Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 13:55, курсовая работа

Описание

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс.

Содержание

Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары

2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

econ_73.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)

Ағылшын ғалымдары Ч.Бут  пен С.Раунтри 19 ғасырдың аяғында  зерттеу жүргізіп, кедейлікті анықтаудың негізі ретінде индивидтің өзінің тамақ ішу, киім кию, баспанамен қамтамасыз ету қажеттіліктерін өтей алу мүмкіндіктерін алған. Ч.Бут пен С.Раунтри – олар бірінші болып кедейлік шегін анықтаған ғалымдар. Олар Лондон мен Нью-Йоркте жүргізген социологиялық зерттеулерінің нәтижесінде халықтың 30 пайызы өмір бойы кедей күйінде болып отыратынын дәлелдеген. С.Раунтри зерттей келе, кедейліктің алғашқы және екінші кезектегі түрлерін бөліп көрсеткен. Алғашқы кезектегі кедейлік түсінігі адамдар қаражаттарын дұрыс пайдаланғанның өзінде негізгі қажеттіліктерді өтеуге  шамасы келмеген жағдайда, ал екінші кезектегі кедейлік түсінігі адамдардың ақшаны дұрыс қолданбауына байланысты төмен материалдық жағдайға ұшырағанда қолданылады.

Содан бері келе 20 ғасырдың 60 жылдары кедейлікке жаңа көзқарас қалыптаса бастады. М.Оршанский бюджетті сұраудың мәліметтері бойынша тұрмыстың, киіну, тамақ ішу тағы басқа ең керекті қажеттіліктердің сандық параметрлерін қалыптастырған. Ол Энгель коэффициентін қолдана отырып, АҚШ-та 80-жылдарға дейін қолданылып келген кедейліктің салыстырмалы шегін анықтаған. Энгель коэффициенті бойынша, табыс мөлшері төмен болған сайын тамаққа белгіленген шығын көлемі ұлғая түседі.

20 ғасырдың 70 жылдары  жоқшылық концепциясы қалыптасты. Оның негізін салушылар Маршалл мен П.Таусенд. олардың көзқарасына сәйкес, қоғамда ел қатарлы өмір сүруге мүмкіндіктері жоқ адам немесе отбасы кедей деп есептелген. П.Таусенд “Ұлы Британиядағы кедейлік” атты еңбегінде салыстырмалы кедейлікке мынадай анықтама береді: “Өздері өмір сүретін қоғамның өміріне араласа алмайтындар, қоғамда қалыптасқан өмір сүру деңгейі мен керекті диетасын ұстауға мүмкіндіктері жоқ адамдар кедей болып есептеледі”.

Кедейлік мәселесі ТМД  елерінде соңғы 10-15 жылдар көлемінде  кеңінен зерттеліп келеді. Бұл  мәселе кеңес өкіметі құлағаннан кейін өзекті зерттеу объектісіне айналды. Кеңес өкіметі кезінде С.Г.Струмилиннің бастуымен 1918ж Петроградта жұмысшылардың бюджеті мен тұтынуды талдаудың негізінде алынған ақпараттар бойынша өмір құны индексін жасап шығарған.

Кейін осы зерттеуді А.М.Стропани одан әрі жалғастырды. Ол Кеңес Одағының 40-тан астам қаласында жүргізген. Бұл зерттеулердің нәтижесі жұмысшы табының материалдық жағдайы, тамақтануы туралы біраз ақпарат алуға мүмкіндік берді және 1920 жылы Харьков, Донбасс, Петроград, ал 1921 ж ташкент, 1922ж Орал тағы басқа аймақтарда бюджетке байланысты жаңа зерттеулер жүргізуге жол ашты.

Отандық ғалымдар кедейліктің  тұрақты және жылжымалы түрлерін ажыратты. Біріншісі кедейлік кедейлікті тудырады деген көзқарасқа сәйкес келеді. Әлеуметтік жағдайдың төмендігі денсаулықтың нашарлауына, біліктілктің төмендеуіне алып келеді. Соның нәтижесінде тұлға өзін төмен бағалап, өзіндік менін жоя бастайды. Кедей отбасынан шыққан балалар келешекте кедей адамдардың санын толықтырулары мүмкін. Бұл райда ұрпақтан-ұрпаққа берілетін кедейлік туралы айтылады.

Л.А.Гордон кедейліктің  әлеуметтік және экономикалық түрін  бөліп көрсетеді. Әлеуметтік кедейлік әлсіз кедейлерге, экономикалық кедейлік күшті кедейлерге қатысты. Әлсіздердің  кедейлігі дегеніміз еңбек етуге жарамсыз, аз еңбек ететін адамдарға, көп балалы отбасыларына, асыраушысы жоқ отбасыларына, мүгедектерге, ауру адамдарға қолданылады. Күшті кедейлік түсінігі, ол жұмысқа қабілетті, өмір сүруге жағдайы келетін адамдарға айтылады.

