Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 10:09, курсовая работа
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы
Кіріспе .....................................................................................................................3
I-бөлім. Өнеркәсіптің теориялық негіздері
1.1 Өнеркәсіп туралы түсінік және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
1.2 Өнеркәсіп құрылымы және оны орналастырудың принциптері
II-бөлім. Қазақстандағы өнеркәсіп және өнеркәсіптік саясат
2.1 Қазақстандағы өнеркәсіптің тарихи даму кезеңдері
2.2 Қазақстандағы өнеркәсіп салалары
2.3Қазақстандағы өнеркәсіптік саясат
Қортыңды.............................................................................................................31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .........................................................................33
Жылдық көмір өндірісі (млн. т) | |||||||||
Мемл-тер | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | Үлесі | Запас қанша уақытқа шыдайды (жыл) |
China Қытай | 1722.0 | 1992.3 | 2204.7 | 2380.0 | 2526.0 | 2782.0 | 3050.0 | 45.6 % | 38 |
USA АҚШ | 972.3 | 1008.9 | 1026.5 | 1053.6 | 1040.2 | 1062.8 | 973.2 | 15.8 % | 245 |
India Үндістан | 375.4 | 407.7 | 428.4 | 447.3 | 478.4 | 521.7 | 557.6 | 6.2 % | 105 |
Australia Аустралия | 351.5 | 366.1 | 378.8 | 385.3 | 399.0 | 401.5 | 409.2 | 6.7 % | 186 |
Russia Ресей | 276.7 | 281.7 | 298.5 | 309.2 | 314.2 | 326.5 | 298.1 | 4.3 % | 500+ |
Indonesia Индонезия | 114.3 | 132.4 | 146.9 | 195.0 | 217.4 | 229.5 | 252.5 | 3.6 % | 17 |
South Africa ОАӘ | 237.9 | 243.4 | 244.4 | 244.8 | 247.7 | 250.4 | 250.0 | 3.6 % | 122 |
Germany Германия | 204.9 | 207.8 | 202.8 | 197.2 | 201.9 | 192.4 | 183.7 | 2.6 % | 37 |
Poland Польша | 163.8 | 162.4 | 159.5 | 156.1 | 145.9 | 143.9 | 135.1 | 1.7 % | 56 |
Kazakhstan Қазақстан | 84.9 | 86.9 | 86.6 | 96.2 | 97.8 | 111.1 | 101.5 | 1.5 % | 308 |
Дүниежүзілік өндіріс | 5,187.6 | 5,585.3 | 5,886.7 | 6,195.1 | 6,421.2 | 6,781.2 | 6,940.6 | 100 % | 119 |
Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібі. Деректерге сүйенсек, еліміз аумағындағы ең алғашқы машина жасау кәсіпорны 1909 жылы Алматы қаласында (бұрынғы Верный) құрылған екен. Ол тұқым себу машинасын (сеялка) шығаратын болған. Ал өндіріс саласы ретінде Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібі Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңестер Одағының батыс және орта өңірлерінен көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың негізінде қалыптасты.
Сөйтіп, Алматыда металлургиялық құрал-жабдықтар, Шымкентте автоматты сығымдау аппаратураларын, Ақтөбеде автокөлік қозғағыштарын, Ақмолада ауылшаруашылық техникасын шығаратын кәсіпорындар құрылып, ондаған машина жасау зауыттары салынды. Осылай аспап жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болып, машина жасау салаларының кешені қалыптаса бастады.
Еліміз тәуелсіздігін алар тұста Қазақстандағы машина жасау кешенінің құрамында 2500-ден аса өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды. Бірақ біз бұл саланың жалпы даму деңгейі бойынша басқа одақтас республикалардан айтарлықтай артта едік. Жалпы, өнім өндіруде Қазақстан КСРО-да үшінші орында болғанымен, машина жасауда он екінші орында тұрғаны мұның айқын дәлелі. Кешеннің құрылымы да біздің еліміз үшін қолайлы болмады: зауыттардың үштен бірі тек ескірген техникаларды жөндеумен айналысса, тағы сондай бөлігі металл конструкцияларын өндірді. Ал қалған үштен бірінің жартысын Қорғаныс-өндірістік кешен құрады. 1990 жылдары сала өндіретін өнімге деген сұраныстың төмендеуінен, машина жасау кешені терең дағдарысқа ұшырады.
