Қазақстандағы өнеркәсіп және өнеркәсіптік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 10:09, курсовая работа

Описание

Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
I-бөлім. Өнеркәсіптің теориялық негіздері
1.1 Өнеркәсіп туралы түсінік және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
1.2 Өнеркәсіп құрылымы және оны орналастырудың принциптері
II-бөлім. Қазақстандағы өнеркәсіп және өнеркәсіптік саясат
2.1 Қазақстандағы өнеркәсіптің тарихи даму кезеңдері
2.2 Қазақстандағы өнеркәсіп салалары
2.3Қазақстандағы өнеркәсіптік саясат
Қортыңды.............................................................................................................31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .........................................................................33

Работа состоит из  1 файл

неркәсіп.docx

— 111.86 Кб (Скачать документ)

    Кондитерлік өнім ең қажетті тауар болмаса  да халықтың кірісінің деңгейі мен  экономиканың ахуалына қарамастан оны  тұтыну көлемі белгіленген аз мөлшерден  төмендемейді. Халықтың кірісінің артуы  тұтыну құрылымына ғана ықпал етеді, табысы молайған адамдар арзан кондитерлік  өнімді тұтынудан гөрі қымбат өнімді көп сатып ала бастайды. Сондықтан  кондитерлік өнімнің әр алуан  түрін шығаруға маманданған кондитерлік  кәсіпорындар тиімді жұмыс істейді.

    Шығарылатын өнім көлемінің өсу қарқынының біршама  бәсеңдегенін ескере отырып, авторлар кондитерлік нарық монополистіктен  олигополистікке қарай жылжитынын, сондай-ақ нарықтың молығатынын, оған жаңа өндірушілердің кіруі шектелетінін болжайды. Бәсекелестіктің монополиялық сипаты кәсіпорынды тиісті таңдау жасауға  мәжбүрлейді, яғни ол жаңа өнім жасауға  немесе нарыққа бейімделуге тиіс болады. Осы мәселеге қатысты келесі үш нұсқаны қарастыруға болады:

    а) жаңа өнім, технология, өткізу, қызмет көрсету, жарнама әдісін құру;

    ә) жаңа өнім жасағандардың нәтижелерін  барынша аз мерзімде және барынша  аз шығынмен көшірмелеу;

    б) қол жеткен жетістіктерді өнімнің  сапасын жақсарту, өнімнің түрін  өзгерту және т.б. арқылы барынша  ұзақ уақыт бойы қолдап сақтау.

    Кәсіпорын нарықтың түрі мен өзінің бәсекелік  жағдайына орай даму стратегиясын таңдайды. Ол келесі ықтимал стратегиялардың  келесі түрлерін қолдана алады:

    а) тұрақтылық стратегиясы (ірі кәсіпорындарға қолдануға болады, бизнестің қазіргі  кезде қолданылатын бағыттарын ұстануды, мемлекеттің қысымын төмендетуді  және т.б. білдіреді);

    ә) өсу стратегиясы (кәсіпорынның көбінесе жаңа нарықты басып алу арқылы дамуы, сатылас және деңгейлес стратегия  кіреді);

    б) фирманың тіршілік етуіне қауіп төнгенде қолданылатын қысқарту стратегиясы. Осы  стратегияның түрлеріне – өркендеу стратегиясы (пайдасыз өнім шығарудан  бас тарту, кадр саясатындағы өзгерістер, ресурстарды пайдалануда тиімді жолдарды іздестіру және т.б.), бөліну стратегиясы (қайсы бір іскерлік бірліктен бас тарту немесе оны  бөлу), тарату стратегиясы (банкрот  болғанда құрту және арзанға сату).

    Біздіңше, фирмалардың бәсекелік артықшылықтарға  қол жеткізу отандық нарықта  өршіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында олардың негізгі міндеті болуы  тиіс. Алайда, іс жүзінде бұл проблеманың  теориялық негіздерін зерделеуге мән  бермейді. Мақсатқа қол жеткізу үшін бәсекелік артықшылықтардың көзін  тауып, оларды талдау қажет.

    Бұл үшін бәсекелестердің өнім өндірісіне және оны өткізу арналарына қатысты  стратегиясын, баға саясатындағы, жарнама  саласындағы стратегияларын әрі  сатып алу жағдайы мен өндіріс  жағдайын зерделеу қажет.

