Еңбек нарығы және жалақы теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 00:21, курсовая работа

Описание

Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады.
Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.
Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.

Содержание

І бөлім. Еңбек нарығы және оның теориялық мәні
1.1 Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері.....................................5
1.2 Еңбек нарығындағы жұмыссыздық түсінігі...................................................9
1.3 Еңбекақыны есептеу тәртібі...........................................................................11

ІІ бөлім. Еңбек нарығы және еңбекақыны талдау, олардың есебін жоғарғы сатыға көтеру жолдары
2.1 Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын талдау..........................................14
2.2 ҚР-дағы еңбек нарығындағы проблемалар мен оны шешу жолдары........19
2.3 Еңбекақының негізгі көрсеткіштерін талдау................................................20

Қорытынды..........................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28

Работа состоит из  1 файл

еңбек нарығы және жалақы.doc

— 248.00 Кб (Скачать документ)


Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

І бөлім. Еңбек нарығы және оның теориялық мәні

1.1 Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері.....................................5

1.2 Еңбек нарығындағы жұмыссыздық түсінігі...................................................9

1.3 Еңбекақыны есептеу тәртібі...........................................................................11

             

ІІ бөлім. Еңбек нарығы және еңбекақыны талдау, олардың есебін жоғарғы сатыға көтеру жолдары

2.1 Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын талдау..........................................14

2.2 ҚР-дағы еңбек нарығындағы проблемалар мен оны шешу жолдары........19

2.3 Еңбекақының негізгі көрсеткіштерін талдау................................................20

 

Қорытынды..........................................................................................................26

 

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Кіріспе

 

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы - ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тіршілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.

Еңбек нарығы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлуметтік функцияға адамдардың табыстары мен  жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуіжатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыраынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуінге, квалификацияның жоғарлауына, еңбеккке ынтаның өсуіне квалификацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.

Еңбек нарығы — бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады.

Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады.

Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.

Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.

Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


І бөлім. Еңбек нарығы және оның теориялық мәні

 

1.1 Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері

 

Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.

Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, “Еңбек ақы төлеу туралы” ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, “Қызметкер туралы” ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім-шартын жасау үшін де қажет. Төлем жеке немесе ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.

Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгіленген жалақысының деңгейі заңда белгіленген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.

Жалақы екі түрге бөлінеді:

- негізгі;

- қосымша.

Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Оның құрамына:

- жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;

- қызметпен өткерген жылдар үшін үстеме;

- жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға үдемелі бағалаулар бойынша қосымша ақы;

- ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар.

- мерзмінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;

- түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;

- жұмысшының кінәсі жоқ тыс жағдайда тұрып қалуға төленетін төлемдер.

Қосымша - бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес есептелетін жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:

- балаларын тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзіліс уақытына төлем;

- жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;

- мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;

- негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;

- пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;

- шыққанда берілетін жәрдемақы.

Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын 2 нысаны қолданылады.

Мерзімді еңбекақы нақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын атайды.

Мерзімдік еңбекақының нысаны жай-мерзімділдік және сыйақылық-мерзімділік болып бөлінеді.

          Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбекақы есептейді. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:
          - сағаттық;

- күндік ақы;

- айлық ақы.

Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбекақы сыйақылы-мерзімділік төлем болып табылады.

Кесімді еңбекақы төленген кезде алдын-ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді (дана, т, цн, килограмм т.б.). Кесімді еңбекақы нысаны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:

Тікелей кесімді еңбекақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді;

Кесімді-сыйақылық - бұл қосымша марапттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;

Кесімді-прогрессивті (үдемелі) еңбекақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан тыс артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойыншща есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есептейді.

Жамана кесімді еңбекақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлем-ақысына шаққандағы пайызымен анықталады;

Еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемі нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің (уақытының, өндірім нормаларының) орындалуы және алдын ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт нормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда — онда ол осы тәріздес жұмыс үшін қолданып жүрген, нормативтік тапсырмалар мен баға бойынша белгіленеді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тәртібі белгіленуі мүмкін.

