер ететін импортқа салынатын ҚҚС салығы есебінен қалыптасты, оның азаюы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,7%-ды құрады. Сонымен бірге есепті кезеңде тексерулер нәтижесінде бюджетке шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажынан түгел есептелген соманы 38,7 млрд. теңге сомасында бюджетке төлеу салдарынан шығарылатын тауарларға салынатын кедендік баждар бойынша жоспар 33,2 млрд. теңгеге артығымен орындалды.
Жергілікті бюджеттің кірістері 2009 жылдың 9 айында 1 586,7 млрд. теңгені немесе жоспардың 99,1%-ын құрады. Жергілікті бюджеттің кірістер бойынша жоспары мынадай аймақтар бойынша орындалмады: Астана қаласы (88,3%), Павлодар (97,4%), Ақмола (97,7%), Алматы қаласы (98,5%), Солтүстік Қазақстан (98,8%), Шығыс Қазақстан (99,4%), Маңғысау (99,6%), Қостанай (99,7%), Жамбыл облыстары (99,9%).
Сурет 1.5. Жергілікті бюджеттің кірістер бойынша жоспары
Жоспардың орындалмауы негізінен трансферттердің түсімімен байланысты (35,8 млрд.теңге), әлеуметтік салық (өндірілетін тауарлар мен қызметтердің төмендеуі есебінен жұмыс орындарының қысқаруына байланысты 3,3 млрд. теңге), азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсімдер (Астана қаласында Мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламасы аясында құрылыс компанияларының тұрғын-үй объектілерін уақытылы тапсырмауының себебінен 1,7 млрд. теңге қалыптасты) және жер телімдерін сатудан түсетін түсімдер (1,9 млрд. теңгеге жоспардың негізгі орындалмауы Алматы қаласында аукционға шығарылатын жер телімдерінің шектелуімен, Алматы қаласы жер коммисиясының құрылыс объектілерін салуға жер телімдерін беру туралы бұрын қабылданған шешімдерін мемлекеттің мұқтажы үшін қайтарып алуға байланысты жоюына, ал Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша жоспар жер телімдеріне төленетін базалық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты аукциондарда өтініш берушілер санының азаюына байланысты).
Жергілікті бюджеттің кірістері жоспарының орындалмауына қарамастан мынадай түсімдер бойынша артығымен орындалу байқалады:
- акциздер алкоголь, темекі өнімдерін сату көлемінің артуы есебінен 103,8%-ға атқарылды немесе 28,1 млрд. теңге түсті.
- табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер өз қызметін арнайы табиғатты пайдалану тәртібімен жүзеге асыратын табиғатты пайдаланушылардан қоршаған ортаға лимиттен тыс шығарындылар үшін түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем бойынша ірі түсімдердің есебінен.
Ағымдағы жылдың 9 айының атқарылу нәтижелері бойынша 2009 жылда мемлекеттік бюджет кірістерінің күтілетін түсімі тұтастай алғанда 4 821,2 млрд. теңге сомасында немесе нақтыланған жоспардың 98,5%-ында қалыптасты. Бұл ретте республикалық бюджеттің кірістері 71,5 млрд. теңгеге атқарылмайды, оның ішінде салықтық түсімдер – 86,5 млрд. теңге. Жоспардың орындалмауы негізінен кедендік төлемдер мен салықтардан қалыптасады.
Салық бересі бойынша: 2009 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша бересі тұтастай алғанда республика бойынша 105,9 млрд.теңгені құрады. Жылдың басымен салыстырғанда салық органдарының тексеру актілері бойынша соманы жете есептеуге байланысты бересі 25,0 млрд. теңгеге артты. Бересінің неғұрлым көп үлес салмағы корпоративтік табыс салығы бойынша – 53,2 млрд.теңге, ІӨТ ҚҚС - 35,3 млрд.теңге қалыптасты.
