Экономикалык осу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 19:35, курсовая работа

Описание

Осы замандағы эконимикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы жағдайда талдаудың пәні өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып табылады. Ал осы өсу, тепе-теңдіктің бір ұзақ мерзімдік болмысынан, оның келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.

Содержание

КІРІСПЕ
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ..........................................4
1.1 Экономикалық өсу концепциялары,
факторлары және кезеңдері туралы теориялары......................................................4
1. 2. Экономикалық өсудің типтері...........................................................................6
II. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІ..........................................10
2.1 Экономикалық өсудің кейнстік үлгілері...........................................................10
2.2. Р. Солоудың неоклассикалық өсу үлгісі......................................................12
III. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРАДИГМАСЫ......................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................31

Работа состоит из  1 файл

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ (К).doc

— 295.00 Кб (Скачать документ)

    -Бесіншіден,  Х1Х және ХХ ғасырлардың даму үлгілері ХХ1 ғасырда жарамсыз деп айтуға негіз бар. Себебі қазіргі әлеуметтік – экономикалық дамуда техникалық емес, институционалды-әлеуметтік факторлар алға суырылып шығып, шешуші факторларға айналды. Сонымен қатар жаһандану мен ұлттық шаруашылықтардың интернационализациялануы процестері де ұлттық экономикалардың дамуына елеулі әсерін тигізіп отыр. 

    Жоғарыда  айтылғандарға байланысты қазіргі  экономикадағы мемлекеттің  ролі туралы мәселе туындайды.

    Мемлекеттің экономикадағы ролі мен орны туралы өзекті мәселе төңірегінде ұзақ жылдар бойы (ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарынан бері) жүйелі теориялық ізденістер жүргізіліп келеді. Бұл мәселе ХХ-ғасырдың соңы мен ХХI-ғасырдың бас кезінде ҒТР-ң үдеуіне, жаһандану процесстерінің екпінді жүруіне, ұлттық шаруашылықтардың интернационализациялануына, әлемдік бәсекенің күш алуына, постсоциалистік мемлекеттерде рыноктық экономикаға өтпелі кезеңнің басталуына байланысты даму үлгілерін таңдау себептерінен теориядағы және тәжірибедегі аса маңызды сипатқа ие болды.

    Мемлекеттің экономикаға араласу дәрежесі туралы методологиялық экономикалық ғылымның өкілдері қарама-қарсы пікірлер ұсынуда.

    Классикалық мектептің «либералды экономика» қағидасын  ұстанушылар мемлекеттің экономикаға  араласуын барынша шектеуге мүдделі. Олардың қатарында ТМД ғалымдары мен саясаткерлері баршылық. Әсіресе, рыноктық реформалардың бас кезінде мұндай көзқарас басым болып, өздігінен реттеуші рыноктық тұтқалардың қасиетін асыра мақтаушылық жиі кездесті. Экономикалық саясатта да либерализм орнап, рыноктық реформалаудың тәжірибесінің жетіспеушілігінен мемлекетіміз экономиканы шамадан тыс ырықтандырып жіберіп, экономикалық құлдырау мен гиперинфляцияға жол беріп алды.

      Кемелденген экономикасы бар  Батыс елдерінде экономикалық  демократияның елеулі шектелгенін, көптеген маңызды мәселелерді мемлекет өзі тікелей шешетінін аңғару қиын емес. Тіпті негізгі рыноктық тұтқа болып табылатын баға белгілеу ісіне де мемлекет өзінің заңнамашылық қызметімен араласып отыр. Мысалы, А.Амосов Батыс елдерінде мемлекеттерінің баға белгілеу ісіне араласуының  жоғары деңгейін айта отырып, былай дейді: «АҚШ пен Еуропалық Қауымдастық елдерінің ішкі азық-түлік рыноктарының реттелетіндігі соншалық, бұл жерде рыноктық өздігінен реттеудің ізін де таппайсың». А. Амосов баға белгілеу ісін мемлекетік реттеу қажеттілігін қысқаша былай түсіндірген: «егер мемлекет баға белгілеу ісіне араласып, оны реттемесе, онда рынок еркін болудан қалады, өйткені мемлекеттің орнын монополиялық, алып-сатарлық құрылымдар немесе криминалды топтар басады». Автордың ойының дұрыстығын  ТМД елдеріндегі болған немесе кейбірінде орнаған жағдай дәлелдеп отыр. Ресей Федерациясы экономикалық демократияны жүзеге асыру барысында абайсызда монополисттік және криминалды капиталдың  ықпалына жол ашып алды.. Ал Қырғыз Республикасында «түсті революциядан» кейін криминалды құрылымдардың билікті қолдарына алу қауіпі төніп, арандатушылардың әрекеттері барысында бүкіл ел азамат соғысы қарсаңына жақындады. Қазақстанда мемлекет ондай қауіпті құбылысқа жол бермеді.

      Батыс елдері бірнеше ғасырлар бойы даму үлгілерін шыңдап, эволюциялық дамытып келеді. Теоретик –экономисттердің басым көпшілігі ұстанатын бүгінгі таңдағы ақиқат – капиталисттік рыноктық жүйе ешқашан абсолютті еркіндікке ие болған емес. Азды-көпті болса да мемлекет экономикалық процесстерді реттеуге әрқашан қатысып отырған, бірақ оның араласу деңгейі әр кезеңде және де әртүрлі даму үлгілерін ұстанған мемлекеттерде әрқалай болған. Ал, жаһандану және ҒТР процестері мен әлемдік бәсеке күресі күш алған қазіргі заманда мемлекет экономикаға кең көлемде және пәрменді араласуы керек. Мұндай ойды ұсынған К.Поппер: «Егер біз еркіндікті қорғағымыз келсе, онда шексіз еркіндік саясатын мемлекеттің экономикаға жоспарлы араласуы саясатымен алмастырылуын талап етуіміз керек»-деп жазған болатын. Өмір оның ойының дұрыстығын дәлелдеп отыр. Қазіргі өркениетті елдерге тән сипаттар, ол- әлеуметтік өмір мен қатар экономикалық өмірді де мемлекеттің ауқымды реттеушілік қызметі; жеке меншіктің біртіндеп жоққа шығарылуы, әртүрлі серіктестіктер түріндегі, солардың ішінде корпоративті және мемлекеттік меншіктің нығаюы, олардың шешуші рольге ие болуы; еркін рыноктық реттеудің жоспарлы-бағдарламалы реттеумен толықтырылуы.

    В. Осипенко және тағы  біраз оқымыстылар  адамзат қоғамының болашағы «жоспарлы экономика» деп ұйғарым жасап отыр. Ал, жоспар   (индикативті немесе директивалы) мемлекеттік араласудың айқын белгісі болып табылады. Егер  болашақта мұндай қоғам орнайтын болса, онда бүгіннен бастап шаруашылық субъетілерінің мүдделерін жүзеге асыру және оларды үйлестіру мәселелері теориялық зерттеулердің пәніне айналуы керек. Себебі қазіргі қалыптасқан ойдың стереотипі- жоспар (директивалы) бар жерде шаруашылық егеменділік пен жеке мүддеге орын жоқ. Сонымен қатар меншік, ақшалы-рыноктық қатынастар, менеджмент, мемлекеттік басқару сияқты көптеген мәселелердің теориялық аспектілерін түбегейлі қарастыру қажет болады.  

ҚОРЫТЫНДЫ.

     Мен  бұл тақырыпта осы әлеуметтік  жағдайда экономикалық өсудің  негізгі принциптерін қарастырдым.  Халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету- экономикалық өсудің негізгі түпкі  мақсаттары  болып табылады. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқатын жоғарылауы болып табылады.   

    Егерде  экономикада қарастырылып отырған  кезенде капитал қорының мөлшері к** төмен болса, онда қор жинағының нормасын көтеруге бағытталған бағдарламада қажет. Бұл бағдарламаның басында инвестиция өседі және тұтыну төмендейді, бірақ капиталдың қоры өседі және тұтыну төмендейді, бірақ капиталдың қоры өскен соң, белгілі бір уақыттан кейін тұтыну өсе бастайды. Нәтижесінде экономика жаңа тепе-тендік  жағдайына жетеді, бұл жағдай «алтые ережеге» сәйкес болады, демек тұтыну бастапқы жағдайынан жоғарылайды.

    Жоғарыда  қарастырған Солоу үлгісі экономиканың  өсуінің ұзақ мерзімдегі механизмін сипаттайды. Мұнда экономика тепе-тендікте болады және факторлар толық қамтылады.

Әл-ауқаттылықтың  тұрақты өсуінің негізі ретінде  техникалық прогресс қарастырылады  және жоғары тұтынуды қамтамасыз ететін оңтайлы вариантты табуға мүмкіндік береді.

     Қарастырылған  үлгіде кемшіліктер жоқ емес.

     Үлгідегі  тұрақты тепе-тендік жағдайын  ұзақ мерзім кезеніңде қарастырады,  бірақ өмір деңгейі мен өндіріс  динамикасының қысқа мерзім кезіндегі  жағдайы экономикалық саясат  үшін маңызды. Солоу үлгісінің көптеген экзогенді айнымаларын – s, d, n, g – ді үлгінің ішінде анықтау керек еді, өйткені олар басқа параметрлермен тығыз байланысты және соңғы нәтижеге әсер етеді.

    Үлгідегі  бірқатар өсудің шектеулері жоқ,  мысалы, ресурстық, экологиялық,  әлеуметтік. Үлгідегі пайдаланған Кобб-Дуглас өндіріс функциясы өндіріс фактроларының кейбіреуінің бір-бірімен байланысын бейнелейді, бұл байланыстар экономиканың нақты жағдайын көрсетпейді. Осы және басқа да кемшіліктерді экономиканың өсуінің жаңа теориясы ескеруге тырысады.    

   Экономикалық  өсудің инновациялық типіне көшу  дамыған елдерде ХХғ. жылдар  ортасында басталады, ал «жаңа  индустриалдық елдер» деп аталатындар  (Корея, Бразилия, Мексика және  басқалар) оны 80-90-шы жылдарда  жүргізді. Осы көшудің объективтік алғашарттарына мыналар жатады: ҒТР-ның осы замаңдағы даму сатысы және экономиканың интернациялануы. Субъективтікке жататындар: мемлекеттік экономикалық саясаттың парадигмасының өзгеруі – экономикаға мемлекеттік инъекциялар жасау арқылы жиынтық сұранысты өсірудің кейнстік рецептінен бас тарту және осы саясатты ұсынысты жандандыруға бағыттау.

    Қазақстан  Республикасында экономикалық өсудің  жаңа сапасының қалыптасуы қоғамдағы  іскерлік белсенділікті жандандыруды  көздейтін, нарықтық реформалар  жүргізуде жүзеге асырылатын глобалдық өзгерістердің орындалуымен тығыз байланысты.   

     Нарық  экономикасында өндіріс көлемінің  өсуіне шек қою тек өндірістік  ресурстар  жағынан ғана емес, сұраныс пен бөлу жағынан да  пайда болады. Баға мын сыртқы  сауда реттелгеннен кейін жиынтық сұраныстың көлемінде ғана емес, оның құрылымындада елеулі өзгерістер пайда болды.

     Сондықтын  Қазақстан Республикасы экономикасының  өсіунің маңызды глобалдық проблемасына  мыналар жатады: кәсіпорындардың  ҒТП-тің жетістіктеріне икемді  болуын жоғарылату және ҒТП-ің экономиканың басқа салаларына тарау ерзімін қысқарту. Осы проблемалар экономикалық өсудің басым экстенсивтік типінен басым инвенсивтік типіне көшу процесінде шешіледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 

  1. Нұрсултан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті
  2. Очерки экономической истории /Под ред. академика С.Б.Баишева. Алма-Ата, 1974.
  3. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. /Под ред. проф. С. Д. Асфендиярова. 2-е издание. Алматы: «Казахстан». 1998.
  4. Теоретическая экономика: Учебник. /Под ред. д.э.н. проф. У. К. Шеденова. Алматы-Актюбинск. 1999.
  5. Титова Н.Е. История экономических учений. Курс лекций. М. 1997.
  6. Толыбеков С. Е. Кочевое хозйство казахов в XVIII- начале XX века. Алма-Ата: Наука, 1971.
  7. Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің үлгі бағдарламасы. Алматы: Қазақ университеті, 1999.
  8. Экономикалық ілімдер тарихы. Алматы: Қазақ университеті, 1997.
  9. Экономическая энциклопедия. Политическая экономия. М.: Советская энциклопедия, 1972-1980. Т. 1-4.
  10. Энтони Б. Аткинсон, Джозеф Э. Стиглиц. Лекции по экономической теории государственного сектора. М.: Аспект Пресс, 1995.
  11. Юность науки.  Жизнь и идеи мыслителей экономистов до Маркса. М., 1985.
  12. Ядгаров Я.С. История экономическихучений. М.: ИНФРА-М., 1997.
  13. Жанагулов А.Ш., Сүіндіков Ж.С. Нарықтық экономиканын казіргі терминологиялық түсіндірме сөздігі. Караганды: КЭУ баспасы, 2003
  14. Жанагулов А.Ш., Сүйіндіков Ж.С., Ускенбаева А.Р., Cтепаницкая О.А «Экономика ілімдерінің тарихы» Қарғанды 2004
  15. www.google.kz.
  16. Новейшая история Казахстана. Сборник документов и материалов. т.1 (1917-1939г.г.). Алматы: «Санат». 1998
  17. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы: Дәуір, 1992.
  18. Назарбаев Н.Ә. Қазакстан-2030. Алматы, 1997.
  19. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамүра, 1999.
  20. Аникин А.В. Путь искании. Социально-экономические идеи в России до марксизма. М., 1990
  21. Аубакиров И. А. Извлечение из опубликованных работ в разные годы. Алматы: Қазақ университеті, 2000.
  22. Ашимбаев Т. А. Экономика Казахстана на пути к рынку. Тенденции и размышления. Алматы: Казакстан. 1994.
  23. Баликоев В.З. Общая экономическая теория. Новосибирск, 1999

Информация о работе Экономикалык осу