    Батыс компаниялары осы заманғы маркетингтік зерттеу әдісін қолдана отырып, тұтынушылар, нарық, сұраныс және оның параметрлері туралы білу жолымен елеулі бәсекелік  артықшылыққа ие болуды дәстүрге айналдырған.

Химия және мұнай-химия  өнеркәсібі

Іштей химия  және мұнай-химия өнеркәсібі болып  бөлінеді.

1. Химия өнеркәсібіне жататын салалар:

  • кен-химия (фосфорит, апатит, калий тұзын өндіру және байыту, күкірт, т.б.)
  • негізгі химия (анорганикалық қышқылдар, минералдық тұздар, сілтілер, жасанды тыңайтқыштар, хлор, аммиак өндірісі)
  • жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар және пластмассалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, литопон, сыр, эмаль, нитроэмаль, т.б. өндіру)
  • химиялық тездеткіштер (реактивтер) және ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, фотохимия, тұрмыстық химия, химия-фармацевтика

2. Мұнай-химия  өнеркәсібіне жататын салалар:

  • синтетикалық каучук
  • негізгі органикалық синтез өнімдерін өндіру
  • резина-асбест өнеркәсібі жатады.

[өңдеу] Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы

Осыған орай химия өнеркәсібінің салалық  құрылымы 4 топқа бөлінеді, олар:

  • кен-химия өнеркәсібі (шикізат — фосфорит, ас және калий тұздарын, күкірт, т.б. өндіру, байыту және оларды бастапқы өңдеу)
  • негізгі химия өнеркәсібі (минералдық тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер, т.б. өндіру)
  • полимерлік материалдар өнеркәсібі (синтетикалық шайырлар мен пластмассалар, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук, синтетикалық бояғыштар өндіру);
  • тұтыну қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім (фармацевтикалық дәрі-дәрмек, жуғыш заттар, фотохимия, парфюмериялық-косметикалық тауарлар) өндіру. Химия өнеркәсібінің құрамында барлығы 200-ден астам кішігірім сала мен өндіріс бар, ал оның өнімдерінің түр-түрінің атауы 1 млн-ға жетіп отыр.

