Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 00:21, курсовая работа
Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады.
Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.
Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.
І бөлім. Еңбек нарығы және оның теориялық мәні
1.1 Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері.....................................5
1.2 Еңбек нарығындағы жұмыссыздық түсінігі...................................................9
1.3 Еңбекақыны есептеу тәртібі...........................................................................11
ІІ бөлім. Еңбек нарығы және еңбекақыны талдау, олардың есебін жоғарғы сатыға көтеру жолдары
2.1 Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын талдау..........................................14
2.2 ҚР-дағы еңбек нарығындағы проблемалар мен оны шешу жолдары........19
2.3 Еңбекақының негізгі көрсеткіштерін талдау................................................20
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28
Нормадан артық жұмыс істегені үшін еңбекақы. Нормадан артық жұмыс істегені үшін жарты тарифтік мөлшерлеменің деңгейінде қосымша төлем жасалады. Кез келген жұмыс беруші аптасына 40 сағат жұмыс уақыты етіп белгілейді. Ал жеке және ұжымды келісім-шартта бұл одан да төмен болып белгіленуі мүмкін. Егер де кәсіпорын бір аптаның алты күнін 7 сағаттан жұмыс істейтін болса 40 сағатты, ал 6 сағаттан есептесе 36 сағатты,егер 5 сағатты құрайды. Енді осы көрсетілген сағаттардан артық істегені, нормадан артық істегені болып табылады.
Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс істегені үшін жасалатын төлемі. Егер қызметкер өзіне белгіленген демалыс күнінде жұмысқа тартылса, онда оған екі апта ішінде басқа бір демалыс күні берілуге тиіс. Егер кәсіпорын әкімшілігінің оған қосымша демалыс беруге мүмкіншілігі болмаса, ерекшелік жағдай ретінде бұл күн үшін екі есе мөлшерінде: мерзімдік жұмысшыларға және айлық ақы алатын қызметкерлерге тарифтік төлем мөлшерлеменің (айлық ақысының) екі есе еселенген төлем ақы төленеді.
Мерекелік күндерде жұмыс істегені үшін жұмысшыларға екі еселенген кесімді бағалар бойынша; еңбектері сағаттық не күндік төлем мөлшерінен төленетін жұмысшыларға сағаттық не күндік төлем мөлшерінің екі еселенген шамасында; айлық ақы алатын қызметкерлерге мерекелік күні; жұмыс істегені үшін айлығының шешімінде, сағаттық не күндік төлем мөлшерінің екі еселенген шамасында еңбек ақы төленеді.
Тоқтаусыз жұмыс істейтін ұйымдарда (немесе олардың кейбір бөлімшелерінде), сондай-ақ жұмыс уақытының есебін ынталандыру кезінде демалыс пен мереке күндеріндегі жұмыс уақыты айлық жұмыс уақытының нормасына енгізіледі.
Айрықша жағдайда төленетін еңбекақы. Жеке және ұжымдық келісім-шарттарда ауа райы ауыр жағдаймен, қара жұмыспен, қауіпті және денсаулығына зиян келтіретін жұмыспен, интенсивті еңбекпен байланысты жұмыстарға жергіліктиі жерде қосымша еңбек ақы белгіленуі мүмкін. Қара жұмыс, қауіпті және денсаулығына зиян келтіретін жұмыстар жұмыс орнын аттестациялаудың көмегімен және еңбек бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттілігінің қатысуымен анықталады. Ал интенсивтік еңбекақы салалық және салаарылқ нормативтердің негізінде анықталады.
1.2 Еңбек нарығындағы жұмыссыздық түсінігі
Жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтiк-экономикалық құбылыс
Анықтама бойынша жұмыссыздық - халықтың активті бөлігінің жасауға қабілетті жұмыс таба алмау.
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.
Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек. Менің жұмысымның мақсатына осы жатады.Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.
