Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 13:55, курсовая работа

Описание

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс.

Содержание

Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары

2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

econ_73.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік  проблема ретінде

1.1 Кедейлік түсінігі және оны  зерттеу бағыттары

1.2 Кедейлік және оның өлшемі

1.3 Кедейлік және адам дамуы

1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда  болу себептері мен алғышарттары

 

2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы

2.1 Кедейлік пен теңсіздік

2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің  деңгейіне ықпалы

2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық  айырмашылықтары

2.4 Кедейлік проблемаларын шешу  жолдары

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару  органдарының назарын аударуды қажет  ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмысы, экономикалық жағдайы қаншалықты қанағаттанарлық екенін көрсетеді. Кедей адамдар мемлекет алдында экономикалық тәуелді. Ол мемлекеттің көмегінсіз өзінің отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз етуге қабілетсіз әлеуметтік топ.

Әлемнің көптеген елдерінде  мемлекеттік күш экономикалық өсуге  ғана емес, сонымен қатар тұрмысы  нашар халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне де бағытталып отыр.

Кедейлік қоғам өмірінің барлық қырларына әсерін тигізеді; оны болдырмау үшін кедейліктің ең негізгі шығу себептеріне көңіл аудары керек. Әлеуметтік теңсіздік, жұмыссыздық, әлеуметтік жанжал, қылмыс, дискриминация, шынайылықтан бас тарту сияқты қоғамдағы болып отырған көптеген мәселелер осы кедейшіліктің әсерінен туындап отыр.

Бүгінгі күнге дейін  Қазақстанда халықты кедей тобына жатқызатын нақты бір қабылданған  критериялар жоқ, сонымен қатар  елдегі кедейшіліктің масштабын  анықтауда халықтың орта деңгейдегі табысы туралы ақпараттың жоқтығы қиынға соқтырады. Кедейліктің негізін анықтаудың қажеттілігі ол елдегі бай адамдар мен кедей адамдар арасында айырмашылықты анықтауға және кедейлікті жою мақсатында қолданылып отырған күш қай аймаққа бағытталуы керектігін көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген өзекті мәселені шешу жолында елдегі кедейшілік деңгейін төмендету басымдықтарын таңдауда анықтау қажет. Қазіргі нарықтық экономикалық жағдайда халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарға әлеуметтік көмек көрсету бағдарламалары белсенді түрде қызмет ету керек. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан басқа да елдер сияқты әлеуметтік саясаттың негізгі шараларын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қолданып келді. Республикада әлеуметтік кепілдік беру жүйесіне бағытталған заңдар қабылданды. Бірақ та бұл жағдайлар нәтижелі шешім бермеді, керісінше кедейлік проблемасы Қазақстанда да көптеген басқа да КСРО елдеріндегідей одан әрі күрделене түсті.

Елдегі бұрыннан қалыптасқан  халықты әлеуметтік қамтамасыз ету  саясаты, нарықтық экономикаға қажетті  әлеуметтік қорғау жүйесімен бүгінгі күні әлі жеткілікті түрде ауыстырылған жоқ, сондықтан қазіргі кезде қарттардың, жұмыс істемейтін мүгедектердің және жалғыз басты аналардың әсіресе ауылдық аймақтарда әлеуметтік жағдайлары өте нашар. Маңызды мәселе осы мемлекеттің осал топтарына жалпы бірдей әлеуметтік деңгейді қамтамасыз етуді қажет етіп отыр.

Мемлекет тарапынан  кедейшіліктің аймақтық ерекшеліктеріне, оның осы мәселенің одан әрі күрделене  түсуіне үлкен орын алатынына  немқұрайлы қарайды, себебі бұл мәселемен  күресу шаралары өте баяу жұмыс істеуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бір үндеуінде елдің күрделі мәселелерін шешуде саясат пен бизнестің атқаратын қызметі бірдей делінген. Ал бүгінде іскер адамдардың елдегі жұмыс істей алмайтын адамдарға қамқорлық көрсетудің орнына, олардан зардап шегушілерді жиі кездестіреміз.

Қазақстанда кедейшілік деңгейі әдетте күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесімен анықталады. Күнкөріс минимумы – тіршілікті демеу үшін қажетті болып саналатын  және ең аз тұтыну себетіне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өлшейтін табыстар мен шығыстардың объективті белгіленген деңгейі.

Зерттелу деңгейі:   Жалпы кедейшіліктің зерттелу тарихы екі жүз жылдан астам уақыттан тұрады. АҚШ пен Батыс Еуропада бұл мәселе ертеден қарастырылып келеді. Ал Қазақстанда кедейшілік мәселесі қайта құру кезеңінен бастап зерттеле бастады. Осы өзекті мәселенің қоғамда зерттелу кезеңдерін 18 ғасырдан бастап 20 ғасырдың бірінші жартысына дейін бөлуге болады. А.Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус, Г.Спенсер,  Ж.Прудон, Э.Реклю, К.Маркс, Ч.Бут және С.Раунтри және қазіргі кездегі кедейлікті зерттеу 20 ғасырдан бері Ф.А.Хайек, П.Таусенд және басқа ғалымдарды атауға болады.

