Экономикалык осу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 19:35, курсовая работа

Описание

Осы замандағы эконимикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы жағдайда талдаудың пәні өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып табылады. Ал осы өсу, тепе-теңдіктің бір ұзақ мерзімдік болмысынан, оның келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.

Содержание

КІРІСПЕ
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ..........................................4
1.1 Экономикалық өсу концепциялары,
факторлары және кезеңдері туралы теориялары......................................................4
1. 2. Экономикалық өсудің типтері...........................................................................6
II. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІ..........................................10
2.1 Экономикалық өсудің кейнстік үлгілері...........................................................10
2.2. Р. Солоудың неоклассикалық өсу үлгісі......................................................12
III. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРАДИГМАСЫ......................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................31

Работа состоит из  1 файл

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ (К).doc

— 295.00 Кб (Скачать документ)

      Қоғамымызға мұндай үлкен және  жауапты істі жүзеге асыру  оңай болған жоқ. Көптеген қиыншылықтар мен тосқауылдар кездесті, рыноктық экономика құру тәжірибесінің жеткіліксіздігінен туындаған қателіктер де орын алды. Бастапқы кезеңде экономикалық теорияның жаңа парадигмаларына назар аударылмай, шетелдердің тәжірибесіне, халықаралық ұйымдардың, әсіресе ХВҚ-ның, Әлемдік Банктің, ЕЫҚҰ-ның рецептерін «соқыр қабылдау», шетелдік инвестицияларға үлкен үміт арту, экономикалық саясатта қазіргі әлемдік даму сатысына сәйкес келмейтін классикалық мектептің либералды принциптерін ұстану сияқты үлкен қателіктер жіберілді. Классиктердің «еркін экономика» тұжырнамасының теориялық абстракция, нақты өмірмен ортақ байланысы жоқ екендігі ескерілмеді. Басқа да елеулі қателіктер орын алды. Мысалы, көпшілікке танымал профессор, «Тұран» университетінің ректоры Р.А.Алшанов бастапқы, «романтикалық» кезеңде экономиканы басқаруда орын алған қателікті сипаттай отырып, былай деп жазды: «мемлекеттің экономикадан жылдам шегінуі ыңғайында жарияланған жаппай ырықтандыру бақылаудан тыс инфляция, өндірістің құлдырауы, жұмыссыздықтың пайда болуы мен өсуі сияқты келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтырды. ..Және де реформаторлық міндеттерді жүзеге асыруға тым революциялық тұрғыда келу шынымен де жөн болмай шықты...». Рыноктық реформалардың бастапқы кезеңіндегі орын алған олқылықтар терең экономикалық құлдырау (40%-дан астам), ұшқыр инфляция, жаппай жұмыссыздық, халықтың едәуір бөлігінің кедейленуі сияқты негативті құбылыстар түрінде көрініс берді.

    Сол кезеңдегі қалыптасқан жағдай  классикалық теорияның «экономикалық  либерализм» принципі мемлекеттің  қазіргі таңдағы экономикалық  саясатының теориялық негізі бола алмайтынын, ал ондай саясат ұстанушы мемлекеттердің болашағы жоқ екендігін айқын дәлелдеді. Осыны дер кезінде түсінген мемлекетіміз әлеуметтік-экономикалық дамудың рыноктық типтегі үлгілерін және саяси-экономикалық парадигмаларды сараптап, шұғыл іс-шаралар жүйесін қалыптастырып, ғылыми негізделген жаңа стратегияларды жүзеге асыра бастады. Мақсат айқын және түсінікті болды, сондықтан мемлекетіміз экономикалық саясаттың тиеселі стратегияларын байыппен жүзеге асырды. Елімізде өз кезегімен жүзеге асырылған глобальді стратегияларды жалпы алғанда төмендегідей топтастыруға болады:

      «Аман қалу» стратегиясы. КССРО ыдырап, кеңестік біртұтас экономика күйреп, егеменді ұлттық экономикалық жүйелердің бөлініп шығуы, олардың ортақ шаруашылық байланыстары мен тұтқалары талқандалуы салдарынан әрқайсысында, солардың арасында Қазақстанда да терең дағдарыстық жағдайдың орнауы, рыноктық экономика құру тәжірибесінің болмауы, территориялық талаптардың ушығып кетуі қауіпі, Ресей Федерециясы, Қытай мен АҚШ арасында бұрынғы одақтас республикаларда өздерінің ықпалын орнату мәселесі бойынша бәсекелестік  локальді соғысты тудыру  кауіпі жағдайында ең басты мәселе -  осындай жанталас заманда құрып кетпей, аман қалу мәселесі болатын. Мемлекетіміздің, ең бастысы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегенді де сауатты жүргізген саясатының арқасында бұл стратегия тиімді жүзеге асырылды, Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесіне айналды.

