Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 00:21, курсовая работа
Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады.
Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.
Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.
І бөлім. Еңбек нарығы және оның теориялық мәні
1.1 Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері.....................................5
1.2 Еңбек нарығындағы жұмыссыздық түсінігі...................................................9
1.3 Еңбекақыны есептеу тәртібі...........................................................................11
ІІ бөлім. Еңбек нарығы және еңбекақыны талдау, олардың есебін жоғарғы сатыға көтеру жолдары
2.1 Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын талдау..........................................14
2.2 ҚР-дағы еңбек нарығындағы проблемалар мен оны шешу жолдары........19
2.3 Еңбекақының негізгі көрсеткіштерін талдау................................................20
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28
Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлегі өмірлік жалдаумен қамтылған жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен. Батыс Европада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ-тағыдан төмен. Бұл процесс, нарықтық принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. Мысалы Финляндияда өндірісте және басқа салаларда жұмыс істейтіндердің үштен бірі мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады.
Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі – кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған диплом бар мамандар да ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтыың орын алып отырғанын көрсетеді.
2.3 Еңбекақының негізгі көрсеткіштерін талдау
Нарықтық жағдайда шаруашылық жүргізуде кәсіпорындарға еңбек ресурстарын пайдалану және қызметкерлердің еңбек ақысының мөлшерімен төлеу тәртібінде үлкен еркіндік берілген. Ал, қызметкерлер өз кезегінде, ең қызықтырарлықтай жағдайларды ұсынатын кәсіпорындар айтарлықтай еркін таңдай алады және де олармен жұмысқа орналастыру туралы шешім қабылданған кезде бәлкім барлық жағдайларды бірінші орында еңбекақының мөлшері тұрады.
Еңбекақы - бұл қызметкерлерің кәсіпорынның өнімін өндіру кезінде жұмсалған еңбегінің ақшалай түріндегі көрсетілген үлесі. Бұл үлес қызметкерлер-ге төленеді және де бұл қаражатты бір өзі жұмсайды.
Кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің еңбекақысының тұтас алғанда ол еңбекақы қорының көрсеткішін көрсетеді, ал еңбекақы қоры кәсіпорын шығынының едәуір бөлігін құрайды. Кәсіпорынның салалық тиістілігіне, кәсіпорын қызметінің жеке ерекшеліктеріне және қызметкерлердің төлемақылар сомасын басқару саясатына байланысты, еңбекақы қорына байланысты шығын есесі бірнеше пайыздан кәсіпорын шығындарының жалпы сомасынан жартысына дейін көтеріледі. Бұл едәуір көлем, сондықтан кәсіпорын шығынның бұл баптарын талдау өте маңызды.
Сондай-ақ, жұмыс уақыты қорын қызметкерлермен пайдалануды талдаудың да үлкен маңызы зор. Барлық жұмыс уақытын бірнеше категорияларға бөлуге болады:
- жұмыспен өтелген төленген (әдетте кесте бойынша жұмыс күнінде жұмыспен өтелген уақыттан басқа, бұл мерзімнен тыс жұмыс уақыты, демалыс және мерекелік күндердегі, т.б. уақыт болуы мүмкін);
- жұмыспен өтелмеген төленген (еріксіз тоқтап қалу, жыл сайындық, демалыс, уақытша жұмысқа қаблетсіздік және т.б.);
- жұмыспен өтелмеген төленбеген (кешігу, себепсіз жұмысқа келмеу, т.б.).
Төлеу тәртібі және де, ең соңында бұл сомалардың қандай шығын түріндегі жатқызылатыны жұмыс уақыты қай категорияға жататындығына байланысты. Әдетте мұндай шығындардың есесін үлкен емес, бірақ ол да кәсіпорын үшін пайдалы емес.
Қызметкерлерге ақшалай және натуралды формада (оклад, сыйлық, жүйелі түрдегі сыйақылар, еңбектің зиянды жағдайларына компенсация төлеу, мерзімнен тыс жұмыстар үшін төлемдер және т.б.) төленетін еңбекақыдан басқа, еңбекақыға байланысты кәсіпорын шығындарына жұмыспен өтелмеген уақытты төлеу және біржолғы төлемдерді, сонымен бірге, әртүрлі міндетті түрде аударылатын сомаларды жатқызады. Бұл шығындардың барлығы еңбекақы қоры көрсеткішін қалыптастырады.
Еңбекақының екі негізгі түрлерін ажыратады: мерзімді төлеу, қызметкерлердің еңбекақысы жұмыс істемеген күн мөлшеріне байланысты және кесімді ақы төлеу, еңбекақы өндірілген өнім мөлшеріне байланысты.
