Қазақстандағы өнеркәсіп және өнеркәсіптік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 10:09, курсовая работа

Описание

Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
I-бөлім. Өнеркәсіптің теориялық негіздері
1.1 Өнеркәсіп туралы түсінік және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
1.2 Өнеркәсіп құрылымы және оны орналастырудың принциптері
II-бөлім. Қазақстандағы өнеркәсіп және өнеркәсіптік саясат
2.1 Қазақстандағы өнеркәсіптің тарихи даму кезеңдері
2.2 Қазақстандағы өнеркәсіп салалары
2.3Қазақстандағы өнеркәсіптік саясат
Қортыңды.............................................................................................................31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .........................................................................33

Работа состоит из  1 файл

неркәсіп.docx

— 111.86 Кб (Скачать документ)

Өткен ғасырдың 40-ыншы жылдары Кеңестер Одағында елдің атом саласын құру мен дамыту бағдарламасы жасалды. Соған байланысты КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 1944 жылы Қазақстанда және Одақтың басқа да аймақтарында уран кен орындарын іздеп табуға барлық геологиялық ұйымдарды жұмылдыруды Геология жөніндегі комитетке арнайы тапсырды. Одақта жаппай уран іздеу ісі осы қаулыдан бастау алады.

Сөйтіп, Кеңестер кезінде республикада жеткілікті дәрежеде қуатты, дамыған инфрақұрылымы және білікті мамандары бар уран саласының мықты өнеркәсібі қалыптасқан-ды. Уран өндірумен төрт комбинат шұғылданып, олардың өндірістік қуаты КСРО-дағы өнім көлемінің 30% -дан астамын өндіруге мүмкіндік беретін.

Қазақстандағы бастапқы геологиялық барлау жұмыстары 1947 жылы құрылған Волков экспедициясы (қазіргі “Волковгеология”) еншісінде. Ал еліміздегі алғашқы уран кен орны - 1951 жылы ашылған Қордай кеніші. Соғыстан кейін, яғни 1947-1965 жылдар аралығында уран іздеудің белсенді әрекеттері одан әрі жалғасты. 60-жылдардың басында “Волковгелогия”, “Краснохолмгеология”, “Степгеология”, “Кольцовгеология” өндірістік-геологиялық бірлестіктері геолог-барлаушыларының күшімен Қазақстан аумағында уранның минералды-шикізат қорын жасаудың бірінші сатысы аяқталды. Бұл өз кезегінде Целинный (кейінірек – “ЦГХК”), Прикаспийск (“Каскор”) және Қара-Балта (“КГРК”) қайта өңдеу комбинаттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етті.

Информация о работе Қазақстандағы өнеркәсіп және өнеркәсіптік саясат