Жалпы, Кеңестер Одағы
Сондықтан да Қазақстанда мұнай машиналарын шығару Атырау, шахталық кен өндіру құрал-жабдықтарын өндіру Қарағанды, металлургиялық құрал-жабдықтар мен машиналар шығару Өскемен, ал ауылшаруашылық машиналары мен трактор жасау зауыттары егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған өңірлерде, Астана, Павлодар, Қызылорда қалаларында орналастырылған. Бұл кәсіпорындарды құру кезінде еңбек ресурстарымен қамту да ескеріледі. Мысалы, негізінен, ер адамдар еңбек ететін металлургтер қаласы Өскеменде әйелдерді жұмыспен қамту мақсатында конденсатор зауыты құрылған. Еңбекпен бірге күрделі технологияларды қажет ететін кәсіпорындар ғылыми-зерттеу орталықтары бар ірі қалалар төңірегінде шоғырланады. Сол себепті де теледидарлар, компьютерлер мен басқа да күрделі техникаларды шығару ісі Алматы қаласындағы «Алатау Сити» ақпараттық технологиялар паркінде ұйымдастырылған. Жалпы, Қазақстандағы машина жасау өндірісіне кіретін кәсіпорындардың жартысы дерлік Алматы, Ақмола, Павлодар өңірінің үлесіне тура келеді.
Өскемен
қаласында жобалық қуаты жылына
15 мың автокөлік құрастыратын «Азиа-Авто»
зауыты жұмыс істейді. Кәсіпорын ресейлік
«АвтоВаз», чехиялық «Шкода», америкалық-оңтүстіккореялық
«Дженерал Моторс» кәсіпорындарының қолдауымен
«Лада», «Шевроле» және «Шкода» көліктерін
шығарады. Қазірше ол еліміздегі автокөлік
құрастыратын ең ірі өндіріс орны. ҮИИД
бағдарламасының арқасында зауыт биылғы
жылдың бірінші жартысында 2609 автокөлік
шығарды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда, 2,6 есе артық. Елімізде
шығарылатын автокөліктердің дерлік 90
пайызы осы кәсіпорынның үлесінде. Жалпы,
өндіріс көлемі де дағдарысқа дейінгі
деңгейден асып түсті. Бұл жерде 2010 жылдан
бері қарай автокөліктердің 12 түрлі жаңа
модельдері шығарыла бастады. Егер Өскеменді
республиканың «автокөлік астанасы» десек,
енді осындай тағы бір өсу нүктесі пайда
болды: Қостанайда «Агромашхолдинг Қазақстан»
АҚ Allur Auto қазақстандық автомобиль компаниялары
тобы және оңтүстіккореялық SsangYong Motors
Corporatіon автоөндірушісімен бірлесіп, ҮИИД
мемлекеттік бағдарламасының аясында
Ssang Yong жол талғамайтын көліктерін шығаратын
құны 16 миллион АҚШ доллары тұратын жобаны
жүзеге асыра бастады. Оған сәйкес алғашқы
жылы осы маркадағы 1000 автокөлік шығарылса,
тағы төрт жылдан кейін бұл көрсеткіш
7500 данаға жеткізілмек. 2010 жылы ел көлемінде
3176 жеңіл көлік шығарылып, 2009 жылға салыстырғанда,
өсім 4,33 пайызды құрады. Ал 2011 жылдың алғашқы
жартысында 3012 жеңіл көлік шығарылып,
ол 2010 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда,
үш есеге артты. Сонымен бірге тек жалпы
өндіріс көлемі ғана емес, жеңіл көлік
шығаруда ішкі нарықтағы қазақстандық
үлестің де өткен жылдың алғашқы алты
айымен салыстырғанда, биыл 20,8 пайызға
артып отырғаны қуантады. Бұл - отандық
автокөлік өндірісі сала ретінде қалыптасқанын
және индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында
оның жедел дами бастағанын көрсететін
тарихи көрсеткіш!
