Қазақстандағы өнеркәсіп және өнеркәсіптік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 10:09, курсовая работа

Описание

Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
I-бөлім. Өнеркәсіптің теориялық негіздері
1.1 Өнеркәсіп туралы түсінік және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
1.2 Өнеркәсіп құрылымы және оны орналастырудың принциптері
II-бөлім. Қазақстандағы өнеркәсіп және өнеркәсіптік саясат
2.1 Қазақстандағы өнеркәсіптің тарихи даму кезеңдері
2.2 Қазақстандағы өнеркәсіп салалары
2.3Қазақстандағы өнеркәсіптік саясат
Қортыңды.............................................................................................................31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .........................................................................33

Работа состоит из  1 файл

неркәсіп.docx

— 111.86 Кб (Скачать документ)

Мазмұны: 

Кіріспе .....................................................................................................................3

I-бөлім. Өнеркәсіптің теориялық негіздері

1.1 Өнеркәсіп туралы түсінік және оның әлеуметтік-экономикалық мәні

1.2 Өнеркәсіп құрылымы және оны орналастырудың принциптері

II-бөлім. Қазақстандағы өнеркәсіп және өнеркәсіптік саясат

2.1 Қазақстандағы өнеркәсіптің тарихи даму кезеңдері

2.2 Қазақстандағы өнеркәсіп салалары

2.3Қазақстандағы өнеркәсіптік саясат

Қортыңды.............................................................................................................31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі .........................................................................33 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I-бөлім. Өнеркәсіптің теориялық негіздері

1.1 Өнеркәсіп туралы  түсінік  және  оның әлеуметтік-экономикалық  мәні 

    Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен топтан құрылады:

    1) өндіруші өнеркәсіп мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;

    2) өңдеуші өнеркәсіп – қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады.

    Сондай-ақ ол өндіріс құрал-жабдығын өндіретін  өнеркәсіп (“А” тобы) пен тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп (“Б”  тобы) салаларына бөлінеді. Өнімнің бір түрлері түгелдей “А” тобына жатады (станоктар, өнеркәсіптік тракторлар, жабдықтар, қара және түсті металл кентастары, минералдық тыңайтқыштар, т.б.), екінші бір түрлері түгелімен “Б” тобына (тігулі киім, тоқыма бұйымдары, нан, нан-тоқаш өнімдері, тағамдық балық өнімдері, жиһаз, тоңазытқыш, телевизор, т.б.) жатады. Көмір, электр энергиясы, кездеме, ұн, ет және өндірістік мақсатта пайдаланылатын басқа да өнім түрлері олардың нақты тұтынылуына қарай екі топтың арасында бөлініске түседі.

    Өнеркәсіп – қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын материалдық өндіріс саласы. Халық шарушылығы мен халықтың жоғары сапалы өнімге деген қажеттілігінің қанағаттандырылу деңгейі, техникамен қайта жарақтандырылуы, халық шаруашылығының барлық салалары өндірісінің қарқынды дамытылуы, мемлекеттің қорғаныс қабілеті өнеркәсіп тің дамуында қол жеткізілген табыстарға байланысты.ың өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2 Өнеркәсіп құрылымы және оны орналастырудың принциптері  

     Өнеркәсіп – Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Оның дамуы жаңа қалалар мен жолдар салуды ілестіре жүреді. Ол ауыл шаруашылығының, құрылыстың, қызмет көрсету саласының даму деңгейіне де үлкен әсер етеді. Сонымен бірге оның қоршаған ортаға да әсері зор.

    Өнеркәсіптің  құрылымы. Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді. Олар бөлшек салаларға бөлінеді. Мысалы, отын өнеркәсібі мұнай, мұнай өңдеу, көмір және газ салаларын біріктіреді. Ал жеңіл өнеркәсіптің құрамына тоқыма, тігін, тері өңдеу, аяқ киім және т.б. салалар кіреді.

      Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын  шығаратын (отын, металл, машиналар  мен құрал-саймандар): энергетика, металлургия, машина жасау және т.б. басты рөл  атқарады. Оларды ауыр өнеркәсіп деп атайды («А» тобы). Әсіресе, маңыздылары машина жасау (онда жаңа машиналар мен құрал-саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы. Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті анықтайды, сол үшін оларға салалардың «авангардтық үштігі» деген атақ берілген. Халық түтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық-түлік, киім, аяқ киім), «Б» тобына жатқызады. Онда тамақ және жеңіл өнеркәсіп ерекше орында.