[өңдеу] Тарихы

Химия өнеркәсібі саласы дүние жүзінде тұңғыш рет Германияда 19 ғасырдың аяғында дүниеге келді. 20 ғасырдың 50 — 70-жылдардың басы химия өнеркәсібінің дәуірлеген “алтын ғасыры” болды. Бұл кезеңде мұнай-газ шикізатын пайдаланушы өндірістің өркендеуімен байланысты осы сала әлемде неғұрлым жоғары қарқынмен дамыды. Әлемнің өңдеуші өнеркәсібінде химияның үлесі 20 ғасырдың 2-жартысында 8 — 9%-дан 12 — 15%-ға дейін өсті. Қазіргі кезде химия өнеркәсібі әлемді негізгі 4 аймаққа бөліп тұр. Олар — АҚШ, Батыс Еуропа, ТМД елдері, Жапония. Мұнда кенішті химия, минералдық тыңайтқыштар, негізгі химия өнімдерін, әсіресе, органикалық синтез өндіру, полимерлік материалдар шығару ерекше орын алады. 20 ғасырдың 90-жылдарының ортасында химия өнеркәсібінің әлемде өндірілген химия өнімдерінің 20%-ы АҚШ-тың үлесіне тиіп, экспорттық өнімнің 24%-ын құрады. Батыс Еуропаның барлық елдері химия өнімінің 24%-ын, Жапония 15%-ын берді. Бірақ 90-жылдардың аяғында АҚШ пен Жапонияда химия өнімін өндіру төмендеп, біріншілік Батыс Еуропа елдеріне ауысты (Химия өнеркәсібінің 40%-ы). Қазіргі кезде Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері синтетикалық және жартылай синтетикалық бұйымдар өндіруге мамандануда. 21 ғасырдың бас кезінде химиялық шикізат және негізгі химияның аса маңызды өнімдерін — күкірт қышқылын, минералдық тыңайтқыштар өндіру іс жүзінде тұрақталды, ал синтетикалық каучук өндіру қарқыны баяулады. Мұның себебі, өнім бірлігіне жұмсалатын көптеген химикаттар шығынының азаюына байланысты технологиялық үдерістердің жетілдірілуінде. Сонымен бірге қалған полимерлік материалдарды, ең алдымен синтетикалық шайырлар, пластмассалар, химиялық талшықтар өндіру жедел қарқынмен дамып отыр. Кеңес өкіметі химия өнеркәсібін жедел дамытуға айрықша мән берді. 1 бесжылдық кезеңінде (1929 — 32) химия өнеркәсібінің қазіргі салаларын (синтетикалық аммиак және оны азотты тыңайтқыштарға қайта өңдеу, органикалық шала өнімдер, күрделі анилин бояғыштар, синтетикалық каучук, пластмассалар, жасанды талшық, шина өнеркәсібін) дамытуға материалдық-техникалық негіз жасалды. 30 — 40-жылдары қазіргі заманғы қуатты химия өнеркәсібі пайда болды. Соғыстан кейінгі жылдары мұнай-газ шикізатынан синтетикалық этил спиртін өндіру игерілді. Органикалық синтез заттарын өндіруде мұнай-химиялық шикізатының үлес салмағы басым болды. КСРО минералды тыңайтқыштар өндіру жөнінен әлемде 1-орынға, аммиак пен күкірт қышқылын өндіру жөнінен 2-орынға (АҚШ-тан кейін) шықты. Қазақстанда химия өнеркәсібі жеке сала ретінде алғашқы бесжылдықтар кезінде қалыптасты. Кеңестік дәуірге дейінгі кезеңде Қазақстанда Шымкент дермене (сантонин) зауыты (1883), сабын қайнататын, желім қайнататын ұсақ кәсіпорындар жұмыс істеді. 1930 — 40 жылы Ақтөбе химиялық комбинат, “Аралсульфат” комбинат, ірі фосфорит кені — “Қаратау” комбинат, Қарағанды синтетикалық каучук, Қостанай синтетикалық талшық зауыттары салынды. 1950 — 60 жылдары Қазақстанда осы заманғы химиялық индустрияның негізі қаланды. Жамбыл суперфосфат, Гурьев химиялық зауыттары, Шымкент гидролиз және фосфор тұздары зауыттары, Ақтөбе ферроқорытпа, Шымкент газ-бензин зауыттары іске қосылды. Қазақстан анорганикалық және органикалық тектегі пайдалы қазынды кеніштеріне бай. Олар химия өнімінің алуан түрлерін алу үшін шикізат көзі болып табылады. Сала үшін 1992 — 94, 1998 жылдар неғұрлым дағдарысты кезең болды. 1999 жылдан 2004 жылға дейін химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі айтарлықтай өсті. 2005 жылы химия өнеркәсібі орындары 54,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Қазіргі кезде “Қазфосфат” ЖШС-нің бөлімшесі республикада химия өнімін өндіруші аса ірі кәсіпорын болып табылады, ол 2005 ж. 83,4 мың т өнім шығарды, мұның өзі 1995 жылғыдан 1,7 есе, ал 2000 жылғымен салыстырғанда 5,4 есе көп. 90-жылдардың ортасынан бастап елде илеуіштер, хромды ангидрид, хром тотығын өндіру қолға алынды. 2005 жылы олардың көлемі 1995 жылғы деңгейден 1,8 — 2,4 есе асты. 1995 — 2005 жылы республиканың 5 мұнай-химия кәсіпорны қызметін қалпына келтірді. Бұл кәсіпорындар таяу шет елдердің өнімдеріне ұқсас полистирол, полипропилен, резина-техникалық бұйымдар, шина өнімдерін шығарады. 2003 жылы Ақтау пластмасса зауытында өндіріс жолға қойылды. 2005 жылы пластмассадан құбырлар мен шлангалар өндіру 2000 жылғымен салыстырғанда 12,9 есе көбейді. 2005 жылы “Интеркомшина” АҚ камералар, резина бұйымдарын, шиналар шығару өндірісін іске қосты. Резина-техникалық бұйымдар шығаратын “Сараньрезинотехника” ААҚ мен “Қарағандырезинотехника” ЖШС кәсіпорындары тапсырыскерлермен тікелей шарттар бойынша тұрақты жұмыс істеп келеді. Қазақстан химиясының құрылымында полимерлік химияға қарағанда негізгі химияның үлесі басым. Еліміздің негізгі химиясы қышқыл, химиялық қосылыстар, фосфор мен минералдық тыңайтқыштар өндіреді. Химия-фармацевтика өнеркәсібі, негізінен алғанда жаңадан құрылып, басқа салаларға қарағанда жылдам дамуда. Ең үлкен “Химфарм” зауыты Шымкентте орналасқан. Ол Қазақстандағы дәрі-дәрмектің 3/5 бөлігін шығарады. Алматы, Қаскелең, Семей және Павлодарда ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Полимерлер алынатын шикізатқа мұнай өнімдері, табиғи және ілеспе газ жатады. Ақтау зауыты полистирол, Атырау зауыты полиэтилен мен полипропилен шығарады. Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталықтары — Саран (металлургия үшін конвеер таспаларын шығару) және Шымкент (автомобиль мен а. ш. техникасы үшін шина жасау). Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп ұсақтайды да Таразда фосфор тыңайтқышын шығарады. Азот өндірісі Ақтау мен Теміртауда; күкірт қышқылы ауыр металдардың металлургияның орталықтарында (Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер); уран алатын орталықтарда (Степногор, Ақтау), фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталықтарында (Тараз) шығарады. Хром қосылыстары зауыты Ақтөбеде орналасқан. Оның өнімдерін негізгі тұтынушылар — түсті металлургия, тері илеу және лак-бояу өнеркәсібі, ал шет елдерде АҚШ-тың, Ресейдің, Ұлыбританияның кәсіпорындары. [1]