Жұмыссыздықтың келесі түрлері бар:
• Фрикционды
• Структуралық
• Циклдық
• Сезондық
• Аймақтық
Фрикционды жұмыссыздық. Бұл жұмысшының бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуынан пайда болады. Бұл экономикада тұрақты түрде болады. Бұл жұмыссыздықты ақпараттық қамтамассыз ету арқылы, жұмыс берудің структурасы жақсарту арқылы жетуге болады
Структуралық жұмыссыздық. Бұл сұраныс структурасы мен еңдіріс технологиясы өзгеруінің салдарынан болады. Ол негізінен жаңа процестер есебінен жұмысшылардың профессиясын жаңартуға итермелейді. Өтпелі кезең - экономикалық жүйедегі түбегейлі езгерістер есебінен елдің экономикасы сапалы түрде жаңа түрге өтетін уақыт аралығы.
Мұндай кезеңді ТМД елдерінің барлығы өтті. Ел тұрғындырының нақты табысының азаюы экономикалық төмендеудің негізі болып табылады. Тап осы жұмыспен қамту саласында тұрақты экономика мен өтпелі экономика арасындағы айырмашылық айқын сезіледі. Өтпелі кезеңдегі өндірістің төмендеуі адекватты түрде жұмыссыздықтың өсуіне әкелмейді. Ал бұл еңбек өнімділігі нақты жалақыға қарағанда тезірек төмендеуі инвестиция салудан экономика жағдайы жақсармайды. Экономиканы сауықтыру шаралары мен классикалық-теория ұсынатын әдістерін жоққа шығарып жалақы өсіру пайда әкелмейді. Сонымен қатар өтпелі экономикадағы елдердің жағдайын ескере отырып, онда статистика мәліметтері мен нақты жағдайдын арасындағы алшақтықты ескеру қажет
Бұл жағдайларды зерттеу арқылы біз осындай өтпелі процестерді реттеу механизмдерінің барлығын ескеру қажет. Механизмдер ретінде мынадай әдістерді қолданамыз: жалақыны мемлекет тарапынан реттеу, жұмыс берушімен мемлекеттен тәуелсіз кәсіподақтар ықпалымен жалақының өсуі.
Бірақ та көбіне жалақыны жұмыс берушілердің арасындағы корпоративті байланыстрдың арқасында жұмыс берушілер өз талаптарына сай қояды. Бұл өз кезегінде монополиялық және олигаполдық механизмдердің күш алуына әкеліп соғады. Осы өтпелі кезеңді өту үшін екі типтегі мәселелерді шешу қажет:
1. теңсалмақты экономиканы құру, негізінен макроэкономикалық өзгерістер арқылы шешіледі, яғни нарықты әртүрлі ресурстарға толтыру.
2. жоғарыдағыдан туатын нарықтық экономиканы экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күшіне айналдыру, ол үшін технологиялық прогрес қажет.
Көбіне жұмыссыздықтың экономикалық әсері сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.
Енді сол салдарларға тоқталсақ.
Кері әсерлер:
1. Крименогенді жағдайдың өршуі
2. әлеуметтік кернеудің өршуі
Негізігі жалақы бойынша есептелген сомада келесі ұстап қалулар мен аударымдар жүзеге асырылады:
1. Банк есептелген сомадан 10% көлемінде зейнетақы қорына міндетгі төлемді төлейді, бірақ банк оны қызметкердің жалақысынан ұстап қалады.
2. Әлеуметтік салық 10% зейнетақы аударымдарын алып тастағанда есептелген жалақы көлемінен 26% құрайды. Банк шығындарына жатады.
3. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы. Табыс салығын есептеу тәртібі 20-тарауда «Банктің салық салу есебі» көрсетілген. Табыс салығының көлемі есеп айырысу тізімдемесінде есептеледі.
Жалақыны есептеу кезінде келесі бухгалтерлік жазу жазылады:
Дт 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді шығыстар шығыстар»
Кт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»
2851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу».
Және сол уақытта әлеуметтік салықты есептеу жүргізіледі:
Дт 5729 «Өзге төлемдер»
Кт 2851«Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу».
Жалақыны беру кезінде:
Дт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша».
Табыс, әлеуметтік салықтар мен міндетті зейнетақы салымдарын аудару кезінде:
Дт 2851 «Салық және баска да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».