    «Тұрақтандыру стратегиясы» . Рыноктық қоғамға өтпелі кезеңнің өте ауыр «кеселдерін», атап айтқанда әлеуметтік-экономикалық негативті құбылыстарды жою (экономиканың құлдырауын тоқтату, инфляцияны, кедейшілік пен жұмыссыздықты ауыздықтау, қауіпті деңгейге жеткен коррупциямен және ұйымдасқан қылмыстық топтармен пәрменді күресу ) осы стратегияның басты нысаналары болды. Себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірін тұрақтандырмайынша алға қарай өрлеу мүмкін емес еді. Ол үшін жеделдетіліп құқықтық кеңістік жасалды да, негативті құбылыстармен күрес заңдастырылған негізде жүргізілді. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең бірінші болып коррупциямен күрес туралы заң қабылдады. Инфляция, коррупция, жұмыссыздық пен кедейшілік «ұлттың жауы» (-америкалықтардың терминологиясын қолдансақ) ретінде қарастырылды. Тармақталған бағыттарды қамтыған осы біртұтас  стратегияны жүзеге асыру жақсы нәтижелерге әкеліп, жаңа стратегияны жүзеге асыруға негіз қаланды.

    «Экономикалық өсу стратегиясы». Мұндай стратегияны экономиканы тұрақтандырғаннан соң ғана жүзеге асыру мүмкін еді. 1998 жылдың соңына қарай экономикалық тұрақтылық орнап, ал 1999 жылдың екінші жартысынан бастап экономикалық өсу сатысы басталып кетті. Экономикалық өсу стратегиясын жасау үшін отандық және шетелдік білікті мамандар бас қосып, жұмыс тобы құрылып, олар 6 ай бойы интенсивті жұмыс атқарды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзі тікелей қадағалап, жұмыс тобына барлық қажетті жағдайларды жасап берді. Нәтижесінде 1997 жылы ұзақ мерзімге арналған, бұрын-соңды ешбір елдің тәжірибесінде болмаған, ғылыми-бағдарламық сипаттағы «Қазақстан-2030» деген атпен жаңа стратегия қабылданды.  Бұл құжат үкіметтің іс-шараларын анықтайтын компас пен «қойын дәптер» ролін атқарды. Ақпарат құралдары жария еткен алғашқы күндерден бастап әлемдік саясаткерлер мен халықаралық ұйымдардың сараптаушылары, танымал ғалымдар бұл құжатты жоғары бағалап, экономикалық ой мен экономикалық саясаттың парадигмасы деп айтуға дейін барды. Асқақ мақсаттар мен орындалуы күмән келтірмейтін биік міндеттерді қамтыған, стратегиялық басымдылықтар айқын анықталған бұл құжат Қазақстанның кейінгі жылдардағы  бүкіл әлемнің назарын аударған  әлеуметтік-экономикалық жетістіктерінің негізі бола алды. 

    «Қазақстан-2030»  стратегиясын басшылыққа алып дамығын  кезең тек қана оңды, яғни экономикалық өсу жағдайымен сипатталады. 2000-2005 жылдары ІЖӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 110,4%-ды құраған, ол 1,6 есе өскен. Рыноктық қоғам орнату, экономикалық даму мен халықтың ақуаттылығын көтеру істері жағынан Қазақстан ТМД елдерінің көшбасшысына айналды. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы рейтингі едәуір көтерілді. Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығының алдына шығып, 76-шы орыннан 61-ші орынға дейін көтерілді.

    Экономикамыздың бес жарым жыл аралығында адуынды  өсуінің нәтижесінде біздің экономикамыздың 1990 жылдың деңгейінен асып түскені  туралы 2004 жылдың соңына қарай ресми  жария етілді. Демек, елімізің экономикасын бұрынғы деңгейге дейін көтеру сатысы аяқталып, таза өсу сатысы басталды деген сөз. Мұндай жағдайды экономика қайтадан бұрынғы қалпына келді деп түсінбеу керек. 90-шы жылдардың алғашқы жылдары экономикамыз басқа сапалық сипатта болатын – социалисттік экономикалық жүйе тұрпатында. Экономикамыз бүгінгі таңда мүлдем басқа сипатқа ие болып отыр. Мақсатты да қажырлы ұмтылыстың нәтижесінде қысқа мерзім аралығында қоғамымыз жеделдетіп рыноктық экономиканың негізін құрып алды.  Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2005 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік», -деді.

    Қазақстанның  бүгінгі жетістіктерін мақтанышпен айта отырып, біз еліміздің алдында бұрынғыдан да күрделі мәселелердің тұрғанын көреміз. Қол жеткен үлкен қарқынды өсу сарапшылар тарапынан негізінде конъюнктуралық өсу әділ деп бағаланады. Мұндай қарқынды өсуге негізінде әлемдік рыноктағы шикізат ресурстарының, атап айтқанда  мұнай мен металлдардың бағасының өсуі үлкен ықпалын тигізді. Өскелең бағалар жағдайын пайдаланып қалу үшін сол өндірістер басып дамытылып, инвестициялардың басым бөлігі сол салаларға құйылып жатыр. Мұндай жағдайдың ұзаққа созылуы экономиканың біржақты дамуына, «голландия кеселіне» шалдығуына соқтыруы мүмкін. Осындай қауіп тууы мүмкіндігі туралы біраздан бері айтылып келеді. Дегенмен, қалыптасқан үрдіс әлі өзгерген жоқ, ресурстардың едәуір бөлігі өңдеуші және ұқсатушы салалаларға бағытталудың орнына қазба кен салаларына ағылуда. Өңдеуші нақты өндірістердің ІЖӨ-гі үлесі өте төмен. Табиғи тозған (кейбір сарапшылардың есебі бойынша -80-85%) және моральді ескірген негізгі капиталдың алмастырылу қарқыны өте төмен. Экономиканың тірегі болып саналатын «үлкен өндірістердегі» негізгі капиталдың алмастырылуы коэффиценті шамамен 1-1,2% деп бағаланып жүр. Ондай қарқынмен негізгі капиталды толық алмастыру үшін бізге 90-100 жылдан артық уақыт қажет болады. Ол уақыт ішінде басқа елдер дамудың басқа сатысына және сапасына өтіп кететіні күмәнсіз. Сондықтан біздің экономикамыздың негізгі капиталын жуырда қабылданған Инновациялық-индустриялық бағдарлама мен экономиканы модернизациялау шеңберінде толық алмастырып алуымыз қажет. «Ашық есік» саясатын жариялаған кезеңдегі «шетелдік инвесторлар негізгі капиталды жаңалауға жәрдемдеседі» деген үміт ақталмай, керісінше, олар барды ұнаса пайдаланып, ұнамаса сатып жатыр. Олар негізгі капиталға инвестиция жұмсауға мүдделі еместігін жасырмайды. Демек, мемлекет тікелей араласып, шетелдік және отандық инвесторларды ынталандырып немесе тікелей мәжбүрлеп, негізгі капиталдың жаңа элементтерін ендіруді жеделдету керек. Теоретиктер дәлелдеген бір ақиқат бар: негізгі капиталдың ендірілуін оның шығарылуынан еселеп асырмайынша экономика «ұдайы өндірістік құлдырау» жағдайынан шыға алмайды, конъюнктуралық экономикалық өсу тұрақты экономикалық өсуге жалғаспайды. Бұл жерде автор «ұдайы өндірістік құлдырау» жағдайы деп негізгі қорлардың тозып, жарамсыз болғандарын  жаңаларымен толықтырылмаған жағдайды айтады. Негізгі қорлар қарапайым сандық толықтылмастан, сапалық, яғни жоғары технологиялар негізінде, өнімнің әлемдік бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететіндей етіп жаңаландырылуы қажет. Міне, осындай шарттар елбасының Жолдауында шеңберленген экономиканы модернизациялау іс-шараларында ерекше аталған.    

