Кесте 20. Қазақстандағы кедейшілік көрсеткіштері,
1998-2002 жылдар
Кедейшілік көрсеткіштері |
1996 |
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
Күнкөріс минимумы (КМ),
теңге |
2821 |
3120 |
3336 |
3394 |
4007 |
4596 |
4761 |
КМ төмен табыстағы
халықтың үлесі, % |
34,6 |
38,3 |
39,0 |
34,5 |
31,8 |
28,4 |
24,2 |
Кедейшілік тереңдігі,
% |
11,4 |
12,1 |
12,8 |
13,7 |
10,3 |
7,8 |
6,1 |
Кедейшілік өткірлігі,
% |
5,2 |
3,1 |
3,8 |
5,5 |
4,0 |
3,1 |
2,2 |
Азық-түлік себеті (АС),
теңге |
1975 |
2184 |
2601 |
2376 |
2805 |
3217 |
3333 |
АС төмен табыстағы
халықтың үлесі, % |
... |
12,7 |
16,2 |
14,5 |
11,7 |
11,7 |
8,9 |
Жоғарыда
көрсетілгендей, тұтыну себеті азық-түлік
және азық-түлік емес тауарлар
мен қызмет көрсетулерден тұрады, әрі соңғыларының үлесі себеттің
жалпы құнының 30% мөлшерінде белгіленген.
Сонымен, қазіргі кезде негізінен азық-түлік
тауарларынан құрастырылған тұтыну себеті,
үй шаруашылықтарының азық-түлік және
азық-түлік емес шығыстарындағы бюджеттердің
ара салмағын есептемейді. Алайда, халықтың
тұрмыс деңгейінің өсу шамасына қарай
үй шаруашылықтарының тұтынуына жұмсалатын
жалпы шығыстардағы азық-түлік шығыстары
азаяды, өйткені адам организмі тағамның
шектеулі мөлшерін тұтынса, ал азық-түлік
емес шығыстардың үлесі ұлғая түседі.
2002 жылы Қазақстанда, ресторандарда
тамақтануды, ішімдік-сусындар мен
темекіні қосқанда, үй шаруашылықтардың
тамаққа жұмсайтын шығыстарының
үлесі 52,3%-ды, ал азық-түліктен
бөтен тауарлардың үлесі соған
сәйкес 47,7%-ды құрайды. Халықтың 2002 жылғы квантилі бойынша үй шаруашылықтарының
шығыстарын бөлу мына жәйтті көрсетті,
20% ең тұрмысты адамдардың жұмсаған шығыстарының
жартысынан көбі де сондай-ақ азық-түліктен
бөтен тауарларға пайдаланылған. 20% тұрмыстары
жүдеу халықта – керісінше, бірақ халықтың
тіпті осы тобындағы азық-түліктен бөтен
тауарларға жұмсалған жиынтық шығыстарының
үлесі шамамен 40% –ды құрады. Басқаша
айтқанда, қазіргі уақытта ең аз тұтыну
себетіндегі азық-түліктен бөтен тауарлардың
үлесі біршама кемітілген, сондықтан күнкөріс
минимумы, әсіресе халықтың кедей тұрмысты
жіктерінің шығыстарын, үй шаруашылықтары
шығыстарын есепке алу арқылы нақтылауды
талап етеді. Одан әрі, үй шаруашылықтары
шығыстарының дәстүрлі танылған үш тобы:
тамаққа, киімге және тұрғын үйге жұмсайтын
шығыстары болып табылады. Қазақстандағы
халықтың кедей тұрмысты жіктерінің тұрғын
үйге жұмсаған шығыстарының жоғары үлесі
2002 жылы тіркелді. Мәселен, тұрмыстары
жұпыны 20% қала халқы өздерінің жиынтық
шығыстарының 13,7% тұрғын үйге жұмсаса,
ал 20% дәулетті халық жұмсаған осындай
шығыстар 10%-ға жетпеген. Осыған байланысты
ең төменгі тұтыну себетіне кіретін азық-түліктен
бөтен өзге шығыстардың құрамынан тұрғын
үйге жұмсалатын шығыстарды бөлу туралы
мәселе туындайды, яғни ең аз тұтыну себеті
үш компоненттен тұруы мүмкін: азық-түлік
себеті, азық-түліктен бөтен тауарлар
мен қызмет көрсетулер және тұрғын үйге
жұмсалатын шығыстар, олардың арақатынасы
60:40 [29].
Диаграмма 5. 2002 жылғы желтоқсан айындағы күнкөріс
минимумы шамасының құрылымы
Бұрынғы Кеңестер
Одағында төмен табыстағы халыққа негізінен
көп балалы жалғызілікті аналар, зейнеткерлер
мен мүгедектер жататын еді. Қазір Қазақстан
халқының 58%-ға жуығы күнкөріс минимумынан
төмен табыстағылар, олар – не ешқандай
жұмыс істемейтін, немесе жалақыларының
баламасыздығы соншалық, не өз басына
немесе отбасының лайықты тұрмысына жетпейтін
еңбекке жарамды жастағы адамдар. Кедейшілік
көзқарасы тұрғысынан ең осал жіктердің
қатарына сондай-ақ балалар да жатады,
әсіресе, республикадағы кедей тұрмысты
халықтың үштен бір бөлігін құрайтын көп
балалы отбасыларындағы балалар. Кедей
тұрмысты халықтың жалпы санының 8,8%
зейнеткерлер құрайды.
Кесте 21. Қазақстандағы кедей тұрмысты халықтың
санаттары, 2002ж
Санат атауы |
Барлығы, % |
Кедей тұрмысты халық |
100 |
Оның ішінде: |
|
Еңбекке жарамды халық
(төмен жалақыдағы жұмыспен өамтылған
және жұмыссыз халықтың қосқанда) |
57,7 |
Балалар |
33,5 |
Жас бойынша зейнеткерлер |
8,8 |
Күнкөріс минимумы шамасының
70% құрайтын азық-түлік себеті
құнынан төмен табыстағы халықтың үлесі баяу кемуде. 2002 жылы
осы көрсеткіш 8,9% деңгейіне дейін төмендеді
немесе 1,2 млн.адамға азайды. Бұл ретте
азық-түлік себеті 3333 теңгені немесе ресми
айырбас бағамы бойынша 21,7 АҚШ долларын
құрайды. Басқаша айтқанда, 1998 жылмен салыстырғанда,
азық-түлік кедейшілігі шегінен төмен
тұрмысты халықтың үлесі 1,8 есеге кеміді.
«Мыңжылдық табалдырығында даму саласындағы
БҰҰ Мақсаттары туралы» Есепте белгіленгендей,
азық-түлік себеті құнынан төмен табыстағы
халықтың лайықты тамақтанбайтынын жобалауға
болады. Асқа жарымау немесе лайықсыз
тамақтану адамның қуаты мен ақыл-ой санасын
кемітеді және оның денсаулығы үшін үлкен
қауіп төндіріп, ал ерекше ауыр жағдайларда
аман қалуының өзі екіталай. Теңгерімсіз
тамақтану анемиямен ауыратын науқастардың
көптеп саналуындағы негізгі себептердің
бірі болып табылады, осы кесел Қазақстандағы
денсаулық сақтаудың ең басты проблемаларының
бірінен танылды [30].
Кедей тұрмысты халықтың тамақ
өнімдерін тұтыну талдауы, 2002 жылғы
деректер бойынша, барша халықпен салыстырғанда кедей тұрмысты адамдар
көбіне «тамақтанудың көмірсулы үлгісін»
пайдаланатындарын көрсетті.
Кесте 22. Кедей тұрмыстылардың және бүкіл халықтың
орта есеппен жан басына шаққандағы тамақ
өнімдерін тұтынулары, 2002ж
№ |
Тамақ өнімдерінің аталымы |
Барша халық тұтынуының
орташа деңгейі, айына кг |
Күнкөріс минимумынан
(КМ) төмен табыстағы халық тұтынуының
орташа деңгейі, айына кг |
|
Нан және жарма тағамдары |
10 |
10,3 |
|
Ет және ет өнімдері |
3,7 |
1,7 |
|
Балық және балық өнімдері |
0,7 |
0,4 |
|
Сүт және сүт өнімдері |
19,3 |
11,1 |
|
Жұмыртқа (дана) |
9,4 |
4,8 |
|
Майлар |
1,2 |
0,9 |
|
Жидектер: жемістер мен
бақша дақылдары |
2,7 |
1,2 |
|
Көкөністер |
6,7 |
4,2 |
|
Картоп |
5,4 |
3,3 |
|
Қант, джем, бал және басқа
кондитерлік тағамдар |
2,7 |
2,0 |
Табыстары күнкөріс минимумының
мөлшеріне жетпейтін кедей тұрмысты адам көбіне нан
тағамдары мен жарма тамақтарын тұтынады,
ал ет, сүт, жұмыртқа, жеміс, көкөніс сияқты
жоғары сапалы азық-түліктерді сирек пайдаланады.
Мәселен, ет және ет өнімдерін 2002 жылы
кедей тұрмысты халық республикадағы
орташа тұтыну деңгейінен 2 есе кем тұтынды
– сәйкестігіне қарай 1,7 кг және 3,7 кг.
Кедей тұрмысты адамдар сондай-ақ сүт,
жұмыртқа, жеміс, көкөністерді де екі есеге
жуық аз тұтынды.
1996 жылы Қазақтың тамақ акедемиясы
БҰҰДБ және ДДҰ жәрдемімен
Қазақстан Республикасындағы халықтың (15-80 жас)
тамақтану жай-күйлеріне жалпыұлттық
зерттеу жүргізді. Зерттеудің нәтижелері
мынаны көрсетті, төмен тұрмысты халықтың
ас ішудегі ең көп тұтынатын тағамдары
нан, қаймақты сүт, қой еті, қара шай, қант,
ұн және макарон тамақтары екен. Анағұрлым
жоғары молшылықтағы адамдардың ас ішу
үлесінде ет өнімдерін, шұжықтарды, жұмыртқа,
сүт тағамдарын, көкөніс консервілерін,
картоп, ірімшіктер тұтыну ұлғая түседі.
Табыстың одан әрі өсу шамасына қарай
тағам мәзірі тауық етімен, балықпен, уылдырықпен,
түрлі майлы азық-түлікпен, көкөніспен,
жармалармен, кондитерлік тағамдармен,
алкогольді және алкогольсіз ішімдік-сусындармен
молығады.
Қазақстанда сондай-ақ «Күнкөріс
минимумы туралы» Заңда бекітілген
«кедейшілік шегі» көрсеткіші де қолданылады. Кедейшілік шегі – адамның
ең аз қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін қажет табыстың межесі – мемлекеттің
кедей тұрмысты халыққа атаулы әлеуметтік
көмек көрсетуінің критерийі болып табылады.
Оның мөлшері мемлекеттің экономикалық
мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді. Республика
бойынша «кедейшілік шегі» 2000-2001 жылдары
күнкөріс минимумының 38% деңгейінде белгіленді
(сәйкестігіне қарай 1523 және 1747 теңге).
2002 жылы оның мөлшері ұлғайып, күнкөріс
минимумы шамасының 40% құрады (1904 теңге
немесе ресми айырбас бағамы бойынша 12,4
АҚШ доллары) [31]. 2002 жылдың қорытындылары
бойынша 1,137 млн.адам мемлекеттен атаулы
әлеуметтік көмек алған. Мемлекет тағайындаған
атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері әр
отбасы мүшесіне шаққанда 2002 жылы орта
есеппен 998 теңгені (немесе ресми айырбас
бағасы бойынша 6,5 АҚШ доллар) құрады.
Кедейшілік шегі аса маңызды әлеуметтік-экономикалық
ұғым болып табылады, ол бүкіл әлемде пайдаланылады.
Бұрын айтылғандай, көптеген елдерде «кедейшілік
шегі» термині күнкөріс минимумының деңгейіне
сәйкес келеді. «Кедейшілік шегінің» осындай
анықтамасын Қазақстанда да пайдаланған
орынды болар еді, бірақ ол республиканың
тиісті заңнамалық құжаттарына өзгерістер
енгізуді талап етеді (қазір «кедейшілік
шегі» дегенде, бұрын көрсетілгендей,
мұқтаж адамдарға мемлекеттің атаулы
әлеуметтік көмек көрсетуін ұғады). «Кедейшілік
шегінің» халықаралық қабылданған анықтамасын
енгізу осы шектен төмен тұратындардың
барлығына тегіс әдеуметтік көмек көрсетуге
мемлекетті міндеттемейді. Мемлекеттің
атаулы әлеуметтік көмегін көрсету мақсаттары
үшін қосымша көрсеткіш енгізуге болады,
мәселен, күнкөріс минимумының белгілі
бір пайызы. Қайсыбір объективті критерийге
сүйене отырып, адамдарға/үй шаруашылықтарына
әлеуметтік көмек көрсету мақсатқа сай
болар еді. Осындай критерий азық-түлік
себетінің құны бола алады, өйткені ол
күнкөріс минимумының ең маңызды бөлігі
болып табылады және осы деңгейден төмен
тұрмыс кешетін адамдар/үй шаруашылықтары,
қашан өздерінің тұрмыс деңгейлерін көтерудің
сәті түскенге дейін мемлекеттің белгілі
бір көмегіне мұқтаж бола береді.
Халықтың
табыстары адам тұрмысының деңгейін
анықтайтын негізгі фактор болып
табылады. Қазақстандық экономиканың
жандану шамасына қарай, халықтың
табыстары екі есеге жуық ұлғайды:
1998-2002 жылдар аралығында қазақстандықтардың
тұтынуға жұмсайтын шығыстары 2992 теңгеден
5671 теңгеге дейін өсті. Одан әрі, 2001 және
2002 жылдары халықтың орта есеппен жан
басына шаққандағы ақшалай табыстарының
сатып алу қабілетінің тұрақты өсуі байқалды
(2.1.4. кесте). Оның белгілері сәйкестігіне
қарай күнкөріс минимумының 1,24 және 1,36
жиынтығын құрады. Басқаша айтқанда, халықтың
орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай
табыстарының өсу қарқындары 2002 жылы күнкөріс
минимумына кіретін тауарлар мен қызмет
көрсетулер құнының өсу қарқындарынан
едәуір алда болды.
Кесте 23. Үй шаруашылықтарының тұтынуға
пайдаланатын табыстары және олардың
сатып алу қабілеті, 2000-2002 жылдар
№ |
Көрсеткіштер |
2000 |
2001 |
2002 |
1 |
Үй шаруашылықтарын
тұтынуға пайдаланатын табыстары, теңге |
5030 |
5729 |
6518 |
2 |
Халықтың жан басына
шаққандағы күнкөріс минимумының мөлшері
(КМ), теңге |
4007 |
4596 |
4761 |
3 |
Халықтың сатып алу
қабілеті |
1,25 |
1,24 |
1,36 |
Қазақстандықтар табыстарының сатып
алу қабілетінің көрсеткіштеріне
сүйене отырып, елдегі барша халқты тұрмыс деңгейі бойынша
бірнеше әлеуметтік топқа бөлуге болады
(2.1.5. кесте). Кестеде көрсетілгендей, 2002
жылы 71%-дан астам қазақстандықтар материалдық
әл-ауқат деңгейі бойынша не кедей тұрмысты
(24,2%), немесе төмен табысты (47,3%) болған.
Халықтың осы жігінің ақшалай табыстары
тұтынудың тіпті қалпына келтіруші деңгейін
қамтамасыз ете алмаған, сондықтан экономикалық
пайымдар тұрғысынан оларды қосымша қосалқы
шаруашылық жүргізуге және үй еңбегін
кең ауқымдарда пайдалануға мәжбүр еткен.
Тұтынудың қалпына келтіруші деңгейіне
елдегі халықтың төрттен бір бөлігінен
азының ғана (23,8%) шамалары келген, және
небәрі 4,7% қазақстандықтар тұтынудың
дамушы деңгейін қамтамасыз ететін табыстарды
меншіктеген. Басқаша айтқанда, 2002 жылы
Қазақстандағы тек 28,5% халықтың ғана сапалы
білім алуға, денсаулықтарын сақтауға,
тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және
бос уақыт пен демалысын ұйымдастыруға,
кең ауқымдағы ақылы қызмет көрсетулерге
сұраныс жасауға мүмкіндіктері болған.
Кесте 24. Қазақстандағы халықтың әлеуметтік
жіктері, 2002ж
№ |
Әлеуметтік жік |
Табыстар деңгейі |
Халықтың жалпы санындағы
үлес, % |
|
Кедей тұрмыстылар |
Күнкөріс минимумынан
төмен (КМ) |
24,2 |
|
Төмен тұрмыстылар |
КМ жоғары, бірақ ең
төменгі тұтыну бюжетінен (ТТБ) |
47,3 |
|
Орташа тұрмыстылар |
ТТБ жоғары, бірақ жоғары молшылық бюджетінен
төмен (ЖМБ) |
23,8 |
|
Жоғары тұрмыстылар (дәулеттілер) |
ЖМБ жоғары |
4,7 |