2009 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша бересі 5,4 млрд.теңгені құрады, 2009 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 1,4 млрд.теңгеге немесе 36,7% артты. Бұл ретте, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда міндетті зейнетақы жарналары бойынша түсімдер 11,5%-ға өсті, бұл Жол картасы шеңберіндегі жаңа жұмыс орындарының ашылуымен және еңбекақы төлеу қорының өсуіне байланысты [5].
Бақылау-экономикалық жұмыстар бойынша негізгі көрсеткіштер де жақсарды, атап айтқанда тексеру актілері бойынша қоса есептелген салық сомалары 355,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,7 есеге өскен, аумақтық салық органдарының салықтық тексеру актілері бойынша өндіріліп алынған сомалардың да үлес салмағы өсіп, 52%-ды құрап отыр.
Сонымен қатар, үздік Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары марапатталды. 2009 жылдың нәтижелері бойынша «Республиканың үздік Орталығы» атағы Қостанай қ. бойынша Салық басқармасының Орталығына берілді, ал «Шағын қалада немесе ауылдық жерде орналасқан үздік Орталық» атағы Екібастұз қ. бойынша Салық басқармасының Орталығына берілді [29].
Сурет 1.6. Мемлекеттік бюджет кірістерінің атқарылуы
Кірістер түсімдерінің болжамы
2009-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістері жаңа Салық кодексінің экономиканың шикізат секторына салық жүктемесін төмендетуді қарастыратын ережелерін есепке ала отырып, орта мезімді кезеңде макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды өлшемдері негізінде айқындалды.
Кірістер есебінде мемелекеттік басқару және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақыларын 2009 және 2010 жылдары 25%-ға, 2011 жылы 30%-ға көбейту және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударымдарды 2009 жылы 3%-дан 4 %-ға дейін және 2010 жылы 5 %-ға дейін ұлғайту нәтижесінде әлеуметтік салық түсімдерінің төмендеуі және 2009-2013 жылдары ең аз жалақыны ұлғайту ескерілді.
Кесте 1.1.
ЖІӨ-ге мемлекеттік бюджет кірістері %-бен | |||||
Көрсеткіштер атауы | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл |
Кірістер | 13,4 | 12,0 | 11,5 | 11,2 | 10,9 |
Салықтық түсімдер | 12,7 | 11,3 | 10,9 | 10,6 | 10,3 |
Салықтық емес түсімдер | 0,4 | 0,4 | 0,3 | 0,3 | 0,3 |
Негізгі капиталды сатудан түсімдер | 0,3 | 0,3 | 0,3 | 0,3 | 0,3 |
Сурет 1.7. ЖІӨ-ге мемлекеттік бюджет кірістері
2009-2013 жылдарға арналған Ұлттық қорға бағытталатын бюджетке түсетін түсімдер көлемінің болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдаған өлшемдері негізінде құралды: мұнай өндіру, мұнайдың әлемдік бағасы, АҚШ долларына теңге бағамы, сонымен қатар өткен жылдарға түсімдер серпіні, ағымдағы жағдайды талдау.
2009 жылы Ұлттық қорға тікелей салықтар түсімі ЖІӨ-ге 7,1%, 2010 жылы – ЖІӨ-ге 7,1 %, 2011 жылы - 6,7%, 2012 жылы – 6,1%, 2013 жылы – 5,6% деңгейінде болжамдалады [10].
2 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің
қазіргі жағдайына талдау және салықтық реформалар
2.1. Салық салуды реформалау
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты – бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.
Бірінші кезең.
1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «Қазақ КСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен Қазақ КСР-нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды. Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл заңда да орын алды, яғни ҚР алғашқы салық жүйесінде бірқатар шешімін таппаған мәселелер болды. Атап айтсақ, біз салық жүйесін құрғанда елемізде жиынтықталған ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі де, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Салық жүйесінде дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық салу принциптері сақталмады. Сондықтан бұл салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы, салық жүйесінің өндірісті дамытуға еш ықпал етпеуі, бюджет кірісін құрудағы өз ролін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс не пайда емес, керісінше тұтыну болды.
Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның ерекшеліктері