Жалпы, Қазақстанда барлығы 30-дай әртүрлі
құрастыру өндірісі жұмыс істейді. Олардың
көбі «Газель» автомобилінің негізінде
микроавтобустар, шағын жүк көліктерін,
рефррижераторлар шығарады. Алматы қаласында
троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын
«КамАЗ» автокөліктері құрастырылады.
Орал қаласында ресейлік «Россельмаш»
зауытының «Нива-Эффект» комбайны шығарыла
бастады.
Жоспарлы экономика кезінде Қазақстанда
КСРО-ның басқа республикаларында жоқ
бірнеше ерекше зауыттар болғанын да айта
кеткен жөн. Қой қырқатын машинкалар шығарған
«Ақтөбесельмаш», жерасты тұзды суларын
тұщыландыратын қондырғылар шығарған
«Алматы электроника», жер қабаттарын
үйіндісіз өңдеу құралдары мен дестелегіш
және қар тоқтатқыш механизмдер шығарған
«Целиноградсельмаш» зауыттарын солардың
қатарына жатқызуға болады. Десек те ұзақ
жылдар бойы Қазақстанның машина жасау,
соның ішінде ауыр машина жасау өнеркәсібінде
жетекші орынды Алматы ауыр машина жасау
зауыты иелеп келді. Ол бүгінде жұмыс істеп
тұр. Зауыт металлургия, химия өнеркәсібі
мен атом реакторларына арналған күрделі
прокаттық құрал-жабдықтар мен басқа да
алюминий, мыс сым темірлері, құбыр, прокат
құралдарын шығарады. Олар отандық кәсіпорындар
мен ТМД және шетелдердің көптеген зауыттарына
жеткізілуде.
Отандық машина жасау өнеркәсібіндегі
ең ірі жобалардың бірі - Астана қаласында
америкалық «Дженерал электрик» компаниясымен
бірлесіп құрылған ірі локомотив құрастыру
зауыты. Қазірдің өзінде бұл зауыт бір
локомотивті құрастырып шығарса, тағы
бірнешеуі аяқталу алдында тұр. Жалпы,
бұл зауыт отандық және шетелдік нарық
үшін ДЭ «Эволюция» маркалы 150 локомотив
шығаруы тиіс. Бүгінгі күні еліміздің
барлық өңірлерінде дерлік машина жасауға
қатысты өндіріс орындары бар. Айталық,
Алматы мен Арал қаласында вагон шығару
зауыттары жұмыс істесе, Оралда - кеме,
комбайн, Қостанайда - ауыр жүк көліктерінің
қозғалтқышы, Өскеменде - «Беларусь» тракторлары
мен автобус, жеңіл көліктер құрастырылады.
Талдықорғандағы «Қайнар» зауытының аккумуляторлары
болса шетелдік нарыққа шығатын сапалы
тауарларымыздың бірі.
Қазақстанда қазіргі таңда металлургия,
ауылшаруашылық және көліктік машина
жасау салаларына айрықша басымдылық
берілуі тиіс. Өйткені дәл осы бағыттар
ел экономикасындағы көптеген өндірістік
салалардың дамуына жағдай туғызу арқылы
Қазақстанның экспорттық әлеуетінің өсуіне
айтарлықтай ықпал ететіні анық. Ұлт Көшбасшысы,
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев
еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге ерекше көңіл бөліп, ауыл шаруашылығын,
соның ішінде мал шаруашылығын дамытуға
айрықша назар аударып отырғандықтан,
біз үшін, ең алдымен диқандарымыз бен
шаруаларымызды заманауи ауылшаруашылық
машиналарымен қамтамасыз ету өте-мөте
маңызды дер едік.
«ҚазАгроИнновация» АҚ Қазақ ауыл шаруашылығын
механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу
институтының жетекші ғылыми қызметкері,
техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Әбдікерім Оспановтың айтуынша, бүгінгі
күні Қазақстанның ауыл шаруашылығы қажетті
техникамен 40-60 пайыз төңірегінде ғана
қамтамасыз етілген. Олардың да 80-85 пайызының
әбден тозығы жеткен. Мұндай жағдайда
ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін
қалай еселеп арттырамыз?! Мәселен, әрбір
1000 гектар егістік алқапқа шаққанда ауыл
шаруашылығының тракторлармен қамтамасыз
етілуі Германияда - 124, Голландияда - 91,
Ұлыбританияда - 86, Францияда - 85, Бельгияда
- 82, Италияда - 70, Данияда - 58, АҚШ-та -35, Өзбекстанда
- 26, Беларусьте - 19 бірліктен тура келсе,
осынша алқапқа Швецияда - 32, Германия
мен Голландияда - 22, Данияда - 21, Бельгияда
- 20, АҚШ, Францияда - 19, Беларусьте - 11, Өзбекстанда
- 7 комбайннан тура келеді екен.
- Техниканың жетіспеушілігінен егін шаруашылығындағы
технологиялық операциялар толық орындалмай,
қысқартылуы салдарынан агротехника талаптары
бұзылып, өнімділік әр жылы 20-25 пайызға
төмен болып тұр, - дейді Әбдікерім Сүлейұлы.
- Сондықтан ауылшаруашылық машиналарын
шығару, сол арқылы еңбек өнімділігін
еселеп арттырып, Елбасы жүктеген міндеттерді
нақты орындау үшін ауыл шаруашылығын
механикаландыру тұжырымдамасын қабылдау
керек!
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму
бағдарламасын іске асыру басталғалы
машина жасау саласында еңбек өнімділігі
52 пайыз артты. Мұндай деректерді «Қазақстанның
Даму банкі» АҚ-тың сараптау тобы хабарлады.
Автотранспорттық және темір жолға қажетті
бөлшектерді құрастыру кәсіпорындары
ең үлкен өсу мөлшерін көрсетті. 2011 жылдың
жартысында, машина жасау өнеркәсібінде
өндіру және инвестиция көлемі 25 пайызға
көбейіп, 209 миллиардтан астам теңгені
құрады. Алайда қарқынды өсу динамикасына
қарамастан, машина жасау саласының рөлі
Қазақстанның экономикасында шамалы.
Жалпы, өнеркәсіп өндірісінде машина жасау
саласының үлесі 2,8 пайызды ғана құрайды.
Қазақстанның Даму банкі сарапшыларының
пікірі бойынша, шетелдік жетекші машина
жасау өнеркәсіпшілеріне компоненттер
мен тораптарды шығару отандық компаниялар
үшін болашағы мол экспорттық бағыттардың
бірі бола алады. «Халықаралық өндірістік
тізбекке іліккен отандық компаниялар
ұтыста қалады. Мұндай ұтыстың артықшылығы
келісімшарттарда ғана емес, сонымен қатар
өндіріс көшбасшыларының технологиялық
білім алуында. Ал бұл қазақстандық компаниялардың
бәсекелестік қабілетін арттырады» дейді
«Қазақстанның Даму банкі» АҚ Индустриялық
саясат департаментінің директоры Сәбит
Суханов. Бүгінде «Alstom», «Georgsmarіenhutte», «General
Electrіc», «John Deere» сияқты шетел машина жасау
компаниялары Қазақстанға ерекше қызығушылық
білдіріп отыр. Бұған еліміздің қолайлы
инвестициялық ахуалы, ҮИИДБ шеңберіндегі
ынталандыру жұмыстары, мол шикізат базасы
және ыңғайлы болып саналатын Еуропа мен
Азия арасындағы стратегиялық орналасуы
өз ықпалын тигізеді.