Есептелген жалакы сомасы банктің шығындарьша жатады. 22 «Банктің табыстары мен шығыстары» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес қызметкерлердің шығындарына келесілер жатады:
• қосымша төлемдермен бірге банк қызметкерлеріне еңбекақы телеу шығындары;
• Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес пайдаланылмаған еңбек демалыс күндері үшін төленетін өтемақы;
• банкті қайта ұйымдастырумен, қызметкерлердің санын қысқартумен байланысты қызметкерлерді қысқарту кезінде банк қызметкерлеріне төленетін төлем;
• кезекті (жыл сайынғы) және қосымша демалысқа төленетін шығыстар;
• жоғары және орта арнайы оқу орындарында кешкі, сырттай, сырттай аспирантурада, кешкі жалпы білім беретін мектептерде жақсы оқитын, сондай-ақ аспирантураға тапсыратын қызметкерлерге берілетін оқу демалыстарына заңға сәйкес төленетін төлемдер;
• кадрларды дайындау шығындары;
• банк штатына тіркелмеген қызметкерлерге жалақы төлеу азаматтық-құқықтық сипаттағы бекітілген келісімшарт бойынша орындалған жұмысқа байланысты төленеді;
• Қазақстан Республикасының заңцылықтарына сәйкес демалыс және мейрам күндерінде артық жұмсалған уақыт үшін төлем;
• Қазақстан Республикасының зандылықтарында қарастырылған шарасыз қыдырымпаздық уақытына немесе төмен төленетін жұмысты орындағаны үшін телем;
• өнертабыс және оңтайландырғыштық ұсыныстар үшін сыйақы.
Көрсетілген және басқа да шығындарды есептеу олардың нақты төлеу уақытына байланыссыз ағымдағы айдың соңында теңгемен төленеді. Жұмыспен қамтамасыз етіп отырған жерде қызметкерлер жұмыс істеген уақыт аралығанда әлеуметтік салықты, әлеуметгік қамсыздандыру алымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін жарналарды, жұмыспен қамту қорына аударымдарды шығын ретінде таниды. 1999 жылы банк орталықтандырылған аударымдар мен қызметкерлерге төленетін төлемнің барлық түрін есептеуге ауысты.
Қызметкерлерге төленетін шығындар қатарына іссапарлық шығындар жатады. 1993 жылдың 22 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі мен Қаржы министрлігінің нұсқаулығына сәйкес Қазақстан аумағында іссапарға шыққан қызметкерге іссапарда болған әрбір күнге ең төмен есепті көрсеткіштің 50% көлемінде тәуліктік төлем төленеді, тұрган жайды жалдау және жол шығындары іссапар куәлігі негізінде және төленетін құжаттар ұсынылған кезде қайтарылады. Растайтын құжаттар ұсынылған кезде орынды сактап қою шығындары іссапарға байланысты қайтарылады.
Шетелге қыска мерзімді іссапарға шыққан қызметкерлерге шығындарды қайтару 29.09.98 жылдан бастап №967 «Шетел валютасында іссапар шығындарының орнын толтыру мөлшері туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысымен бекітілген мөлшер шегінде растайтын құжаттарды ұсынған кезде нақты шығындар бойынша жүзеге асырылады.
Заңмен бекітілген мөлшерден асатын іссапар шыгындарын өтеу, материалдық және әлеуметгік сипаттагы төлемдер қызметкерлерге төленетін шығындар қатарына жатады. Сонымен қатар салық заңдылықтарына сәйкес банк төлем көзі сомасынан 15% мөлшерлеме бойынша материалдық және әлеуметтік төлемнен табыс салығын ұстап қалады. Егер қызметкерлерден жеке тұлғалар табыс салығының мөлшерлемесі бойынша жалақымен бірге салық сапынса көрсетілген төлемдер банктің жылдық жиынтық табысынан алынады.
ІІ бөлім. ҚР халықты жұмыспен қамтамасыз ету жағдайын талдау
2.1 Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын талдау
Жұмыспен қамтылған халыққа:
1) жеке еңбек шартымен жұмыс iстейтiн, оның iшiнде толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшiн жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетiн жұмысы (қызметi), кiрiсi бар;
2) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын;
3) өз бетiнше жұмыспен айналысатын;
4) қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмдi шарттар бойынша өткiзетiн;
5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң (артельдердiң) мүшелерi;
6) ақы төленетiн қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекiтiлгендер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiнде, Республикалық ұланда, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң бөлiмдерiнде және өзге де әскери құралымдарда қызмет өткерiп жүрген азаматтар жатады.