      Әлемдік тәжірибе шикізаттық  сипаттағы дамудың болашағы жоқ  екендігін Бразилия, Аргентина, Гана, Танзания сияқты Латын Америкасы  мен Африканың біраз мемлекеттерінің  даму үлгісінен көрсетіп отыр. Бұл мемлекеттерде шетелдік көмектер мен ауқымды шетелдік инвестициялар қолданылып, шикізаттық салалар дамытылып, бастапқыда әжептәуір экономикалық өсуге кол жеткізілген болатын. ХХ-ғасырдың 80-ші жылдары тіпті «Бразилия кереметі», ол 15-20 жылдан соң әлемдегі үшінші-төртінші орынға шығады  деп те жиі айтылды. Бірақ, бұл елдер бүгінге дейін дамыған қуатты елдердің қатарына қосылмақ тұрмақ, өздерінің жағдайларын жақсарта алмай келеді. Борышқа белсесінен батып, банкрот-мемлекет жағдайына дейін жеткендері де бар, мысалы Аргентина. Аргентинаның шетел капиталына тәуелсіздікке түскені соншалық, белгілі бір кәсіпорынның қаржыға байланысты мәселесін шешу үшін сол фирманың Франциядағы инвесторларының рұқсатын алуы тиісті.  Осы елдердің тәжірибесі мынадай ақиқаттың бетін ашады:

    Біріншіден,  ешқашан елдің экономикалық қауіпсіздігін  назардан тыс қалдырмау керек. Өзін-өзі  асырай алатын экономика құрылып, инвестициялар  экономика диверсификацияланатындай етіліп қолданылса, терең ойластырылған инновациялық саясат жүргізіліп, табиғи және моральді тозған негізгі капитал алмастырылып, жоғары технологиялар ендірілсе, солардың нәтижесінде әлемдік бәсекеге төтей алатын тауарлар мен қызметтер өндірілсе елдің экономикалық қауіпсіздігі мығым орнайды. Сонымен қатар инвестициялық саясатты жүргізуде, әсіресе жоғары технологияларды қуалауда басқа елдер кездескен қауіптер де бар екендігін ескеру кажет. Мысалы, Гана мен Танзанияда кең көлемді шетелдік халықаралық қаржылық көмек көрсетілгеніне қарамастан, ол елдер бүгін де бұрынғыдай кедейшіліктен құтыла алмай келеді. Дұрыс пайдаланылмаған инвестициялардан қайтарым болмай, борыштары өтей алмайтын қауіпті деңгейге жетті.

    Екіншіден, америкалық Пол Пребишудің ойы бойынша, әлемдік сауда шарттары әрқашан  шикізат экспорттаушы елдердің пайдасына жүргізілмейді. Жетекші елдердің әлемдік рыноктық кеңістікте билік орнатқан трансұлттық компаниялары шикізат экспорттаушы елдердің жан-жақты кемелденіп дамуына мүдделі емес. Керісінше, үнемі үлкен пайда тауып отыруы үшін оларға шикізат экспорттаушы елдердің біржақты дамуы және экономикалық артта қалғаны пайдалы. «Вашингтон консенсусының» талаптарын тікелей орындауға байланыстырылған ХВҚ-ның және Дүниежүзілік Банктың бағадарламалары өңдеуші салаларды құруды немесе оларды жаңартуды, ғылыми сыйымдылығы мол технологиялармен қамтамасыз ету арқылы өндіргіш күштерді дамытуды қарастырмайды. Халықаралық технологиялық сауда бүгін тек трансұлттық компаниялардың шеңберінде ғана толық тұйықталған. Олар шетелдердегі өздерінің  филиалдарына жоғары технологиялық өндірістерді орналастырғанның өзінде де моральді ескірген түрлерін және толық емес, тек фрагменттерін шығарады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбейді,  ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ - НИОКР) бөлімшелерін немесе орталықтарын ашпайды. Біздің ойымызша, халықаралық экономикалық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың  осындай біржақты саясатының (дамыған елдердің мүддесі тұрғысында) біртіндеп нығаюы әлемдік экономикалық өсудің бәсеңдеуінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Осылай ойлайтын себебіміз, 1961-2003 жылдар аралығында әлемдік экономикалық өсу былай қалыптасты: 1960-шы жылдары орташа жылдық өсу -3,4% шамасында; 1970-ші жылдары -2,1%; 1980-ші  жылдары -1,3%; 1990-шы жылдары -1%.

    Қазақстандағы экономикалық өсудің конъюнктуралық сипатын айта отырып, Н. Рамазанов келесі оқыс қорытынды жасайды: «... бізді экономикалық өсудің бәсеңдеуі күтіп тұр. Экономика биік бағаларға бейімделу қабілетінен айырылды, шикізат өндіріп, оларды экспорттауға бағытталған даму үлгісі өзінің ресурстарын уақытша сарпыды, құрылымдық өзгерістер баяу жүргізілуде. Өнеркәсіп өндірісінің, ауыл шаруашылығы өнімінің, негізгі капиталға инвестициялардың, тұрғын үйлер салудың және тағы басқалардың көлемі бойынша Қазақстан әлі де болса 1990 жылдың деңгейіне шыққан жоқ. Тек қана ІЖӨ бойынша 1990 жылдың деңгейіне шықтық»,- дейді. Шындығында, әлемдік рыноктардағы шикізаттардың бағасының уақытша түскені рас. Бірақ олардың бағасы 2006 жылдың басынан қайтадан көтеріле бастады. Әсіресе АҚШ-тың Иранға экомикалық санкция жариялауға шақырған мәлімдемесінен кейін    мұнайдың бағасы рекордтық деңгейге жетті – 2006 жылдың қаңтар айының ортасында 1 баррелі 67 доллар болды. Қазақстан Үкіметі әлемдік конъюнктура бізге биыл да ыңғайлы болатынын ескеріп, экономикалық өсу қарқыны 8,3% болады деп жоспарлап отыр. 2005 жылы өнеркәсіптің өсу қарқыны бәсеңдегені рас -4,5% болған. Бірақ қоғамымыз экономикалық өсудің жаңа сапасына өту үшін индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында экономиканы диверсификациялауға (түрлендіруге), технопарктер мен технополистер, кластерлер ашу арқылы нақты өндірістерді, солардың ішінде өңдеуші салаларды жеделдетіп дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға белсенді іс-әрекеттер жүргізіп жатыр. Қажетті қаржылардың көздері анықталды. Тіпті сыртқы факторлардың бізге ыңғайсыз өзгеруіне қарамастан, ішкі факторлардың өзі-ақ таяу арадағы экономикалық өсудің себебі бола алады. Жуық арада мұнайға сұраныс қысқармайды, керісінше Қытай мен жаңа индустриалды мемлекеттер деп аталынатын оңтүстік- шығыс Азия елдеріндегі экономикалық өсу мұнайға сұранымды өсіріп отыр. Демек, жоғарыдағыларды ескере отырып,  бізді экономикалық өсудің бәсеңдеуі күтіп отыр деп айтуға негіз жоқ.

    -Үшіншіден,  шикізат қорлары шексіз емес, ерте ме кеш пе олар тауысылады. Осыған байланысты оларды экспорттаушы елдердің табыс көздері де тауысылады.  Демек, ұлттық өндірісін диверсификацияламаған, шикізат экспортына бейімделген ел шикізат қорының таусылуына байланысты  бір мезгілдері үлкен қиындықтарға соқтығысады, борыштан құтыла алмайды, халықаралық экономикалық ұйымдар мен дамыған елдердің трансұлттық компанияларына тәуелді болып қалады. Мемлекет ретінде егеменділігі жойылады. 

    -Төртіншіден,  әлемдік даму тәжірибесінде қолданылған  екен деп басқа елдердің даму  үлгісіне соқыр еліктеу үлкен қателік деп экономикалық ғылымның өкілдері дәлелдеп отыр.  Әрбір елдің тарихи, ұлттық, географиялық-климаттық, мәдени – дәстүрлік және тағы басқа өзіндік ерекшеліктері мен менталитеті бар.  Мысалы, АҚШ-та, Чилиде, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда және тағы біраз Оңтүстік Азия елдерінде жақсы нәтижелерге қол жеткізген макроэкономикалық тұрақтандырудың теориялық үлгілері мен рецепттері «озық тәжірибе» ретінде бұрынғы социалистік елдердің бәрінде қолданылды. Бірақ бәрінде терең экономикалық құлдырау орнап, біреудің тәжірибесін таза көшірмелеу оңды нәтиже бермейтінін айғақтады. Басты тау мен тасқа соққаннан соң ол үлгілер мен рецепттерді көптеген ішкі факторларды ескеріп, терең ойластырып барып қолданған дұрыс екендігі түсінікті болды. 

Информация о работе Экономикалык осу