Жуырда ғана өткен Үкімет отырысында Индустрия
және жаңа технологиялар вице-министрі
Альберт Рау осы бесжылдықтағы негізгі
мақсат - ішкі нарықтың сұранысын барынша
қамтамасыз ету және жоғары қосылған құнға
ие машина жасау өнімдерін өндіруді ынталандыру
екенін мәлімдеді. Қазірше бұл өнімдерге
деген сұраныс тек импорттың есебінен
қанағаттандырылып отыр. Оның айтуынша,
машина жасау саласындағы ішкі өндіріс
келешекте республика мұқтаждағын өтеуге
қабілетті. Қазір осы бағытта жалпы құны
160 миллиард теңгеге тең 19 инвестициялық
жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде
2014 жылға қарай жиынтық қосылған құнның
өсімі 74 пайызды құрайды, еңбек өнімділігі
2 есе артып, өндіріс көлемі 2-ден 4 миллиард
АҚШ долларына жететін болады.
Жалпы, Қазақстан алға қойған мақсаттарына
жетіп, дүниежүзілік қауымдастық арасынан
өзінің лайықты орнын аламын десе, машина
жасау өнеркәсібіне деген көзқарас пен
мемлекеттік қолдауды түбегейлі өзгертуі
қажет.
Еліміздің тоқыма өнеркәсібі перспективасы зор 7 кластердің бірі болып табылады, деп хабарлайды Қазақпарат, «Онтүстік» ЕЭА-на сілтеме жасап. Алғаш болып бастаған кластердің бірі – Оңтүстік-Қазақстан аймағындағы мақта-тоқыма кластері.
Тоқыма және жеңіл өнеркәсібі көптеген мемлекеттерде бюджеттің негізгі бөлігін құрайды. Мысалы, Ресейдің жаппай өндіріс көлемінде тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлесі 1%, Германия, Франция, АҚШ елдерінде - 4% құрайды. Біздің елімізде бұл көрсеткіш 0,4% шамасында.
Мақта-тоқыма өнеркәсібінің шикізаты мақта болып табылады. Қазақстанда өндірілетін мақта-талшықтың 80% экспортқа жөнелтіледі. Қалғаны «Альянс Казахский Русский Текстиль», «Nimex Textile» ЖШС, «Меланж», «Ютекс» АҚ сынды тоқыма кәсіпорындарымен пайдаланады.
Қазақстанның тоқыма өнеркәсібі – бұл негізі Кеңес Одағы кезінде салынған кәсіпорындар. Алайда, Оңтүстік-Қазақстан облысында, модернизациядан өткен және жаңадан салынған бірнеше тоқыма өндірістері бар.
Қазақстанның тоқыма және тігін өнеркәсібі ішкі рыноктың тек 10% ғана қамтамасыз етеді. Ал, мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қалыптастыру үшін бұл көрсеткіш 30% төмен болмауы тиіс.
Қазақстандағы тоқыма өнеркәсібінің кластерлік шешімі барлық экономикалық факторларды белгілі бір бағытта жұмылдыртуға мүмкіндік береді. Әлем тәжірибесінде мұндай шешімдер жиі қолданылады.
Қазақстанның Оңтүстік аймағында кластерлік тәжірибені тоқыма өнеркәсібіне енгізу жөніндегі іс-әрекеттер қолдау табуда. Мәселен, «Мақта өндіру саласының дамуы туралы» ҚР Заңқұжаты қабылданды, мақта-талшықтың сапасын бағалайтын замануи зертханалардың ашылуы ұйымдастырылуда, мақта өндірісі саласының ғылыми-зерттеу институты құрылды, көлік-логистикалық орталықтарды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Хлопковая
контрактная корпорация»
ЕЭА аумағында тоқыма фирмалар үшін салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. «Оңтүстік» аумағында 15 тоқыма кәсіпорыны салынады деп жоспарлануда. ЕЭА аумағында джинса, түк, трикотаж бұйымдары, арнайы киім мен қатты маталар, үй тоқымасы шығарылмақшы.