Ал бүгінгі күні біздің елде жүргізіліп отырған зерттеулер М.С.Аженов, М.С.Садырова, К.С.Мұхтарова, Ю.К.Шокаманова сияқты әлеуметтанушылардың бастауымен болып отыр.

Зерттеу жұмысының  мақсаты: кедейлікпен күресудегі мемлекеттік қабылданған стратегияларды қарастырып олардың халыққа тигізіп отырған әсерін көрсету. Сонымен бірге елдегі аймақтық деңгейдегі кедей халықтардың бүгінгі күнгі жағдайына жалпылама сипаттама беру.

 Зерттеу жұмысының міндеті:

  • кедейлікке және оның шығу себептеріне жалпы теориялық сипаттама беру;
  • Қазақстандағы экономикалық өсудың кедейлікке тигізетін әсерін қарастыру;
  • қоғамдағы кедейліктің аймақтық ерекшеліктерінің өзектілігін жан-жақты қарастыру.

Зерттеу жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасының аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бүгінгі күні ахуалы, сонымен бірге халықтың материалдық қамсыздану деңгейі. 

Зерттеу жұмысының пәні:  Қазақстандағы кедейліктің шығу мәселелері, ауыл және қала кедейшілік проблемалары, халықтардың табыстарындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздік сонымен қатар, қазіргі нарықтық экономикалық жағдайдағы халықтың әл-ауқатын жақсарту стратегиялары.

Ақпараттық базасы: зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтері, БҰҰ жүргізілген зертеулерінің нәтижелері және кедейшілікпен күресудегі қабылданған бағдарламалардың мәліметтері қолданылды.    

Жұмыс құрылымы: екі бөлімнен, кіріспе, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.   

 

  1. БӨлім. Кедейлік Әлеуметтік проблема ретінде

 

    1. Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары

 

Кедейшілік қай қоғамның болмасын экономикалық дамуының нәтижесінде  қалыптасатын жағдай. Кедейшілік ол өте  күрделі, көпфакторлы, тарихи қалыптасқан түсінік. Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық және т.б.) қоғамнан тысқары қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге ж.т.б.) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Ондай адамдарды кедей деп атайды. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік адамның не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік сонымен қатар, адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен, оның кедейлік туралы субъективтік түсініктерімен анықталады.

Қазіргі кездегі әдебиеттерден  кедейшіліктің алуан түрлі анықтамасын  кездестіреміз. Олардың алуан түрлілігі оның әр қайсысы осы кедейшілік жағдайының шығу себептерін анықтауда түрлі аргументтерге сүйене отырып беріледі. Яғни, қазіргі кезде кедейшілік туралы анықты бір қалыптасқан анықтама жоқ. Түрлі себептерге байланысты кедейшілік туралы түсініктер бар. Солардың кейбіреулеріне тоқталатын болсақ.

Кедейшілік – бірінші  ретті физиологиялық қажеттіліктерін  қанағаттандыруда қиыншылықтарға тап  болған және Конституцияда қабылданған  өмір сүруге деген құқықпен бостандықты  толық қолдана алу мүмкіндігінен  айырылған белгілі бір халық тобы [1].

Кедейшілік – бұл  адамның қажеттілігі оны қанағаттандыру мүмкіншілігінен жоғары болуы [2].

Кедейшілік – тұрғындардың немесе отбасылардың белгілі бір  бөлігі ең төменгі деңгейдегі ақшалай  мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану – физиологиялық, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруының ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік экономикалық жағдайы [3].

Кедейшілік – индивидтің қажетті құндылықтарын қанағаттандыра алмайтын экономикалық жағдайы.

Жалпы кедейшілікті бірнеше  әдістер арқылы қарастырып көрсетуге  болады. Біз түрлі осы зерттеу  мәселесімен айналысатын философия, экономика, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, статистика, саясаттану білім салаларының  талқылауларын қоса отырып, кедейшілікке анықтама беріп көрейік.

Философиялық тұрғыдан кедейшілік ол үнемі белгілі бір  қиыншлықтарды жеңу үшін әрекет етуші  стимул ретінде көрінеді. Бірінші  кедейлік мәселесі Англияда 19 ғасырдың соңында Ч.Бут және С.Ровентри кедейліктің  деңгейін тамақ, киім және баспанаған мұқтаждығы арқылы қарастырады.

Экономикалық тұрғыдан қарастырсақ кедейшілік материалдық  жетістіктерге толық қарама-қарсы, яғни өте төмен деңгейде өмір сүру және материалдық, рухани қажеттіліктері толық қамсыздандырылмаған.

Әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда кедейлікті әлеуметтік индикатор ретінде қарастырады. Қоғамның жағдайы нашар халықтарына мемлекет тарапынан атаулы көмек көрсету, мемлекеттік түрлі жеңілдіктер беру секілді жағдайлармен көрінеді.

Әлеуметтік статистика кедейлікті байлықтың қарама-қарсы жағы ретінде қарастырады. Бұл жерде объективтік фактор ретінде халықтың тұтынуы мен табысының арасындағы теңсіздік саналады.

Жалпы осы кедейлер тобына біз кімдерді жатқызамыз? Олар жеке баста аналар, көп балалы аналар, зейнеткерлер, мүгедектер сонымен қатар студент жастармен оқушы балалар. Қазіргі кезде бұл таптың құрамы жоғарыдағы айтылғандардан бөлек, еңбекке жарамды адамдармен де толығып жатыр. Осыған орай бүгінгі күнгі көзқараспен кедейлер деп біз мына адамдарды айтамыз: еңбекке жарамды, жарамсыз адамдар тобынан құралған кедейлер; күн көріс үшін әрекет ететін және етпейтін кедейлер; барлық елдерге сай дәстүрлі түрде қалыптасқан кедейлер (зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы отбасы, толық емес отбасылар, ертедегі соғысқа кеткен жауынгерлердің жесір әйелдері, жетім балалар және ата-анасыз қалған балалар, кішкентай балалары бар жас отбасылар, жүкті әйелдер, емізулі баласы бар әйелдер т.б.); осыған қоса кедейлердің тағы бір тобы әмбебап емес тек біздің қоғамға қатысты, жаңа кедейлер (бұл топқа ресми жұмыссыздар, жалақысы өте төмен бюджеттік саланың өкілдері, тұрғындардың жаңа нарықтық жағдайға бейімделе алмаған бөлігі, экономикалық артта қалған, экологиялық қолайсыз аймақтардың тұрғындары, шет елдерден келген босқындар мен қайыр сұраушылар жатады).

Негізгі осы өзекті мәселенің  қоғамда зерттелу кезеңдерін 18 ғасырдан бастап 20 ғасырдың бірінші жартысына  дейін (А.Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус, Г.Спенсер,  Ж.Прудон, Э.Реклю, К.Маркс, Ч.Бут және С.Раунтри) және қазіргі кездегі  кедейлікті зерттеу 20 ғасырда (Ф.А.Хайек, П.Таусенд және басқа ғалымдар). А.Смиттің еңбегінде кедей адамның табиғаты бейнеленеді яғни, адам мен қоғамдағы әлеуметтік стандарттың арасындағы байланыстың үзілуі. 19 ғасырдың өзінде-ақ, кедейлікті отбасының бюджеті арқылы абсолютті кедейліктің критерилерін анықтауды табыстың деңгейі арқылы және индивидтің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруы арқылы анықтау ұсынылған болатын. Кедейлік мәселесін зерттеуде үлкен еңбек қосқан экономистер мен әлеуметтанушылар қоғамдағы кедейліктің заңдылықтарын зертейді.

Соңғы 20-30 жылдары кедейшілікпен  күресудегі әлеуметтік саясаттың пайда  болуына себепші болған кедейліктің  альтернативті теориясы жасалынды. 1980 жылдары кедейшіліктің эмпирикалық  анықтамасы (Лейдендік анықтама) адамдардың жеткілікті минималдық табыс туралы ойлары, пікірлері белгілі бір деңгейде өз әсерін тигізді. Жоғарыда көрсетілгендей, кедейлікті зерттеудің 200 жылдан астам тарихы бар. АҚШ пен Батыс Еуропада бұл мәселе ертеден қарастырылып келеді. Кедейлікті 18 ғасырдағы А.Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус сияқты ұлы ойшылдар өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде туындайтын құбылыс ретінде сипаттаған. Т.Мальтустың айтуы бойынша, кедейлік халықтың шектен тыс өсуі мен азық-түліктің жетіспеуі болғанда орын алады. Яғни, кедейлік адамзаттың тым көбеюіне байланысты және оның туындауына кедейлердің өздері кінәлі деген ой айтады. Т.Мальтустың көзқарасы бойынша, мемлекеттік көмек жүйесі осындай адамдардың санын тек қана арттырады, бұл процесс аштық, әр түрлі аурулар, соғыс сияқты тиімді “көмекшілер” арқылы реттеліп отырады.

19 ғасырдың ортасында  Г.Спенсер кедейлікке қоғамдағы  заңдылықтардың бірі ретінде  баға берді. “Әлеуметтік статика”  деген еңбегінде ол кедейлік  пен теңсіздік қоғамдық өндірістің  өсуіне орай туындап, өсіп отырады дейді. Яғни, өндірісті тоқтату мүмкін болмағандықтан, бұл толық шешу мүмкін емес. Г.Спенсер кедейлікті қоғамдық құбылыс емес, ол әр адамның жеке проблемасы деген пікір айтады. Бір адамдар қиыншылыққа мойымай, проблемаларын шешіп жатса, екіншілері кедейліктің болуына өздері жол береді. Ол, сонымен қатар, кедейліктің нақты критерилерін анықтау мүмкін еместігін өзінің әдістемелік тұжырымдарында көрсетеді. Кедейліктің ең ауыр түрі – қайыршылық. Г.Спенсер кедейлікті тұлға дамңуының қозғаушы күші ретінде бағалайды. Ф.Гидденс кедейлікті түрлі бағалайды: бір жағынан ол еш жойылмайтын зұлым, екінші жағынан ол әлеуметтік прогесс серігі.

Информация о работе Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде