Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 19:35, курсовая работа
Осы замандағы эконимикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы жағдайда талдаудың пәні өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып табылады. Ал осы өсу, тепе-теңдіктің бір ұзақ мерзімдік болмысынан, оның келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.
КІРІСПЕ
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ..........................................4
1.1 Экономикалық өсу концепциялары,
факторлары және кезеңдері туралы теориялары......................................................4
1. 2. Экономикалық өсудің типтері...........................................................................6
II. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІ..........................................10
2.1 Экономикалық өсудің кейнстік үлгілері...........................................................10
2.2. Р. Солоудың неоклассикалық өсу үлгісі......................................................12
III. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРАДИГМАСЫ......................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................31
5-сурет.Тұрақты тепе-теңдік жағдайы
Сонымен, халық санының өсуі тепе-теңдік жағдайындағы экономиканың үздіксіз өсуінің негізгі бір себебі болып есептеледі.
Халықтың өсу қарқынының ұлғаюына байланысты (d+n)∙k қисығының бұрыштық коэффиценті өседі, мұндай жағдай тепе – теңдік қормен қарулану деңгейінің (к*) төмендеуіне немесе у-тің төмендеуіне әсер етеді.
Солоу
үлгісіндегі технологиянық
Өндіріс функциясы төмендегідей бейнелінеді:
Мұндағы Е – еңбектің тиімділігі, ал (L∙Е) – тұрақты Е тиімділігі болған кездегі бірлік еңбектің саны.
Неғұрлым Е неғұрлым үлкен болған сайын, осы берілген жұмысшылар
Соғұрлым өнімді көп өндіреді.
Технологиялық прогресс еңбектің тиімділігінің өсуі Е, тұрақты g қарқынымен өседі деп жорамалданды.
Технологиялық прогрестің үлгіге енуі, тұрақты тепе – теңдік жағдайының талдауын өзгертеді.
Еңбектің бір бірлігіне сәйкес тұрақты тиімділігі бар капитал көлемін к’ арқылы белгілесек, онда
Тұрақты тепе – теңдік жағдайында (5-сурет) қормен қаруландыру деңгейі к* бір жағынан қормен қаруландыруды өсіретін инвестицияның әсерін, ал екінші жағынан жұмыспен қамтылғандар санының өсуін және технологиялық прогреске ығысудың әсерін қарастырады, онда еңбектің бір бірлігінің тиімділігіне әсер ететін капитал деңгейі төмендейді:
Тұрақты жағдайдағы (k’*), (К) капиталдың жалпы көлеміне тең болғанда технологиялық прогрестің болуы және өнімі көлемі (У), (n +g) қарқынымен өседі. Бірақ халықтың өсуінен ерекше, өзгеше қормен қаруландыру (K/L)g қарқынымен өседі, ал бір адам басына шаққандағы өнімі (Y/L) болады. Соңғы көрсеткіш халықтың әл-ауқатының көтерілгенін көрсететін шама.
Демек, Солоу үлгісі бойынша бір адам басына шаққандағы өнімнің өсуі немесе өмір деңгейінің үздіксіз өсуінің бір ғана шарты болып технологиялық прогресс есептеледі.
Сонымен, Солоу үлгісі арқылы ресурстар толық қамтылған кездегі тепе-тендік жағдайында экономиканың үздіксіз өсуінің тетігі түсіндірілді.
1кесте.
Тұрақты тепе-тендік жағдайындағы Солоу
үлгісіндегі негізгі айналымдардың сипаттамасы
Технологиялық прогресс және халық санының өсуі болмаған жағдайда | Халық санының n қарқынымен өсу жағдайында | Халық санының санының n қарқынымен өсу және технологиялық прогрестің g қарқынымен өсуі | |||
Айнымалы | Өсу қарқыны | Айнымалы | Өсу қарқыны | Айнымалы | Өсу қарқыны |
L | 0 | L | n | L | n |
K |
0 |
K |
n |
L ∙ E K |
n + g n + g |
k = K/L |
0 |
k = K/L |
0 |
k' = K/L*E k = K/L |
0 g |
y | 0 | y | n | y | n + g |
y' = Y/L*E |
0 | ||||
y = Y/L |
0 |
y = Y/L |
0 |
y = Y/L |
0 g |
Кейнс үлгілерінде
қор жинағының нормасы
Ал неоклассикалық Солоу үлгісінде қор жинағының кез келген нормасында нарықтық экономика қормен қаруландырудың (к*) тұрақты деңгейіне және балансталған өсуге ұмтылады. Бұл жағдайда табыс пен капитал (n + g) қарқынымен өседі.
Қор жинағы нормасының көлемі экономикалық саясаттың зерттеунысаны және экономиаканың өсуін талдайтын әр түрлі бағдарламаларда зерттеледі.
Тепе-тендік экономиканың өсуі қор жинағы нормасының әр түрлі деңгейінде қарастырыла береді, сондықтан оңтайлы қор жинағының нормасын таңдау проблемасы туындайды.
Қор жинағы нормасының оңтайлы көлемі Э. Фелпстің «алтын ереже» қағидасына сәйкес келеді. Экономика өсуінің тепе-тендік жағдайында, тұтыну жоғары шекті деңгейде болуын қамтамасыз етеді.
Қор жинағы нормасының оңтайлы көлеміне сәйкес келетін қормен қаруланудың тұрақты деңгейін (к**) деп белгілейміз, ал тұтыну (с**).
Жұмыспен қамтылған бір адам басына шаққандығы кез келген қормен қаруландырудың тұрақты деңгейінде (к*) тұтыну деңгейін анықтау үшін, төмендегі тепе-тендікті өрнектейміз:
Мұнда тұтыну c = у – і
с* = f (k*) – dk* i = s ∙ f (k) = dk
6 – сурет. Қормен қаруланудың тұрақты деңгейі
Егерде к* < к** болса, онда өнім көлемінің өсуі ығысу мәнінен (f (k* қисығы) жоғары болады, демек олардың арасындағы айырма тұтыну мәніне тең және өседі.
Егер к* > к** болса, онда өнім көлемінің өсуі ығысу мәнінен төмен болады, демек тұтыну төмендейді.
Тұтынудың өсуі к** нүктесіне дейін болады, бұл нүктеде ол жоғары шегіне жетеді.
Бұл нүктеде капитал қорының бір бірлікке өсуі капиталдың шекті өніміне (МРК) тең және ығысуды d мәніне өсіреді.
Егерде өнімнің өсімшесіне
МРК =d, бұл шарт орындалғанда МРК = d + n + g болады.
Егер экономикадағы капитал
Экономика тепе-тендік қалпына шығып, «алтын ережеге» сәйкес келетін пропорцияға жетеді.
Егерде экономикада қарастырылып отырған кезеңде капитал қорының мөлшері к** төмен болса, онда қор жинағының нормасын көтеруге бағытталған бағдарлама қажет. Бұл бағдарламаның басында инвестиция өседі және тұтыну төмендейді, бірақ капиталдың қоры өскен соң, белгілі бір уақыттан кейін тұтыну өсе бастайды. Нәтижесінде экономика жаңа тепе-теңдік жағдайына жетеді, бұл жағдай "алтын ережеге" сәйкес болады, де-мек тұтыну бастапқы жағдайынан жоғарылайды.
Жоғарыда қарастырған Солоу үлгісі экономиканың өсуінің ұзақ мерзімдегі механизмін сипаттайды. Мұнда экономика тепе-теңдікте болады және факторлар толық қамтылады.
Әл-ауқаттылықтың тұрақты өсуінің негізі ретінде техникалық прогресс қарастырылады және жоғары тұтынуды қамтамасыз ететін оңтайлы вариантты табуға мүмкіндік береді.
Қарастырылған үлгіде кемшіліктер жоқ емес.
Үлгіде түрақты тепе-теңдік жағдайын ұзақ мерзім кезеңінде қарастырады, бірақ өмір деңгейі мен өндіріс динамикасының қысқа мерзім кезеңіндегі жағдайы экономикалық саясат үшін маңызды. Солоу үлгісінің көптеген экзогенді айнымалыларын — s, d, n, g-ді үлгінің ішінде анықтау керек еді, өйткені олар басқа параметрлермен тығыз байланысты және соңғы нәтижеге әсер етеді.
Үлгіде бірқатар өсудің шектеулері жоқ, мысалы, ресурстық, экологаялық, әлеуметтік. Үлгіде пайдаланылған Кобб-Дуглас өндіріс функциясы өндіріс факторларының кейбіреуінің бір-бірімен байланысын бейнелейді, бұл байланыстар экономиканың нақты жағдайын көрсетпейді. Осы және басқа да кемшіліктерді экономиканың өсуінің жаңа теориясы ескеруге тырысады.
Неоклассикалық үлгіде өнім көлемі экономиканың тұрақты жағдайында (n+g) қарқынымен өседі, ал адам басына шаққандағы өнім — g қарқынымен өседі, демек түрақты өсу қарқыны экзогенді анықталады. Эндогенді өсудің қазіргі заманғы теориясы үлгінің ішінде тұрақты өсу қарқынын анықтауға ұмтылады.