Еңбек есебінен маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөошері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:

-                тарифтік кесте;

-                тарифтік еңбекақы мөлшері;

-                тарифтік мамандық анықтамалары.

Тарифтік кесте – жұмысшылардың және қызметкерлердің әрбір топтарыныңарасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасы айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) осы өндіріс саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежілі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі.

Тарифтік мерзімді еңбекақы мөлшері 1 сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша 1 сағатқа белгіленген немесе 1 сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерні сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе 1 өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады.

Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделілігі мен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай белгіленген разрядтар көрсетіледі.

Еңбек ақының екі түрі қалыптасады:

1.             Номиналды еңбекақы.

2.             Нақты еңбекақы.

Номиналды еңбекақы нақты бір мерзімге жұмысшыға есептелінген және төленген  еңбекақының бағасы.

Нақты еңбекақы ол тауарлар мен қызметтердің нақты бір база деңгейіндегі көлемін, сатып алуға мүмкіншілігі бар жұмысшының еңбекақысы.

Номиналды еңбекақыға мемлекет белгілеген еңбекақының минималды мөлшері әсер етеді.

Нақты еңбекақыға тауарлар мен қызметтердің бағалары әсер етеді.

Ынталандыру сипаттағы төлемдер. Өндіріс тиімділігін және орындалатын жұмыстың сапасын арттыну мақсатында еңбеккерлердің материалдық мүддесін күшейту үшін сыйлық пен марапаттау жүйесін енгізу керек, ал ол жыл соңының нәтижесі бойынша және басқа да көрсеткіштер бойынша берілуі мүмкін.

Басшы қызметкерлерге, мамандарға және қызметкерлерге сыйлық беру. Бұл категорияларға сыйлық кәсіпорын шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелері үшін беріледі. Кәсіпорын қызметкерлеріне: басшы қызметкерлерге бүтіндей алғанда кәсіпорын жұмысының нәтижелері үшін; басқару аппараты қызметкерлеріне — бөлімшелердің, басқару аппаратының қызметінің қорытындыларын немесе жекелеген еңбек көрсеткіштерін ескере отырып, бүтіндей алғанда кәсіпорын жұмысының нәтижелері үшін; құрылымдық кәсіпорындардың қызметкерлеріне осы бөлімшелердің жұмыс нәтижелері үшін сыйлық беріледі.

Сыйлықтарды жазу үшін басқару аппаратының басшы қызметкерлеріне бухгалтерлік және статистикалық есептердің деректері, сондай-ақ жедел есеп пен лабораториялық бақылау деректері; өндірістік бөліністер, цехтар мен учаскелер қызметінің қызметкерлеріне бухгалтерлік есептердің, жедел есептің және лабораториялық бақылаудың деректері негіз болып табылады. Сонымен қатар, олардың моральдық факторлары да ескеріледі.

Еңбек жағдайының өзгерген кезінде жасалатын қосымша төлемдер. Бірнеше қызметті қатарынан атқарған кезде (қызмет көрсететін аясы кеңейгенде) немесе уақытша келмегендердің (қатысушылардың) міндетін атқарған кезде қосымша төлем жасалады. Егер олар бір ұйымның шеңберінде жұмыс істейтін болса және уақытша жұмысқа келмегендер қызметінен босамаған болса, еңбеккерлерді негізгі міндетінен босатпай, оларға қосымша міндеттемелер жүктеледі. Оның мөлшері жұмыс берушімен жұмыс атқаратын еңбеккерлердің келісім бойынша анықталады (негізгі айлығының бір айдағы айлығынан пайыздық мөлшерлемесі алынады). Егер де уақытша жұмысқа келмегендердің міндетін атқарса, онда олардың айлықтарының айырмасы алынады (бірақ бұл кезде оған қосылған қосымша төлемдер мен үстемелер есепке алынбайды) және айлығындағы айырмаға ынталандыру төлемі жасалмайды. Егер ол ваканттық қызметте болса, онда ол уақытша жұмысқа келмеген болып саналмайды.

Информация о работе Еңбек нарығы және жалақы теориясы