Өнеркәсіптің  құрылымын қайта құру және ондағы өндірілетін тауарлардың бәсеке қабілетін көтеру үшін белсенді түрде жүргізілетін мемлекеттік реттеу шаралары қажет. Отандық экономиканы өркендету үшін өнеркәсіптік саясатты үздіксіз және белсенді түрде жүргізгенде ғана өнеркәсіпті жоғары деңгейге көтеруге болады. Мемлекеттік және жеке сектор өнеркәсіптік кәсіпорындарының мемлекетпен өзара қатынасын мемлекеттік өнеркәсіптік саясат реттейді, сөйтіп кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін қамтиды.

Сондықтан мемлекеттік инновациялық саясат мемлекеттік ғылыми-техникалық және мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттардың арасында байланыстырушы функция қызметін атқарады. Мемлекет тарапынан жүргізілетін ғылыми-техникалық саясат (МҒТС) білімді, ғылымды

және  техникалық прогресті дамытуды қолдауға бағытталған шаралар жүйесін қамтиды. МҒТС ең алдымен жаңа техникалық және технологиялық әзірлемелер даярлау және жаңа білімді алу деген ұғымды береді. Ал, мемлекеттік ииновациялық саясат – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өндіріс сферасында тезірек енгізу және таратуға көмектесуге бағытталған мемлекеттік деңгейде жоспарланатын және жүзеге асырылатын экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық және т.б. шаралар жиынтығын жүзеге асыруды айтады. Өнеркәсіптік саясат экономикалықұғым ретінде өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштермен тығыз байланыста болады. Себебі, өнеркәсіптік саясаттың материалдық негізін, құрылымын, өсу қарқынын өндірістің еңбек күші, еңбек құралдары және заттары құрайтыны белгілі. Сонымен бірге, өнеркәсіптік саясат мемлекеттің институционалдық құрылымын жаңарту үшін еліміздің қоғамдық және экономикалық дамуының басымдылықтары мен бағытын, мақсатын белгілейді. Нарыққа өту кезеңінде өнеркәсіптік саясат бір жағынан нарықтың өзін-өзі реттеуі үшін жағдай жасаса, екінші жағынан өнеркәсіптік өндірістің құрылымын қайта құруда экономикалық тәсілдерді анықтауға көмектесті.