Эндогенді түрде барлық факторлар мен сандық және сапалық ресурстық, институционалдық байланыстыруға тырысады.
"Ұсыныс экономикасының" тұжырымын ұстағандардың айтуынша, толық жұмыспен қамтылу жағдайында өсу қарқынының ұлғаюы нарықтық жүйеге сырттан реттеуді қысқарту нәтижесінде мүмкін болады.
III. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРАДИГМАСЫ
Қазақстан Республикасының президенті өзінің Қазақстан халқына 2006 жылғы 1-ші наурыздағы кезекті Жолдауында «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр»,-деп бастап, еліміздің қол жеткен жетістіктерін және алдындағы жыл мен таяу болашақта қоғамымыздың алдында тұрған стратегиялық маңызды мәселелер мен міндеттерді тұжырнамалап берді. Сол міндеттерді сайып келгенде өрлеу траекториясына түскен экономикамызды тұрақты даму жолына мығым түсіру арқылы, әлемдік бәсекеге қабілеттілігін өсіріп, Қазақстанды алдыңғы шептегі 50 елдің қатарына қосу деп қысқаша сипаттауға болады.
Қазақстан парламентарийлері Елбасының Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосу жөніндегі стратегиясын жүзеге асыру мақсатында жасалған Үкіметтің 2006-2008 жылдарға арналған іс – қимыл бағдарламасын парламент палаталарының бірлескен отырысында (ақпан 2006 ж.) мақұлдады. Парламенттің сол бірлескен отырысында жасаған баяндамасында Премьер-Министр Д.Ахметов 2003-2005 жылдардағы экономиканың дамудағы жетістіктерін атап өтті. Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны болжамдағы 7-7,5 пайыздың орнына аталған мерзім аралығында 9,4 пайызды құраған, яғни 1,3 есеге өскен. Жалпы алғанда макроэкономикалық ақуал тұрақты болып, экономиканың серпінді өсуіне ықпал еткен. Алдын-ала деректерге қарағанда, 2005 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 3620 АҚШ долларына жеткен көрінеді. ҚР-ң Статистика жөніндегі агенттігінің оперативті мәліметтері бойынша 2005 жылғы қаңтар-желтоқсанда өндірілген ІЖӨ-ң көлемі 7453,0 млрд. теңге соммасында анықталды. Оның нақты көлемінің өзгеру қарқыны 2004 жылғы тиеселі кезеңге қарағанда 9,4 пайызға өскен. Халықаралық және отандық сарапшылар Қазақстанның экономикалық өсу қарқыны 2006 жылы да жоғары болады (кем дегенде 8-9%), бұл көрсеткіш жағынан ол Азия мемлекеттерінің арасында ел салмайды деп есептейді. Болжам бойынша 2006 жылдың соңына қарай ІЖӨ-нің көлемі1,7 трлн. тенгеге (64 млрд. АҚШ доллары) жетеді. Жан басына шаққандағы табыс 4200 АҚШ долларына жетіп, халқымыздың жалпы сатып алу қабілеті 138 млрд. АҚШ доллары көлемінде болады деп болжам жасалады. Салыстыру үшін: 2006 жылы Өзбекстанда экономикалық өсім 5,7%, ІЖӨ-10 млрд. долларға, халықтың сатып алу қабілеті -55 млрд. долларға жетуі мүмкін деп болжамдалады.
Қазақстанды «рыноктық экономика орнатқан ел» деп алдымен АҚШ конгрессі, содан кейін Еуропа Қауымдастығы елдері ресми мойындады. «Қазақстан кереметі» деп олар айтуға негіз болған тағы бір ақиқат – ол еліміздің қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қысқа мерзім аралығында республика елеулі жетістіктерге жетті, терең құлдырау сатысынан аман өтіп, экономикалық өсу жолына түсті. 90-шы жылдардың орта кезеңінде біздегі терең дағдарыстық жағдайда халықаралық ұйымдардың сарапшыларының «Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға, толыққанды рыноктық экономика құруға 50-80 жыл кетуі мүмкін» деген болжамын еліміздің рыноктық экономика құру тәжірибесі теріске шығарды. Сондықтан «Қазақстан кереметінің» негіздері әртүрлі деңгейде зерттелуде және Қазақстанның даму үлгісін БҰҰ басқа дамушы елдерге басшылыққа алуға ұсынып отыр.