Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 18:36, курсовая работа
Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі.
КІРІСПЕ 3
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДА ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі 4-5
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері 6-9
1.3 Мемлекеттегі бағалы қағаздар нарығының қызметі 10-13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 14-15
2.2 Бағалы қағаздар нарығының даму жолдары 16-17
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері.........................................................................................................17-18
3 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР. ҚОР БИРЖАСЫ
3.1 Бағалы қағаздар нарығының мамандары..............................................19
3.2 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар.....................................................20
3.3 Қор биржасы және оның қызметі..................................................................21
3.4 Биржалық операциялар..............................................................................22-24
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………..….25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………………………………………………26
Құнды қағаздар
ЖОСПАР.
Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі.
Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандығы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастары өркениетті елдерде ежелден дамып, соңғы 70 жылда «Социализм» мен «Капитализм» деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді. Сол капитализм экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылық құра білді. Қаржы-несие институттары демократиялық негізде құралған қазіргі нарық-адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі даму және өркендеу кезінде оның институттары мен салық құрылымдары, басқару әдістері мен қызмет ететін субъектілері және т.с.с. нарыққа қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер.
Социализм жүйесі өндірісті де, әлеуметтік экономикалық қажеттілікте де және өнімді тең бөлуді де, жалпы қоғамдық экономиканы жоспарлы түрде басқарып, меншікті тек «жалпыхалықтық» меншік тұрғысынан қарап, халықтың қажеттілігін өтей алмады. Нарық – күрделі, әрі – жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілетін қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі. Бұл жұмыстың мақсаты жалпы бағалы қағаздар нарығының экономикадағы жалпы нарықтағы қаншалықты қажеттілігін көрсету. Себебі бағалы қағаздар нарықтың бір бөлігі болып есептеледі. Сол үшін мен бұл жұмысымда бағалы қағаздардың жалпы түрін толығымен ашып, оны жеке дара талдағым келді. Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда болғанын анықтайды. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік, сондықтан бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғары білімді мамандар дайындау – уақыт талабы.
Бағалы қағаз нарығы
субъектілерінің қатынастары
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережемен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.
90-шы жылдардың экономикалық
тәжірибесі дәлелдегеніндей
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігін алу және жеке меншіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделтті. Мемелекеттік кәсіпорындарды акционерлі қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі – акция шығаруды пайдалану мүмкіншілігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктен алудан гөрі, тиімді жағдайда лауға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруымен шұғылданады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық-экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:
шаруашылық субъектілері;
тұлғалар;
диллерлер, инвестициялық басқарушылар және т.б.;
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлеріне акция түріндегі бағалы қағаздар, облигациялар, вексельдер және бағалы қағаздардың басқа түрлері кіреді. Соның ішінде акция – үлесті немесе меншікті куәлндыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екніші нарықта сатуына болады. Акцияны шығару мына жағдайда болады:
Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жәй және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады. Акция бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі.
Акция бірнеше түрге жіктеледі, бір жағынан бір акционерден басқа беруге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша – жәй және артықшылықты акция деп екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында берілген акцияларды ғана шығара алады.
Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттеген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционарлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару – қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған шығынына тең болады. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен, бұл екі бағалы қағаздардың бірін-бірінен түбегейлі өзгешіліктері бар. Ол өзгешеліктердің маңызы мыналар:
Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан қиылып алынатын талонды айтады.
Облигация қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып екіге бөлінеді. Облигациялардың қамтамасыз етілуі деп оларды шығарғанда кепілдікке корпорация активтерін немесе мүліктерін салуды айтады. Қамтамасыз етілген облигация корпорацияның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп және сонымен бірге оның негізгі меншігінің облигацияға салынғанын көрсетеді. Қамтамасыз етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда эмитеттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемелері.
Облигацияның рейтингі
– олардың инвестициялық
Ең жоғарғы рейтингілі облигациялар «инвестициялық класты» деп аталады. Төменгі рейтингілі облигациялар «алыпсатушылық» деп есептеледі.
Вексельдер өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі – вексель пайда болады.
Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкер, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі.
Вексель – тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуды ертеден келе жатқан ең басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны бір сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25 пайызын құрайды). Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын аө\зайтып және халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан алуан жүйесін қамти алады.
Вексель несиені өтемеу қауіпімен байланысты болғандықтан, ол вексель берушіге шамалы болса да, сенім болғаны соң төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ал вексель иемденуші серітестің тек вексель алған уақытындағы төлем қабілеттілігін ғана емес, сонымен қатар, ол өте маңызды, оның төлеу уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігін де бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылдаған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы, нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.