Әрине, елдің индустриялық даму стратегиясындағы жіберілетін кемшіліктер өнеркәсіптік саясаттың ғылыми тұрғыда дәлелденген әдістемелерінің болмауынан туындайды. Өнеркәсіптік саясатты жүзеге асыруда мемлекет тарапынан жүргізілетін шараларға мыналар

жатады:

  • өнеркәсіптік, құрылымдық, инвестициялық, аймақтық, сыртқы экономикалық саясаттарды ұтымды үйлестіру;
  • мемлекеттік кәсіпорындарды басқару және акционерлік қоғамдағы мемлекеттің мүддесін қорғау;
  • құрылымдық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, инновациялық қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау;
  • экономикалық тиімді кәсіпорындар мен өндірісті дамытуды ынталандыру және қорғау, тиімсіз кәсіпорындарды санациялау;
  • өнеркәсіп және оның жеке секторлары мен сфераларын дамыту жөнінде мемлекеттік бағдарлама әзірлеу;
  • мемлекетке қажетті тауарларды сатып алуды жүзеге асыру (мемлекеттік тапсырманы дайындау).

Жалпы өнеркәсіпті дамытуда экономикалық ортаны қалыптастыру негізгі рөл атқарады. Өнеркәсіптік саясаттың басымдылықтары салық, бюджет, қаржы-несие, монополияға қарсы және баға саясаттарын дайындауда ескеріледі. Құрылымдық қайта құруға және экономикалық өрлеуге негізгі әсерін тигізетін салық саясатына үлкен мән беріледі. Салықтық реттеуді жетілдіру, салық қысымын төмендету, шағын кәсіпкерлікті ынталандыру

технологиялық жаңарту, отандық және шетел инвестициясын өңдеу өнеркәсібіне тартуға ынталандыруда мемлекеттің араласуы және реттеп отыруы қажет. Өнеркәсіпті ұйымдастыру және институционалды жаңарту үрдістерін жүргізуде де мемлекет шешуші рөл атқарады. Мәселен, жекешелендіру мен акционерлендіру үрдістері мемлекеттік кәсіпорындарды,

басқару жүйесінен құрумен, ұлттық компанияларды, қаржы-өнеркәсіптік топтар мен тік интеграциялық құрылымдарды қалыптастырумен толықтырылады. Өндірістің икемділігін, оның төлем қабілеттілігінің өзгеруіне сәйкес бейімделуін қамтамасыз ететін кәсіпкерлік пен шағын бизнестің дамуына ерекше мән беруді талап етеді. Бұл үшін несиелік, қаржылық, инвестициялық және сақтандыру құрылымдарының жүйесін қамтитын шағын бизнесті қолдаудың инфрақұрылымын қалыптастыру қажеттігі туындайды. Өнеркәсіпті индустрияландыру үшін инвестициялық белсенділікті арттыру қажет болады. Бұл үшін өнеркәсіпті орталықтан инвестициялау жүйесін құру, жеке инвестицияларды ынталандыру үшін жағдай жасау, қор нарықтарын дамыту жетекші орын алады. Мемлекеттік қолдау – өнеркәсіптік саясаттың негізгі құралы. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуі тек қана экономикалық орта ғана емес, құқықтық және ұйымдастыру орталарын да қалыптастырады. Біздің ойымызша, өнеркәсіптік саясат кәсіпорындар, ірі корпорациялар мен мемлекет мүдделерінің бір жерден шығуына бағытталған тетікке сүйенуі тиіс. Сонда ғана оң нәтижелерге жетуге болады. Өнеркәсіптік саясатты жүргізуде оған белсенді қатысушы кәсіпорындар мемлекеттік көмектің мынадай бағыттары мен нысандары қолданылады:

  • тікелей әсер ететін заң нормативтік актілерде белгіленгендей шаруашылық субъектілердің
  • өмір сүруін ұйымдастыру экономикалық және құқықтық ортаны жақсарту шаралары;
  • қаржы, валюта, несие, банк, инвестиция және салықтық-баж төлеу сферасындағы шаралар жүйесі.

Мұндай  шаралар кәсіпорындар мен мемлекеттің  мүдделеріне жауап беретін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Ішкі нарықта отандық тауар өндірушілерді қорғау, жеке алғанда шетелдік фирмалардың агрессивті бәсекесінен қорғау, сыртқы нарықта тауарларды жылжытуға көмектесу, шетелдік серіктестермен кәсіпорындардың байланысын нығайту,

Информация о работе Қазақстандағы өнеркәсіп және өнеркәсіптік саясат