Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 19:35, курсовая работа
Осы замандағы эконимикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы жағдайда талдаудың пәні өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып табылады. Ал осы өсу, тепе-теңдіктің бір ұзақ мерзімдік болмысынан, оның келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.
КІРІСПЕ
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ..........................................4
1.1 Экономикалық өсу концепциялары,
факторлары және кезеңдері туралы теориялары......................................................4
1. 2. Экономикалық өсудің типтері...........................................................................6
II. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІ..........................................10
2.1 Экономикалық өсудің кейнстік үлгілері...........................................................10
2.2. Р. Солоудың неоклассикалық өсу үлгісі......................................................12
III. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРАДИГМАСЫ......................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................31
Қазтұтынуодағы
Қарағанды
экономикалық университеті
«Экономикалық
теория» пәнінен
КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ»
Қарағанды
2011ж.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ........................
1.1 Экономикалық өсу концепциялары,
факторлары және
кезеңдері туралы теориялары....................
1. 2. Экономикалық
өсудің типтері.......................
II. ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІ......................
2.1 Экономикалық
өсудің кейнстік үлгілері......
2.2.
Р. Солоудың неоклассикалық
III. ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ӨСУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРАДИГМАСЫ...................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Осы замандағы эконимикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы жағдайда талдаудың пәні өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып табылады. Ал осы өсу, тепе-теңдіктің бір ұзақ мерзімдік болмысынан, оның келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.
Осындай жағдайда экономикалық өсуге және ұсыныс факторларына басты назар аударылады. Нақты экономикалық өсуді талдағанда зерттеу пәні тек экономикалық динамиканы белгілейтін факторлармен шектелмейді, оған салалық және ұдайы өндірістік пропорциялар, экономикалық өсу процесіндегі институционалдық құрамдардың пропорциялары, өсу қарқынын өсіру немесе тежеудің мемлекеттік саясаты, өндірістің нақты көлемінің оның потенциялдық көлемінен аз болуының себептері және т.б. жатады. Нақты экономикалық өсудің мәні – экономикалық негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру болып табылады: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар: біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы, екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігін жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы. Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкүндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің дамуын көрініс формалары туралы екі бағыт орын алған. Экономикалық өсу деген жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) ұлттық табыс (ҰТ) нақты көлемін өсу шапшандығымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштердің бір адамға шаққандағы өсуінің (көбеюінің) шапшандығымен өлшенетін, белгілі мерзімде ұлттық экономиканың дамуының қорытынды сипаттамасы деген түсінік кең тараған.Әдетте экономикалық өсуді мақсатарымен байланысты болады. Экономикалық өсудің бірінші әдісі көбінесе елдің экономикалық потенциалының молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады, екінші-халықтың әл-ауқатының динамикасын талдағанда, немесе әр елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.Бүгінгі күні өсу теориаларында өлшеудің екінші әдісі көбірек қолданылыды. Экономикалық өсу деп Халықтың санының өсу шапшандығының артық болуына әкелетін, ұлттық экономиканың дамуы деп түсініледі.
I – тарау Экономикалық өсудің теориялық негізі.
1.1 Экономикалық өсу концепциялары, факторлары және кезеңдері
туралы теориялары
Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сүраныстың өз-геруімен түсіндіріледі (Кейнс кресі, ІS-ІМ үлгісі). Жиын-тық үсыныс қысқа мерзімді кезеңце қарастырылады. Сүраныс пен үсыныс талдырмасы (шок) жоне циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-тендік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат түрақтан-дыруға тырысады. Бірақ онім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жүмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның есуінің кө-лемін үлғайту экономикалық өсумен байланысты. Эко-номикалық өсуді жиынтық үсыныстың үзақ мерзімді динамикасы (қүбылысы, жайы) ретіңде немесе өнім көлемі-нің осуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және заңдылықтарының талдауы макроэкономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.
Экономикада нақты пайданың өсуі "экономикалық өсу" деп түсіндіріледі және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады. Сондықтан эко-номиканың өсуін өлшеу үшін абсолютгік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолданылады. Мысалы:
∆Ү = Үt – Үt-1 немесе Үt = ∆Үt / Үt-1,
t — уақыт индексі.
Экономикалық өсуді өндірістің нақты көлемінің өсуі шапшандығы жағынан қарағанда, әдетте экономикада күрделі құрылымдық немесе институтционалдық өзгерістер орын алмайды деп тұжырымдалады. Өндірістің құрылымы мен институтционалдық орта қалыптасып болған және өзгерістер жоқ, тұрақты деп есептеледі.Дамудың осындай сипаты, тұтастық қасиеттері бар және сыртқы ортамен үйлесімді өзара әсер ететін экономикалық жүйелерге тән болады. Ұзақ мерзімді уақыт деп әдетте негізгі капиталдың өмірлік циклына тең уақыт түсініледі. Осындай тұжырым экономикалық өсудің неокейнстік және неоклассикалық теориаларына тән болады. Басқаша тұжырым экномикалық даму, ұдайы өндірістік, индустриалдық және потиндустриалық теориаларда қолданылады. Бұл теориалар «тым ұзақ» мерзімдегі эконмикалық динамиканың мәселелерін зерттеп, талдайды. Осы мерзімде үкіметтің негізгі институттары, басқару, инфрақұрылым объектері, экономикадағы құрылымдық өзара байланыстар және оның сыртқы ортамен байланысы – осылардың барлығы өзгеріске ұшырайды.
Тым ұзақ мерзімді экономикалық өсуді зерттеудің екі негізгі ерекшеліктері болады:
1. Экономикалық өсу экономикалық дамуының құрамды элементі деп есептеледі. Ол, бір жақтан, дамудың циклдық сипатына дем береді, екінші жағынан, өзі құлдырау мен депрессияның кезінде дайындалған өзгерістердің нәтижесі болып табылады. Сондықтан негізгі назар экономикалық өсуге емес, экономикадағы глобальдық өзгерістерге, осылардың жаңа сапаға айналуының тұрақты тенденциялары мен заңдылықтарына аударылады.
2. Макроэкономикалық өзгермелі көрсеткіштермен қатар, экономикалық дамудың микроэкономикалық, салалық және индустриалдық негіздері, кәсіпкерліктің мәселелері; өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің және үкіметтің мүдделерінің қайшылықтары, жаңа экономикалық құрылымдарының қалыптасуы зерттеледі. Халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету-экономикалық өсудің негізгі түпкі мақсаттары болып табылады. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарылауы болып табылады, осының құрамы:
1. Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың (ҰТ) жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
2. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты ЖҰӨ немесе ҰТ көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар удару керек.
3. ҰТ халықтың әр топтарының арасында бөлінуін жақсарту.
4. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Көпсалалы «өндірістің тиімділігі»деген түсінікті құратын жағдайлардың барлығының жақсартылуы экономикалық өсудің тиімділігі болып табылады. Осыған жататындар:
- тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы;
- бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін, немесе оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар өндірісін игеру;
- халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің териториялық артықшылығымен есептесе отырып, өндірістің мамандану мен кооперациялануын жетілдіру;
- басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, «Х-тиімді еместікті»жою;
- өндірістік ресурстардың салалық және елдің аймақтары бойынша аллокациясын жақсарту;
Жаңа технологиялар игеру. Экономиклық теорияда «экономикалық өсудің сапасы» деген түсінік оның әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады. Экономикалық өсудің сапасын құрушылар:
- халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
- адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі;
- әлеуметтік инфаркұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
- адам капиталына инвестицияны өсіру;
- адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
- еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық
өсудің факторлары деп өндірістің нақты
көлемінің көбею масштабын
Факторлады экономикалық өсуге әсер етуіне байланысты тікелей және жанама деп бөледі. Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Жанамаға осы мүмкіндіктерді ақиқатқа айналдыратын факторлар жатады.
Тікелей бес негізгі факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді:
- еңбек ресурстары санының көбеюі және сапасының жоғарлауы;
- негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы;
- өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуының жетілдірілуі;
- шаруашылық айналымына тартылған өндіріс ресурстарының саны мен сапасының өсуі;
- қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттердің өсуі.
Жанамалар құрамына мынадай ұсыныс фаторлары жатады: нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтың азаюы, несие алу мүмкіндіктерінің көбеюі және т.б. Жанамаларға сұраныс пен бөлу факторлары да жатады.
Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін белгілейді. Сұраныс факторларының маңыздылары: тұтынулық, инвестициялық және мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелік өсуі нәтежиесінде экспорттың кеңеюі.