Еңбекақының екі негізгі формасының сыйақылық және прогрестік түрлері кеңінен таралған. Сөйтіп, кесімді-сыйақылық түрі тура кесімді ақыға өндірудің анықталған деңгейіне қол жеткізу үшін сыйақы қосылатын төлемді білдіреді, кесімдік-прогрестік мөлшерленген тапсырманы орындағандығы мөлшерден тыс өнім ең жоғарғы бағамен төленеді, ал мерзімдік - сыйақылық жүйеде жұмыс істемеген уақыт үшін еңбекақыға жұмыс сапасы, не қол жеткізген нәтижелер үшін сыйақы қосылады.
Өндірісті қолма-қол басшылық ету үшін қажетті ақпаратты, өндіру мөлшерін орындауды және жұмыс уақытын пайдалануды талдау арқылы алуға болады. Өндіру мөлшерін ләсіпорынның технологиялық бөлімшелері немесе мөлшерлеуге жауапты органдар бекітеді. Әрине, қызметтің әр түріне мөлшерлеу мүмкін емес, бірақ сериялық өнім шығаратын немесе стандартталған қызметтер көрсететін өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі процесінде өндірісті мөлшерлеу мәңгі ие болады. Мөлшерлеу шығару бірлігін дайындауға, сонымен қатар, технологиялық процес кезіндегі бөлек операцияларға кететін ресурс шығынының (материалдық және еңбектік) мөлшерін бекітеді. Мөлшерлеу көбінесе халықшаруашылығы саласында өндірістік жұмысшы еңбекақысының мөлшерін анықтау негізінде жатыр.
Еңбекақы қорын талдау жоспары басқа да шығын түрлерін талдау жоспары бойынша жүргізіледі: нормативті немесе жоспарлы көлеммен салыстырғанда не өткен есепті немесе базалық кезеңмен салыстырғанда. Кәсіпорын қызметінің ашық көрсетілген маусымдылығы кезінде өткен жылдардың ұқсас кезеңдерімен салыстыру пайдалы болады. Мысалы, ауылшаруашылықтық өнімді өндіретін кәсіпорын үшін қызмет “ шыңы” болып жазғы айлар және қыркүйек айы табылады, тау шаңғы курортындағы қонақ үй үшін қаңтар-наурызға дейінгі маусым.Талдау жұмысшы категориясы және бөлімшелер бойынша жүргізіледі. Талдау нәтижесінде өзгеру тенденциясы және нормативті не жоспарлы мәндерге қатысты еңбекақы қорының артық шығын себебі немесе түгел жұмсамау себебі айқындалады. Еңбекақы қорына және жұмыс уақытын пайдалануға қатысты мәліметтерді талдау кезінде әртүрлі индексті көрсеткіштер кеңінен қолданылады.
Ел экономикасындағы қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан өзгерістер жеке мүдделерді мобилизациялау, өндірісте қатысатын жұмысшыларды қолдан келгенше активизациялау мәселелерін ерекше өткірлікпен қояды.
Аталған мәселерді шешуінде маңызды рөлі еңбекақыны экономикалық талдау қатысты болады. Еңбекақыны экономикалық талдау-кәсіпорын қызметінің жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне бағытталған резервтерді табудың негізгі құралы нарыққа көшу жағдайында жүргізілген талдауды басқарушылықтың ішкі қажеттіліктеріне және шаруашылық жүргізу формаларын таңдаумен байланысты стратегиялық басқарушылық шешімдерді талдаумен қамтамасыз етуге бағыттау қажеттілігі туады. Талдау еңбекақының нәтижелік уақытылы бағалауға және оның ролін көтеруге арналған шараларды қолдануға бағытталуы керек.
Әр кәсіпорын жұмысшының жеке және ұжымдық экономикалық мүдделері соңында дәрежесі мен динамикасы жалпы қоғам мүдделеріне де қатысты кірістерде бейнеленеді. Қоғам мүддесі, өз кезегінде, өндіріс салаларындағы жоғары соңғы нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған, ал бұл нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің шаруашылық есебіндегі көрсеткіштерінің жақсаруынан көрінеді.