      Қазақстандағы жалпы өнім өндіру көлеміндегі «А»  тобының үлесі 80% -ға жетті. «Б» тобы одан едәуір артта. Мұнымен шет елден  азық-түлік пен тұтыну заттарын ауыр өнеркәсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай  айырбастың баға «қайшысына» байланысты пайдасы жоқ.

      Көптеген  дамыған елдерде «А» тобы салаларының  үлесі 50%, немесе одан да аз. Өнеркәсіп  салаларын, сонымен бірге, өндіруші және өңдеуші салаларға бөлу қабылданған. Біріншілері жер қойнауынан (тау-кен  өнеркәсібі), судан (балық және су аңдарын  аулау), орманнан (ағаш дайындау) шикізат  өндіреді, ал екіншілері оларды өңдейді (мысалы, металлургия және ағаш өңдеу). Электр энергиясы мен жылу өндіретін  және су мен газ тарататын салалар  жеке топты құрайды.

      Біздің  еліміздегі өнеркәсіп құрылымының  ерекшелігі – тау-кен өндірісі саласының  үлесі жоғары болуында. Олар барлық өнімнің жартысынан көбін береді (2004ж. – 52,5%). Сіздер Қазақстанның өңделмеген отын мен шикізатты шет елге сату нәтижесінен едәуір қаржыны толық  қайтарып алмайтынын көрдіңіздер.

      Сонымен қатар республикаға өңдеу өнеркәсібі салаларының арасында қалыптасқан  салыстырмалы арақатынаста аса тиімді емес.

      Салалар арасындағы өзара байланыстың күшеюі салааралық кешендердің қалыптасуына әкелетінін білесіздер. Еліміздің экономикасындағы олардың рөлі бірдей емес.

      Дүние жүзіндегі отын мен металл бағасының  жоғары болуы отын-энергетикалық  және металлургиялық кешендердің жарыса өсуіне себеп болады. Олар Қазақстанның әлемдік экономикадағы орнын  анықтап, ел ішінде өзгеше «локомотив»  рөлін атқарады. Олардың дамуы  басқа салалар мен қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне ықпал  етеді.

      «2003-2015»  жж. Арналған индустриялы-инновациялық  даму стратегиясы» Қазақстан өнеркәсібінің  құрылымын жақсартуға арналған.

      Инновациялық* даму экономиканың шикізатқа тәуелділігін азайтып, өңдеуші салалардың жоғары сапалы тауар шығаруына мүмкіндік  береді.

      Компьютерлер, байланыс құралдарын, тағы басқа қазіргі  заманғы бұйымдар жасау үшін технопарктер ұйымдастырылуд. Ең болашағы зор салаларда (металлургия, машина жасауда, тамақ  өнеркәсібінде және т.б.) дайын өнімдер, немесе кластерлер шығаратын салааралық кешендер жасалуда. Өңдеу өнеркәсібінің  кәсіпорындарында жұмыс істейтін компаниялар  ұйымдастыруы тиіс. Стратегияны жүзеге асырудағы маңызды рөлді инновациялық жобаларға несие бөлетін Қазақстан  даму Банкі атқарады.

      Индустриялды-инновациялық даму өндірістің географиялық орналасуына  да әсерін тигізеді. Соңғы уақыттарда онда батысқа қарай байқалады.

      Қазір алдыңғы қатарлы өнім шығаратын  облыстардың үштігіне Атырау, Маңғыстау  және Қарағанды облыстары кіреді.

Өнеркәсіптің  дамуы мынандай негізгі  принциптерге (ережелерге) бағынады:

      Кәсіпорындардың орналасуы:

      1) аймақтың және бүкіл елдің  мүддесіне мүддесіне сай пайдаланылатын  ресурсы бар, барлық жерлерде; 

      2) шикізат көзіне, отынға, энергияға,  ғылыми орталықтарға, еңбек ресурсына  және өнімді тұтынушыларға жақын  жерлерде (бұл адамдардың еңбегін,  материалдық ресурстар мен уақытты  үнемдейді);

      3) қоршаған ортаны қорғау талаптарын  және шет елдермен қарым-қатынас  жағдайын есепке ала отырып;

      4) еңбек өнімділігін көтеретін  өндірісті шоғырландырудың, мамандандырудың,  кооперативтендірудің, құрамдастырудың  және аумақтық-өндірісті үйлестірудің (кешендердің) артықшылықтарын пайдалана  отырып орналастырылады.