«Оңтүстік»
идеясының жүзеге асырылуы жаппай ішкі
өніміндегі тоқыма саласының үлесін көбейтуі
тиіс.
Қазақстанның ағаш өнеркәсібі кешені
Даму перспективалары
Қазақстан арқылы "солтүстік-оңтүстік" ғажайып географиялық дәлізі өтеді: Ресейдің негізгі ағаш ағыны оңтүстік бағытта Қазақстан арқылы өтеді (Сібірдің шикізат базасы және Қытайдағы сату нарығы). Кейіннен экспорттау шикізатты дайындаудан бастап тереңірек және қалдықсыз қайта өңдеудің қосылған құнының біріңғай тізбегінің принципін жүзеге асыру, сатылас-интеграциялық құрылымын құру үшін тереңірек қайта өңдеудің логистикалық база мен кәсіпорынды құру мүмкіндігі.
Қазақстанның ағаш өнеркәсібі кешені синергетикалық әлеуетін иеленеді: кешендік жағдай кезінде, сондай-ақ кластерлердің құрылуы кезінде алдыңғы қатарлы технологияның құрылуына және одан әрі дамуына жол ашылады.
Ағаш өнеркәсібі кешенін дамыту бірнеше бағыттардан тұратын болады: жеке меншіктік шикізат базасын құру үшін орманды қалпына келтіру және ағашты отырғызу, ағаш дайындау және ағаш кесу бойынша кәсіпорындарды құру, ағашты тереңірек қайта даярлау бойынша кәсіпорындарын құру, дистрибуциялар желісін қалыптастыру. Мұның Қазақстан мен Ресей Федерациясының шикізат ресурстарын пайдалану есебінен мүмкіндігі болады, яғни барлық саланың дамуы үшін қажетті уақытты қысқартуына және барлық саланың бірінші кезеңінде-ақ ағашты қайта дайындау бойынша ірі кәсіпорындардың құрылуына жағдай жасайды.
Қазақстан үш өңірлерінде: солтүстік, батыс, оңтүстікте плантациялық өсіру үшін тиімді, кең аумағының болуымен ерекшеленеді. Ағашты өсіру тек қана экологиялық пайдалы іс немесе ағаш өнеркәсібі кешені компаниясына шикізат базасы туралы қамқорлық қана емес, сонымен қатар тартымды инвестиция болуы мүмкін. Дүние жүзілік тәжірибесін пайдалануға және ағашты секьюритизациялау немесе Қазақстанда орманды өсіруді қаржыландырудың көзі болып табылатын, зейнетақы қорларының қаржы қоржыны компонентінің бірі - орманды қаржы құралына айналдыруға жағдай туады. Дүние жүзілік тәжірибе орманды активтерге жұмсалым табысты инвестициялау болып табылатынын қуаттайды.Бұған қатысты орман активтеріне орташа өсуі немесе табыстылығын көрсететін NCREIF Timberland index анағұрлым айқын көрсеткіш. 90-шы жылдар бойы орман активтерінің табысы 10 пайыздан төмен түспеді, ал орташа мәні 17 пайыз деңгейінде ауытқыды.
Осылай ағаш өсіруге ҚИҚ-ң қатысуының қолайлы формасы ағашты өсіру, соның ішінде мемлекеттік ретінде де, сондай-ақ жеке капитал ретінде де қатысуымен Қазақстанда ірі орман инвестициялық компанияларын құру жолымен қатысып, қаржыландыруды құрастыру болып табылады.
Информация о работе Қазақстандағы өнеркәсіп және өнеркәсіптік саясат