Кедейлік әлеуметтік құбылыс ретінде тарихта адамзат пайда болғаннан бері келе жатыр. Жалпы осы кедейлік неге байланысты, оны адам өмірінен алып тастауға болады ма жоқ па? Деген сұрақтар туады.

Осы сұраққа ертедегі ойшылдардың көбі жауап табуға тырысты. Қазір де ғалымдар осы сұраққа жауап беруге тырысуда. Кедейліктің бір себебін ойшылдардың бір тобы адамдардың табиғатына, адамның сапаларына байланысты қарастырады. Екінші топ ойшылдар кедейлік әлеуметтік себептерге байланысты деп есептейді. Адамның табиғатына лайықты емес мемлекеттік, не қоғамдық өмір кедейліктің пайда болуына себеп болады. Ғалымдардың үшінші тобы жеке меншіктің қалыптаына байланысты қалыптасқан әлеуметтік теңсіздікті кедейліктің себебі ретінде қарастырады.

Жалпы кедейлік табиғи, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси себептерге негізделген. Ал дәстүрлі кедейлік ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады. Ата-ананың кедейшілік жағдайы баланың болашақ әлеуметтік жағдайына өз әсерін тигізеді. Кедейліктің табиғи жағдайына генетикалық факторларға байланысты болатын денсаулықтың төмендігі, кейбір мамандықтарда кездесетін аурулар мен жарақаттардың жоғары ақылы жұмыс түрімен айналысуына мүмкіндік бермеулері жатады.

Кедейлер әлеуметтік-экономикалық топ. Кедейлік материалдық және мәдени құндылықтарға қол жеткізе алмауынан ғана көрініс таппайды, сонымен қатар ресми және бейресми сипаттағы қарым-қатынастың жойылуынан да көрінеді. Кедейлік адамның қабілеттілік, дарын сияқты жеке қасиеттеріне, таңдап алған мамандықтың еңбек нарығында қаншалықты қажеттілігіне байланысты. Адамда еріктің, күш-жігердің болмауы, қорқақтық, тәуекелге бара алмау, енжарлық та кедейлікке алып келеді. Сонымен кедейшілік ол адамның жеке қасиеттеріне және қоғамдағы алып отырған орнына байланысты сипатталады.

Бүгінгі қоғамда халықтың басым бөлігі материалдық жағдайларынан тыс заңды құқыққа ие, кедейлікте осы саяси құқықтық өмірде белгілі бір рөлге ие болады. Кедейлер көптеген елдерде соның ішінде біздің елде де – билікке түрлі саясатты қолдана отырып жететін халықтың басым бөлігі. Сонымен кедейлік көпмағыналы және бәсекелі түсінік, бұл тек материалдық мысалы, тамақ, азаматтық өмір сапасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысуы ғана емес, бастауыш білім алуы, сауаттылық деңгейі, бала өлімі осының барлығы кедейшіліктің көлемін, оның етек алуын көрсетеді. Жоғарыдағы айтылғандарға қарай отырып кедейшілік туралы мынадай тұжырым шығаруға болады. Кедейшілік – бұл төмен немесе өте төмен табыс деңгейі, осы қоғамға сай адам өзінің бірінші ретті физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыра  алмауы. Ғылыми әдебиеттерде сонымен қатар кедейшіліктің түрлері туралы түрлі талқылауларды кездестіруге болады. Е.Н.Холостованың кедейшілікке берген анықтамасын қарастырайық:

 

 

     

       

 

 

       

Холостованың кедейшілік туралы түсіндірмесі кең көлемде көрсетілген. әр бір берілген кедейшілік түрлеріне тоқталып өтейік.

Абсолюттік кедейшілік -   индивидтің өзінің табысымен тамаққа, баспанаға, киімге, жылуға деген негізгі сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін, болмаса тек қана биологиялық өмір сүруін қамтамасыз ететін минималдық сұраныстарын ғана қанағаттандыруға мүмкіндігі бар екенін сипаттайды. Абсолюттік кедейшілік сандық көрсеткіші кедейлік табалдырығы болып есептеледі.

Салыстырмалы кедейшілік -   басқа адамдарға қарағанда қаншалықты кедей адам екенін көрстеді. Бұл жерде екі түрлі мағына беріледі: біріншіден, салыстырмалы кедейшілік, ол қоғамдағы сол топтағы адамның басқа кедей саналмайтын топтағы адамдардың жетістіктерімен салыстырғанда қаншалықты кедей екенін көрсетеді. Екіншіден, салыстырмалы кедейшілік адамның қоғамдағы өмір сүру стандарттарынан қаншалықты кедей екенін көрсетеді. Салыстырмалы кедейшілік – бұл адамның өзінің материалдық және әлеуметтік жағдайын және мүмкіндіктерін субъективтік бағалауы. Сонымен бірге Холостова абсолютті және салыстырмалы кедейшіліктің шекаралары сай келмейтінін көрсетеді. Қоғамда абсолютті кедейшілік жойылуы мүмкін бірақ салыстармалы кедейшілік міндетті түрде сақталынып қалады. Кедейшіліктің бұл түрі адамның табиғи сұраныстарымен ғана емес, сонымен қатар қоғамның болашақта күтетін нормаларымен және күтулерімен байланыстырады. Салыстармалы кедейшілік – нақты қоғамдағы не елдегі қабылданған өмір сүру стандартын не қалпты өмір сүру деңгейін сақтап тұрудың мүмкін болмауы.

Жоқшылық -  бұл жерде шектен тыс кедейшілік көрсетіледі. Бұндай кедейлер тобына қайыр сұраушылар, күнкөріс минимумынан төмен табасы бар адамдар кіреді. Әлеуметтік мағынада бұл кедейшлілік түріне өзінің тек физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктердің орындалмауы жағдайындағы өмір сүру деңгейін есептейді. Адамрдар тамаққа деген қажеттліктерін салыстырмалы түрде деңгейін есептейді. Адамдар тамаққа деген қажеттіліктерін салыстырмалы түрде толық қанағаттандырады. Дегенмен, олардың тамақ рационын толық дәрігерлік нормаларға сай келеді деп айта алмаймыз. Олар өз деңгейінде болса да, демалуға да, киінуге де, емделуге де көңіл бөле алады.   Бірақ бұл қажеттіліктердің барлығы өте төмен деңгейде өтеледі.

Депривация -  бұл әлеуметтік түсінік, қоғамдағы күнделікті адамдық құқығынан айырылған, сонымен қатар толық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын халықтық тобына қолданылады. Әдетте олар мүмкіндігі жоқ балалар, мүгедектер, жұмыссыздар, зейнеткерлер және кедейлердің басқа категориялары. Депривация ол қарапайым өмір сүруге жағдайдың жоқтығы немесе жеткіліксіздігі.

Шетқалушылық – кедейліктің бір түрі ретінде қарастырылады. Кедейліктің бұл түрі адамның денсаулығына, көпбалалығына, маскүнемдігіне және тағы басқа себептеріне байланысты материалдық және мәдени байлықтарға қолы жетпеуден пайда болады. Әлеуметтік шетқалушылық түсінігі қарапайым адам құқықтарына байланысты шектеулерге тап болып отырған және толық өмір салтын жүргізе алмайтын тұрғындардың тобына қолданылады. Мысалы, балалар, зейнеткерлер, мүгедектер және тағы басқа категориядағы адамдар кіреді.

Қуып жететін кедейшілік – бұл құбылыс адамдардың престижді материалдық және басқа да құндылықтарды тұтынуымен сипатталады. Бүгінгі қоғамда бәрімізге белгілі үлкен кісілерге қарағанда жастарымыз жақсы киінуге, басқалардан артта қалмауға тырысады. Қымбат киім, тағы басқадай заттар өздерінің жоғары қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Кейбір ауқатты ата-аналар басқа қалталары көтермейтн отбасылардың балалары бағытталған өмір сүру стандарттарын қалыптастырады.

Бірден бір осы кедейшіліктің  адамға әсері ол (мысалы, депривация оның түрлері) кедейлер жоғарғы мәдени құндылықтарды дұрыс нақты қабылдай алмайды; оларда қоршаған ортадағы шынайылықты дұрыс қабылдау сапасы жеткіліксіз қалыптасқан. Осыған орай, кедей топтар шынайы нақтылықты кері бағалауға, пессимизмге және түңілуге бейім. Шет қалу мен депривация кедейлердің ерекшелігін  көрсетеді. Денсаулыққа көпбалалылыққа, маскүнемдікке, нашақорлыққа байланысты материалдық және мәдени құндылықтарға қол жетпеуі адамдарды шет қалуға алып келеді. Қалыпты өмір сүруге қажетті жағдайлардың жетіспеуі адамның күнделікті құқықтарының шектелуіне және қалыпты өмір салтын сақтай алмауына алып келеді. Нәтижесінде олар отбасында қалыпты қарым-қатынас құра алмайды және олар қоғамдағы ауытқымалы мінез-құлыққа бейімдеу келеді. Сонымен қатар, бұндай адамдардың экономикалық дұрыс қалыптаспағаны олардың балаларының мектептегі сабақ үлгерімінен де көруге болады. Ата-аналар өздері сауатсыз, әрине балаларының сабақтарына көмектесе алмайды және бұндай отбасыларының ішінде білімнің беделі болмайды және жоғарғы құндылық ретінде саналмайды.

Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі өзінің сандық ақпарат беруінде де және әлеуметтік-экономикалық саясатында кедейшілік концепциясының негізгілері түріне көп жүгінді [4].

       

 

Осы екі кедейшілік концепциясымен келісе отырып, абсолютті кедейшілік ол салыстармалы кедейшілікке қарағанда, ертеректе қалыптасқан тарихи болып  келеді. Салысмтырмалы кедейшілік түсінігі соғыстан кейінгі уақытта белең  ала бастады. Оған жататындар: сол қоғамның орта деңгейдегі жағдайынан төмен табысы бар отбасылар болды.

Осы жоғарыда көрсетілген кедейліктің  классификациясына қоса, тағын экономикалық жағынан дамыған шет елдерде (мысалы, АҚШ, Франция, Ұлыбритания ж.т.б.) кедейліктің психологиялық жағына былай айтқанда «субъективтік» аспектілеріне көп назарын аударады    

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

        Психологиялық әдіс тек кедейліктің  қанша екенін анықтап қана  қоймай сонымен қатар адамның  қоғамнан қаншалықты алшақтап  кеткенін және оның ішкі позициясын, жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Кедейшіліктің зерттеудің бұл түрі біздің елде әсіресе, қазіргі демократиялыққа өту кезеңінде өте тиімді деп санаймын. Келесі бір шетелдік ғалымдар жоғарыда айтылып кеткен кедейліктің түрлерінен басқадай түрлерін көрсетеді. Олар кедейлікті екіге бөліп көрсетеді: алғашқы және екінші кезектегі кедейшілік. Алғашқы кездегі кедейлік өздерінде бар қор мен күшті максималды керегіне қарай үнемдеп пайдаланатын және тиімді өмір салтын ұйымдастырғанның өзінде кедейліктің шегінде қалып отырған отбасыларында орын алады. Екінші кезектегі кедейлік қорларын тиімсіз пайдалануына байланысты негізгі өмірлік қажеттерін өтей алмайтын отбасыларын сипаттайды.

Ресей ғалымдары кедейліктің  екі түрін ұсынады «тұрақты»  және «жүзудегі» . Е.Бреев пен Н.Римашевскаяның айтуынша, кедейліктің тұрақты түрі кедейлікті қайта жаңғыртады. Адамның материалдық қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі денсаулықтың төмендеуіне, мамандық деңгейінің біртіндеп төмендеуіне, жетіспеуіне, ең соңында адамдық қалыптан ауытқуына алып келеді. Кедей ата-ананың балалары да потенциалды кедейлер, яғни болашақта кедейлер тобын толтырады. Кедейлердің аз бөлігі ғана өзінің ортасын тастап, жаңа жағдайға бейімделуге күш-жігерін жұмсайды, жаңа бұрынғыға қарағанда сапалы өмір салтына ие болады. Л.А.Гордон әлеуметтік және экономикалық кедейлікті бөліп көрстеді.   Біріншісі - әлсіз, екіншісі күшті жұмыскерлерге қатысты қолданылады. Әлсіздердің кедейлігі бұл жұмысты істеуге қабілетсіз және жұмыс істеу қабілеті төмен, ауру, физикалық және психологиялық тұрақсыз адамдардың, сонымен қатар шамадан тыс салмақты көтеруге мәжбүр жұмыскерлердің кедейлігі.

Күштілердің кедейлігі – төтенше жағдайларда, яғни жұмыс істеуге қабелітті адамдардың өзінің еңбегімен қазіргі өмірге сәйкес өмір сүруге жеткілікті табыс таба алмайтындай болуының нәтижесінде қалыптасатын кедейлік. Күштілердің кедейлігін экономикалық кедейлік ретінде қарастырамыз.

Кедейлердің өмір сүру еңгейіне, табысы мен шығынына және басқа да критерилеріне қарай әр түрлі  қабаттар мен топтарға бөлінеді. Материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген топқа жататын кедейлер, кедейлердің ең төменгі тобы тағы бар. Бұл топқа қайыршылар мен өте мұқтаждық көруші адамдар жатады. Бұл топты андертапқа жатқызуға болады.

Информация о работе Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде