Еңбек нарығы және жалақы теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 00:21, курсовая работа

Описание

Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады.
Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.
Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.

Содержание

І бөлім. Еңбек нарығы және оның теориялық мәні
1.1 Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері.....................................5
1.2 Еңбек нарығындағы жұмыссыздық түсінігі...................................................9
1.3 Еңбекақыны есептеу тәртібі...........................................................................11

ІІ бөлім. Еңбек нарығы және еңбекақыны талдау, олардың есебін жоғарғы сатыға көтеру жолдары
2.1 Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын талдау..........................................14
2.2 ҚР-дағы еңбек нарығындағы проблемалар мен оны шешу жолдары........19
2.3 Еңбекақының негізгі көрсеткіштерін талдау................................................20

Қорытынды..........................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28

Работа состоит из  1 файл

еңбек нарығы және жалақы.doc

— 248.00 Кб (Скачать документ)

Халықты жұмыспен қамту туралы заңдар:

1. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

2. Жұмыспен қамту туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шарттар, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары

1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргiзілуiн қамтамасыз етедi.

2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат: Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге; нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға; бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға; азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге; бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға; уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға; шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметтi лицензиялауға; шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға; жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға; халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге; еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға; мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға; жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге; жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған

Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік  кепілдіктер

1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:

1) кемсітушілiктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктердi қамтамасыз етуге;

2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;

3) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.

2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
             Нысаналы топтарға:

- табысы аз адамдар:

- 21 жасқа дейінгі жастар;

- балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;

- кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
            Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар:

        зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

        мүгедектер;

        Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

        бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

        оралмандар жатады.
           Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен жергiлiктi бюджеттiң қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады.

Мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатын iске асыру Орталық атқарушы орган қызметiнiң тәртiбiн, оның құқықтық мәртебесiн және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.     

Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады .

Азаматтардың жұмыспен қамту саласындағы құқықтары:
      1) жұмыс берушiге, уәкілеттi органға не жеке жұмыспен қамту агенттiгiне тiкелей өтiнiш жасау арқылы жұмыс орнын еркiн таңдауға;
      2) өз бетiнше жұмыс iздестiруге және шетелде жұмысқа орналасуға;
      3) уәкiлеттi органдардан және халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетiн жеке жұмыспен қамту агенттiгiнен консультация және ақпарат алуға;
      4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға;
      5) мемлекеттiк органдардың, жеке агенттiктердiң және олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) орталық атқарушы органға немесе сотқа шағымдануға құқығы бар.
      2. Азаматтар жұмысынан айырылу (жұмыссыздық) жағдайына ерiктi сақтандыру шартын жасасуға құқылы.

Жұмыссыздықтан мемлекеттiк әлеуметтiк қорғау

Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың мынадай түрлерiн көрсетедi:
      1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      2) жұмыссыздар үшiн кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру, қайта даярлау және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
      3) қоғамдық жұмыстарда iстейтiн жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
      4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету.

Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке алу

           1. Жұмыс тапқысы келетiн жұмыссыз азаматтар уәкiлеттi органға және жеке жұмыспен қамту агенттiгiне жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы өтiнiш жасай алады.

          2. Жұмыс iздестiруге өтiнiш жасаған жұмыссыз азаматтарды тiркеу үшiн мынадай құжаттар қажет: жеке куәлiгi (паспорты), әлеуметтiк жеке кодының берiлгенi туралы куәлiк (ӘЖК), еңбек қызметiн куәландыратын құжаттар, салық төлеушiнi тiркеу нөмiрi (СТТН).
           3. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, бұларға қоса шетелдiктiң ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы белгi соғылған куәлiгiн табыс етедi.
          4. Осы баптың 2, 3-тармақтарында көрсетiлген құжаттар табыс етiлген күннен бастап он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, уәкiлеттi орган мен жеке жұмыспен қамту агенттiгi нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есеп карточкасына (деректердiң компьютерлiк базасы) мәлiметтер енгiзу арқылы азаматтарды тiркейдi.
      5. Жұмыс iздестiрiп жүрген жұмыссыз азаматтар тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органда тiркеледi.
      6. Уәкiлеттi органда тiркелген жұмыссыз азаматтар - күнтiзбелiк он күн iшiнде кемiнде бiр рет уәкiлеттi органда, ал селолық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бiр рет поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнде белгiленуге тиiс.
      7. Уәкiлеттi орган жұмыс iздестiруге өтiнiш жасаған азаматтар мен жұмыссыздардың аймақтық деректер базасын түзедi.

Жұмыссызды есептен шығару

Уәкiлеттi орган жұмыссызды мынадай жағдайларда:
      1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен жазбаша түрде бас тартқанда;
      2) уәкiлеттi орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына келмегенде;
      3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшiн екi жұмыс күнi ішінде дәлелсiз себептермен уәкiлеттi органға келмегенде;
      4) жұмыссыз уәкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқанда;
      5) жұмыссыздар көзделген уәкiлеттi органға келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;
      6) жұмыссыз басқа жерге көшкенде;
      7) жұмысқа орналасқан немесе жұмыссыз адам жұмыспен қамтылған деп танылғанда;
      8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындалғанда, есептен шығарады.
             Тiркелген жұмыссыздардың мiндеттерi:

1)       осы Заңды сақтауға;
    2) уәкiлеттi органдарға келiп тұрудың тәртiбiн, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;
    3) уәкiлеттi орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге өтiнiш жасауға;
   4) уәкiлеттi органға:

-           тұрғылықты жерiн ауыстыруды;

-           тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;

-           кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануды;

-           ұйымдық құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;

-           мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;

-           зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi дер кезiнде (бес жұмыс күнi iшiнде) табыс етуге мiндеттi.
      2. Жоғарыда аталған мәлiметтердi жасырған немесе көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жасанды құжаттар табыс еткен жағдайда, жұмыссыздар тiркеуден шығарылады және Қазақстан Республикасының заң актiлеріне сәйкес жауапқа тартылуы мүмкiн.

Лайықты жұмыс

        1. Тiркелген жұмыссыз азаматтар үшiн кәсiби даярлығына, еңбек стажына және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесiне, соңғы жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көлiктiң қолайлылығына сәйкес келетiн жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледi. Көлiктiң қолайлылығын тиiстi атқарушы орган айқындайды.
      2. Бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген, бiрақ кәсiбi (мамандығы) жоқ, сондай-ақ, екi жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшiн - алдын-ала кәсiптiк даярлықты талап ететiн жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкiн болмаған жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшелiктерi мен еңбек туралы заңдардың талаптары ескерiлетiн басқа ақы төленетiн жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.

Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың  бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау:

      1. Жұмыссыздарда қажеттi кәсiби бiлiктiлiктiң болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкiн болмаған жағдайда, уәкiлеттi орган оларды кәсіби даярлықтан өтуге, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiбередi.
      2. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен еңбек рыногының қажеттiлiгi ескерiле отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша білiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда жүргiзiледi.
      Кәсiби даярлықтан, бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлаудан өтіп жатқан табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыссыздардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк атаулы көмек алуға құқығы бар.(РҚаО-ның ескертуі: қараңыз. Z010246)
      3. Нысаналы топтарға кiретiн жұмыссыздар кәсiби даярлықтан, бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлаудан басым тәртiппен өту құқығына ие болады.
      4. Оқуды өз бетiнше дәлелсiз себептермен тоқтатқан жұмыссыздар уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн ғана оқуға қайтадан жiберiлуi мүмкiн.

 

2.2 ҚР-дағы еңбек нарығындағы проблемалар мен оны шешу жолдары

 

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі.

Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмысв күшінің тапшылығын тудырды. Және де, бұл кардарлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау  тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.

Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраныс еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгіленген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді

Кадрларды тұрақтандыруда «жас маман» институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде ету, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы – қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні – адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек, ал ол, үнемі өзін-өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.

Информация о работе Еңбек нарығы және жалақы теориясы