      Қазақстанның  өнеркәсібінде шағын кәсіпорындар көп. Бірақ өнімнің негізгі бөлігін  орта және ірі кәсіпорындар өндіреді. Өнім шығаруды ірі кәсіпорындарға жинауды  өндірісті шоғырландыру деп атайды.

      Шағын кәсіпорындар жаңа өнім шығаруға тез  әрі икемді түрде қайта құрыла алады. Бірақ көптеген салалар бойынша  ірі зауыттар мен фабрикалардың  артықшылықтары бар. Ондағы шоғырлану  техниканы толығырақ пайдаланып, еңбек өнімділігін көрсетуге  мүмкіндік береді. Сонымен бірге  бір ірі зауытты салуға бірнеше  ұсақтарын салудан аз қаржы жұмсалады.

      Көптеген  кәсіпорындар біркелкі өнім, мысалы, тек  тракторлар немесе тек экскаваторлар  шығарады. Өндірісті ұйымдастырудың мұндай түрін мамандандыру деп атайды. Маманданған кәсіпорандарда еңбек  ресурсы жақсырақ пайдаланылады, еңбек  өнімділігі жоғары, өнімнің өзіндік  құны төменірек болады. Бірақ ондай  кәсіпорнынның шикізат, тетік, машина бөлшектерін жеткізушілермен өндірістік байланыссыз жұмыс жүргізуі мүмкін емес. Дайын өнімді шығаруға бірнеше  кәсіпорындардың қатысуын кооперация (ынтымақтастық) деп атайды. Ол да еңбек өнімділігін көтереді.

      Кәсіпорындардың бір бөлігін комбинаттар құрайды. Оларда әр түрлі өндіріс түрлері  үйлеседі. Олар: 1) шикізатты өңдеудің біртіндеп жүргізілетін сатыларын, немесе 2) оларды бірігіп өңдеуді, немесе 3) бір-біріне қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II-бөлім. Қазақстандағы өнеркәсіп және өнеркәсіптік саясат

2.1 Қазақстандағы өнеркәсіптің тарихи даму кезеңдері 

Кеңестік  дәуірге дейінгі  Қазақстанда өнеркәсібі.

    Кеңестік  дәуірге дейінгі Қазақстанда  өнеркәсіп негізінен өте қарапайым еңбек құралдарын пайдаланатын ұсақ кәсіпшіліктер, шеберханалар мен цехтар түрінде дамыды. 1913 жылы небәрі 118 мың т мұнай, 0,1 млн т көмір өндірілді. Кеңестік дәуірде өнеркәсіпті дамыту үдерісі жедел қарқын алды.

    Алғашқы бесжылдықта (1928 – 1932) өнеркәсіпке 90 млн. сом күрделі қаржы бөлінді. Бұл осының алдындағы тоғыз жылда бөлінген қаржыдан 2,5 есе көп еді. Соның нәтижесінде бесжылдықтың әр жылында өнеркәсіп өнімі орта есеппен 17% өсті. Көмір өндіру, түсті металлургия, металл өңдеу, тамақ өнеркәсіпі салалары шұғыл дамыды.

     2-бесжылдықта (1932 – 1937) өнеркәсіп өнімі жыл сайын 19,5%-ға өсті. Мұндай қарқын 3-бесжылдықтың алғашқы үш жылы бойына сақталды. 1933 – 1940 жылдары республикада Шымкент қорғасын зауаты, Балқаш мыс қорыту, Ақтөбе химия комбинаттары сияқты ірі өнеркәсіп орындары қатарға қосылып, Қарағандыда көмір шахталары кешені, мұнай құбырлары, электр стансияларылары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары салынды. Бұл кезеңде өнеркәсіпті дамытуға 446 млн. сом күрделі қаржы жұмсалды. Бұл 1920 – 1932 жылдары аралығында бөлінген қаржыдан 3,4 есе көп еді. Нәтижесінде халық шаруашылығының негізгі салалары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында елеулі құрылымдық өзгерістер болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімінен асып түсті.

Информация о работе Қазақстандағы өнеркәсіп және өнеркәсіптік саясат