Сөйтіп еңбекақының нарыққа бағытталған өндірістің жоғары нәтижелеріндегі ролі кәсіпорын жұмысының қорытындылары мен әр жұмысшы табысының өзара байланысында көрінуі керек. Жоғарыда айтылғандардан, сондай-ақ шетелдік тәжірибені есепке ала отырып, біз үшін:
Қазіргі шаруашылықты жүргізу жағдайында еңбекақыны талдаудың негізгі мақсаты бір жағынан ұжымдардың (жеке жұмысшылардың) табыс динамикасы мен дәрежесі арасындағы, екінші жағынан кәсіпорын қызметінің шаруашылық есептілігі нәтижелері арасындағы байланысты зерттеу болып табылады: талдаудың өзінің нәтижелері әр нақты жағдайда (талданып отырған кәсіпорын бойынша) еңбекақыны төлеу жүйесінің әрекеттілігін және жұмыс қорытындыларының жақсару есебінен жұмысшылар табысының өсу мүмкіндіктерін көрсетуі керек.
Бұған дейін әкімшілік жүйе жағдайында экономикалық талдау теориясы мен тәжрибесінде еңбекақының нәтижелілігін зерттеуге, оның ынталандырушы рөлі тұрғысынан жеткілікті көңіл бөлген жоқ. Нарық жолындағы кәсіпорынның даму кезеңінің әрқайсысында төлем ақыны талдауды жетілдіру бағыты еңбекші ұжымдардың еңбекақы қорының көлемін бір орталықтан реттейтін станциялар мен ынталандырудың нақты жүйесімен анықталады. Бұл әдістің жалпы принциптеріне құрылған еңбекақысының талдауының әдеттегі объектісі болып табылатындар: еңбек және еңбекақы бойынша жоспарлы тапсырмаларды бөліп тарату дәлелдігін бағалау, еңбекақы қорын пайдаланудың абсалютті және салыстырмалы нәтижелерін анықтау, ауытқудың негізгі салдарын ашу, еңбекке төлеу құрылымын зерттеу, оның жеке құрамын-тариф, еңбек нормасы, қосып төлеу, сыйақыны пайдалану, орташа еңбекақы және еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің өсу қарқыны арасындағы қатынасты бағалау.
Мемлекеттік кәсіпорындарда кеңінен тараған мұндай талдау нәтижелері негізінен жоғарыда бекітілген жоспарлы еңбекақы қорын экономикалық пайдалануды және оның артық шығынының орнын толтыруды қамтамасыз ететін шараларды өңдеуге әкеп соғады.
Бұл жерде айта кететін жай, 1991 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорынмен еңбекақыны төлеуге бөлінген қаражаттың нақты көлемі жұмысшы саны мен құрамына, өнімнің көлем бірлігіне бекітілген нормативке тәуелді емес, ол тек екі өлшеммен реттеледі-сол кәсіпорын ұжымның шаруашылық есептік кірісінің көлемі мен тұтыну қорының салық салу ставкалары. Осыған байланысты қазіргі уақытта “еңбекақы қорының артық шығыны” деген ұғым өзінің мәнін жоғалтып отыр. Бұл жерде мынадай қорытынды әділ болады: кәзіргі жағдайларда еңбекақы қорын үнемдеу кәсіпорындарда шаруашылық есептік кірістің барабар өсімін бермейді, оларды табысты көтерудің басқа факторларын іздеуге бағыттайды.
Сонымен қатар, экономистердің өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерін талдауға арналған еңбектерінде кәсіпорынның тәуелсіздігі (дербестігі) жағдайындағы еңбекақыны талдаудың жаңа тәсілдері баяндалғандығын айта кеткен жөн. Алайда еңбекақыны төлеуге бөлінетін қаражаттарды пайдаланудың нәтижелілігін зерттеу мәселелерін қозғай отырып, авторлар кәсіпорын қызметінің экономикалық нәтижелерімен сандық байланысқа дейін жеткізілген еңбекақы қорын талдау бойынша кейбір ұсыныстармен шектеледі.
Сөйтіп, еңбекақыны экономикалық талдау теориясы мен практикасында талдаудың әдеттегі әдістемесінің шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайларымен бара-бар болмауына байланысты үлкен кемшілік бар. Бұл кемшілікті жою кәсіпорындардағы еңбекақының өсімін күшейтуге бағытталған дәлелді шешімдерді қабылдауға және қорларды айқындауға мүмкіндік туғызады. Бұл үшін сәйкес әдістемелер болу керек.
Орташа еңбекақы деңгейі мен кәсіпорын қызметінің нәтижелері динамикасының өзара байланысын талдаудың ұсынылып отырған әдістемесі есептегіш техника құралдарын қолдана отырып, экономикалық математикалық моделдеу әдісін пайдалануды шығарады. Ол өзіне жүйелі кезеңдерді қосады.
Бірінші-кәсіпорын қызметінің еңбекақы жүйесінің көмегімен қол жеткізілетін соңғы экономикалық нәтижелерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді таңдау. Жұмысшылардың табысы тәуелді болатын шаруашылық есеп нәтижелері ретінде талданып отырған кәсіпорын өндірісінің ерекшелігін есепке ала отырып, келесі көрсеткіштерді қолдануды ұсынамыз: өнім (жұмыс, қызмет) көлемі, еңбек өнімділігі, өнім бірлігіне шығын, баланстық пайда, өндірістің рентабельділігі (пайданың абсолютті сомасының өндірістік қорлардың жыл сайынғы құнына қатынасы ретінде), негізгі өндірістік қорлардың қайтарымдылығы.
Екінші кезең-талдау мақсатына математикалық сипат беру, еңбекақы дәрежесінің қызметтің таңдаулы қорытынды көрсеткіштерімен байланысын анықтау және оның қалыптастыруында қатысуын көрсету.
Егер еңбекақы мен кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерінің өзара байланысын экономикалық талдау да математикалық тәсілдердің кең көлемін қолдану мүмкіншілігі бар: математикалық талдаудың классикалық тәсілдерінен бастап имитациялық модельдеу және математикалық статистиканың жаңа тәсілдеріне дейін. Дегенмен, мұндағы мақсат-соның негізінде функцияның (f) сипатын ашуға болатындай математикалық әдістерді табу. Берілген мәні бойынша ақырғы аргументтер-көрсеткіштер (x) көмегімен нәтижелейтін белгінің (Yі) мәнін анықтауға болады.
(Yi) есептегенде қандай функцияны алсақ та, барлық жағдайда бақыланбайтын көрсеткіш
(Еі) әсерімен анықталатын біраз қалдық орын алатын болады. Бұл қасиетті келесідей түрде жазуға болады:
Уi=f(xi1, хі2,…, хіn)+Еі
Экономикалық процестер мен құбылыстардың, соның ішінде, кәсіпорын сияқты істеп тұрған жүйелердің жұмысшы кірісінің қалыптасу процесінің, ықтималдық сипаты оларды зерттеу үшін корремациялық көп факторлы моделдерді және регрессиялық моделдерді қолдану мүмкіндігін және мақсатқа лайықтығын шарт етеді.
Математикалық есеп келесі түрде қалыптастырылады:
У - зерттеліп отырған көрсеткіш (орташа еңбек ақы деңгейі), і=I+n болғандағы Кі-оның деңгейінде әсер ететін факторлар болсын (өнім көлемі, еңбек, қызмет көлемі, еңбек өнімділігі, пайда т.б.). Математикалық статистикалық моделдеу практикасында зерттеушілер әдетте сызықтық үлгідегі моделдерге қалауын береді.
Жұмысшылардың еңбекақы деңгейінің қалыптасу процесін экономикалық математикалық моделдеудің келесі кезеңі жұмыстың соңғы нәтижелеріне тәуелді таңдаулы математикалық-статистикалық моделдерді машиналық тарату болып табылады. Ол үшін сәйкес программалық қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі уақытта дайын программалық өнімді (экономикалық өңдеу үшін қолданбалы программа пакеттері) пайдаланудың жеке программаларды зерттеушімен жазудан қарағанда даусыз артықшылығы бар.
Сөйтіп, еңбекақының нәтижелілігін зерттеу үшін таңдалған жоғарыда көрсетілген математикалық ақпаратты ЭЕМ-да таратуды өріс алған JBM PC XT(AT)-ге бағытталған қуатты ППП “АРМ - Стат” қамтамасыз етеді. ППП “АРМ-Стат”-қа программалардың үлкен тізімі кіреді, соның ішінде “Корреляциялық талдау”, “Ең кіші квадрат әдісімен регрессияны бағалау”, “Адымдаған регрессия”.
Төртінші этап-алған нәтижелердің экономикалық интерпритациясы. Сонымен бірге, сапалы нәтижелер жұмысшы кірісінің қалыптасу қасиеті және заңдылығы ретінде (еңбектің соңғы экономикалық нәтижелеріне байланысты), әдістер алгоритмы талдау механизмі ретінде, сандық нәтижелер әр фактор бөлек және өзара байланысты еңбек ақының деңгейіне әсер етуінің сандық сипаты ретінде интерпретацияланады. Шыққан нәтижелердің экономикалық интерпретациясы мынаған мүмкіндік береді: